Тарих_а дейінгі кезе_дегі адамны_ м_дениеті туралы жазы_ыз. Тариха дейінгі кезедегі адамны мдениеті туралы жазыыз
Скачать 322.43 Kb.
|
15.. АҚ Орда мен Моғолстан билеушілерінің одағы Әмір Темір мемлекеттерінің экспансиясына қарсы күресі туралы сипаттап жазыңыз Əмір Темірдің Моғолстанға жорықтары – Əмір Темірдің 14-ғасырдың соңғы ширегінде Моғолстанға жасаған жаулаушылық жорықтары. Əмір Темір өзінің Шағатай ұрпағының бұрынғы иеліктерінде бір орталыққа бағынған қуатты мемлекет құрмақшы болған мақсаттарына кедергі жасай алатын Моғолстанды əлсіретуді міндет етіп қойды. Ол жиырма жыл бойы Шу мен Талас өңіріне жəне Жетісуға үздіксіз шапқыншылықтар ұйымдастырып, оны Дешті Қыпшаққа, Хорезмге, Таяу жəне Орта Шығыс елдеріне жасаған жорықтармен кезектестіріп отырды. 1371 – 72 ж. Əмір Темір Моғолстанға əскер аттандырды. Бұл жорық кезінде Əмір Темір əскері Ыстықкөл өңіріндегі Сегізағашқа дейін жетіп, көп тұтқын мен мол олжа түсіріп қайтты. 1375 ж. жасалған жорық кезінде Əмір Темір əскері Талас алабы арқылы жүріп, Ілеге дейін жетті. Шарын өзені шатқалында Əмір Темір əскерінің Жаhангер бастаған алдыңғы қосынының Қамар Ад-Динмен шайқасы болды. Қамар Ад-Дин əскері осы шайқаста жеңіліс тауып, қашып құтылуға мəжбүр болды. 1376 жылдың көктемінде Əмір Темір Моғолстанға Қамар Ад-Динге қарсы 30 мың əскермен əмір Сасы Бұқа ханды, Əділ-шахты жəне басқа əмірлерін аттандырды. Бірақ əмірлері Моғолстанға жорық жасамай, Əмір Темірдің Хорезмге кеткенін пайдаланып, бүлік шығарады. Олар Моғолстанға Қамар Ад-Динге барып, оны Əмір Темірдің Мауераннахрда жоқтығын пайдалануға, сөйтіп Əмір Темірге қарсы қимылдарында өздерін қолдау үшін əскер жіберуге шақырды. Алайда, Мауераннахрға қайтып келген Əмір Темір Қамар Ад-Динді Нарын алқабында жеңіліске ұшыратты. Əмір Темір Қамар Ад-Динді 1377 ж. екі рет: біріншісінде – Қаратау етегінде, екіншісінде Шу алқабынан Ыстықкөлге баратын жолдағы Бұғым шатқалында талқандады. Əмір Темірдің 1383 ж. жасаған жорығы кезінде де Моғолстан əскері ойсырай жеңілді. Қамар Ад-Дин болса осы кезде Жетісудың солтүстігіне кетіп үлгерген еді. Ол кейіннен Дешті Қыпшақтағы Тоқтамыс ханға барып, онымен Əмір Темірге қарсы бірлесе күресуге келіседі. 1389 ж. Əмір Темір Моғолстанға жаңа жорық ұйымдастырды. Оның бұл кезде Моғолстандағы басты қарсыластары Енге төре мен Қызыр Қожа хан еді. Əмір Темір əскері Моғолстанға Қаратауды теріскей бетінен айналып, содан соң Шу өзенін бойлай жүріп өтті. Іле өзенінен өткеннен кейін Аягөзге жетіп, онда Əмір Темір өз əскерін екі бөлікке бөлді. Əмір Темірдің өзі Тарбағатайдың батыс жағына бет алды. Омар-Шайх əскердің екінші тобымен Көбік өзеніне дейін жетіп, онда үлкен шайқаста Енге төренің əскерін талқандады. Қызыр Қожа хан Шығыс Түркістанға барып паналап, көп ұзамай ол жерден де қашуға мəжбүр болды. 1390 ж. Əмір Темір Самарқанға оралуға бет алды. Əмір Темірдің Моғолстанға жасаған жорықтары сол тарихи кезеңде Оңт.-Шығыс Қазақстанның экон. жəне демогр. жағдайына теріс əсер етті. Əмір Темірдің қайтыс болуы Моғолстанды түпкілікті бағыну қатерінен сақтап қалды.Əмір Темір 1336-1405 жылдар аралығында өмір сүрген. 1370-1405 жылдары Мəуереннахрда билік еткен. Əмір Темір Алтын Орданы басып алудан бұрын Ақ Орданы əлсіретуді көздеді. Тоқтамысты пайдаланып, оған əскер беріп, Ақ Ордадағы билікті алуға аттандырады. Ақ Орда хандары жеңіліс тапқан соң, Əмір Темір Тоқтамысты Сауранда таққа отырғызды. 