2 ркк. 21. Сапалы белгілер арасындаы байланысты зерттеу. Орайласты кестелерін Xuквадрат критерийіні кмегімен талдау
Скачать 273.69 Kb.
|
21.Сапалық белгілер арасындағы байланысты зерттеу. Орайластық кестелерін Xuквадрат критерийінің көмегімен талдау. Деректерді статистикалық талдау әдісін таңдау үшін әр түрлІ таңдамалардағы салыстырылатын айнымалының қандай шкалада өлшенгенін білу маңызды. Номинальды және ординальдышкалаларда өлшенген деректер сапалы деректерге жататынын білеміз, яғни мәндері санмен емес атаумен берілетін деректер. ОлаР медицинада өте жиі кездеседі.Сапалы деректерді талдау үшін айнымалы ретінде зерттеліп отырған белгінің әртүрлі мәндерінің жиіліктері алынады. Бақылау жиіліктері орайластық кестеге енгізіледі. Орайластық кестесі- бірге қарастырылатын екі бергінің әрқайсысының тандамадағы деңгейлері бойынша қабылдайтын әртүрлі мәндер жиілігін бейнелейтін сандар кестесі. Орайластық кестесі екі категориальды белгілер арасындағыстатистикалық өзара байланысты растау үшін қолданылады. Кестедеолардың барлық мүмкін үйлестірулері көрсетілген, сондықтан мұндай кесте орайластық кестесі деп аталады. Орайластық кестесінде бір белгінің барлық деңгейлері қатарлар ретінде, ал екіншібелгінің барлық деңгейлері бағандар ретінде анықталады. Кестенің әр торына орайласқан белгілерде орын алған жағдайлар саны жазылады.Барлық торлардағы барлық жиіліктердің қосындасы таңдама көлеміне тең. Н0 тексеру үшін Пирсонның Хи2 крит.қолданылады.Пирсон Хи2крит алғаш рет 1900ж жиіліктердің келісім дәрежесін тексеру үшін қолданылады.Хи2 критерийін есептеу бақыланған жиіліктермен күтілетін жиіліктер арасындағы айырмашылықты айқындауға негізделген. Хи2крит қолдануға қойылатын талаптар: 1.Деректер өзара жоққа шығарылатын категориялардан әрқайсысы үшін саналған бүтін сандармен өрнектелген жиіліктер түрінде берілу тиіс. 2.Бақылау жалпы саны 20дан көп болуы тиіс. 3.Н0 жорамалға сәйкес күтілетін жиіліктер саны әр торда 5тен кем болмауы тиіс. 4.Деректердің таралу түріне қатысты ешқандай шектеу шектеу болмауы тиіс. 5.Салыстырылатын топтар өлшемі шамамен бірдей болуы тиіс. 6.Егер 2*2 орайластық кестесінің қандай да бір торына күт.жиілік 5тен аз болса,онда Фишердің дәл крит қолданылады. Белгі – байқау нысанының өлшенген қасиеті. Белгілер: Сандық және Сапалық болып бөлінеді. Сандық: - бойдың ұзындығы; - салмақ; - науқастың жасы; - жүрек соғу жиілігі және т.б. Сапалық: - диагноз; - шаштың түсі; - науқастың жынысы; - нәтиже (тірі, өлі) және т.б. Сапалық белгілерді талдағанда орайластық кестелерді пайдаланады. Сапалық белгілер Медициналық зерттеу нысандарын сипаттайтын, зерттеу нысанына әсер ететін кіріс факторлары, сол сияқты әсерге жауап беретін шығыс параметрлері сияқты көптеген белгілер номиналды шкала бойынша сапалы белгілер ретінде анықталады. Мысалы,ауру түрінің ауырлық категориясы (жеңіл, орта, ауыр,өте ауыр), емдеу нәтижесі (аман қалды,қайтыс болды). Зерттелетін белгінің бақылау жиілігі мен сандық емес айнымалылардың деңгейлері жөніндегі деректер категорияланған деп аталады. Мұндай деректер жиіліктер кестесі немесе орайластық кестесі деп аталатын кестелерге енгізіледі. Егер бұл кесте екі қатардан және екі бағаннан тұрса, онда ол 2х2кестесі деп аталады. Орайластық кестесін құру барысында көрсеткіштер үшін өзара жоққа шығару принципін ұстану қажет: зерттеліп отырған көрсеткіштер қандай да бір құбылыстың нәтижесі болғандықтан, олар бір-бірін жоққа шығарулары тиіс. Мысалы: 1. Екі көрсеткіштің бірін - бірі жоққа шығаруы: иә/жоқ, аурудың асқынуы/ремиссия, ер кісі/әйел, оң/теріс, тірі/өлі, жазылды/ жазылған жоқ. 2. Үш көрсеткіштің бірін - бірі жоққа шығаруы: медициналық бағыттағы үш көрсеткіштің өзара жоққа шығаруына аурудың ауырлық дәрежесін бағалау жатады: жеңіл, орта және ауыр (немесе жақсы, жаман, бейтарап). 3. Жас мөлшерінің төрт диапазондарының градациялары «20 – 40», «41 – 60», «61-80», «81- ден жоғары» және тағы сол сияқты. Орайластық кестесін талдау, зерттеліп отырған көрсеткіштер салыстырылатын топтарда бірдей жиілікпен кездеседі (немесе кестенің бағандары мен қатарлары арасында өзара байланыс жоқ) деген нөлдік жорамалды тексеруге мүмкіндік береді. Орайластық кестесі Тексеруден өткен тұлғаларды сипаттайтын екі сапалық белгі бар (олардың әрқайсысында екі баға бар).
