Главная страница
Навигация по странице:

  • 9. Қарлұқ мемлекетінің саяси тарихы: құрылуы, көрші мемлекеттер мен тайпалармен қарым-қатынастары туралы жазыңыз

  • Тарих_а дейінгі кезе_дегі адамны_ м_дениеті туралы жазы_ыз. Тариха дейінгі кезедегі адамны мдениеті туралы жазыыз


    Скачать 322.43 Kb.
    НазваниеТариха дейінгі кезедегі адамны мдениеті туралы жазыыз
    Дата01.03.2023
    Размер322.43 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаТарих_а дейінгі кезе_дегі адамны_ м_дениеті туралы жазы_ыз.docx
    ТипДокументы
    #963368
    страница2 из 23
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

    8. Түрік қағанатының құрылуы, құрылымы және саяси тарихы

    туралы жазыңыз

     

    Орта ғасырларда құрылған ең алғашқы феодалдық мемлекет. Түріктердің арғы атасы Ашина қол астындағы тайпалармен Алтай теріскейлерінің жанына барып Жужан тайпасына темір балқытушы құл ретінде қызмет атқара бастайды.жужан қағанаты Орталық азия аумағында әр жерден қашып келген босқын халықтардан құрылған мемлекет. Жужан қағанаты жан жағындағы Қытай сынды мемлекеттерге үздіксіз соғыс жүргізіп отырғандықтан қытайлар оларды ӛз тіліндегі «жуан жуан» сӛзімен атаған. Бұл тынымсыз бір жәндіктің атуы болатын, қытайлар осылайша кемсіту мақсатында қолданған. Бұл атау кейіннен «жужан» деп аталып кеткен. Қытай деректерінде жужан қағанатының қол астында темір балқытып күн кӛретін шағын ғана тайпаны «ту кю» деп атаған. Бұл сӛз қытай тілінде мықты, берік деген мағынаны береді. 542 жылы қытай деректерінде ту кю сӛзі кездесе бастады. Жужан мемлекетінің ең мықты билеушілерінің бірі Анағұй болған. Түріктердің сол кездегі Бумын атты тайпа кӛсемі Жужандардан тәуелсіздігін алу мақсатында Қытайлармен бірігеді.545 ж Қытайлар жужандардың қол астындағы түріктерге елші жіберіп, одақтасды. Бумын Анағұйдан қызын сұрайды, алайда Анағұй менің қол астымдағы темір балқытушы менен қалай қызымды сұрайды дейді де, ортада 552 ж соғыс басталады. Сол жылы Қытай басшысы әскерін Жужан мемлекетінің оңтүстік шекарасына әкеледі. Анағұй әскерінің жарты бӛлігін қытайларға қарсы жіберсе, жарты бӛлігін түріктерге қарсы жіберіп, әскерін екіге бӛлуге мәжбүр болады. Анағұй ӛзіне найза қадап ӛлтіргендіктен жужан қағандығы әлсіреп, түріктерден жеңіледі. Бумын ӛзіне ЕЛХАН атағын алып, түрік қағанатының алғашқы қағаны болады. Түрік халықтары туралы ең алғаш Махмуд Қашқари түрік тайпаларының басым кӛпшілігі Теле(30 аса) тайпаларынан тұратынын жазған. Түрік қағанаты Алтай тауынан бастап Каспий теңізіне дейінгі аумақ. Оңт Батысында Парсы(Иран) мемлекетімен, Оңт Шығысында Қытай мемлекетімен шекараласып жатты. 552 ж Бумын соғыс барысында қаза болып, орнына ұлы Қара Еске келеді. Ол Аварларды Букрат тауларында екінші рет жеңеді. Таққа келесі келген Мұқан 552-554 ж жужандарды түпкілікті жеңіп, Ұлы Даланың шығыстағы қожасына айналады. Қытай мемлекетінің әулеттері Мұқан қағанмен ӛзара келісім шарттар жасау мақсатында 100мыңға тең жібек матасын жіберіп тұрды. Осы кезде қытайдың екі жағында шығыс вей әулеті мен батыс вей әулеті арасында келіспеушілік болып, Мұқанды ӛз жағына тартуға тырысады. Келесі билеуші Иштеми 10 түмен қол бастап(әр түменде 10 мын әскер)батысқа қарай жорық жасап, 555 ж Арал теңізіне дейін жетеді. Бұдан кейін түріктер Орта Азия аумағына дейін барып, қытаймен жібек ӛндіруде бәсекелес болған иран тілдес халық соғдыларды басып