1380 жылдан бастап Тоқтамыс Алтын Орданың көптеген жерлерін – Сарайды, Қажы-Тарханды, Қырымды, Мамай Ордасын басып алды. Тоқтамыс енді Алтын Орда мен Ақ Орданың бұрынғы қуатын қайта қалпына келтіруді ойлап, Əмір Темірге тəуелділіктен бас тартады. Алтын Орда Темір мен Тоқтамыс арасындағы ұрыс алаңына айналды. 1391 жылы Əмір Темір Құндызша деген жерде Тоқтамыс əскерін қирата жеңеді. 1395 жылғы шайқас Кавказ тауының солтүстігіндегі Терек өзенінің жағасында өтеді. Бұл жолы Тоқтамыс күйрей жеңіледі. Тоқтамысты жеңгеннен кейін Əмір Темір əскері Еділ бойына, Сарай-Беркеге дейін жетіп, шабуылдады. Əмір Темірдің шабуылдары Алтын Орда экономикасына ұзақ жылдар бойы оңалмастай нұсқан келтірді. Əмір Темір Моғолстанға 1371 жылдан 1390 жылға дейін он шақты рет жорық жасаған. Ақ Орда мен Моғолстан билеушілері Əмір Темірге жеке-дара қарсы тұра алмайтындарын байқады. Олар 1380 жылдың аяғында одақ құруға əрекет жасады. Одақтың құрылып жатқанын білген Əмір Темір 1384-1391 жылдары Алтын Орда мен Моғол жеріне бірнеше рет жорық жасаған. 1390 жылдардағы жорықтардан кейін Моғолстан Темірге толық тəуелділікке түсті. Оның шапқыншылық жорықтарының ауыр зардаптары болған. Қазақ жерінің экономикасының, мəдениетінің дамуына көп зардабын тигізді. Шапқыншылықтың салдарынан бір жұрттың халық болып қалыптасуы жүйесі жойылды. 16.Қазақ халқының қалыптасу процесінің аяқталуы қазақ хандығының құрылуына үлкен əсерін тигізді. Оңтүстіктте Əбілқайыр билігіне наразы көптеген рулар мен тайпалар ағылып келді. 50 ғ аяғында Керей мен Жəнібек Əбілқайыр ханнан Моғолстанға Батыс Жетісу жеріне көшіп кетті. Бұл туралы Мұхаммед Хайдар Дулатидің " Тарихи Рашиди" еңбегінде айтылады.1462 жылы Есенбұға қайтыс болғаннан кейін Жетісуда қазақ билеушілеріне қарсы тұра алатын нақты күш болмады. 1468 жылы Əбілхайыр хан қайтыс болғаннан кейін Қазақ хандығына қарайтын жерлер кең тарады. Қорыта келе, деректемелер мен мағлұматтарды, фактілер мен пікірлерді салыстыруда Қазақ хандығы ХҮ ғ. 60 жылдары ортасында Батыс Жетісуда құрылған. Билікті нығайту жолында Орта жүз қазақ тайпалары мен руларының ондаған жылдар бойы көшіп келген. Моғолстанның құлдырауынан кейін Ұлы жүз Қазақ хандығына келіп қосылады. ХҮ ғ 70 жылдары Қазақ хандарымен Шайбанилықтардың арасында Сауран, Созақ түбінде, Қаратаудың Соғынлық асуында ірі шайқастар болды. Қазақтар мен өзбектер кезек-кезек алып отырды. Нəтижесінде 1495 жылы Сыр бойындағы қалаларды өзбектер иеленді. Алтын Орда құлағаннан кейiн Қазақстан территориясында Əбiлхайыр хан басқарған өзбек жəне ноғай хандықтары құрылды. Өзбек хандығында хандық билiкке Орда Ежен мен Шейбени ұрпақтарының арасында талас-тартыс басталды. Нəтижеде 1428 жылы Шейбаниттер ұрпағы Əбiлхайыр хан болды. Оның хандық құрған 1428-1468 жылдар аралығында “Көшпелi өзбек мемлекетi” пайда болып, ол мемлекеттiң территориясы айтарлықтай ұлғайды. ХV ғасырдың орта шенiнде Сырдариядан Сiбiр хандығына дейiнгi ұлан-байтақ территорияны алып жатты. Алайда бұл мемлекет iшiнде үкiмет билiгi үшiн үнемi айтыс-тартыс күшейiп отырды. Керей мен Жəнiбек сұлтан жəне басқалары сияқты бiр топ сұлтан бiраз халықты ертiп Əбiлхайыр ханнан Моғолстанға көштi. Моғолстан ханы Исабуға қашқындарды жақсы қарсы алып, олардың мекендеуiне Моғолстанның Батыстағы шеткi аймағы болып есептелiнетiн Шу мен Қозыбасы иелiгiн бердi. Өзбек ұлысында ырың-жырың туып Əбiлхайырханның қол астындағы халықтьың көпшiлiгi Керей мен Жəнiбек хандардың қарамағына көшiп кеттi. Сөйтiп, оларға қосылғандардың саны 200 мың адамға жеттi. Қазақ сұлтандарының Жеке билiк құра бастауы (1465-66 ж.