Тарих_а дейінгі кезе_дегі адамны_ м_дениеті туралы жазы_ыз. Тариха дейінгі кезедегі адамны мдениеті туралы жазыыз
Скачать 322.43 Kb.
|
26. Азамат соғысының қазақтың дәстүрлі шаруашылығын күйзелтуі мен «Әскери коммунизм» саясатының қазақ өлкесіндегі арандату әрекеттерін көрсетіңіз ХХ ғасырды Қазақстан Ресей империясының отары ретінде қарсалды. Дәстүрлі шаруашылық жалпыресейлік экономикасына еніп, капитализм әсерімен өзгерістерге ұшырады. Капитализмнің дамуы қазақ жерлерінің отарлауымен қатар жүрді. Табиғи байлықтарды Қазақстан аумағынан көптеп тасып әкету үшін барлық жағдай жасалды. Қазақстан Ресей өнеркәсібінің шикізат базасына айналды. ХІХ ғасырдың соңында орыс кәсіпкерлері Қазақстан жеріндегі тау-кен орындарын арзан бағада сатып алып шикізат өндейтін кәсіпорындар сала бастады. Бірақ ХХ ғасырдың бас кезінде шахталар мен кен орындардың дерлік бөлігі шетелдік капиталистер қолына өтті. Орыс кәсіпкерлерінің тау-кен игеруде тәжірибесі де, техникалық құралдары да жеткіліксіз болды. Патша үкіметі шетелдік капиталды тарта бастады. 1904 жылы Лондонда құрылған «Спасск мыс кен орындары» акционерлік қоғамы кен орындарды сатып алуға белсенді кірісті. Спасск-Воскресенск, Успенск мыс кеніштері, Спасск мыс қорыту зауыты, Саран және Қарағанды көмір шахталары сатылды. Жезқазған Қазақстан Ресей отары ретінде өнім өткізетін аймақ, шикізат коры болып кала берді. Қазақ жерінің байлығына патшалық Ресей монополиялық иелігін орнатып, капиталистік қатынастардың ұлттық аймақтарда кеңейіп дамуына әсер етті. Көптеген бай кен орындары, жұмыс күшінің арзандығы орыс және шетел капиталын өзіне тартты. Қазақстанның Ресей нарығына енуі Ресей өнеркәсіптік аудандарымен өзара экономикалық байланысы банк капиталының енгізілуімен одан әрі кеңейді. Тауар айналымы өскен сайын қарыз беретін банктер мен несие мекемелері ашылды. Ірі коммерциялық банктер қатарында Сібір сауда банкінің елу жеті бөлімшесінің жетеуі Қазақстанда орналасты. Екінші орында Орыс сауда өнеркәсіптік банк болды. Оның бес бөлімшілері Петропавлда (1904 ж), Верныйда(1908), Қостанайда (1909 ж.), Оралда (1909 ж.), Павлодарда (1916 ж.) қызмет етті. Несие мекемелердің саны жағынан ең көбі Ақмола облысында ашылды. Қазақстандағы өнеркәсіптің дамуы, шикізатты белсенді тасымалдау теміржол желілерінің құрылысы есебінен мүмкін болды. Патша үкіметі Қазақстандағы теміржолдарды әскери-стратегиялық мақсаттарға бағындырды. 1906 жылы Орынбор-Ташкент теміржол іске қосылды. Бай табиғи қорының болуына қарамастан, Қазақстан өнеркәсібі әлсіз болып қала берді. Оның негізгі себептері өлкенің жалпы экономикалық артта қалуы мен ресей отаршылдық саясаты болды. Азамат соғысы кезiнде елдiң барлық экономикалық ресурсын соғыс мүддесiне жұмылдырып, соғысып жатқан Қызыл армияны азық-түлiк, киiм-кешек, қару-жарақпен қамтамасыз ету қажет болды. Осы мақсатпен кеңес үкiметi әскери коммунизм саясаты деп аталатын шараларды жүзеге асырды. Бұл саясат соғыс жағдайына байланысты жүргiзуге мәжбүр болған төтенше және уақытша саясат едi. Кеңес өкіметіне қалаларға (жұмысшы табына) және соғысқа (Қызыл Әскерге) қажетті тамақ, киім, көлік сияқты заттарды, ең аддымен, ауыл-селодан (шаруалардан) алуға тура кедді. Сөйтіп, ауыртпалық шаруаларға түсті. Әскери диктатура астық үшін күресті, яғни социализм үшін күресті шаруаларға қарсы жүргізді. Бұл кезде помещиктер бірден экспроприацияланған, кулактар да 1918 жылы жазда соның кебін киген. Олай болса, ауыртпалық ауқатты шаруалар мен