     

    алады. Осылайша соғдылардың саудасының үстінен ӛздерінің ықпалын жүргізіп отырады. Осыдан кейін Иштеми Ауғаныстан жерінде мекен еткен эфталиттермен ұшырасып, жеңіліп, кері шегінеді. Бұл кезде иран мемлекеті де эфталиттерге салық тӛлеп отыратын болған. Түрік қағаны Иштеми эфталиттерге қарсы иран елімен одақтасу үшін иран билеушісі 1Хұсрау Ануширбанға қызын беріп, екі ел одақтасып, эфталиттерді талқандайды. Эфталиттерден түскен олжаларды иран мемлекеті келісімсіз ӛздері алып, түріктер олардан алыстай бастайды. Түрік қағаны Иштеми ирандықтарғасоғды кӛпесі Маниях басқарған сауда керуенін жібереді. Иран шахы 1Хұсрау Ануширбан барлық заттарды сатып алып Манияхтың кӛзінше ӛртеп жібереді. Бұл әрекет екінші рет тағы да қайталанады. Иштеми Ирандарға қарсы одақтас ретінде Қара теңіз аумағындағы ірі мемлекет Византияны ойлайды. Алдымен Иштеми Византияға дейінгі аумақты бақылауына алу мақсатында 6ғ 70 ж Солт Кавказ бен Қара теңіздің солт жағалауына дейінгі аумаққа үстемдігін жүргізеді. Енді Византияға сауда және әскери келісім жасау үшін елші Маниях барады, және келісімді жүзеге асырады. Қайтар жолда Византия билеушісі Манияхқа ӛзінің елшісі Земархты қосып жібереді. Земархты түріктер отпен аластау мақсатында оттың арасынан ӛткізуі арқылы түріктердің отқа табынғанын біле аламыз. Екі ел арсында 568ж ӛзара келісім жүзеге асып, бірге Иран мемлекетін талқандайды. 6ғ 2 жартысында түрік мемлекеті Қытай, Византия, Иран секілді мемлекеттермен қарым қатынасын жақсартып отырады. 576ж Иштеми қайтыс болғаннан кейін таққа ұлы Тардуш (Дато) отырады. Тардуш – Батыс Түрік қағанатының алғаш қағаны болады. Түрік қағанатының шығыс бӛлігінде 572ж Мұқан қаған қайтыс болғаннан кейін, орнына Тобо(Арслан) келеді. Тобо 581ж қайтыс болғаннан кейін түрік қағанаты ішкі соғыстар салдарынан мемлекет әлсіреп 603ж екіге батыс түрік және шығыс түрік болып бӛлінеді. Бӛлінгеннен Батыс түрік қағанаты бірден мемлекет болып қалыптасады, ал Шығыс түріктер қытайдың қол астына ӛтеді.

     

    9. Қарлұқ мемлекетінің саяси тарихы: құрылуы, көрші мемлекеттер

    мен тайпалармен қарым-қатынастары туралы жазыңыз

     