ж.) Əбiлхайыр ханнан қашқан Керей мен Жəнiбектен басталатынын жоғароыда айтып өттiк. Бұл жөнiнде атақты тарихшы Мұхаммед Қайдар “Ол қазақ хандығы құрылды” – деп жазды. Жəнiбек пен Керей құрған қазақ хандығы көп ұзамай-ақ халқының саны едəуiрге жеткен дербес мемлекетке айналды. Ал оның территориясы Жəнiбек хан тұсында Шу мен Сырдария өзенiнiнiң шеңберiндегi жерлермен шектелсе, кейiнiрек өзбек хандығына тəуелсiз басқа сұлтан иелiктерi де пайда бола бастады. Сонымен Жетiсудың Батыс бөлiгiнде орнығып нығайған қазақ хандығы Моғолстан билеушiлерiмен бiрiгiп Дештi қыпшақтарға үкiмет билiгiн өз қолдарына алуға барынша күш салды. Бұрындық ханның қазақ тарихында аты жарқырап көрінген тұсы — XV ғасырдың 70-90 жылдары болды. Бұл жылдар Қазақ хандығы үшін күшею, нығаю жылдары жəне қазақ халқының этникалық территориясын біріктіру жолындағы күрес кезеңі еді. Кезеңнің ең басты оқиғаларына көрсетілген жылдар ішіндегі Қазақ хандығының Сырдария өзенінің орта ағысы бойындағы қалалар мен өңірлер үшін алғашында Мауреннахрдағы темірлік билеушілермен, кейіннен шайбанилық сұлтандармен жəне Моғолстан хандарымен жүргізген күрестері жатты. Осы күрестер барысында тарих сахнасына қазақ хандарының екінші буыны өкілдері: Бұрындық, Қасым хандар шығып, қазақ мемлекеттілігінің одан əрі күшейіп, нығаюына өз үлестерін қосады. Сыр өңірі үшін болған күрес жылдары Қазақ хандығын Бұрындық хан билеп тұрады. Жəнібек ханның қашан қайтыс болып, Бұрындықтың қай жылдардан бастап билік құра бастағаны бізге белгісіз. Ол туралы ешбір дерек жазбайды. Тұрсын Сұлтановтың пікірі бойынша, Бұрындық хан 1473-74 жылдардан билік құра бастаған. Біз де осы пікірді жөн деп санаймыз, өйткені дəл осы жылдардан бастап Сыр бойы үшін күресте қазақ ханы ретінде Бұрындықтың есімі айтылып, Жəнібек хан ұлдарының бəрі «сұлтан» лауазымымен жазылады. 1510 жылдың қысында Мұхаммед Шайбани хан тағы да қазақтарға жорық жасайды. Бұл оның қазақтарға қарсы жасаған соңғы жорығы болды. Жорық бағыты Қасым сұлтан ұлысына қарсы бағытталады. Қасым ресми хан болмаса да, осы жылдары оның беделі Бұрындық ханнан күшті еді. Ол жөнінде Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарих-и Рашиди» еңбегінде былай деп жазады: «...Бұл кезде Бұрындық ресми хан болып саналғанымен, хандықты басқару ісі жəне толық билік Қасым ханның қолында болды». Осы жорығында Шайбани хан Қасым ханнан тас-талқан боп жеңіледі. Қасым ханның жеңісі Дешті Қыпшаққа түгел тарап, оның атағын өсіреді. Қасым ханның осы жеңісінен кейін Бұрындықтың тағдыры өте қайғылы жағдайда өтеді. Ол жөнінде тағы да Мұхаммед Хайдар Дулати: «...