жарлы-жақыбайларға түсетіні анық. Бірақ өкімет өзін жұмысшы-шаруалар өкіметіміз деп атағандықтан халыққа ашық қарсы шыға алмады, саясат колданды. РК(б)П атынан Орталық комитет үздіксіз үндеу, қаулы-қарарлар шығарып, үгіт-насихатгы үдетіп, халықпен байланысын үзбеді, оның миына оз идеологиясын сіңірді. Елдегі азамат соғысы, бұліншілік таланған, тоналған, репрессияланған үстем тап өкілдерінің әрекетінен болып отыр-мыс. Ендігі ең қауіпті, ең күшті езуші тап — кулактар деген ұран тасталып, оған қарсы: орта шаруа мен жұмысшы табы (Кеңес өкіметі) одақ жасап, кедей шаруаларға сүйенеді деген тактика 1919 жылы наурызда РК(б)П-ның VIII съөзінде қабылданған еді. Ал іс жүзінде осы саясат қалай жүргізілгені азық-түлік мәселесінен анық көрінеді. Жоғарьща айтылғандай, Кеңес өкіметі алдымен өзін қорғауға, сақтап қалуға күш салды. Кедей шаруаларға сүйенеміз дей отырып, оған нақты кемек көрсете алмады, керісінше өзі олардың мойнына асылды. Партияның “одақтасы” — орта шаруа бергені болмаса, өз басына жақсылық таппады. Шыдамы таусылған халық әділеттілік іздеп, жоғарғы орындарға арызды қардай боратады, бірақ арыздар тексерусіз қалып отырады. Кейде тіпті жазаланғандарды емес, жазалаушы партия, кеңес қызметкерлерін ақтауға тырысушылық та орын алады .27. Қазақстандағы 1921-1922 ж.ж. аштыққа қарсы қазақ зиялыларының күресін тұжырымдаңыз 1921-1922 жылдардағы аштық қазақ халқының басына түскен аса ауыр нәубет. Қаншама азаматтарымыз аштықтан көз жұмып, ай далада көмусіз қалды. Қаншама қазақтың ошағы сөнді. Бір үзім нанға зар болып, қолын жайып, қайыр тілеп, ауыл-ауылды аралап, қала көшелерінде тентіреп, босып шет жұртқа кете барды. 1921 жылы аштықтың жайлап бара жатқанын айтып, дабыл қаққан газеттердің бірі - «Ақ жол» газеті. Қазақстандағы аштықпен күресте ұлт зиялылары Тұрар Рұсқұловтан бастап, Мәннан Тұрғанбаев, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Сәкен Сейфуллин, Шаймерден Тоқжігітов, Уәлитхан Танашев және тағы басқалар баспасөз беттеріне ойларын ашық жазған. Олардың аштық жайлап жатқан кезде халықтың салық төлеуін қисынсыз, азық-түлікті тұрғындарға бөлуде әділетсіздік орын алып отырғандығын ашық жазып, ұсыныстар білдірді. 28)ҚАЗАҚ ЖЕРЛЕРІНІҢ ҚазАКСР-ныңҚҰРАМЫНА БІРІКТІРІЛУІ. 1919 жылы Орынбордың Қазақ өлкесіне қосылуы туралы шешім қабылданды, 1920 жылы Орынбор республика құрамына кірді, сол жылы Қырғыз (Қазақ) Автономиялы Кеңестік Социалистік республикасын құру туралы декрет шықты, Астанасы: Тұңғыш астана Орынбор қаласы 1920-1924, содан кейін Ақмешіт (Қызылорда), 1929-1997 жылдарда Алматы, Аумағы - Семей, Ақмола, Торғай, Орал облыстары, Манғышлақ уезі, Красноводск уезінің бір бөлігі, Астрахань губерниясының бір бөлігі, 1920 жылы Орынборда Қырғыз (Қазақ) АКСР Кеңестерінің Құрылтай сьезі өткізілді, Қырғыз (Қазақ) Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы жарияланды, Жоғарғы Атқару Комитеті, төрағасы - Меңдешев, Халық Комиссарлары Кеңесі, төрағасы - Радус-Зенькович, Қырғыз (Қазақ) АКСР-нің құрылуының тарихи маңызы - Қазақ халқының ғасырлық арманы орындалуының көрінісі, Отаршылдыққа қарсы күрестің нәтижесі, Ұлттық қайта өрлеу жолындағы алғашқы қадам Қазақ жерлерінің Қазақ АКСР құрамына біріктірілуі, Арнаулы комиссия құрылып, республика шекарасын белгілеумен айналысты, Бұл өзгерістер кезінде әр түрлі көзқарастар туындады - Қазақ өлкесіне Ақмола, Семей, Орал облыстарының қосылуына қарсылық, Республика құрамына Омбы облысын, Орта Азияның көп бөлігін, Барнаул