    Қарлұқтардың дербестікке ұмтылуы олардың Ұйғыр қағанатынан бӛлініп шығуына жеткізді. 746 жылы қарлұқтар Жетісуға қоныс аударды, ал онда саяси жағдай тым күрделі болатын. Ӛзара қырқысқан күресте түргеш қағандары ӛздерінің бұрынғы Қарлұқ тайпаларының мекені күш-құдіретінен айырылды. Соның салдарынан бытырап кеткен түргеш тайпалары қарлұқтарға лайықты қарсылық кӛрсете алмады. Бұл оқиғалар ертедегі түріктердің Терхин жазбаларында: «Ит жылы үш-қарлұқ опасыздық жасап, қашып кетті. Олар батыстағы он оқ халқының еліне келді»,—деп кӛрсетілген. Түргештердің әулеттік руларынын саяси билігінің әлсіреуін Шығыс Түркістандағы қытай ӛкілдері пайдалана қойды. Тань әскерлері Суябты басып алды, Шашқа (Ташкентке) дейін жетті, бірақ мұнда кӛк тіреген Қытайдың мүдделері батыстан ӛздерінің ықпал ерісін кеңейту мақсатымен ілгерілеп келе жатқан арабтардың мүдделерімен қиғаш келді. Қайшылықтың шиеленіскен түйіні 751 жылы екі империялық күш арасындағы шешуші шайқас барысында шешілді, оның нәтижесінде тань әскерлері зор шығынға ұшырады.

    Араб тарихшысы Ибн әл-Асирдің мәліметтеріне қарағанда, Атлах қаласынын түбінде 50 мың қытай ӛлтіріліп, 20 мындайы тұтқынға алынған. Тұтқындар арасында қӛлӛнершілер кеп болған. Талас ӛзеніндегі шайқастың Жетісу және Мауараннахр халықтарының тағдырларында зор тарихи манызы болды. Қытай әскерлері Жетісу шегінен ғана емес, ұйғырлар мен тибеттіктердің қысымымен Шығыс Түркістаннан да кетті. Талас аңғарында арабтар да тұрақтап қала алмай, Шашқа шегінді. Соның нәтижесінде қарлұқтар ӛз жағдайын нығайтып алды. 766 жылы Түргештердің екі қағанының ордалары—Тараз және Суябпен қоса бүкіл Жетісу қарлұқтар жабғуының қолына кӛшті. Сол арқылы саяси және әлеуметтік биліктердің қарлұқ кӛсемдерінің қолына кӛшуі Жетісуда Қарлұк мемлекетінің біржола қалыптасуына жеткізді. Қарлұқтар ӛздеріне бағынышты жерлердің шекарасын одан әрі кеңейте берді. 766— 775 жылдары қарлұқтардың бір тармағы Қашғарияны басып алды, ал VIII ғасырдың аяғында олардың басқа бір тобы Ферғанаға ӛз ықпалын таратты. Бұл оқиғаларды бейнелей келіп, әл-Марвази бьшай деп жазады: қарлұктар «бұрын Тулис тауында тұрды және тоғыз-оғыздарға құл болды. Мұнан кейін олар ӛздерінің билеушілеріне қарсы кӛтерілді, түргештердің елін жаулап алды, ал ол жерден мұсылман елдеріне қарай жылжыды»

    Қарлұқ тайпаларынын мекені - Алтай манында орналысқан. 8 ғ. бастап қарлұқтар Жетісуға қоныс аударады. Қарлұқтардың арқасында 751 ж. арабтар Талас бойында түріктермен болған шайқасты жеңеді. Осы кезден бастап қарлұқ тайпалары күшейіп, олардың патшасы ӛз билігін Алтайда орнатады. 755 ж. қарлұқтар Жетісуда түргештерді женеді. Түргештердің жартысы қарлұқтарға бағынады, ал қалғаны шығысқа таман кӛшуге мәжбүр болды.