Қасым ханның атақ-абыройының өскендігі соншалық, ол Бұрындық ханды қуып жіберді», — деп баяндайды. Бұл шамамен алғанда, 1510 жылдың соңында немесе 1511 жылдың басында болады. Осылайша, Қазақ хандығының құрылуы кезіндегі оқиғаларға белсене араласып, одан кейінгі кезеңдерде хандықтың күшеюіне өз үлесін қосқан Бұрындық хан XVI ғасырдың алғашқы жылдарында үлкен, мемлекеттік дəрежеде көрегендік көрсете алмайды. Елдік мүддеден жеке, тар мүддеге көшу оның беделін түсіріп, атақ- абыройын жойды. Бұрындық ханның тағдыры əркімге де тарихи сабақ бола алады. Енді бірер сөз Бұрындық ханның өмірінің соңғы кезеңі туралы. Тарихи дерек мəліметтерінде баяндалғанындай, Бұрындық хан Дешті Қыпшақтан кетіп, Самарқанға келеді. Қай жылдары екені белгісіз, сонда жүріп ол қайтыс болады. Ол Үргеніш қаласы маңындағы Бақырған ата қабірінің жанына жерленеді. Кейбір тарихшылар ешбір дерек мəліметіне негіздемей, Бұрындықтың соңғы өмірі жөнінде қисынсыз пікірлер айтады. Мысалы, А. П. Чулошников Қасым хан мен Бұрындық хан арасында ұрыс болды да, жеңілген Бұрындық өз Отанын тастап, Мауреннахрға кетті деген ойлар айтады. Сол сияқты, Бұрындық хан Самарқан жақта жоқшылықтан, кедейшіліктен қайтыс болды деп жазады. Мұндай пікірден кейін Бұрындық ханның өміріне қатысты мəліметтер беретін деректермен танысқанымызда, А. П. Чулошниковтың пікірлері дəлелденбеді. XVI ғасыр басында жазылған «Хандар шежіресінде» Бұрындық ханның ұлдары жөнінде айтылады, бірақ олардың ешқайсысы Қазақстан аумағындағы саяси билікке келмейді. Соған қарағанда Бұрындық хан Қасым ханнан ығысып Хорезмге қарай жылжығанда, өзінің жақтастарымен, əсіресе, ұлдарымен бірге кеткен. Осылайша, Бұрындық ханға қатысты жоғарыда айтқан ойларымызды түйіндей келе, оның өмірі 40 жылдай Қазақ хандығының тарихымен тікелей байланысты болғандықтан, хандықтың құрылуы мен күшеюінде өзіндік рөлі, алатын орны, қосқан үлесі бар. 16. Қазақ хандығының құрылуы, оның барысы және негізгі оқиғаларын көрсетіңіз Қазақ хандығы - Қазақстан аумағында бұрын болған мемлекеттік құрылымдардың мұрагері, этникалық процестермен байланысты әлеуметтік қатынастардың өзгерістер мен экономикалық даму нәтижесі. 1457 жылдың күзінде Әбілқайыр хан Сығанақ түбінде қалмақтардан жеңілгеннен кейін, Керей мен Жәнібек сұлтандар қол астындағы ру-тайпалармен Шу өңіріне келіп қоныстанып, Қазақ хандығының негізін салады. Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи Рашиди»кітабында Қазақ хандығының құрылған жері - Шу бойы мен Қозыбасы деп айтылады. 1458 жылдың көктемінде Керейді ақ киізге көтеріп хан сайлайды. Әбілқайыр ханға наразы сұлтандар, әмірлер, ру-тайпа басылары Керей мен Жәнібекке келіп қосылады. Аз уақыттың ішінде халықтың саны 200 мыңнан асып түседі. Қазақ хандығының құрылуы осыған дейін бүкіл Қазақстан аумағында болған әлеуметтік-экономикалық және этно саяси процестердің заңды қорытындысы еді.Хандықтағы жоғары билік хан қолына шоғырландырылды. Салт бойынша, хан тағына отыруға рудағы үлкен ұлдың құқығы басым болды. Хан әскерлердің бас қолбасшысы және жоғарғы сот қызметін атқарды, шет мемлекеттермен келіссөздер жүргізу, соғыс жариялау мен бейбіт бітім жасау, заңдар шығару және хандықтың бүкіл аумағын билеудің бас құқығына ие болды. XV-XVII-ғ. Қазақ хандығы дәуірінде қазақ этносының материалдық және рухани мәдениетінің негізгі сипаттары қалыптасты.Қазақ хандығынын пайда болу фактісі Жетісудың батыс бөлігінде өтті. Дәл осы жерге Керей мен Жәнібектің қарамағындағы, Орталық және Оңтүстік Қазақстан аумағында тұратын Орта жүздің қазақтары қоныс аударды.