уезін, Алтай өлкесін қосу, Қазақ зиялылардың араласуымен - Қостанай аймағын республика құрамына қосу қажеттігін Ахмет Байтұрсынұлы мен Мұхаммеджан Сералин жан-жақты дәлелдеді, Батыс Сібірге еніп келген Ақмола мен Семей облыстарын өлке құрамына енгізу мәселесі 5 рет қаралып, Бөкейханов, Байтұрсынұлы, Ермеков, Сералиндердің тарихи деректемелерінен кейін ғана шешілді, 1921 жылы Ақмола және Семей облыстары Сібір ревкомы қарамағынан ҚазАКСР-не берілді, және Жайық, Ертіс өзендері бойындағы бұрын қазақтар иеленіп келген 10 шақырымдық өңір қазақ халқына қайтарылды. Статистикалық мәліметтер - Республика аумағы 2,7 млн шаршы шақырым, Халқы 5 млн 230 мың. Қазақтар - 61,3 пайыз , Қазақ атауының қайтарылуы - 1925 жылғы Ақмешітте Кеңестердің бүкіл қазақстандық 5 сьезінде қырғыз-қазақ атауы берілді, 1936 жылғы ҚАКСР Орталық Атқару Комитеті Қаулысымен қазақтар атауы берілді. 29) ҚАЗАҚСТАНДЫ ИНДУРСТРИЯЛПНДЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 1. Қазақстанның индустриялық дамуының КСРО бойынша, сондай-ақ көптеген басқа республикаларды жеке-жеке алғандағы тиісті көрсеткіштерді салыстырғанда байқалатын көтеріңкі қарқыны. Егер Кеңес Одағы бойынша өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі 1940 жылы 1913 жылғы деңгейге қарағанда 7,7 есе болса, Қазақстан бойынша 7,8 есеге жетті, оның үстіне Қазақстан бұл жатынан Молдавия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Түркіменстан, Украина сияқты бірқатар одақтас республикалардың алдына шықты. Сөйтіп Қазақстан өнеркәсіптік өнім көлемінің өcyi бойынша 1940 жылы Одақ ішіндегі 15 республика арасында Ресейден, Қырғызстаннан, Грузиядан, Тәжікстаннан және Армениядан кейін алтыншы орынды иеленді. 2. Қазақстанда өнімді шығаратын өнеркәсіптік аудандар болмағандықтан, республикада, жергілікті жерлерде өнеркәсіп орындары, сондай-ақ теміржол құрылыстары елсіз және жартылай елді аймақтарда жүргізілді, қазіргі заманғы байланыс тораптарының, құрылыс материалдарының, кәсіби жұмыс күшінің, қаржының, сол сияқты тұрғын жайлардың, ауыз судың т.с.с. болмауы себебінен аса күрделі қиындықтарды жеңуге көп күш жұмсалды. Қарағанды көмір алабы, Балқаш мыс балқыту, Шымкент және Ертіс қорғасын зауыттары, Жезқазған, Қоңырат кен орындары т.б. кеніштер, Ембі т.б. мұнай кәсіпшіліктері, Түрксіб, Гурьев — Қандыағаш — Орск, Ақмола-Қарғалы, Илецк-Орал теміржолдары осылай салынды. 3. Аса ірі кәсіпорындар - өз заманының соңғы жетістіктері техникасымен жарақтандырылған, шикізат пен электр қуатын тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін, өндірістік процестерді мамандандыру және ірілендіру негізінде өзара байланысты комбинаттар жана өнеркәсіптік құрылысқа тән сипатта қалыптасты. Өнім көлемі мен жұмыс күшінің құрамы бойынша, сондай-ақ белгілі бір аймақтағы әлеуметтік-экономикалық және мәдени маңызы жағынан да ерекшеленетін осы комбинаттар қалалардың пайда болуына ықпал етіп, сол жердегі өнеркәсіп ошақтарының орталықтарына айналды. 4. Индустрияландыру жағдайларында Қазақстанда ауыр өнеркәсіп, ең алдымен оның көмір, мұнай және түсті металдар өндіретін салалары басым дамыды. Бұл салалар одақтық келемде басты мамандандыру арқауына айналып, бұдан кейінгі кезде де жалпы республика индустриясының үлес салмағын айқындайтын болды. 5.Ауыр өнеркәсіптің, әсіресе мұнай, көмір және түсті металдар салаларының тұрғызылған кәсіпорындары одақтық маңызға ие болды, өйткені жеңіл және тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарымен қатар олар одақтық индустрияны қажетті шикізатпен қамтамасыз етіп отырды, осыған байланысты республика арнайы кәсіби мамандандыру ісін жүргізді. 