Ашық сабақ 'Тау жыныстары'. Табии орта жадайын баылау Мониторинг принциптері жне типтері
Скачать 1.09 Mb.
|
4.6 кесте– автокөліктің ластауынан бөлінетін зиянды заттардың санына есептік баға
- алынған нәтижелерді сіз тұратын аймақтағыавтокөлік кәсіпорындары, фабрикалар, заводтар және т.б. ауа ластауыштарынан шығарылатын заттар мөлшерімен салыстыр; - осы жұмыс барысында осы кәсіпорындар шығарындылар мөлшерінің экологиялық бағалау мәліметтерін (бұл мәліметтерді аудандық немесе қалалық экологиялық комитетте немесе т. с.с. орындарда алуыңызға болады) қолданыңыз;-зерттелген аймақтың экологиялық жағдайына баға беріңіз. Тапсырма 4 Шылым түтінің тірі ағзаларға әсерін знрттеу. Жұмыстың мақсаты: тірі ағзаларға шылым түтінінің әсерін зерттеу. Шылым шегу түтін құбырының жұмысына ұқсас. Жанып жатқан шылым ұшының ішінде температура 8500С дейін жетедіжәне онда 3600 зат шығаратын химиялық реакциялар өтіп жатады. Шылым түтінінің моноксиді рак ауруына шалдықтыруы мүмкін. Шылым түтінінде жоғары реакциялық қасиеті бар заттардың және канцерогендердің бар болуы шылым шегушілерге өкпе рагының қауіп-қатерін төндіреді. Бұл жұмыста сіздер шылым түтінінің тірі ағзаларға әсерін бақылайсыздар. Құрал-жабдықтар: 1) Рәзеңке түтік; 2) мақта; 3) штатив; 4) пластиктік түтікше; 5) шылым; 6) резеңке сұғындырма, 7) шыны түтік; 8) насос бойынан су ұстауға арналған қорғаныш шыны сауыты. Бұл жұмыста сіз шайыры (соның ішінде никотин ) көп болатын фильтрі жоқшылым түтінін және олардың аздау мөлшерімен фильтрі бар шылым түтінін ұстайсызда; сіз олардың арасындағы айырмашылықты атап көрсетіңіз. 1) Суреттегідей құрылғыны жинаңыздар; 2) екі насосты да қосыңыз; 3) шылымды тұтатыңыз, түтін бөлмеге шықпайтындай, 2 камераға да өтетіндей насосты реттеңіз, шылымның толық жануына мүмкіндік беріңіз; 4) екі камерада да түтін болмаған соң насосты өшіріп тастаңыз; 5) камераларды ашып, пинцетпен мақтаны алып тастаңыз; 6) 1-5 пунктерді тағы 2 шылыммен қайталаңыз; 7) мақта бөлшектерін мұқият қарап, байқағаныңызды жазыңыз. Бақылау сұрақтары 1 Атмосфераны ластаушы көздерді атаңыз? 2 Атмосфераны ластаушы стационарлық және қозғалмалы көздер түсінігі нені білдіреді? 3 ШРКот, ШРКмЗ дегеніміз не? 4 Атмосфераның ластану интексі түсінігіне анықтама беріңіз және ол неден тұрады? 5 Қандай шығарынды көздерін ұйымдасқан, ал қандай шығарынды көздерді ұйымдаспаған деп атайды? 6 Атмосфераны ластаушы көздерді бақылаудың қандай әдістері бар? 7 Атмосферада ұйымдасқан шығарынды көздерден тарайтын зиянды қосылыстар қалай тарайды? 8 Зиянды заттардың қанша қауіптілік класы болады? 9 Смогтың (улы тұмандықтар) қанша түрін білесіз? 