|
Статистика рк-2. шылым шегетіндер саны шылым шекпейтіндер санына ыпал етпейді
Популяцияда Альцгеймер ауруының даму қаупінің пропорцияларын салыстыру үшін қандай статистикалық тесті қолданған ЕҢ ыңғайлы?
*Фишердің дәл критерийі
*+Пирсонның Хи-квадрат критерийі
*Йейтс түзетілуімен Хи-квадрат критерийі
*Мак-Немардың критерийі
*Z критерий
#31
*!Аналарының жүктілік кезінде темекі шегуі мен туа біткен кемістігі (ВПР-врожденный порок развития) дамыған балалардың туылу жиіліктері арасындағы тәуелділікті зерттеу үшін жүкті әйелдердің екі тобы алынды. Бірінші топта 80темекі шегетін, ал екінші топта 90 темекі шекпейтін әйелдер болды.Ультра дыбысты зерттеу нәтижесінде іштегі нәрестеде ВПР бар болу жағдайлар саны тәжірибелік топта 7, салыстыру тобында 2 болды.
Темекі шегу мен іштегі нәрестенің ВПР даму ықтималдығы арасында тура өзара байланыстың бар екендігін бағалау үшін статистикалық тесттердің қайсысы ЕҢ жарамды?
*Пирсонның Хи-квадрат критерийі
*+Фишердің дәл критерийі
*Мак-Немаркритерийі
*КохренніңQ критерийі
*Z критерий
#32
*!Вакцинацияның тиімділігін бағалау үшін мектеп оқушыларының тұмаумен аурушаңдығы зерттелді.1200 мектеп оқушыларының 800-не тұмауға қарсы вакцинация егілді. Екпе алғандардың ішінде тұмаумен ауырғандар 8%, екпе алмағандар ішінде - 15%.
Тұмаумен аурушаңдыққа вакцинацияның тиімділігі бағалау үшін статистикалық тесттердің қайсысы ЕҢ жарамды?
*+Пирсонның Хи-квадрат критерийі
*Фишердің дәл критерийі
*Мак-Немаркритерийі
*КохренніңQ критерийі
*Z критерий
#33
*!Ревматизммен ауыратындарға №1 емханада (кардиолог қабылдайды) диагноз қою мерзімі мен №2 емханада (терапевт қабылдайды) диагноз қою мерзімі арасында айырмашылықты анықтау үшін деректердің орайластық кестесіне статистикалық талдау жүргізілді. Әрбір ұяшықтағы күтілетін мәндерді E есептегеннен кейін орайластық кестесінің түрі төмендегідей болды:
ПирсонныңХи-квадрат критерийін қолдануға болмайтын себептердің қайсысы ЕҢ лайық?
*деректер түрі сапалы деректерге жатпайды
*деректер түрі сандық деректерге жатпайды
*салыстырылатын топтар тәуелді
*бақылау саны оте аз
*+ұяшықтардың біреуіндегі күтілетін жиілік 5-тен кіші
#34
*!Шылым шегу факторының артериялық гипертонияның пайда болу жиілігіне ықпалының статистикалық мәнділігін анықтау үшін орайластық кестесіне талдау жүргізілді. Пирсонның хи-квадрат критерийінің есептелген мәні χ2=4,396. Критерийдің сыни мәні α=0,05 мәнділік деңгейінде 3,841-ке тең.
Нөлдік жорамалға қатысты жасалынған қорытындылардың қайсысы ЕҢ шынайы?
*+шылым шегу факторыныңартериялық гипертонияға ықпалы статистикалық мәнді
*артериялықгипертония мен шылым шегу арасындағы тәуелділік статистикалық мәнді емес
*шылым шегетіндер мен шылым шекпейтіндер арасында гипертонияның таралу жиіліктері бірдей
*шылым шегу фактор ретінде артериялықгипертонияға ықпал етпейді
*артериалық гипертония шылым шегуге байланысты емес
#35
*!Хи-квадрат критерийін қолданып, орайластық кестесіне статистикалық талдау жүргізгенде осы кестенің ұяшықтарында бақылаудың күтілетін жиіліктерін есептеу қажет болады.