    Қарлұқтар туралы деректер 5 ғасырға жатады. Ол "бұлақ" деген атпен белгілі. Түркі руна ескерткіштерінде "үш қарлұқ" атын алтай тауы мен Балқаш кӛлінің шығыс жағалауы арасын қоныс еткен кӛшпелі тайпалар бірлестігіне айтады. 7 ғ. ортасында қарлұқ бірлестігі құрамына бұлақ, шігіл мен ташлық кірген. Кӛсемдері Елтабар деп аталған. 766 жылы түргеш қағандарының қос ордасы Тараз бен Суябты қоса, бүкіл Жетісу қарлұқ жабғысының қоластына кӛшеді. Олар ерте феодалдық мемлекет құрады. Араф географы Әл-Марвази (12 ғ.) қарлұқтар құрамында 9 тайпа болғанын айтады. Қарлұқ конфедерациясына Жетісу мен оңтүстік Қазақстанның тухси, шігілдер, әзкіштер, халаджылар, чаруктер, барысхандар, т.б. түркі тілдес тайпалар кірген. 8-10 ғғ. Қарлұқ тайпалары Қазақстанның Жоңғар Алатауынан бастап, Сырдың орта ағысына дейінгі кӛсіліп жатқан территорияны қоныс етеді. Балқаш пен Ыстықкӛл арасы, Шу, Іле, Талас ӛзендері бойында, Отырарға дейін кӛшіп жүреді. Олардың билеушісі джабғу, 840 жылдан бастап қаған атағын алды. Кӛшпелі тайпалардың билеуші ақсүйек топтарының қолында жайылымдар мен құнарлы жер ғана емес, қала орталықтары да болды. Қарлұқтар елінде 25 қала мен қыстақ болған. Олардың ішінде Тараз, Құлан, Мерке, Атлалық, Тұзын, Балық, Барысқан және т.б. Қарлұқ қалалары Ұлы Жібек жолы бойында орналасты.

    940 (942) ж. қарлұқ мемлекетінің астанасын - Баласағұнды - Шығыс Tүркістандағы түріктер - Тянь-Шянь жағынан қоныс аударған чығыл және ягма тайпалары - жаулап алады. Осыдан кейін Жетісуда билік қараханидтерге тап болады. Сонымен, 940 жылы қарлұқ мемлекеті ӛмір сүруін тоқтатты.

    9.Қарлұқтар Алтай, Тарбағатай тауларының баурайларында өмiр сүрген. V ғ. ерте кезеңінде қарлұқтар конфедерациясына енген негізгі бұлақ тайпалары атымен белгілі болды. ҮІІ ғ. орта кезінде қарлұқ бірлестігінің құрамына ірі ірі үш тайпа – бұлақ, шігіл, мен ташлық кірген. Қарұқ қағанатының алып жатқан жерi Батыс-түрiк қағанатының орны немесе қара жəне сары түргештердiң жерi. Қағандықтың халқының этникалық құрамы түрiк тiлдес тайпалар. Қарлұқтардың ақ сүйектерi саяси əкiмшiлiк жағынан басты роль атқарған. VII ғасырда қарлұқтар Жетiсуға қоныс аударды. Ал онда скаяси жағдай тым күрделi болатын. Өзара қырқысқан күресте түргеш қағандары өздерiнiң бұрынғы күш-құдіретiнен айырылды. Соның салдарынан бытырап кеткен түргеш тайпалары қарлұқтарға айтарлықтай қарсылық көрсете алмады. 766 жылы түргештердiң екi қағанының ордалары Тараз жəне Суябпен қоса бүкiл Жетiсу жерлерi қарлұқтар жабғуының қолына көштi. Саяси жəне əлеуметтiк бөлiктердiң қарлұқ көсемдерiнiң қолына көшуi Жетiсуда Қарлұқ мемлекетiнiң бiржолата қалыптасуына жеткiздi. Қарлұқтар өздерiне бағынышты жерлердiң шекарасын одан əрi кеңейте бердi. 766-775 жылдары қарлұқтардың бiр тармағы Қашғарияны басып алды, ал VIII ғасырдың соңында олардың басқа бiр тобы Ферғанаға өз ықпалын таратты. 791 жылы ұйғырлар Бесбалық түбiнде Қарлұқтармен тибеттiктердiң əскерлерiн талқандады. Қарлұқтарды қуа отырып ұйғыр қағаны Ферғана мен Сырдарияға дейiн жеттi, олардың адамдары мен малдарын қолға түсiрiп Орталық Азияға қайтып кеттi. Сөйтiп олар 812 жылы қарлұқтар жабғуы Оңтүстiк Қазақстан маңайында Мауараннахрдың солтүстiгiндегi жерлердi басып алу жөнiнде белсендi саясат жүргiзген арабтарға қарсы күрестi басқарды.