6. Соғысқа дейін бесжылдықтар кезінде кеңінен дамығанына қарамастан, Қазақстан өнеркәсібінің кемшін, олқы тұстары да байқалып жатты: қалай болса да, машина жасау саласы жоқтың қасында болды; металл өңдеу жекелеген зауыттардың жөндеу шеберханаларымен және механикалық цехтарымен шектелді; қара металлургия, бірқатар құрылыс материалдарының (цемент, әйнек), жеңіл және тамақ өнеркәсібінің кейбір түрлерінің өндірісі болмады. Осы кемшін жақтарының ішінде бәрінен бұрын машина жасау ісінін - қалай болғанда, индустрияландырудың негізгі өзегінің болмауы Қазақстанның өнеркәсіптік дамуын тежеп отырды. 7.Осы кезеңде ауыр индустрияның түсті металлургия, мұнай, көмір т.б. шығару сияқты өндіру салаларымен қатар алдынғы қатарға транспорт, әсіресе теміржол құрылысы шығарылды. Көмірдің, мұнайдың және түсті металдардың аса бай кен орындарын Қазақстанның кең-байтақ аумағында қазіргі замандық қатынас жолдарынсыз игеру қиындықтары осы өткір мәселені шұғыл түрде шешуді талап етті. Жоспарланған жол желілері түгелдей салынбағанмен, 1928-1940 жылдары республиканың теміржол торабы 50% дерлік өсіп, ұзындығы 6581 км-ге жетті 30) СТАЛИНДІК ҚУҒЫН СҮРГІН, ОНЫҢ АУҚЫМЫ ЖӘНЕ АУЫР ЗАРДАПТАРЫ: ҚАЗАҚСТАН 20- жылдардың 2 жартысы мен 30- жылдары бірінші рет феодализмнен капталистік қоғамға соқпастан социализмге өту идеясын жүзеге асыру әрекеті жасалды. 30 жж Қазақстан жөніндегі саясат осындай сынақ мақсатында жүргізілді. Бүгінгі күннің көзқарасы бойынша ол мынандай преспектиыалдарды көздеді: • Саяси салада: қазақ халқының тілі мен тарихын жою, саяси тәуелсіздігі, шынайы егемендігінен айыру, Қазақстанда Кіші Қазан жоспарын жүзеге асыру; • Әлеуметтік экономикалық салада: Қазақстанды елдің шикізат базасы ретінде дамыту; қазақ халқын отырықшылыққа көшіру мен ауыл шаруашылығын ұжымдастыру; • Ұлт аралық қатынастар саласында: ассимиликаның ұлттық әулетін «жақсарту» Жалған халық жауларымен күрес концлагерьлердің құрылуына жжағдай жасады. Көптеген аудандар тікен сымдарымен қоршалып, ол сақадай сай қаруланған әскермен күзетілді. Кейінрек атылған адамдарды жаппай жерлеген жерлер анықтала бастады. Сондай орындардың бірі Алматы түбіндегі Жаңалық ауылының жанынан кездейсоқ табылды. Мұнда 1937-1938 жылдары атылған белгілі жазушылар мен ақындар, қо,ам қайраткерлері, көрнекті ғалымдар, шаруашылық басшылары, өндіріс озаттары сынды тоталитарлық тәртіптің мыңдаған құрбандары құпия жағдайда жерленді. 50-жылдың ортасында лагерьде қамалған жазықсыз адамдарға қатысты үкімдерді қайта қарау мен оларды жою жөніндегі процесс басталды. Қаза тапқагдар мен атылғандар ақьалып, түрмедегі еріксіздер бостандыққа шығарылды. Саяси қуғын сүргін құрбандарын жаппай ақтау 1920-1950 жылдар аралығында кеңес мемлекеті жүргізілген қуғындау, жазалау саясаты асқан қаталдық, шектен шыққан зұлымдық тәсілмен жүргізілгендігі мәлімделді. Кеңес өкіметінің Қазақстандағы саяси қуғын сүргін құрбандарының жалпы саны, ғалымдардың есептері бойынша 3,5 мон адамды құрады. Алайда бұл сан да нақты емес, өйткені 20-40 жж тұтқындалған мыңдған адамдардың әлі күнге шейін белгісіз болып отыр. 31)ЖЕТІСУ МЕН ТЯНЬ-ШАНДАҒЫ ҮЙСІНДЕРДІҢ ЭТНОСАЯСИ БІРЛЕСТІКТЕРІ: Ерте темір дәуірі заманында сақтардан соң Жетісу жерін үйсін тайпалары мекендеген. Олар Орталық Азия аумағындағы ертедегі алғашқы этникалық бірлестіктердің