Зерттеудің негізгі міндеттері: Зерттелетін белгінің бақылау жиілігінің салыстырмалы шамаларын есептеу және олардың дәлдігі мен сенімділігін анықтау Әртүрлі топтағы жиіліктердің салыстырмалы шамалары арасындағы айырмашылықтардың мәнділігі жөніндегі жорамалды тексеру (эмпирикалық және теориялық таралулардың сәйкестігі ). Теориялық деректерді есептеу Н0 – салыстырылатын деректер арасында маңызды айырмашылықтар жоқ. (а+с) белгісі кездесуінің жалпы саны бақыланған (n) көрсеткіштердің жалпы санының қандай пайызын құрайтынын есептеу. Табылған пайызды әрбір емдеу әдісінің белгісінің кездесу саны үшін сақтау. Ескертетін жағдай: Теориялық (ұйғарылатын) сандар үтірден кейінгі екінші таңбаға дейін есептеледі. χ2 критерийі кез-келген кесте үшін жалпы формуласы О – тәжірибе нәтижесінде бақыланған жиіліктер Е – күтілетін жиіліктер χ2 критерийін есептеу үшін қажет: Ұйғарылатын шамаларды табу; Эмпирикалық және ұйғарылатын шамалар арасындағы айырманы (ауытқуды) есептеу; Осы айырмаларды квадратқа шығару; Айырмалардың квадраттарын ұйғарылатын шамаларға бөлу; Бөлінділер нәтижелерін қосып, χ2 мәнін табу Χ2 сыни мәндері Еркіндік дәрежелерінің саны df=(қатарлар саны - 1) * (бағандар саны - 1). 2х2 кестесі үшін df =(2 - 1)*(2 - 1)=1. Н0 жоққа шығарылады, егер: χ2 >χ2сыни Н0 қабылданады, егер: χ2 = χ2сыни Эмпирикалық және теориялық шамалар толық сәйкес келген жағдайда χ 2 нөлге тең. Салыстырылатын жиіліктер арасындағы айырмашылықтардың ұлғаюына қарай χ 2 мәні өседі. 2x2 кестесіндегі χ2 үшін келтірілген формула жоғары мәндер береді. Іс жүзінде, бұл нөлдік болжамның тым жиі қабылданбауына алып келеді. Бұл әсерді болдырмау үшін формулаға Йетс түзетуенгізеді: Йейтс түзетілуінде егер 2х2 кестесінде бақылау саны ең болмағанда бір торкөзде төрттен кіші болса, онда Фишердіңдәлкритерийі ! –факториал 4! = 1*2*3*4 = 24. Фишердің дәл критерийін қолдану ережесі: • Алғашқы кестені алу ықтималдығын есептеу. • Қатар және баған бойынша өзгермейтін қосындылар жағдайында кестені толтырудың қалған мүмкін нұсқаларын тұрғызу. • Алынған барлық кестелер үшін ықтималдықтарды есептеу. • Алғашқы кестені алу ықтималдығын және одан асып кетпейтін барлық ықтималдықтарды қосу 22. Қауіп факторының бағалау. Сапалы белгілерді талдау үшін, осыған дейін дәстүрлі түрдегі Пирсонның χ2-белгісі қолданылып келді. Дегенмен соңғы кездегі медициналық зерттеулерде көптеген мамандар Пирсон χ2-белгісінің орнына салыстырмалы қауіп-қатер немесе мүмкіндіктер қатынасын қолдануды дұрыс көреді. Өйткені бұл статистика χ2-Пирсонға қарағанда оңай түсіндіріледі және белгілер арасындағы қатынас туралы қосымша ақпарат береді. Белгілер арасындағы сандық байланыс үшін қолданылатын индикаторлар ұқсастық шаралары деп аталады. Осындай шаралардың бірі салыстырмалы қауіп-қатер және мүмкіндіктер қатынасы болып табылады. Оларды анықтау үшін 2x2 түйіндес кестелері пайдаланылады. Қауіп-қатер факторларын бағалау Қауіп-қатер – бұл қолайсыз нәтиже беретін ықтималдық (мысалы, асқынулар, ауру, өлім және т.б.). Ол 0-ден (қауіп жоқ) 1-ге дейінгі (қолайсыз нәтиже болуы екіталай) аралықтағы мәндерді қабылдайды. Қауіп-қатер факторы – бұл адам денсаулығына теріс әсер ететін және аурулардың пайда болуы мен дамуы үшін қолайлы ортаны қалыптастыратын жағдай. Мысалы, темекі шегу (фактор) – бұл өкпе ісігінің (қауіп-қатер) пайда болуына алып келеді. Салыстырмалы қауіп-қатер Салыстырмалы қауіп-қатер(СҚ) (relative risk, RR) – бұл фактор әсер ететін таңдаманың осы бөлігіндегі оқиға жиілігінің, фактор әсер етпейтін таңдаманың сол бөлігіндегі оқиға жиілігіне қатынасы. Салыстырмалы қауіп-қатер - фактор мен қолайсыз нәтиже арасында байланыс күшін көрсетеді.