    Талас жеңісінен соң Таньдік қытайлар Орта Азиялық істерге араласуын тоқтатты. Ал Жетісуда қалған қарлұқтардың бір бөлігі 766 жылы түргештерді жəне яғмаларды талқандап, ірі жеңіске жеткен қарлұқтардың яғбуы Том Білге Жетісу өңіріне бойлай кіріп, Шу өзені бойындағы Суяб қаласына өзінің ордасын көшірді. Көп ұзамай қарлұқтар «он оқ» халқының жерін түгел өзіне қаратып, Тараздан бастап бірнеше қаланы иемденді. Олардың көшінің алды Сырдарияға дейін жетті. Ауфа (Бұхара ғылыми) VIII ғасырда «Худуд əл алам» атты шығармасында: «Қарлұқтар Шығыста Тибеттің жəне яғма мен тоғыз-оғыздардың жерімен, Батыста гуздардың жерімен, Оңтүстікте яғманың біраз жерімен жəне Мауреннаһрмен, Солтүстікте чигильдармен, тоғыз оғыздардың жерімен шектеседі» - деп көрсетті. Жетісуда қарлұқтардың өкіметі 766 жылы орнады, ол Тараз бен Суябты алып, түпкілікті бекіді.

    Содан кейін қарлұқтар ұйғырлармен бəсекелесіп, Шығыс Түркістан үшін күрес бастады. Қарлұқтарды қала тұрғындары қолдады.

    Ұйғырларда үстемдік алып келе жатқан манихей дініне, оны уағыздаушы соңдыларға қарсы наразылық туып, өрши берді. Осы жағдайды пайдаланған қарлұқтар тибеттіктермен өзара одақ жасап, Қытай тарихшысы жазғандай, «ақ киімді түркілердің яғни манихейшілерді қолдап, ұйғыр əскерін басқарған Иль Угесиді бірнеше рет жеңіліске ұшыратты. 790 жылы тибеттіктер мен түркілер (қарлұқтар) ұйғырлардың соңғы тірегі – Бешбалықты алды. 50-60 мың сардары бар жаңа ұйғыр əскері жағдайды өзгертпекші болғанымен, сəтсіздікке ұшырады.

     

    ҮІІІ-Х ғасырларда қарлұқтар құрамында көптеген ру тайпалардың болғанын араб, парсы тарихшылары мен саяхатшыларының еңбегінен анық көруге болады. Атап айтқанда, чигиль, яғма, тухси, аргу, лабан (албан) тайпалары осы қарлұқтардың құрамына енген. Қарлұқ қағандығына шығыста Жоңғар Алатауынан, батыста Сырдарияға дейінгі, солтүстікте Балқаш көлінен, Оңтүстікте Ыстық көлдің түстік жағалауына дейінгі жерлер қарады. Жоңғария мен Жетісу жерін мекендеген түркі тайпалары осы қарлұқ қағандығының қоластына қарады.

    Қарлұқ қағандығында мал шаруашылығы мен егін шаруашылығы өркендеді.Онда мəдениет орталығы, байбақша, қалалар гүлденді. Қолөнер кəсібі өркендеді. Жергілікті халықтың басым көпшілігі түсті жəне асыл металл өндірумен айналысты, қағандықтың шаруашылық негізі көшпенді мал өсірушілік пен отырықшы егіншілік болды. Феодалдық қатынастар дамыды. Қалалар тізбегі Ыстықкөлден Исфиджабқа дейін созылды. Тараз қаласының Оңтүстігінде Атлах, Жамукент қалалары Құлан, Меркі қалалары болды. Шу өзенінің алқабында Баласағұн, Іле өзені алқабында орталығы Қойлық қаласы болды. Қалаларда қолөнер, сауда дамыды. Арабтар Ферғанадан қарлұқтарды қуып шығуға əрекеттенгеніне қарамастан, олардың ықпалы күшейе түсті. Ябғу үшін ең қауіпті жағдай халифтің белгілі қолданушысы Əл Манун Фаллх ибн Сахланың жорығы болды. Арабтар 812-817 жылдары Отырар аймағына жорық жасады. Онда қарлұқтардың шекаралық күзетінің бастығы өлтірілді. Содан соң яғбудың отбасы тұтқынға алынды. Ал қарлұқ яғбуының өзі қимақтарға қашып кетті. Басқыншылардан қарлұқтардың шекаралық отрядының жеңілуі қарлұқ яғбуы үшін Батыс шекарада шиеленісті жағдай туғызды.