Анықтамалардың қайсысы кестенің ұяшықтарындағы «бақылаудың күтілетін жиіліктерінің» мағынасын ЕҢ дәл айқындайды?
*бақылаудың осы ұяшықтағы фактіге негізделген саны
*бақылаудың балама жорамал дұрыс болған жағдайдағы күтілетін саны
*бақылаудың таңдама кездейсоқ болғандағы күтілетін саны
*+бақылаудың нөлдік жорамал дұрыс болған жағдайдағы күтілетін саны
*бақылаудың фактіге негізделген санына тең күтілетін саны
#36
*!Шылым шегудің өкпенің созылмалы обструктивті ауруына (ӨСОA) ықпалын тексеру үшін 40 жастан жоғары 400 адамдарға зерттеу жүргізілді. Олардың ішінде шылым шегетін 200 адам және ешқашан шылым шекпеген 200адам болды. Спирометрияның нәтижесі бойынша шылым шегетіндердің 24%, шылым шекпейтіндердің 14% ӨСОА бар екендігі анықталды.
Шылым шегетіндер мен шылым шекпейтіндердің арасында ӨСОА таралу жиілігіндегі айырмашылықтың статистикалық мәнді екенін айқындау үшін ЕҢ жарамды тест қайсы?
*тәуелсіз таңдамалар үшін t-тест
*дисперсиялық талдау
*Манн-Уитнитесті
*+Хи-квадрат тесті
*жұптасқанt-тест
#37
*!Өкпе туберкулезымен ауыратын 263 адамды пневмотораксқолданып емдегенде 19 адамда рецидив байқалды, ал біріктірілген тәсілмен емделген 77 адамның 15-нде рецидив байқалды.
Ұйғарылған нөлдік жорамалдардың қайсысы ЕҢ орынды?
*+топтардағы рецидивтердің жиіліктерінің арасында айырмашылық жоқ
*топтардағы рецидивтердің жиіліктерінің арасындағы айырмашылық статистикалық мәнді
*біріктірілген терапиямен емдеу нәтижесінің басқа әдістен айырмашылығы бар
*біріктірілген терапияны қолдану рецидивтер санын арттырады
*пневмотораксты қолдану ең жақсы нәтиже береді
#38
*!А препаратының бронхитты емдеуге тиімділігін бағалау үшін зерттеу жұмысы жүргізілді. Осы препаратты қабылдаған 74 аурулардың ішінде 18 адамда, ал емдеудің стандартты схемасын қолданған 119 адамның ішінде 46 адамда аурудың асқынғаны байқалды. Орайластық кестесіне талдау жасағанда күтілетін жиіліктер есептелді.
Қайсы мән ұяшықтағы Е4күтілетін жиіліктің мәніне ЕҢ сәйкес келеді?
*69,5
*59,5
*+79,5
*49,5
*89,5
#39
*!Пациенттерді екі әдіспен емдегенде керексіз жанама әсердің даму ықтималдығын анықтау үшін екі топтың (тәжірибелік және бақылау)Р1 және Р2пропорцияларын салыстырды. 95% сенім аралығының 0,0182≤ Р2 - Р1≤0,3201 негізінде популяциялық Р1 және Р2пропорцияларының арасында статистикалық мәнді айырмашылық бар деген қорытынды жасалынды.
Келтірілген себептердің қайсысы мұндай қорытынды жасауға ЕҢ лайық?
*сенім аралығының сол жақ шекарасы нөлден үлкен
*сенім аралығының оң жақ шекарасы бірден кіші
*+сенім аралығына «нөл» саны кірмейді
*сенім аралығының екі шекарасы да бөлшек сандар
*сенім аралығына «бір» саны кірмейді
#40
*!Жұмыс стажының педиатр-дәрігерлердің кәсіби деңгейлерінің өсуіне ықпалын зерттеуге статистикалық талдау жүргізгенде Пирсонның Хи-квадрат критерийін таңдады.