бірі болды. Қытай деректерінде «Усун-го» (Үйсін мемлекеті) деп аталады. Үйсіндер Жетісу мен Тянь-Шаньда, Қытайдың солтүстік-батыс өлкесінде, Шығыс Қазақстандағы Тарбағатай таулы бөктеріндегі далалы өңірлерде өз іздерін қалдырған. Біздің заманымыздан бұрынғы 170-160-ыншы жылдары үйсіндер мемлекеті құрылды. Үйсін мемлекетінің Ұлы Жібек жолының бойында орналасуы оның көршілес елдер, тайпалармен саяси, экономикалық және мәдени байланыстарды дамытуына мүмкіндік жасады. Бастапқыда Үйсін мемлекеті ғұндармен қалыпты қарым-қатынаста болды. Бірақ Хань патшалығының ғұндарды жеңіп, батысқа бет алу әрекеті үйсіндерді қытайлармен тығыз байланыс орнатуға мәжбүр етті. Қытайлар ғұндарға қарсы батыста жатқан елдерден одақтастар іздеуге кірісті. Қытай императоры Уди б.з.д. 138 жылы үйсін еліне Чжан Цянь бастаған елшілік жібереді. Осыдан кейін екі жақты қарым-қатынастар етек алып, үйсіндер Қытаймен кең дипломатиялық және туыстық қатынаста болған. Қытайлар үйсіндермен құдандасып, күнбиге Хань патшалығының ханшасын әйелдікке береді. Әрине, бұл құдалық белгілі саяси мақсатты көздеп, хань әулеті үкіметі мен үйсіндер арасындағы одақтастық байланыстың негізін қалады. Өз кезегінде ғұндар да үйсіндермен құдаласып, күнбиге өздерінің қыздарын беріп отырған. 32)ҚОЛА ДӘУІРІ МӘДЕНИЕТТЕРІНІҢ ШЫҒУ ТЕГІ МӘСЕЛЕСІ МЕН ТАРАЛУ АЙМАҒЫ Қола дәуірі б.з.б. 2800 жыл – б.з.б. 900 жыл аралығын қамтиды. Қола дәуірінде адамзат металл өңдеуді игерді. Өндіріске металл құралдардың енуі еңбек өнімділігін арттырды, шаруашылықтың жаңа түрлерінің пайда болуына себеп болды. Қола мыс пен қалайының қосындысынан алынған. Қоладан жасалған бұйымдар тас және мыс еңбек құралдарын біртіндеп ығыстырды. Қазақстан жерінде қола дәуірі осыдан 4 мың жыл бұрын, яғни б.з.б. 2 мыңжылдықта басталған. Еуразия даласындағы қола дәуірінің жетістіктері андрон мәдениеті деп аталады. Себебі қола дәуірінің алғашқы ескерткіштері Андроново селосы маңынан табылған. Қола дәуіріндегі үйлер екі түрлі болды: жартылай жертөле және жер бетіне салынған үй. Жертөленің ішінде тас ошақ орнатылып, жер еденде сүт өнімдері мен ет сақтайтын шұңқыр қазылған. Үйдің жанына мал қамайтын қора салынған. Андрондықтар төрт түлік малдың барлық түрін өсірген. Ғалымдар Cолтүстік және Батыс Қазақстан аймағынан 80-нен астам қоныстарды тапқан.Мал өсіру отырықшылық, бақташылық түрінде болған. Мал жаюға ыңғайлы болу үшін шөбі шүйгін және желден ықтасын болатын жерлерді таңдап алған. Андрондықтар Есіл, Тобыл, Ертіс, Бұқтырма өзендерін бойлай қоныстанған. Өзен аңғарларындағы тайпалар жерді тесемен өңдеген, жылқы, сиыр, қой, ешкі өсірген. Андрондықтардың қоныстарынан егіншілік құралдары – дән тартатын диірмен, жер өңдеуге арналған тесе, мыс пен қола орақтар табылды. Қаныш Сәтбаевтың мәліметі бойынша, Жезқазғаннан 1 млн тонна кен өндіріліп, одан 100 мың тонна мыс қорытылған. Нарым мен Қалба (Шығыс Қазақстан) кен орнында 1100 тонна қалайы шығарылған. Мысты өндіру үшін кен орнының алдына от жағып, қызғаннан кейін су құйған.Андрон мәдениетінің ең негізгі сипаты – саз балшықты ыдыс жасауға пайдалану. Қыш ыдыстар арнаулы пештерде күйдіріліп, тарақ тәрізді немесе тегіс қалыппен өрнектелді. Көзе құмыралар түрінің әсемдігімен, өрнекті әшекейлерімен тамаша өнер туындысы болып саналады. Орталық Қазақстан аумағынан қола дәуіріне жататын 30 қоныс, 150 оба зерттелді.