Тарих_а дейінгі кезе_дегі адамны_ м_дениеті туралы жазы_ыз. Тариха дейінгі кезедегі адамны мдениеті туралы жазыыз
Скачать 322.43 Kb.
|
1. Тарихқа дейінгі кезеңдегі адамның мәдениеті туралы жазыңыз Адамзаттың пайда болуы мен қалыптасуы тас дәуірінен бастау алады. Адамның пайда болу мәселелерін зерттеу орасан кӛптеген теориялар туғызды, олардың ішінен екі негізгі концепцияны жеке қарастыруға болады -философиялық – діни (адамды құдай жаратты) және материалистік, бұған сәйкес адам табиғи эволюция мен еңбек қызметінің нәтижесінде жануарлардан (приматтардан) шықты. І. Ең ежелгі адам - Епті адам – ерте палеолит ІІ. Тік жүретін адам – питекантроп (1891, Ява) , синантроп – 1927 (Қытай, Чжоукоудян). – ерте палеолит ІІІ. Неандерталь адамы – Германия, 1938 –Ӛзбекстан, Тесік Тас -орта палеолит, мустье ІV. Саналы адам- кроманьон – Франция – кейінгі палеолит Эволюция сатысы I кезең – Архантроптар. Алғашқы тас құралдар (қырғыштар, жебе ұштары, тас балталар). Артикуляциялық сӛйлеудің болмауы. Ең озық қолданылған от (олар тек оны қалай қолдау керектігін білді). II кезең – палеоантроптар. Олар тастардың кӛмегімен от жағуды біледі. Бірінші артикуляциялық сӛйлеу пайда болады. Тас құралдар мұқият ӛңделеді. Бұл кезеңде ӛлгендерді жерлеу рәсімдерімен қоса жүргізілді. III кезең – неоантроптар. Адамның алғашқы нәсілдері қалыптасады. Мәдениет дамып келеді (тек құралдар ғана емес, сонымен қатар әшекейлер де жасалады). Архантроптардың бір тобы — синантроптар (қытай адамы) Шығыс Азия аймағында тіршілік еткен. Синантроптардың қаңқа қалдығы 1937 жылы Пекин маңындағы үңгірден табылды. 1907 жылы Германияның Гейдельберг қаласының маңынан ежелгі адамның қаңқа қалдығы табылған. Оны ғалымдар Гейдельберг адамы деп атап, архантроптарға жатқызды. Архантроптар кӛбіне ірі жануарларды ұжымдасып аулаған, отты пайдалана білген, тастан құралдар жасауды жетілдірген. Архантроптардың тарихи даму кезеңіндегі негізгі ерекшеліктің бірі— сӛздің пайда болуы. Сӛз ежелгі адамдар арасындағы басты қарым- қатынас құралы болған. Архантроптардың қаңқа қалдықтары Орталық және Солтүстік Африкадан, Оңтүстік Еуропа мен Алдыңғы Азия ӛңірінен де кӛптеп табылған. Қазақстан жерінде де ежелгі адамдардың қоныс мекендері, пайдаланған тас құралдары мен аулаған жабайы жануарларының қаңқа калдықтары кӛптеп табылды. Тас дәуіріне қатысты тастан жасалынға құралдар Қазақстанда алғаш рет 1928 жылы Алтын Қолат жайлауының маңынан табылған. Кейіннен мұндай тас құралдар Жамбыл облысы Қызылту елді мекенінен де табылды. Осындай зерттеулер нәтижесінде ғалымдар Қазақстан жерінде ежелгі адамдардың қоныс мекендері шоғырланған бірнеше аймақты анықтады. Ондай аймақтарға Маңғыстау, Үстірт, Оңтүстік Қазақстандағы Қаратау, Солтүстіктегі ұсақ таулы Кӛкшетау және Нарын- Бұқтырма, Ертіс маңы жатады. Архантроптардан бастап қазіргі адамдардың келіп шығуы 500 мың жылдай уақыт аралығын қамтыған. Архантроптардың эволюциясында ми салмағының артуы, қоғамдасып тіршілік ету, еңбек құралдарын жетілдіре түсу және отты пайдалану — эволюцияның басты бағыттары болды. 