Мәндердің қайсысы Хи-квадрат үшін еркіндік дәрежесінің санын ЕҢ дәл сипаттайды?
*+ 9
*6
*1
*7
*8
#41
*!Баспада жарияланған мақалада пациенттерді лапароскопиялық аппендэктомиядан кейін бір апта өткен соң тексерістің нәтижелері берілген. Пациенттер екі топқа – инфекцияланған жарақаты барлар және инфекциясыз жарақаты барлар болып бөлінді.Зерттеу барысында пациенттердің түскен кездегі сипаттамалары жөнінде ақпараттар жиналды: жасы, жынысы, оң мықындық аймақтағы ауырудың болуы, температура және т.б.
Толық сипаттама үшін ассоцияциялар өлшемінің қайсысын қолданған ЕҢ тиімді?
*салыстырмалы қауіп-қатер
*+шанстар қатынасы
*орта мәндер қатынасы
*орта мәндер айырымы
*қауіп-қатерлер айырымы
#42
*!Еркектердің асқазан жарасымен аурушаңдығына зерттеу жүргізілді. Ықпал етуші фактор ретінде фастфудты үнемі қолдану алынды.Бірінші топта жедел тағаммен тұрақты тамақтанатын 500 еркектің ішінде 96 адамда асқазан жарасы табылды. Екінші топта пайдалы асты қолданатын 500 еркектің ішінде асқазан жарасы 31 жағдайда орын алды.
Бұл зерттеу үшін ассоцияция өлшемдерінің қайсысын қолданған ЕҢ орынды?
*қауіп-қатерлер айырымы
*орта мәндер айырымы
*+салыстырмалы қауіп-қатер
*орта мәндер қатынасы
*шанстар қатынасы
#43
*!Еркектердің асқазан жарасымен аурушаңдығына зерттеу жүргізілді. Ықпал етуші фактор ретінде фастфудты үнемі қолдану алынды.Бірінші топта жедел тағаммен тұрақты тамақтанатын 500 еркектің ішінде 96 адамда асқазан жарасы табылды. Екінші топта пайдалы асты қолданатын 500 еркектің ішінде асқазан жарасы 31 жағдайда орын алды. Статистикалық талдауды Хи-квадрат критерийін қолданып жүргізгенде p (p-value) 0,001-ден кіші болды.
Зерттеу нәтижелеріне түсіндірменің қай нұсқасы ЕҢ ықтимал?
*+фактор мен аурушаңдықтың даму ықтималдығы арасында тура байланыс бар
*фактор мен аурушаңдықтың даму ықтималдығы арасында тура байланыс жоқ
*фактор мен аурушаңдықтың даму ықтималдығы арасындағы байланыс кездейсоқ
*пайдалы асты үнемі пайдалану аурушаңдықты болдырмайды
*фастфудты үнемі пайдалану асқазан жарақатын сөзсіз тудырады
#44
*!Шылым шегудің өкпенің созылмалы обструктивті ауруына (ӨСОA) ұшырау қауіп-қатерін шылым шегетіндер мен шылым шекпейтіндер арасында салыстырғанда салыстырмалы қауіп-қатердің мәні RR=0,7 (95%ДИ=0,55-0,84). Әдебиеттерде келтірілген деректер бойынша ӨСОА әйелдерде қауіп-қатер деңгейі еркектерге қарағанда жоғары, және шылым шегу әйелдерге қарағанда еркектер арасында кең тараған.
Келтірілген нәтижелерді алу үшін зерттеушінің қай әрекеті ЕҢ дұрыс?