Қазақ хандығының әрмен қарайғы нығаю процесі жер аумағының кеңеюі Сырдария өңірінде, Оңтүстік Қазақстан өлкелерінде мемлекеттін орнығуымен қатар жүрді. Қазақ хандары Сыр бойындағы қалалы өңірлерді өзінің экономикалык және әскери базасы деп таныды. Қазақ хандығының әрмен қарайғы нығаю процесі жер аумағының кеңеюі Сырдария өңірінде, Оңтүстік Қазақстан өлкелерінде мемлекеттін орнығуымен қатар жүрді. Қазақ хандары Сыр бойындағы қалалы өңірлерді өзінің экономикалык және әскери базасы деп таныды. Оңтүстік Қазақстан о бастан-ақ Кіндік Азияға тән - көшпелі мал шаруашылығы мен отырықшы-егіншілік деген екі негізгі мәдени типтің бір-бірімен үйлескен, тоғысқан жері болатын. Осындай аралас тарихи-географиялық жағдай өңірдің мәдени-шаруашылық ерекшелігін ғана айқындап қоймай, ежелгі және ортағасырлардағы мемлекеттік құрылымдардың қарым-қатынасының тарихында да ерекше роль атқарды. Түрлі тарихи кезеңдерде Оңтүстік Қазақстан әртүрлі мемлекеттерді басқарған ақсүйектердің (элита) тайталасқан жері болды.Оңтүстік Қазақстан ортағасырлық Қазақстан территориясындағы мемлекеттік құрылымдарға да негіз болған дәстүрлі экономикалық және саяси орталық болып саналды. Сондықтан, Қазақ хандығы үшін де бұл өңір экономикалық мәдени және саяси орталық болуы керек болды. Мұнда кешенді шаруашылық өркендеп, көптеген қалаларда қолөнер, сауда дамыды. Өлкенің идеологиялық орталық ретіндегі ролі де жоғары болды.Қазақ хандарыны Сыр бойына иелік ету күресі стратегиялық тұрғыдан басқа жол жоқ болғандыктан, ұзақ та табанды түрде жүргізіліп келді.Осы күрестің барысы, қазақ хандарының ішкі, сыртқы саясаты, хандық аумағының кеңеюі, Қазақ хандығы тарихының т. б. қырлары қазақстандық ғалымдардың көптеген еңбектерінде тереңдетіле қарастырылған. Қазақ даласының жағрафиялық ерекшеліктеріне сай, Шығыс Дәшті-Қыпшақ территориясында ерте ортағасырлар кезеңнен-ақ бақташы қауымдар қыс уақытында оңтүстікке - Сырдария өңіріне, оның сағасына, Қаратау қойнауына келіп қыстайтын мал шаруашылығы қалыптасқан болатын. Дәл осы шаруашылық циклі Қазақ хандығы кезінде де қолданылып жатқан еді.Орталық Қазақстан мен Орта Сырдария Орта жүз қазақтары үшін ортақ территория болып саналды. Ал төменгі Сырдария жерлері мен Арал өңірі де Кіші жүз қазақтары үшін дәл осындай мәнге ие еді.Астанасы Түркістан қаласы болған Қазақ хандығы тұсында Орталық Қазақстан мемлекеттің стратегиялық тұрғыдан аса маңызды өлкелерінің бірі болды. Керуен жолдары ішінде көне дәуірлерден жеткен екі бағыт ерекше орында тұрды. 17. XVI ғасырдағы Қазақ хандығының әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы туралы жазыңыз Қазақ хандығының XVI ғ. əлеуметтік-экономикалық жəне саяси жағдайы. Қасым хан 1511-1523 жж. Қасымхан қазақ хандығының тəуелсіздігін сақтау үшін күресті. Шайбанидтермен қақтығыстар болып, 1509 жылы үлкен соғысқа айналды.1513 жылы ирандықтар Шайбани ханды өлтіреді. Осы жағдайда Қасымхан Сайрам қаласын басып алды. Қасымхан əдет ғұрыпқа байланысты "Қасым ханның қасқа жолы" деген заңдар жинағын шығарды. Заң 3 бөлімнен тұрды. Қасым хан тұсында сауда байланыстары дамыды. Сауран қаласы сауда орталығы болды. Ол тұста халық саны 1 млн жеткен.