2. Қазақстан – жылқыны қолға үйретудің ежелгі ошағы болғаны туралы баяндаңыз Ең алғаш атқа міну мәдениеті қазақ жерінде басталғаны Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданындағы Ботай қонысында жүргізілген қазба жұмыстары кезінде табылған жылқы сүйектерін зерттеу негізінде дәлелденді. Мұнда табылған аттардың азу тістерінде ауыздықтың ізі қалған. Ол жерден сол замандағы ат әбзелдері, кәдімгі құрық, теріден тігілген шалбар, тізеден асатын тері етік, тымақ та табылған. Британиялық ғалымдар ботайлықтар тұтынған керамикалық ыдыстардан қымыздың жұғынын анықтаған. Бұдан ботайлықтар жылқыны мініс кӛлігі ретінде пайдаланып қана қоймай, бие сауып, қымыз ашытып, шипалы сусын ӛндіруді де меңгергенін кӛре аламыз. Еліміздің солтүстік ӛңіріндегі энеолит дәуіріне тиесілі «Ботай» қонысында жүргізілген қазба жұмыстары жылқының тұңғыш рет қазіргі Қазақстан аумағында қолға үйретілгенін дәлелдеді. Ата-бабаларымыз жылқыға қатысты ашылған барлық жаңалықтың бастауында тұр. Демек, атқа міну мәдиениеті Ұлы даладан тараған деп айтуға толық негіз бар. Петербург академиясының академигі, түрколог, этнограф, шығыстанушы В.В. Радлов қазақ ӛлкесінің зерттелуіне үлкен үлес қосты. Ол ӛзінің қазақ жеріндегі зерттеулері жазылған күнделігін «Из Сибири» еңбегінде жариялады. Ғалым ӛз зерттеулерінде қазақтың ат әбзелдеріне ерекше кӛңіл аударды. Оның пікірінше, ердің кӛп таралған түрі – қайыңнан шауып жасалған алдыңғы қанаты кең «қазақы ер». Қазақстанның оңтүстік аймағында ердің «құранды ер» дейтін түрі таралған. Ол 22 құрамдас бӛліктен тұрған және бұл элементтердің әрқайсысының ӛз атауы болған. В.В.Радлов «Тюркские степные кочевники» атты еңбегінде қазақтар аттың үстіне отыруды бала кезінен үйренеді, отыратын ері ашамай деп аталады, әр адам тамаша шабандоз» деп жазды. Ғалым ӛз зерттеулерінде қазақтың В.В.Радлов зерттеулері арқылы, ер-тұр-мандардан халықтың әлеумет-тік жағдайына байланысты айырмашы-лықтарды да кӛруге болады. Дәулетті емес қазақтардың аттары қарапайым безен-дірілген. Ал бай-қуатты адамдар-дың ат әбзелдері күміспен, қымбат әшекейлермен сәнделген. Ат үстінде жүрген кӛшпенділер неғұрлым еркін мініп жүруі үшін биік ер-тұрман мен үзеңгіні ойлап тапты. Бұл салт атты адамның ат үстінде қаққан қазықтай мығым отыруына, сонымен бірге шауып бара жатып, қолындағы қаруын еш қиындықсыз және неғұрлым тиімді қолдануына мүмкіндік берді. 3. Солтүстік Қазақстандағы Ботай мәдениеті туралы сипаттап жазыңыз Ботай мәдениеті. Кӛкшетау облысындағы Ботай бекеті жанындағы қоныстың атымен аталған. Ботай мәдениеті Солтүстік Қазақстанның далалық энеолитін сипаттайды және мерзімі б.з.б. ІІІ – ІІ мыңжылдықта белгіленеді. Ботай мәдениетінің қалыптасуына неолиттік атбасар және маханжар мәдениетін құрған тайпалар қатысты. Ботай мәдениетін В.В.Зайберт ашты. Қоныстар әдетте шағын дала ӛзендері: Торғайдың, Терісаққанның, жоғары Тобылдың, Обағаның, Шағаланың, Иманбұрлықтың биік жағаларындағы алапттарды алып жатыр. Олардың кӛлемі кейбіреуінде 15 гектарға жетеді. Ботай шамамен 200 жылды б.з.