*Шылым шегу аурушаңдықтың алдын алуСделать вывод, что курение является мерой профилактики заболевания
*+Салыстырмалы қауіп-қатерді әйелдер мен еркектер үшін бөлек есептеу
*Шылым шегу аурушаңдықтың қауіп-қатер факторы болады деп қорытынды жасау
*Зерттеу дұрыс жүргізілген жоқ деп қорытынды жасау
*Қарама-қайшы нәтижелер жөнінде хабарлау
#45
*!Зерттеуге екі топ қатысты: біріншісінде іштегі нәрестенің туа біткен кемістігі дамыған (ВПР-врожденный порок развития) диагнозы қойылған 200жүкті әйел болды. Олардың ішінде 50 әйел жүктілік кезінде шылым шеккендер, 150 әйел шылым шекпегендер.Екінші топта ВПР белгісі болмағандар, олардың ішінде жүктілік кезінде шылым шеккендер 10 адам, шекпегендер - 90 адам.
Бұл зерттеуде талдау жүргізу үшін ассоцияция өлшемдерінің қайсысын қолданған ЕҢ орынды?
*қауіп-қатерлер айырымы
*+шанстар қатынасы
*салыстырмалы қауіп-қатер
*орта мәндер қатынасы
*орта мәндер айырымы
#46
*!Зерттеуге екі топ қатысты: біріншісінде іштегі нәрестенің туа біткен кемістігі дамыған (ТКД) диагнозы қойылған 200 жүкті әйел болды. Олардың ішінде 50 әйел жүктілік кезінде шылым шеккендер, 150 әйел шылым шекпегендер.Екінші топта ТКД белгісі болмағандар, олардың ішінде жүктілік кезінде шылым шеккендер 10 адам, шекпегендер - 90 адам.
Пайымдаулардың қайсысы шылым шегу мен ТКД арасындағы ассоцияцияны ЕҢ дәл түсіндіреді?
*+шылым шегетіндер арасында іштегі нәрестенің ТКДшансы шылым шекпейтіндерге қарағанда 3 есе көп
*шылым шегу іштегі нәрестенің ТКДдаму қаупін 3 есе жоғарылатады
*пациенттер арасында іштегі нәрестенің ТКДкездесуі шылым шегетіндерде 3 есе көп
*пациенттер арасында іштегі нәрестенің ТКДкездесуі шылым шегетіндерде 0,33 есе көп
*іштегі нәрестенің ТКДдиагнозы мен шылым шегу арасындағы байланыс кезлейсоқ
#47
*!Ер кісілердің асқазан жарақатымен аурушылдығына зерттеу жүргізілді. Ықпал етуші фактор ретінде фастфудты үнемі қолдану алынды. Деректерге статистикалық талдау жүргізу нәтижеінде салыстырмалы қауіп-қатерліктің мәні 3,1 және 95% сенім аралығы (2,11; 4,55) тең болды.
Зерттеу нәтижесін түсіндірулердің келтірілген нұсқаларының қайсысы ЕҢ ықтимал?
*+фактор мен аурушылдық арасындағы өзара байланыстың мәнділік деңгейі р<0,05
*фактор мен аурушылдық арасындағы өзара байланыстың мәнділік деңгейі р>0,05
*фактор мен аурушылдық арасындағы өзара байланыстың мәнділік деңгейі р=0,05
*фактор мен аурушылдық арасындағы байланыскездейсоқ
*фактордың аурушылдыққа ықпалы жоқ
#48
*!Статистикалық жорамалдардың мысалдары:
*таңдама орта мен дисперсия арасындағы айырмашылық кездейсоқ,
*таңдама орта нөлге тең,
*таңдама дисперсия арасындағы айырмашылық кездейсоқ,
*Марста өмір бар,
*+таңдама орта мен бас орта өзара тең.
#49
*!Егер болса, онда неге тең?
*+17
*10
*11
*32
*27.