Қасым ханның ішкі саясаты: Қасым хан сыртқы саясат пен бірге ішкі саясатты да дұрыс жолға коя білді. Ол феодал ақсүйектердің қарсылығын əлсіретіп, мемлекеттің саяси, экономикалық, əскери қуатын арттырды. Қасым хан мемлекеттің саяси құрылымын нығайту жолында біраз шараларды жүзеге асырды. Оның тұсында мемлекеттің ең жоғарғы заң шығарушы органы Маслихат-султандар мен ру басшыларының съезі болды. Маслихат жылына бір рет шақырылып, мемлекеттің ең маңызды - соғыс жариялау, бітім жасау, жайылым жерлерді бөлісу, көшіп-қону жолдарын айқындау сияқты мəселерді қарады. Маслихаттың Шыңғыс хан əулетінен хан сайлау құқысы болды. Маслихат жұмысына тек ерлер ғана қатыса алды. Мемлекеттегі бүкіл билік хан қолында болды, сонымен бірге заң қабылдау, жарлық беріп отыруға құқысы болды. Ханның жанында неғұрлым беделді билер мен қауым ассоциация өкілдерінен тұратын Кеңесші ұйым- Билер Кеңесі болды. Ханның іс-қағаздарын жүргізіп отыратын, хатшылары мен кеңсесі болды. Бір ескеретін жəй, мемлекеттің орталық аппаратының тұрақты бір жерде жұмыс істейтін орны болған жоқ, сондықтан ханмен бірге көшіп-қонып жүрді. Құқық (право). Қасым хан өзі билік жүргізген жылдары қазақ қоғамындағы құқық-нормаларды реттеу мақсатымен алғашқы қазақ заңы- «Қасқа жолды» жарыққа шығарды. Бұл заң қазақ арасында бұрыннан қалыптасқан əдеп-ғұрып ережелері негізінде жасалды. Бұл заң сол кезде мұсылман елдерінде жаппай қолданылып жүрген ислам дінінің (шариғат) заңынан өзгеше, көшпелі қазақ өміріне үйлесімді байырғы заң болды. Билердің кеңесінде көппен ақылдасып, «Жарғы ережелеріне («ақсақалдар ережесі», «ата-баба жолы», «жөн-жосықтар») мəнді өзгерістер енгізеді. Халық бұқарасы Қасым ханның ежелден қалыптасқан билер заңы- жарғыны жаңадан көтергенін ұнатып, оны «Қасым ханның қасқа жолы» деп атап кеткен. Бұрынғы заң-қағидаларға енгізген ережелері мынау: 1.Мүлік заңы (мал –мүлік, жер-су, қоныс дауларын шешу ережелері). 2.Қылмыс заңы (кісі өлімі, ел шабу, мал ұрлау, ұрлық т.б. қолданылатын жазалар). 3.Əскери заң (қосын құру, аламан міндеті, қара қазан, тұлпар ат, ердің құны т.б.). 4.Елшілік жоралары (шешендік, əдептілік, халықаралық қатынастардағы сыпайлық, сөйлеу мəнері). 5.Жұртшылық заңы (шүлен тарту, ас-той, мерекелер мен жиындардағы ережелер, жылу, асар т.б.) Сөйтіп, Қасым хан ел басқару ісін бір жүйеге келтірген алғашқы заң жинағын дүниеге əкелді. Хақназар 1538-1580 16 ғ. 2 ж. əлсіреген хандықты біріктіруде Қасым ханның баласы Хақназар (1538-1580 жж.) өз үлесін қосты. Ноғай Ордасындағы алауыздықты сəтті пайдаланған ол, Жайық өзенінің сол жағындағы жерді қосып алды. Оның тұсында Жетісу мен Тянь-Шаньды басып алуды көздеген Моғол ханы Абд- Рашидке қарсы ұтымды күрес жүргізілді. Хақназар өзара тартыста өзбек ханы Абдулланы қолдау арқылы Сыр бойындағы қалаларды (Сауран, Түркістан) өзіне бағындырды. Оның Абдулламен байланысынан қорыққан Ташкенттің ұлыстық əміршісі Баба сұлтан жансыздары арқылы Хақназарды у беріп өлтірді.Қасым ханның баласы Хақназар хан (1538-1580) тұсында Қазақ хандығы қайта бірігіп, дами түсті. Ол хандық билікті нығайтуға жəне күшейтуге қажырлы қайрат жұмсады. Өзінен бұрын бытыраңқы жағдайға түскен Қазақ хандығын қайта біріктірді. Хақназар қазақ-қырғыз одағын одан əрі нығайтты, сол заманның тарихи деректерінде оны «қазақтар мен қырғыздардың патшасы» деп атады. Ол осы қазақ-қырғыз одағына сүйене отырып, Моғолстан хандарының Жетісу мен Ыстықкөл алабын жаулап алу əрекетіне тойтарыс берді. Хақназар хандық құрған кезде Қазақ хандығының сыртқы жағдайында аса ірі тарихи оқиғалар болып жатты. Мемлекеттің солтүстігінде Ресей өз иеліктерін қазақ даласына едəуір жылжытты. Қазан мен Астраханьды басып алғаннан кейін Еділ өзенінің барлық аңғары Ресейдің қол астына кірді. Башқұрт жəне Сібір хандықтары Ресей құрамына енгеннен кейін, ноғайлар Қазақ хандығының солтүстік-шығысына ығыса бастады. Олар Еділден Ертіске дейінгі аралықта көшіп-қонып жүрді. Башқұрттар мен Сібір татарлары да қазақ жерлеріне енуін тоқтатпады. Сырдарияның төменгі ағысына қарақалпақтар келе бастады.