    Ру басшыларының өзара билікке таласып, қырқысуы қарлұқтардың тұтастығын сақтауға үлкен кедергілер келтіре бастады. Осындай қырқыстардың нəтижесінде 940 жылы Қарлұқ қағандығы құлады. Сонымен қатар осы кезде араб басқыншылары оңтүстіктен еніп келе жатқан болатын. Құлаған Қарлұқ мемлекетінің орнына Қарахан мемлекеті құрылды. Сауда-саттық қалалары Шығыс пен Батыстың арасындағы көне керуен жолдарының бойына орналасты. Сол жолдардың бірі Бұхара, Самарқан, Шаш, Тараз, Құлан, Суяб арқылы өтіп, Ыстықкөл ойпаңымен Қарқараны, Текесті қарым қатынас жасау қала мəдениетінің өсіруімен бірге, сырттан басқа діннің келуіне де қолайлы жағдай жасады. Ислам дінін қолдаушылар шықты.

    Арабтарға қарсы əр түрлi аттаныстарды қарлұқтар талай рет белсене қолдады. 840 жылы ұйғырлардың қырғыздардан жеңiлуiнен кейiн қарлұқтар ұйғырлар үстемдiгiнен азат етiлдi. Қарлұқтардың көсемi Бiлге Күл-Қадыр-хан Испиджап билеушiсi болып өзiнiң бұрынғы атағы -жабғуды тастап, қаған атағын алып, билiктi өзiнiң алуға құқылы екенiн ашықтан-ашық жариялады. Алайда қарлұқтардың билiгi берiк болмады. Бұл кезде Саманилер əулетi де, өз билiгiн нығайтуға, мемлекет пен ислам шекарасын кеңейтуге ұмтылды. 840 жылы саминилердiң Самарқандтағы билеушiсi ''қасиеттi соғыс’’ жариялап Испиджабты басып алды. Сөйтiп Саманидтер мен Қарлұқ қағанының арасында əсiресе Оңтүстiк Қазақстан жерi үшiн ұзақ жылдарға созылған соғыстар басталды. Алайда қарлұқтар саменидтер мен арабтардың бiрiккен күштерiнен жеңiлiс тауып керi оралған. Олар Оңтүстiк Қазақстанға өздерiнiң ықпалын күшейтiп мұсылман дiнiн енгiзе бастады. 893 жылы саманилық Исмаил ибн Ахмад Тараз қаласына жорық жасап, басты шіркеуін мешітке айналдырды.

     

    Х ғасырдың басында Қарлұқ қағанатының жағдайы қиындап, олардың аумағында бытыраңқылық күшейдi. Мұндай жағдайда Шығыс Түркiстандағы Қашғардың түрiк билеушiлерi пайдаланып Оңтүстiк Шығыс Қазақстан жерiне жылжыды. 940 жылы олар Баласағұнды басып алды да Қарлұқ мемлекетiн құлатып Қараханидтер əулетiнiң үстемдiгiн орнатады.