#50
*!Ревматизммен ауыратындарға №1 емханада (кардиолог қабылдайды) диагноз қою мерзімі мен №2 емханада (терапевт қабылдайды) диагноз қою мерзімі арасында айырмашылықты анықтау үшін деректердің орайластық кестесіне статистикалық талдау жүргізілді. Әрбір ұяшықтағы күтілетін мәндерді есептегеннен кейін орайластық кестесінің түрі төмендегідей болды:
Ревмотизммен ауыратындарға диагноз қою мерзімін бағалау үшін статистикалық тесттердің қайсысы ЕҢ жарамды?
*Пирсонның Хи-квадрат критерийі
*+Фишердің дәл критерийі
*Мак-Немаркритерийі
*КохренніңQ критерийі
*Z критерий
#51
*!Жүректің ишемиялық ауруы бар науқастардың екі тәуелсіз топтарында жаңа фармакологиялық препараттың ықпалы зерттелді. Таңдамалар қалыпты таралу заңына бағынбайды. Бұл жағдайда қандай әдіс қолданылады?
*+Манн-Уитни критерийі
*Фишер критерийі
*Стьюдент критерийі
*Уилкоксон критерийі
*Пирсон критерийі
#52
*!Аймақтағы дендері сау әйеладамдар мен ер адамдардың гемоглабин көрсеткіштері алынды (г/л). Таңдамалар қалыпты таралу заңына бағынбайды деп есептеп, көрсеткіштердің арасындағы айырмашылық статистикалық маңыздылығын тексеру үшін қандай критерий қолданылады?
*+Манн- Уитнидің U критерийі
*Пирсонның χ2 критерийі
*Стьюденттің жұптасқан t-критерийі
*Уилкоксонның Т-критерийі
*Стьюденттің жұптаспаған t-критерийі
#53
*!Қантты төмендететін препараттардың қандағы глюкоза деңгейіне ықпалы зерттелді. Зерттеуші оларда қантты төмендететін препараттармен емдеуге дейін және емдеуден кейінгі қандағы глюкоза деңгейлерін өлшеді. Таңдамалар қалыпты таралу заңына бағынады деп есептеп, көрсеткіштердің арасындағы айырмашылық статистикалық маңыздылығын тексеру үшін қандай критерий қолданылады?
*Манн- Уитнидің U критерийі
*Пирсонның χ2 критерийі
*+Стьюденттің жұптасқан t-критерийі
*Уилкоксонның Т-критерийі
*Стьюденттің жұптаспаған t-критерийі
#54
*!Еңбек шарты мен ерекшелігінің тұмау ауруына ықпалын зерттеу үшін қаланың 4 емханасынан әртүрлі мамандық дәрігерлеріне (учаскелік терапевтер, оториноларингологтар, хирургта, рентгенологтар) зерттеу жүргізілді. Таңдамалар қалыпты таралу заңына бағынады деп есептеп, көрсеткіштердің арасындағы айырмашылық статистикалық маңыздылығын тексеру үшін қандай әдіс қолданылады?
*+Дисперсиялық талдау
*Корреляциялық талдау
*Регрессиялық талдау
*Өміршеңдікті талдау
*Стьюдент критерийі
#55
*!
*Манн- Уитнидің U критерийі
*Пирсонның χ2 критерийі
*+Стьюденттің жұптасқан t-критерийі
*Уилкоксонның Т-критерийі
*Стьюденттің жұптаспаған t-критерийі
#56
*!Клиникалық зерттеуде статистикалық талдау жүргізу барысында екі таңдаманың орта мәндерінің теңдігі Стьюденттің t-критерийімен тексерілді.
Қандай шарт нөлдік жорамалды жоққа шығаруға ЕҢ дұрыс?
*+|tбақылау|>|tсыни|;
*|tбақылау|< tсыни;
*tбақылау=0;
*tсыни=0;
*tбақылауtсыни;
#57
*!5 балада сілекей бөліну жылдамдығы (мл/мин) операцияға дейін және операциядан кейін өлшенді. Таңдама қалыпты таралған бас жиынтықтан алынған делік. 95 % сенім аралығы
(-7,8; -3,5) қамтиды. Көрсеткіштердің арасындағы айырмашылық туралы қандай қорытынды жасауға болады?