Еділ мен Жайық арасындағы өңірді мекендеген Ноғай Ордасы ыдырай бастады. Ноғай одағы ыдырап, ауыр дағдарысқа тап болды. Оған қарасты көшпелі тайпалардың бір бөлегі Қазақ хандығына келіп қосылды. Хақназар Ноғай Ордасының көп ұлысын (бұлардың көбі қазақтың Кіші жүзі – алшын одағына енген тайпалар) өзіне қаратып алды. Тарихи деректерде Хақназарды «қазақтар мен ноғайлардың ханы» деп атаған. Сөйтіп, ХҮІ ғасырдың 60-жылдары Ноғай Ордасы ыдырап, бұрын оған қараған қазақ тайпалары жəне олардың этникалық территориясы Қазақ хандығына бірікті. Бұрын Ноғай Ордасының астанасы болып келген Сарайшық қаласы да Қазақ хандығына өтті. Бұл жағдай Қазақ хандығының солтүстік-батыс жəне солтүстік жағындағы жағдайда өзгеріс тудырды. Орыс мемлекеті мен Қазақ хандығы арасындағы кең өңірді алып жатқан Ноғай Ордасының ыдырауы, оның бір бөлігінің Қазақ хандығына қосылып, енді бір бөлегінің орыс патшасына бағынуы, шығысқа қарай кеңейіп келе жатқан орыс мемлекетінің шекарасын Қазақ хандығына жақындата түсті.1563 жылы Сібір хандығының билігіне келген Көшім хан Қазақ хандығына дұшпандық саясат ұстанды. Оның үстіне моғол билеушілері мен қазақ хандары арасында да қақтығыстар болып тұрды. Осындай күрделі жағдайларда Хақназар хан Қазақ хандығының сыртқы саясатын өзгертті. Өзінен бұрынғы қазақ хандары үнемі жауласып келген Мауераннахрдағы шайбани əулетімен одақтастық байланыс орнатуға ұмтылды. Сөйтіп, шайбанилық Бұхара ханы Абдолла ІІ-мен одақтық келісім-шарт жасасты. Соғыс қимылдары тоқтап, бейбітшілік орнады, қазақтардың Орта Азия халқымен сауда-саттық қарым-қатынасы, экономикалық байланысы жиіледі. Мұның өзі Қазақ хандығының ішкі жағдайын жақсартуға, шаруашылық өмірдің оңалуына тиімді болды. Қазақ хандығы нығайа түсті. Бірақ Хақназар ханды 1580 жылы Абдолла ханның қарсыласы Ташкент билеушісі Баба сұлтан астыртын өзінің адамын жіберіп өлтіртті. Қадырғали Жалайырдың айтуынша «Оның да атағы мен абыройы туралы көп айтылады. Алайда Хақназар хан өз араларында болған қақтығыстарда қаза болған». Хақназардың мұрагері Жəдіктің баласы жəне Жəнібек ханның немересі қартайған Шығай (1580-1582) болды. Ол өзінің баласы Тəуекелмен (1586-1598 хан болған) бірге Баба сұлтанға қарсы күресінде Бұқар ханы Абдоллаға келді. Абдолла Шығайға ходжент қаласын сыйға тартып онымен қосылып Баба сұлтанға қарсы Ұлытау жорығына шығады. Осы жорықта Шығай қайтыс болады. Қазақ хандығының иелігі енді Тəуекелге көшеді. 1582 жылы Шығай хан қайтыс болғаннан кейін таққа Тəуекел (1582-1598 жж.) отырды. Тəуекел хан Бұхара ханы Абдолламен жасасқан шартты бұзып, қазақ жəне өзбек билеушілері арасындағы жаугершілік қайта қоздады. Абдолла ханмен одақтан Тəуекел ханның бас тартуының себебі, біріншіден, Абдолла əуелдегі Түркістаннан төрт қала беруі туралы уəдесінен бас тартады, екіншіден, біздің ойымызша, басты себеп – Абдолла Тəуекел ханның беделінен, батырлығы мен батылдығынан қорқа бастайды, яғни Тəуекел ханнан өзінің бақталасы ретінде қауіп төнгенін сезді. Өйткені кезінде бүкіл Мəуереннахрды Тəуекелдің көмегімен Шайбани мемлекетінің қол астына біріктірген болатын. Тəуекел хан да Жошы ұрпағы болғандықтан, бүкіл Орта Азияны билеуіне толық құқығы болды.