б XXIV – XXII ғасырларды қамтиды. Қазіргі бетінде 158 тұрғын үйдің жұрты табылды. Қазу барысында олардың қонысы тіршілік еткен соңғы кезеңде салынғаны анықталды. Ертедегі поселкенің құрылыстары ӛте тығыз болған: тұрғын жайлар кӛбінесе бір – біріне жалғасып, ӛзінше бір махаллалар құрып жатқан. Мұндай томаға – тұйық жоспарланған орындарға жататын құрылыстар 30 – ға дейін жетеді. Олардың ішінен белгілі бір жүйені байқауға болады: ені 4 – 8 м болатын, ал ұзындығы 50 метрге дейін жететін параллель кӛшелердің екі жағына кейде 15 – 16 үйден салынған.Ӛндірістік – шаруашылық саймандар алуан түрлі тастардан, сазбалшықтан, сүйектен жасалды.. Жүгеннің сүйек элементтері, кісенге арналған ілгектер жылқының қолға үйретіле бастағанын дәлелдейді. Жерлеу ғұрпы мен бірқатар символдық заттар тотемизмнің, бабаларға табынудың болғанын кӛрсетеді. Туыстарын қоныс аумағындағы ескі тұрғын жайларға жерлеп, жерленгендердің айналасына қабырғаларды жағалата жылқының бас сүйектерін қойған. 4. Ерте темір дәуіріндегі тайпалардың мәдениеті туралы баяндаңыз Б.з.д. І мыңжылдықта Солтүстік Үндістан, Ауғанстан, Орта Азия және Қазақстанның оңтүстік ӛңірін қамтитын кең – байтақ аумақта «сақ» деген атпен белгілі тайпалар мекендеген. Сақ тайпалары Солтүстік Қара теңіз жағалауын, Днепр ӛзені бойын мекендеген скифтердің және тӛменгі Еділ ӛзенінің тӛменгі ағысы мен Оңтүстік Орал ӛңіріндегі савроматтардың, Кир мен І Дарий тұсындағы парсылардың және Александр Македонский дәуіріндегі гректердің замандастары болған. Олар ежелгі парсылармен тығыз қарым-қатынас орнатып, б.з.д. VІ - V ғасырларда Ахеминидтер империясының құрамына да кірген. Ахеменидтердің сына жазбаларында сақтар туралы аз болса да анық деректер келтірілген. Оларда сақтардың үш тобы: хаомаварга-сақтары (хаома сусынын даярлайтын сақтар), тиграхауда-сақтары (шошақ бӛрікті сақтар), парадарайа-сақтары (теңіздің арғы жағындағы сақтар) туралы баяндалады. Сақ тайпалар одағына массагеттер, дайлар, исседондар, аримаспылар, қаспилер, аргипейлер және т.б. сияқты ондаған тайпалар кіреді. Олар ежелгі грек авторларының еңбектерінде аталады. Зерттеушілердің болжамдары бойынша олар Қазақстан аумағында былайша орналасқан делінеді: массагеттер – Сырдарияның тӛменгі бойы мен Арал теңізінің оңтүстік және солтүстік-шығыс ӛңірінде, дайлар – Сырдарияның тӛменгі жағын, Арал теңізінің жағалауын, исседондар – Іле мен Шу ӛзендерінің бойын, оның шығыс жағындағы Тарбағатай тауына дейінгі алқапты, ал кейбір зерттеушілер, соның ішінде, М.Қ.Қадырбаев оларды Орталық Қазақстан кеңістігіне орналастырады, аримаспылар – Шығыс Қазақстан аумағын, қаспилер – Каспий теңізінің шығыс жағалауын, аргипейлер – Қазақстанның солтүстік аймағын мекендеген. 