*+Н0 жоққа шығарылады, операцияның сілекей бөліну жылдамдығына әсері бар
*Н0 жоққа шығарылады, операцияның сілекей бөліну жылдамдығына әсері жоқ
*Н1 жоққа шығаруға негіз жоқ, операцияның сілекей бөліну жылдамдығына әсері жоқ
*Н1 жоққа шығарылады, операцияның сілекей бөліну жылдамдығына әсері бар
*Н0 жоққа шығаруға негіз жоқ, операцияның сілекей бөліну жылдамдығына әсері жоқ
#58
*!Қантты төмендететін препараттардың қандағы глюкоза деңгейіне ықпалы зерттелді. Зерттеуші оларда қантты төмендететін препараттармен емдеуге дейін және емдеуден кейінгі қандағы глюкоза деңгейлерін өлшеді. 95 % сенім аралығы қамтиды. Көрсеткіштердің арасындағы айырмашылық туралы қандай қорытынды жасауға болады?
*+Н0 жоққа шығарылады, препаратпен емдеу қандағы глюкоза деңгейіне әсер етеді
*Н0 жоққа шығарылады, препаратпен емдеу қандағы глюкоза деңгейіне әсер етпейді
*Н1 жоққа шығаруға негіз жоқ, препаратпен емдеу қандағы глюкоза деңгейіне әсер етеді
*Н1 жоққа шығарылады, препаратпен емдеу қандағы глюкоза деңгейіне әсер етпейді
*Н0 жоққа шығаруға негіз жоқ, препаратпен емдеу қандағы глюкоза деңгейіне әсер етпейді
#59
*!Сүтқоректілердің дене салмағы мен жеке ағзаларының салмақтарын биопрепараттармен (N бауыр лизаты, N/10 көкбауыр лизаты, 10N ми экстракты) өңдеу жолымен өзгерту бойынша тәжірибелер жүргізілді. Тәжірибенің әр сериясында 10 тышқаннан болды. Салмақтары 16- 18 г болатын жас тышқандар қолданылды. Әрбір тәжірибе 56 немесе 86 күнге созылды. Тышқандарды сойғаннан кейін тәжірибелер нәтижесінде, биопрепараттардың әсерінен жалпы салмақтың және жеке ағзалар салмақтарының өзгеруі анықталды. Зерттеу сұрағына жауап беру үшін қандай критерийді пайдалану қажет?
*+бір факторлы дисперсиялық талдау
*корреляциялық талдау
*Пирсонның критерийі
*тәуелді топтар үшін Стьюдент критерийі
*Уилкоксон критерийі
#60
*!Ақ тышқандардың екі тобы (әр топта 10 жануардан) 86 күн бойы биопрепараттардың әсеріне ұшырады. Бірінші топтағы тышқандарға қатысты N/10 жүрек лизаты, ал екінші топтағы тышқандарға қатысты 10N бұлшықет экстракты қолданылды. 86 күннен кейін тышқандар сойылды және әрқайсысының жүрек салмағының жалпы салмаққа қатынасы (%) анықталды. Аталған биопрепараттардың ақ тышқандардың жүректерінің салыстырмалы салмағына ықпалын анықтау үшін қандай критерийді пайдалану қажет?
*+бір факторлы дисперсиялық талдау
*корреляциялық талдау
*Пирсонның критерийі
*тәуелді топтар үшін Стьюдент критерийі
*Уилкоксон критерийі
#61
*!Елдің әр түрлі аудандарындағы (ауыл, қала шеті, кіші қалалар, орта қалалар, ірі қалалар) ауру-сырқаулық (туберкулез және басқа да аурулар) жөнінде деректер алынды. Аймақ факторының тұрғындар ауруына ықпалын зерттеу қажет.
|
|
|