Адамдарды жерлегенде басын батысқа немесе оңтүстік-батысқа қаратқан. Андрондықтар табиғат күштеріне табынған. Қола дәуіріндегі тасқа салынған суреттер Таңбалы, Жасыбай, Хантау жерлерінен табылған. Бұл суреттерде жабайы бұқа, қос өркешті түйелер, билеген адамдар салынған. Чаглинка, Петровка (Солтүстік Қазақстан) қоныстарында үйлердің қабырғалары тік бағандардан тұрғызылып, киіз үйдің торкөз керегелері тәрізді етіп жасалған. Ғалымдар андрондықтардың дөңгелек, жеңіл баспаналары қазақтың киіз үйіне ұқсайды деп есептейді. 33)ТҮРКІЛЕР ӨРКЕНИЕТІ ЖӘНЕ ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫНЫҢ ЕЖЕЛГІ ДӘУІР МЕН ОРТАҒАСЫРДАҒЫ МАҢЫЗЫ: Түркі мәдениеті Түркі мәдениеті - ежелгі заманнан өмір сүріп келе жаткан түркі тайпалары негізінде қалыптасқан мәдениеттің жалпы атауы. Түркілердің алғашқы ата қонысы Шығыс ТяньШань өңірі болған. "Халықтардың ұлы қоныс аударуының" нәтижесінде қазіргі Қазақстан, Орта және Алдыңғы Азия, Шығыс Еуропа территорияларына кең таралып орналасқан түркілер қазіргі түркі тілдес халықтардың барлықтарының субстраты болып табылады. "Түркі" деген термин тұңғыш рет 542 жылы аталады. "Түркі" этонимі алғашқы кезде белгілі бір ақсүйектерден шыққанын білдірген . Орталық Азиядағы мекендеген көптеген тайпалық одақтардан біріккен феодалдық мемлекет Түркі қағандығы өмір сүрген. Түркі қағандығының әлеуметтік-саяси және қоғамдық өмірінде әскери істер аса маңызды орын алған. Түркілердің алғашқы көсемдерінің бірі Бумын қаған болған. Түркі қағандығы тұсында түркі тілінің өрісі барынша кеңіп, ұланғайыр өлкедегі негізгі тілге айналған. Түркілердің жазуы да болған. Сол көне түркі жазбаларынан түркілердің дүниетанымдық көзқарастары, наным-сенімдері туралы көп мағлұмат алуға болады. Көне түркілер аспан денелерінің қозғалысына карап ауа райын, жыл маусымдарының қандай болатынын күні бұрын анықтай алған. Көне түркілер геометрия, математика ғылымдарынан біршама хабардар болған, оны су жүйелерін салуға, күрделі ғимараттар, карауыл төбелер тұрғызуға, т.б. пайдаланған. Олар металды, түрлі минералдарды еріту әдістерін, шөптердің емдік қасиеттерін білген. Емдеудің неше түрлі әдістерін де жетік меңгерген. Ежелгі түркілер, негізінен, қос күшке - Көкке және Жерге сиынатын болған. Ежелгі түркілер үшін Көк пен Жер-Судан кейін тұрған құдіретті күш әйел, ошак басы құдайы Ұмайға табынған. Еуразияның жекелеген халықтары мен мәдениеттерінің байланысын тарихта ең ұзақ, әрі ұдайы түрде қамтамасыз еткен Ұлы Жібек жолы шамамен 12 800 шақырымға созылған негізгі бағыты Қытайдан Испанияға дейін созылып жатқан байтақ жол. «Жібек жолы» ұғымын алғаш рет ғылыми айналымға 1877 жылы неміс географы Фердинанд Рихтгофен ендірген болатын. Атынан да көрініп тұрғандай, Шығыс Азиядан, нақты айтқанда, Қытайдан Жерорта теңізі елдеріне негізінен жібек саудасының жолы ретінде қызмет атқарса да, уақыт өте келе ежелгі дүниенің одан да кең мәдени-сауда байланыстарын қамтамасыз еткен аса қажетті коммуникация кұралына айналған. Түркі әлемінің Ұлы Жібек жолымен табиғи байланысы негізінен, табиғи-географиялық, саяси-экономикалық және мәдени-интерактивтік факторларға сүйенеді. Түркілер ұзақ уақыт Ұлы Жібек жолы бойында жүргізілген сауда мен мәдени байланыстардың басты қолдаушысы, қатысушысы, әрі ұйымдастырушы. Түркі мемлекеттері мен империялары Ұлы Жібек жолының Транс-Еуразия коммуникация жүйесі ретінде қызмет атқаруында өзінің тарихи миссиясын абыроймен атқарып, бұл жолдың 2200 тарихында белгілі бір аймақтық шекараларда оны өз бақылауында ұстаған. Жібек жолы түркі дүниетанымының әмбебаптануына; ал түркілердің әскери-саяси