     

    10. Батыс Түрік қағанаты («он оқ»): құрылуы, аумағы, этникалық құрамы туралы баяндаңыз

     

    Батыс Түрiк қағанаты (603-704 ж.ж.) ''ежелгi усун жерлерiне’’ iрге тептi, демек оның аумағы ендiк бағытта Қаратаудың шығыс баурайынан Жоңғарияға дейiнгi жерлердi алып жатты. Қағандықтың халқының этникалық құрамы ‘’Он оқ будын’’ тайпалары болған. Шу өзенiнiң шығыс жағын дулулардың 5 тайпасы, ал батыс жағында нушибилердiң 5 тайпасы мекендеген. Батыс Түрiк қағанатының ордасы Суяб қаласы болды. Қағанның жазғы ордасы – Мыңбұлақ қаласы.

    Батыс-Түрiк қағандығында билiк сатылы түрде жүргiзiлген. Жаңадан құрылған түрiктердiң алып мемлекетiн қаған басқарды. Қағанның билiгi шексiз мұрагерлiк түрде болса одан кейiнгi билiк қаған сайлаған ұлықтардың қолында болды. Қаған туыстары ябғу, шад, елтебер атақтарына ие болды. Сот iстерiн бұйрықтар мен тархандар атқарған жергiлiктi жерлерде қағанның негiзгi тiректерi бектер болған. Қағанның өкілі, алым-салықтарды жинаушы – тудундар. Қара жұмыс iстейтiн қаналушы халық түркi тiлiнде ''қара бұдындар’’- деп аталған. ‘’Тат’’- деген əлеуметтiк правосыз бiр тап болған ''Тат'' түрiкше - құл деген мағынаны бiлдiредi. Сонымен түрiктердiң əлеуметтiк тұрғыдан мынандай 3-топқа бөлiнгендiгiн бiлемiз. 1/ Бектер; 2/ Қара будындар /бухара халық/; 3/ Тат-/құлдар/

    Бумынның мұрагерлері тұсында, əскери Естеми қағанның билігі кезінде, Түрік қағанаты Еуразиялық ұлы империяға айналды. Орта ғасырларда өмір сүрген ғұламалардың біреуі «аттың үстінде отырып əлемді түгел жаулап алуға болады, бірақ оны аттың үстінде отырып билей алмайсың» деген екен. 572 жылы жазылған деректерде: «Тобо қаған шығыс өңірді басқару үшін Шэту Эрфуді қаған сайлады, ал мемлекеттің батыс бөлігін басқаруға өзінің кіші інісінің ұлы Бөле қағанды аттандырды» делінеді. 581 жылы Тобо қайтыс болғаннан кейін үлкен хандық Шэту Эрфуға көшті де, ол өз кезегінде елді басқару оңай болу үшін үш иелікке бөледі. Осылайша бір кездегі жойқын империя біртіндеп бірнеше иеліктерге бөлінді.

    603 жылдан бастап өз бетінше билік жүргізген Батыс Түрік қағанатының аумағы Шығыс Түркістан өлкесінен бастап Еділ бойына дейінгі алқапты қамтыса, Шығыс Түркістан қағанаты негізінен қазіргі Монғолия жерінде орналасты. Салыстыра қарағанда Батыс Түрік қағанатының алып жатқан жері де, құрамындағы елі де, шаруашылық дамуы да аса қомақты екенін көреміз. Оның есесіне Шығыс Түрік қағанаты Қытаймен тығыз қарым-қатынас орнатты. Бейбітшілік уақытта олар Қытаймен екі арадағы сауда- саттықтың пайдасын көрсе, жаугершілік кезінде тəуелсіздігінен айырылу қаупімен өмір сүрді.

    Түрiк қағанатында қанмен төлейтiн салықтың да түрi болған. Ол əскери мiндеткерлiк қызмет атқару. Олар майдан шебiнiң алдында жүрген. Мұндай қызметтi көбiнесе тəуелдi тайпалардың адамдары атқарған.