5 Тақырып Аймақтык табиғат ортасының мониторинг жүйесін ұйымдастыру 5.1 Зертханалық жұмыс. Топырақтың экологиялық жағдайын бағалау Мақсаты: топырақтың негізгі қасиеттерімен және құрамымен танысу. Өз бетінше топыраққа сипаттама беруді үйрену. Тапсырма: топырақтың негізгі құрамын, құрылысын және қасиеттерін зерттеу. Тұз ерітіндісінің қышқылдығы бойынша топырақтың экологиялық жағдайын бағалау. Топырақтың антропогендік бұзылуын анықтау. Топырақтағы органикалық затты анықтау. Зертханалық жұмысты орындауды төмендегідей қауіпсіздік техникасының ережелерін (ҚТЕ) сақтау қажет: 1) киімге, теріге және шырышты қабыққа химикат пен ерітіндінің төгілмеуін қадағалау; 2) жұмыс барысында ас пен сусын ішпеу; 3) әсіресе қатты иісі бар және ұсақ кристаллды жағдайдағы ауа мен химикаттармен тыныс алмау; 4) химикаттардың оралымы саңылаусыз (ауа кірмейтіндей) болуына және этикетка жазуының анық болуына, сол сияқты шыны ыдыстары мен бұйымдармен жұмыс істегенде қауіпсіздік сақталуына зер салу керек; 5) топырақтағы кальций карбонатын анықтау мақсатында жүргізілетін зерттеулерде 10 пайыздық тұз қышқылы ерітіндісін қолданады. Оны пипетка көмегімен тамызады. Бұл ерітіндіні университеттің оқу зертханаларында дайындайды. Ерітіндінің беті жақсылап жабылған шыны ыдыста сақтайды. Оның кілегейлі беттерге және теріге тиюінен сақ болу керек. Тиген жағдайда сумен бірнеше қайтара жуу керек. 5.2 Теориялық бөлім Топырақтың жалпы қасиеттері Топырақтың экологиялық жағдайын анықтайтын жалпы қасиетттерге: 1) топырақтың механикалық құрамы; 2) құрылысы; 3) ылғалдылығы; 4) қышқылдылығы жатады. Топырақтың механикалық құрамы онда балшықтың, ұсақ тастардың, құмдардың, гендік және антропоидтық қосылыстардың болуымен сипатталады. Оның құрылысы өмір сүру процестеріне қажетті ( тыны салу ) тығыздылық пен ауаны анықтайды. Топырақтың ылғалдылығы өсімдіктің минералдық қоректенуіне себепші болады және барлық топырақ организмдері үшін қажетті қоршаған орта факторы болып табылады. Топырақтағы ылғалдылық ауаның антогонисті болып табылады, сондықтан ылғалдылықтың шектен тыс мөлшері, сондай-ақ оның аздығы зиянды болып келеді. Топырақтың қышқылдылығы - ең негізгі экологиялық фактор. Ол жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің және топырақ организмдерінің өмір сүру шартын, сондай-ақ топырақтағы ластаушылардың қозғалысын (бірінші орында металдар) анықтайды. Жоғарғы қышқылдылық кезінде ауыл шаруашылық өсімдіктерінің көп түрлерінің өсуі және дамуы баяулайды, микроорганизмдерінің өмір сүруі бұзылады. Жоғарғы қышқылдылық кезінде әк жұмыстарын жүргізу керек. Тұз ерітіндісінің рН көрсеткішін өлшеген кезде, топырақтың қышқылдығын анықтайды. рН көрсеткіші бойынша топырақ қышқыл, бейтарап және сілтілі болуы мүмкін. Мысалы: 1) рН төртке тең немесе одан аз ол - күшті қышқыл; 2) рН беске тең болса - қышқыл; 3) рН алтыға тең болса- әлсіз қышқыл топырақ; 4) рН жетіге тең - бейтарап; 5) рН сегізге тең және одан да көп болса ол – сілтілі топырақ. Ауыл шаруашылық өсімдіктерін өсіру үшін, топырақтың рН көрсеткішінің қолайлы жағдайы кестеде көрсетілген (5.1 кесте). 5.1 Кесте - Өсімдіктердің негізгі түрлері үшін топырақтың рН көрсеткішінің қолайлы жағдайы
|