дарыны Жібек жолының кеңейіп, гүлденуіне жол ашқан. Ұлы Жібек жолы расында да, адамзаттың дамуында маңызды рөл атқарды. Аталмыш жол алыс-жақын елдер арасындағы тек тауар айырбасын ғана емес, сонымен қатар, жаңашыл технология, дін, ғылым және өнер саласында қол жеткізген жетістіктермен өзара алмасуды да қамтамасыз еткен. Жалпы алғанда, Ұлы Жібек жолы жаңа дәуірге дейін әлем халықтары мен мемлекеттерінің экономикалық және мәдени интеграциясын жүзеге асырып, олардың өзара байланыстарындағы бай тәжірибесі арқылы бүгінгі жаһандану үдерісіне қатысуын негіздейтін тарихи-мәдени процестерді басынан өткерген. 34) КӨШПЕЛІ ӨЗБЕКТЕР МЕМЛЕКЕТІ, НОҒАЙ ОРДАСЫНЫҢ АУМАҒЫ (КӨШПЕЛІ ӨЗБЕКТЕР) Ақ Орданың ыдырауы нәтижесінде XV ғ. 20-шы жылдары Орталық және Солтүстік Қазақстан жерінде жергілікті ру-тайпа билеушілерінің қолдауымен Жошы ұлы Шибанның ұрпағы Әбілқайыр жаңа мемлекеттік құрылымның негізін қалайды. 1428 ж. Батыс Сібірдегі Тұр атты мекенде ол хан жарияланады. Ханды сайлау салтанатына сұлтан, оғлан, батыр, ру-тайпа басыларымен қатар ислам дін басылары да қатынасады. Ал Әбілқайырды қолдаушылардың арасында қыят, маңғыт, чинбай, жан, табғұт, дүрмән, құщы, утарчи, найман, өкреш-найман, тубай, таймас, чат, хытай, барақ, ұйғыр, қарлық, кенегес, үйсін, қоңырат, құрлауыт, ичкі, ичкі-маңғыт, түмен және басқа ру-тайпалардың өкілдері болады. Басқаша айтқанда, Әбілқайыр хандығының этникалық құрамы Ақ Орданың, белгілі дәрежеде Ноғай Ордасының құрамына да жақын болды. Міне осы тілі, шаруашылық түрі, тұрмыс-салты жағынан туыс тайпалар одағын дерек көздері XIV ғ. 60-шы жылдарынан жинақы атпен “өзбек” деп атады. Бұл кезде ол халық аты емес, тек саяси мағынадағы сөз еді. Деректер Әбілқайыр ханның Шибан тұқымы сұлтандармен бірге маңғыт жұртының билеушілеріне де сүйенгендігін айтады. Қадырғали би Жалайыр Әбілқайыр ханның маңғыт Уақас бимен арадағы достығын суреттеп “екеуі бір кесенің екі шетінен бөліп бал ішетін еді” дейді. Соған қарағанда ханның тасының өрлеуіне бидің көмегі аз тимесе керек. (НОҒАЙ ОРДАСЫ) 13 ғасырда Қазақстанның солтүстік-батысында Ноғай Ордасы мемлекеттік бірлестігі құрылды. Аумағы – Еділ мен Жайық өзендерінің аралығы. Орталығы – Сарайшық қаласы. Ноғай – жорықты Батыймен бірге бастап, Алтын Орданың бес ханы тұсында қолбасшы болған адам. Ноғай әскерінің көпшілігі түрік тілдес маңғыт тайпасы болғандықтан “маңғыт елі” деп те аталған. Ноғай Ордасының негізін қалаған – Ноғайдан кейінгі Едіге. Орда Едігенің баласы Нұрад-дин (1426-1440) тұсында өз алдына жеке мемлекет болып, Алтын Ордадан бөлініп шықты. Ноғайлар 15 ғасырдың ортасында Сырдарияның орта ағысына дейін жетіп, бекініс қалаларды жаулап алды. Орда билігі мұрагерлік жолмен берілді. Ұлысты билеушілер – мырзалар өз жерінде шексіз үстемдік етті. 16 ғасырда Ноғай Ордасы ыдырай бастады. Халқының кейбір бөліктері Кіші жүзге қосылды. 35) ТАС ДӘУІРІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫНЫҢЛАНДШАФТЫҚ КЛИМАТТЫҚ ӨЗГЕРІСКЕ ҰШЫРАУЫ: Алғашқы адамдардың өндіргіш күші біріншіден, алғашқы адамнан, екінші – оның тас құралынан тұрды. Археология ғылымы зерттеуді осы тас құралдардан бастайды.Жерімізде алғашқы адамдардың құрал-жабдықтарын зерттеуде айтарлықтай еңбек сіңірген ғалым академик Ә.Х.Марғұлан болды. Ғалымның жетекшілігімен жүргізілген Орталық Қазақстан экспедициясы Бетпақдаланың орталық бөлігінен бірнеше жерден тас дәуірінің қонысын тапқан. Әсіресе, ғалымның басты бір көрнекті еңбегі Сарысу бойынан мысты-тас дәуірінің шақпақ тастан құрал жасайтын шеберхананың орнын табуы. Сонымен қатар Ә.