    Батыс-Түрiк қағанатында əлеуметтiк-экономикалық жəне саяси қатнастардың ала-құла, үстемдiк ету мен бағыну түрлерiнiң алуан түрлi болуына қарамастан батыс-түрiк қағанатында таптардың құрылу жəне ертедегi феодалдық қоғамдық

     

    қатынастардың бiршама тез қалыптасу үрдiсiнiң жүргенi анық. 610-630 ж.ж. Жеғұй қаған жəне Тон-жабғу қағандар тұсында мемлекет біршама күшейді. Тон Жабғу қағанның баласы Тарду Шадтың Тохорстан мен Канису Ауған жерлерiне жүргiзген жорықтарының нəтижелi аяқталуы қағандықтың оңтүстiктегi шекарасын Индияға дейiн кеңейткен.

    Қағандық үшiн дулу мен нушиби тайпаларының арасында талас басталды да өкiмет үшiн болған он алты жылға созылған /640-657/ ұзақ соғыс қағандықты мүлде əлсiретедi. Қағандық Iле өзенiне дейiнгi аралықта екi үлкен тайпаның қол астында екiге бөлiнiп кетедi. Батыс-түрiк қағанатының iштей əлсiрегенiн бiлген Тан империясы оның жерiне басып кiрдi, түрiк тайпалары əсiресе түргештердiң саяси белсендiлiгiнiң арқасында ұзаққа созылған соғыс нəтижесiнде өз тəуелсiздiгiн жеңiп алды.

    Білге қаған, Күлтегін, Тоныкөк жазбалары. Ежелгі Түріктер V-VI ғасырларда өзіне ғана тəн əліпбилік жүйесі мен жазу емлесі бар руна (сына) жазуын ойлап тапты. Мемлекеттің гүлденуімен, экономиканың қарыштап дамуымен жазу үлкен маңызға ие бола бастады. Түріктер басқа мемлекеттермен жасаған дипломатиялық қатнастарында арнайы грамоталар пайдаланды.

    Алғаш рет түріктердің жазуы туралы деректер Византия тарихшысы Менандр Протектордың еңбектерінде айтылады. Ежелгі түркі жазуына түрік көсемдері Білге қаған, Күлтегін, Тоныкөкке арналып салынған ескерткіш тастағы жазулар жатады. Бұл ескерткіш жазулар ХVІІІ –ХІХ ғасырларда Монғолиядағы орхон өзені бойынан табылған. Ертедегі Түркі руна (сына) жазуларының көбі қайтыс болған кісілердің басына қойылған, ескерткіш жазулары түркілер «бітіг таш» деп атаған. Түркі руна жазуы қағанаттың VI-VIII ғасырлар арасындағы тарихын қысқаша баяндайды.

    Кейінгі түріктер кейінгі дəуірге өздері жəне арғы аталары жайлары жазба тарих қалдырды. Көне түркі жазу ескерткіштерін тұңғыш рет ХҮІІІ ғасырдың 20жылдарында Енисей аңғарынан Д.Мессершмид пен Ф.Страленберг сияқты ғалымдар ашқан болатын. Бұл табылған жазулар скандинавиялық руна жазуына ұқсас болғандықтан «руна жазуы» деп аталып кетті. 1889 жылы Н.М. Ядринцев Солтүстік Монғолияда, Орхон өзенінің аңғарынан руна жазуы бар үлкен құлпытас тапты. Бұл құлпытастағы жазулардың сырын алғаш ашқан ғалым В.Томсон болды, ал Ресей түріктанушысы В.Ф.Радлов жазуды оқып, үлкен тарихи жаңалық ашты.

    Түріктану ғылымында бұл жазу табылған жеріне байланысты «Орхон-Енисей тас жазуы» деп аталады. Бұл ескерткіштердің ішіндегі ең көрнектілері 732-735жылдардағы Білге қағанның жəне оның інісі қолбасшы Күлтегіннің, екінші Түрік қағанатындағы қағандардың кеңесшісі Тоныкөктің құрметіне жазылған. Көне түркі жазуы ХІ-ХІІ ғасырлардан кейін қолданылмайды. Себебі, бұл түркі жазуын араб əліпбиі ығыстырып шығарды.

    704 жылы Батыс-түрiк қағандығы құлап оның орнына Түргеш қағанаты пайда болды /704-756ж.ж.

     
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23


    написать администратору сайта