Тəуекел сыртқы саясатында хандықтың оңтүстігіндегі қалаларда билікті нығайтуға күш салады. Ендігі жерде ол Сыр бойындағы қалалар үшін Абдолламен күресті бастайды.1586 жылы Ташкентті алуға əрекет жасайды. Абдолланың негізгі күштері Мəуереннахрдың солтүстігінде шоғырланды. Бұны білген Тəуекел хан Мəуереннахрдың оңтүстік аймақтарына шабуыл жасайды. Оның шабуылы Түркістан, Ташкент, Самарқанд қалаларына қауіп төндіреді. Бірақ Тəуекел ханның Ташкентті алуға жасалған алғашқы жорығы сəтсіз аяқталады.Тəуекел хан қазақ хандығының сыртқы саясатын нығайту барысында орыс мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынастарды жандандырды. Қазақ ханы сыртқы саясатта өзін қолдайтын одақтастар іздеді.1594 жылы Тəуекел хан Ресейге достық келісім жасасу үшін Құлмұхаммед басқарған Қазақ хандығының тұңғыш ресми елшілігін жібереді. Тəуекел ханның бұндағы мақсаты Ресей мемлекетінің көмегімен Абдоллаға қарсы күресті жандандыру, Сібір ханы Көшімге қарсы одақ құру жəне 1588 жылы орыс əскерлері ұстап əкеткен өзінің немере інісі, Ондан сұлтанның баласы Оразмұхаммедті тұтқыннан босату болды. Оның жанында қазақтың əйгілі тарихшысы Қадырғали Жалайыр бар еді.1595 жылы елшіге орыс патшасының жауап грамотасы тапсырылды. Онда орыс патшасы Тəуекел ханға Қазақ хандығын «өзінің патшалық қол астына алатынын» жəне «оқ ататын қару» жіберетінін уəде етті. Сонымен бірге мынадай талап қойды: «біздің патшалық қоластымызда болғандықтан жəне біздің патшалық əміріміз бойынша Бұқара патшасымен жəне бізге опасыздық жасаған Сібір патшасы Көшіммен соғысып, біздің ұлы мəртебелі патшамызға жол салатын боласыздар». Орыс мемлекеті Қазақ хандығымен əскери одақ құрудан бас тартқанымен, Тəуекел хан орыс мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынасты үзген жоқ. 1595 жылы Мəскеуден орыс елшісі Вельямин Степанов Қазақ хандығына келді. Нəтижесінде екі мемлекет арасында сауда байланыстары жанданды. Бұл кезде ойраттардың бір бөлігі Тəуекел ханға тəуелді болды. Сондықтан ол өзінің Мəскеуге жолдаған грамотасында өзін «қазақтар мен қалмақтардың патшасы» деп атады.1597 жылы Бұхар хандығында ішкі тартыс, ырың-жырың басталды, онда ықпалды адамдардың қолдауымен Абдолланың ұлы Абдылмомын əкесіне қарсы шықты. Осы қырқысты пайдаланып, Тəуекел Ташкент қаласының түбінде Абдолла ханның əскерін талқандады. 1598 жылы наурызда Абдолла хан қайтыс болып, Абдылмомын хан болды. Осы орайды пайдаланған Тəуекел хан жүз мың əскермен Мəуераннахрға басып кіріп, Ахси, Əндіжан, Ташкент, Самарқан қалаларын басып алды. Бірақ Бұхараны қоршау кезінде Тəуекел хан ауыр жараланып, Ташкентке қайтып келіп қаза болды. Сөйтіп, ол өз мемлекетінің солтүстік-батыс шекарасындағы бейбіт жағдайды жəне Орта Азиядағы шайбанилықтардың алауыздығын, бұл əулеттің Аштарханилықтар- дың жаңа əулетімен ауыстырылғанын пайдаланып, сырдариялық қалалар үшін ұзаққа созылған күресті табысты тəмамдады. Абдолла ұрпақтарының өзара билікке таласы нəтижесінде Шайбани əулеті өмір сүруін тоқтатады.Тəуекел Орта Азияға жорығында тек қарулы күшке емес, Орта Азия халықтарының белгілі бір əлеуметтік топтарына сүйенді. Атап айтқанда, Тəуекел ханды дін иелері қолдады. |