Розакулов А. Таырыбы несеп тас ауруы
Скачать 1.91 Mb.
|
Тақырыбы:несеп тас ауруыБөж Орындаған: Розакулов А Қабылдаған:Айдарбекова.Д.Н ЖОСПАР: І. Кіріспе Бүйрек - тас ауруы. ІІ. Негізгі бөлім Бүйрек - тас ауруының этиологиясы мен патогенезі. Бүйрек - тас ауруының диагностикасы Бүйрек - тас ауруының емі. ІІІ. Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер Бүйрек – тас ауруы Бүйрек – тас ауруы (нефролитиаз) – бүйректің түбектері мен астаушаларына және несепағарға көлемі, құрылысы мен химиялық құрамы (фосфаттар, ураттар, оксалаттар, карбонаттар) әр түрлі тас байланатын ауру. Бұл созылмалы ағымды ауру, бүйректің сыңарын немесе екеуін де зақымдайды. Несеп тасы барлық жаста да кездеседі. Ал қариялар мен балаларда бүйрек тасы сирек кездеседі де, қуықтасы жиі кездеседі. Бүйрек тасы оң жақ бүйректе жиірек кездеседі, екі бүйректер тасы аурулардың 15— 20%-де кездеседі. Бүйрек пен несепағар тастары 20—50 жаста жиі кездеседі. Этиологиясы Полиэтиологиялық Этиологиясы белгісіз, нақты емес Туа пайда болған энзимопатиялар (тубулопатиялар),несеп жолдарының анатомиялық даму ақаулары, тұқым қуалайтын нефроз және нефритке ұқсас синдромдар. Жүре пайда болған 1-лік,2-лік жағдайларда болуы мүмкін. Эндогендік факторлар: Жалпы: минералдар алмасуы бұзылуы - А гиповитаминозы - Д гипервитаминозы немесе авитаминозы - гиперкальциурия - гиперпаратиреоз - бактериальды интоксикация - химиялық препараттарды шектен тыс пайдалану(сульфаниламид, тетрациклин, антацид, ацетилсалицил қышқылы, глюкокортикоид т. б.) - ұзақ және толық иммобилизация Жергілікті - Урадинамия бұзылыстарына әкелетін себептер - несепағар структурасы - түбекше-несепағардың 1-лік және 2-лік стенозы - несеп шығаратын жолдарының аномалиялары - нефроптоз - несеп жолдарының рефлюкстері - инфекциялар - несеп шығаруының қиындауы - несеп қышқылдылығы мен сілтілігінің артуы Патогенезі - Қалыпты жағдайда несеп құрамында еріген кристалоидты және ерімеген коллоидты бөлшектер бар. Коллоид заттар кристалдардың жабысуынан сақтап, еріген халде сақтайды. -Тастар пайда болуының 2 теориясы бар: - Физика-химиялық теория- тепе-теңдік бұзылғанда кристалдар шөгіп, тасқа айналады. - Матрица теориясы- органикалық негіздің (ядроның)пайда болуына байланысты.Ядро қызметін қан ұйындылары, ыдыраған тіндер, бактериялар атқаруы мүмкін. Осы органикалық қалыпқа кейін тұздар шөгуіне байланысты тастар түзіледі. Тас пайда болуы үшін қанда немесе несепте тұздар концентрациясы артуы керек. Кристализациялық қағида- тұздар еруі азайып, тұнуынан тас байлануын түсіндіретін қағида. Бүйрек тастары Бүйрек тастары-көптеген жағдайларда операция жасауды талап ететін сырқат.Тас бүйректің ішінде,оның табақшаларында,түбекшелерінде немесе несеп ағарда табылады. Уролитаз- тастардың несепағарда кездесуі Нефролитаз-тастардың паренхимасында түбекшерінде табақшаларында кездесуі.Уролитаз нефролитаз әсерінен пайда болады. Химиялық құрамы бойынша бүйректе кездесетін тастар Тастардың кездесетін орны Өлшемі 5 мм – лі бүйрек конкременті. Бүйректің тәж тәріздес тасы Клиникалық көрінісі Бүйрек аймағының арқада ауырсынуы лоқсу іштің төменгі бөлігіне ауырсыну берілуі бастың ауырсынуы несеп жолдары тұсында ауырсыну зәр шығарған кезде ауырсыну. Бүйрек коликасы Ауырсыну Простагландиндердің бөлінуі Несепағар қабырғасының тас тұрған аймағының қабынудан кейінгі ісінуі Шумақшалар фильтрациясыныңның жоғарылауы Астауша-тостағанша жүйесінде қысымның жоғарылауы Бүйрекішілік қысымның жоғарылауы Жалпы лабораториялық анализ Жалпы қан анализі(Лейкоцитоз,эритроцитоз,кристалды тұздар) Биохимиялық қан анализі(Калий концентрациясының артуы,зәр қышқылы,бейорганикалық фосфор, магнидың анықталады,бұлардың жоғарылауы зат алмасу бұзылғандығын көрсетеді) Биохимиялық зәр талдауы (Зәрде әртүрлі тұздардың болуы,аминокислоталардың болуы) 1.