Х.Марғұлан алғашқы адамдар мекендеген көптеген қоныстар мен үңгірлер тауып, оларға ғылыми сипаттама жазған. Елімізде тас дәуірінің нағыз ғылыми тұрғыдан зерттелуі 50-жылдардың 2-ші жартысынан басталады. Қазақ Ұлттық академиясы Ш.Уәлиханов атындағы тарих, археология және этнография институтының ғылыми қызметкері тас дәуірінің маманы Х.Алпысбаевтың жетекшілігімен 1957 жылы құрылған «Қаратау отрядының» жүргізген жұмысы орасан зор болды. 20 жылдан астам мерзімнің ішінде ғалым тас дәуірінің төменгі кезеңінен бастап, оның соңғы кезеңіне дейінгі мезгілдерді дәлелдейтін ескерткіштерді тапты. Бұл жұмыстың нәтижесі «Оңтүстік Қазақстанның төменгі тас дәуірі» атты монография болып жарыққа шықты. Сөйтіп, Қазақстандағы алғашқы адамдардың ескерткіштері біршама зерттеліп, игілікті жұмыс жолға қойылды. ХХ ғасырдың 80-жылдарынан бастап бүгінгі күнге дейін палеолит дәуірін зерттеуді Ә.Х.Марғұлан атындағы археология институты, сонымен қатар Ж.К.Таймағамбетовтің жетекшілігімен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – нің ғалымдары жүргізіп келеді. Ж.К.Таймағамбетовтың бастамасы және жетекшілігімен 2000 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ТМД елдерінің ішінде алғаш рет палеолит мұражайы ашылды. Адамның алғашқы еңбек құралдары тастан жасалған. Сондықтан да аса ұзаққа созылған алғашқы тарихи кезең – тас дәуірі деп аталады. Тас дәуірі мынадай 3 кезеңге бөлінеді: Палеолит – ежелгі тас дәуірі (б.з.б. 2,5 млн. жылдан – 12 мың жылдыққа дейін). Мезолит – орта тас дәуірі (б.з.б. 12-5 мың жылдықтар). Неолит – жаңа тас дәуірі (б.з.б. 5-3 мың жылдықтар). 36) ОРХОН-ЕНІСЕЙ ЖАЗУЫ ЕЖЕЛГІ ТҮРКІ ӨРКЕНИЕТІ: Көне түркі жазбалары немесе Орхон-Енисей жазбалары — б.з. V ғ. — X ғғ аралығындағы түркі тайпаларының тасқа қашап жазған жазбалары. Орхон-Енисей ескерткіштері алғаш Орхон өзені бойынан табылды, кейін Енисей өзенінің жоғарғы ағысында. Кейде руник жазбасы дейді, алман руналарынынан жанасым тауып (кейбір нышандар кескіні дәл келіп тұр, дауысты мағынасы да жақын). Азиялық түркі руналары соғды жазуының негізінде VIII ғ. бұрын жасалған деп есептеледі. Оның әліпбиінде 40-қа жуық графема бар. Көне түркі руника жазуы жұмбағын 1893 жылы В. Томсен шешкен. Орхон ескерткіштерінің тұңғыш тәржімаларын 1894 жылы В.В. Радлов жасаған. Орхон-Енисей жазбалары — көне түркі жазба тарихи-мәдени ескерткіші. Көп уақытқа дейін сыры беймәлім, қай тілде жазылғандығы белгісіз болып келген. Орхон-Енисей жазбаларын руналық жазбалар деп те атайды. Тек 1893 ж. ғана даниялық ғалым Томсен құпия жазуды оқудың кілтін ашады. Біраз жылдардан кейін орыс ғалымы В.В.Радлов Орхон өзені бойынан табылған үлкен тастардағы жазуды толық оқып, аударды. Руна жазуындағы ең үлкен ескерткіштер Орхон мен Енисей өзендері алқабынан табылғандықтан, жазудың өзін де осылайша атап кетті. Орхон-Енисей жазбаларының енді бір ескерткіші - Тоныкөк құлпытасындағы жырлар. Онда да сол кездегі түркілердің өмірінен мағлұмат беретін он төрт жол жазылған. Түркі халқының табғаштарға тәуелді болып қалу тарихы, азат қалған түркілердің бірігуі, қаған сайлауы, Тоныкөктің ықпалымен Елтерістің қаған болуы, Оғыз мемлекетінің тыңшылары түркілерге қауіп төндіргені, қарсыластармен болған шайқастар, анталаған жаудың бетін қайтаруда Тоныкөктің ерлігі, ұрыс-шайқастардың жүргізілуі, түркілердің түрлі тайпалармен жауласу жолдары баяндалып, Тоныкөкті мадақтау берілген. |