Салыстырмалы қауіп-қатерді түсіндіру Егер СҚ=1 болса, онда фактор мен қолайсыз нәтиже арасында байланыс жоқ; ЕгерСҚ>1болса, ондазерттелген фактор қауіп-қатер факторы болыптабылады; ЕгерСҚ<1, болса, ондазерттелген фактор қауіп-қатер факторы болмайды. Салыстырмалықауіп-қатердіесептеужәнетүсіндірумысалы Контрацепті таблеткалар қабылдайтын және балалары сарыаурумен ауыратын, емшек сүтін емізетін аналар арасындағы байланыс зерттелді. Зерттеугеарналғандеректеркестедекелтірілген.
Алынған нәтиже қауып-қатер факторы (контрацептивтік препараттарды қабылдау) қолайсыз нәтиже болудың (балалардың сарғаюының пайда болуы) ықтималдығы 2,44 есе артуы мүмкін екендігін көрсетеді. Мүмкіндіктер қатынасының анықтамасы және оны түсіндіру Мүмкіндік – бұл оқиғаның орындалуының ықтималдылығының орындалмауының ықтималдығына қатынасы. Егер Мүмкіндік = 1 болса, онда оқиғаның пайда болу ықтималдығы оқиғаның пайда болмайтындығының ықтималдылығына тең болады; Егер Мүмкіндік > 1 болса, онда оқиғаның пайда болу ықтималдығы оқиғаның пайда болмайтындығының ықтималдылығынан үлкен болады; Егер Мүмкіндік < 1 болса, онда оқиғаның пайда болу ықтималдығы оқиғаның пайда болмайтындығының ықтималдылығынан кіші болады. Мүмкіндіктердің қатынасы. Мүмкіндіктер қатынасы (МҚ) (odds ratio, OR) – бұл топтағы фактордың әсеріне ұшыраған қолайсыз оқиғағалардың мүмкіндіктерінің, басқа топтағы қолайсыз оқиғалардың мүмкіндіктеріне қатынасы. Н емесе оқиғаның пайда болу мүмкіндіктерінің пайда болмау мүмкіндіктеріне қатынасы. Мүмкіндіктер қатынасын түсіндіру Егер МҚ (0,1) болса, онда бұл фактордың әсерінен қолайсыз нәтиже туындау қаупін азаятындығын көрсетеді; Егер МҚ>1 болса, онда бұл фактордың әсерінен қолайсыз нәтиже туындау қаупін көбейетіндігін көрсетеді; Егер МҚ=1 болса, онда фактордың әсерінен ешқандай әсер жоқ екендігін көрсетеді. Мүмкіндіктер қатынасы есептеу және түсіндіру мысалы Белгілі бір ауру тудыратын «X» геніндегі мутацияға зерттеу жүргізілді. Біртекті ауру және сау топтардың геніне талдау жүргізілді, нәтижелер кестеде келтірілген
Шешуі. Н ауқастартобындамутацияны табу мүмкіндігін (М1) есептеу: Б ақылаутобындамутацияны табу мүмкіндігін (М2) есептеу: Мүмкіндіктерқатынасын(МҚ) есептеу: МҚ>1 дегеніміз - болжанғанқауп-қатер факторы (генніңмутациясы) маңызды, яғниоқиға (ауру) жоғарғыықтималдылықпенорыналуымүмкін. |