Бүйректерді УДЗ арқылы зерттеу 2.Рентгенологиялық әдістер(Жалпы шолу рентгенограмасы және контрастты ренгенография) 3.КТ және МРТ 4.Цистоскопия 5.радиоизотты нефросцинтиграфия. Нефролитаз кезіндегі УДЗ УДЗ бүйректің контурларын,бүиректің тостағанша түбекшелердің жалпы жағдайын көрсетеді.Тастың көлемін формасын,тостағаншалардың қалыптыдан өзгергендігін көрсетеді. Бүйректі ультрадыбыспен тексеру (УЗИ) Өлшемі 3 мм-ден ірі конкременттер жақсы көрінеді. УЗИ кезінде несеп ағуының бұзылу дәрежесін анықтауға болады — конкрементті жұка (1-2 мм) сұйықтық қабаты қоршаған кезде — ең аз дәрежесі. Егер конкремент бүйрек тостағаншасынан шығатын ағынды бөгесе, бұл тостағаншаның 10 мм-ден аса ұлғайғаны, бұл ондағы сұйықтыктың көлемі 0,6 мл-ге немесе одан да астам мөлшерге сай келетінін білдіреді. Астауда, астау-несепағар сегментінде немесе несепағарда орналасқан конкремент бүйректен шығатын ағынды тұтас бөгейтін болса, тостағанша-астаудың қабырғасы жаппай ұлғаяды, оны УЗИ-де оңай анықтайды. Бүйректі ультрадыбысты зерттеу. Бүйректегі тастар. Компьютерлі томограмма.Оң жақ бүйректегі тастар. Компьютерлік томография Несеп тастарын бүйрек кальцификат-тарынан (туберкулезде, эхинококта, ісіктерде), кальцийленген лимфа түйіндерінен, өт тастарынан, ішектегі контраст заттың қалдықтарынан, флеболиттерден, жамбас веналарынан, ішектегі бөгде денелерден жіктеу қажет болатын бірқатар жағдайларда қолданылады. Бүйректің оң жағындағы тас (оксалат). Бүйректің сол жағындағы тас. Асқынуы Бүйрек – тас ауруы көбінесе пиелонефритпен асқынады. Әсіресе пионефроз бен бүйректің іріңдеп жидігені қауіпті, өйткені сепсиске ұласады. Бүйрек қызметінің жедел жеткіліксіздігі сирек байқалады. Бүйрек – тас ауруы ұзаққа созылып, фиброзды, майлы тін жайлап, бүйрек семіп қалса, бүйрек қызметінің созылмалы жеткіліксіздігіне ұшырайды. Емі: Консервативті ем: Тасты еріту Спазмды басу Қабынуды басу Қолданылады: Фитолизин Цистелин Цистон Цистон дәрілік шөптердің экстрактысы. Таблетка түрінде шығарылады. Ұзақтығы 6 апта-3 ай. Әсері: Спазмолитикалық Диуретикалоық Қабынуға қарсы Микробқа қарсы Цистенал – бүйректің коликада тас түзілу мен ауыру сезімін басу үшін қолданылады. 1. Зәрқышқылды уролитазда: Уралит-У Айзенбергтың цитратты қоспасы 2. Кальцийлік уролитиазда: Лидаза Метиен көгі Фуросемид 3. Оксалатты уролитиазда: Фитин Витамин В6 4. Оксалатты-уратты уролитиазда: Блемарен Магурлит 5. Аралас типті уролитиазда: Ниерон Нефролит Цистенал, энантин, олиментин Қорытынды Несеп тас ауруы қазіргі кезде жиі кездесетін аурулар түрі. Бұл ауру зәр шығарудың қиындауына, сонымен қатар, бүйректің қабынулық ауруларының дамуына жағдай жасайды. Сондықтан, тастарды дер кезінде байқап олардың пайда болуының алдын-алу керек. Видео сылкаhttps://youtu.be/lRXVZux-x2o https://youtu.be/2U90ZrnPlT0 Пайдаланылған әдебиеттер 1. Игнатова Н.В. Вельтищев Ю.Ч. Детская нефрология 2. Коровина М.А., Захарова И.Н. Антимикробная терапия инфекций мочевой системы у детей 3. «Ішкі аурулар» – Калимурзина Б.С. Алматы 2010 4. www.wikipedia.org 5. www.google.kz 6. www.kazmedic.kz Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012 М.Д.Машковский «Лекарственные средства» Әділман Нұрмұхамбетұлы «Патофизиология» |