5. Қыпшақтардың шығу тегі мен этникалық тарихы туралы баяндаңыз Қыпшақтардың аты тарихта VIII ғасырдан белгiлi бола бастады. Ол кезде қыпшақтар қазiргi Шығыс Қазақстан территориясын мекендеген. Х ғасырда олар Қазақстанның батыс, солтүстiк ӛлкелерiне дейiн тараған. VIII-Х ғасырларда олар қимақтар мемлекетiнiң құрамында болған. Алайда ұзамай қимақтардың әлсiреуiне байланысты билiк қыпшақтардың қолына кӛше бастаған. Олар Сырдария, Арал, Каспий ӛлкесiн басып алып Хорезiмнiң солтүтiгiне тақап келедi. Хорезмдықтар олармен сауда жасап оларды әскери қызметке тартты. ХI ғасырда Қыпшақтар Ертiстен Волгаға дейiнгi ұлан байтақ жердi мекендедi. ХI ғасырдың орта шенiнде қыпшақтардың алды оңтүстiк орыс далаларына дейiн барып онда половецтер деп аталды. Қазақстан территориясында қалған қыпшақтар Дешті Қыпшақ деп аталды. Қыпшақтардың құрамына Қазақстан территориясын ӛздерiнен бұрын мекендеген халықтар кiрдi. Бұлардың барлығы дерлiк түрiк тiлдестер. Қазақ халқының қалыптасуына Шығыс қыпшақ үлкен роль атқарды. ХІ ғасырдың басында Ертістен Еділге дейінгі ұлан ғайыр далалық аймақта қимақтардың орнына келген қыпшақтар үстемдік етті. Тарихи деректерде оларды «тоқсан екі баулы қыпшақ» деп те атайды. Бұл олардың түркі тілді тайпалардың ішіндегі сан жағынан кӛп болғандықтан осылай атаған. ХІІ ғасырда Қыпшақ хандығы бүкіл Еуразия кеңістігінде үстемдік етті. Сол себепті, қыпшақ тайпалары орналасу аймағына қарай алтай-сібірлік қыпшақтар, далалық қыпшақтар, Орал аймағы қыпшақтары, Дон қыпшақтары, днепрлік қыпшақтар болып бірнеше топқа бӛлінген. Қыпшақ хандары Орта Азия мемлекеттерімен, әсіресе Хорезм шахтары және салжұқтармен табанды күрес жүргізді. ХІ ғ. аяғы – ХІІ ғ. бас кезінде Жент, Янгикент, тӛменгі Сырдарияның тағы басқа қалалары қыпшақ кӛсемдерінің қолына қараған. Қыпшақтар аңшылықпен де айналысқан, олар садақ пен жебеден басқа лашын бүркіт сияқты құстарды, жүйрік тазыларды пайдаланған. Қыпшақ қоғамында малсыз кедейлер егіншілікпен, соның ішінде ӛзен бойларында суармалы егіншілікпен айналысқан. Қыпшақтарда үй кәсібі, қолӛнер жақсы дамыған. Олардың ағаш шеберлері, темір ұсталары, зергерлік ӛнермен айналысатындар ӛздерінің қажетті жақсы бұйымдар жасаумен кӛзге түсіп дараланған. Оны қыпшақтардың артына қалдырған заттарынан кӛруге болады. Қыпшақтардың бiразы жартылай кӛшпелi отырықшы болып егiн шаруашылығымен айналысты. Егiстiк жерлер Сырдария, Сарысу, Есiл ӛзендерiнiң бойында болды. Олардың бiр бӛлiгi суармалы егiншiлiкпен де айналысты. Хан үкiметi мұрагерлiк арқылы жалғасып отырды. Қыпшақтар Сырдария ӛлкесi үшiн Хорезм шахпен күрестi. Хорезм шах қыпшақ жерiне дүркi-дүркiн шабуыл жасап оның кейбiр ӛлкесiн, қаласын жаулап алып отырды. Монғол шапқыншылығы тӛнiп келген кезде Хорезм шах пен қыпшақ арасындағы алауыздық олардың моңғол шапқыншылығына жем болуына әкеп соқты. Қыпшақтар түрiк тiлдес халық, қазақтың ата бабасы. Қазақ халқы қалыптасуының алдында ғана Қазақстан жерiн мекендеген қыпшақтар қазақтың халық болып қалыптасуының ұйытқысы болды. 6. Қимақтардың мемлекеттік құрылымындағы ежелгі түркі әлеуметтік-саяси дәстүрлерінің сабақтастығы туралы жазыңыз Қимақтардың мекенi Орталық, Солтүстiк, Шығыс Қазақстан қимақ, қыпшақ тайпалары бiрлестiгiнде феодалдық қатнастар бiртiндеп дамыған. Кимектер тарихының ертедегі кезеңі қытай деректемелерінде VIIғ батыс түрік ортасында болған оқиғаларға қатысты яньмо тайпасымен байланысты айтылған. Қимақтар IХ ғасырдан бастап ӛз алдына жеке мемлекет болып ӛмiр сүрген. Кейбiр мәлiметтер бойынша Қимақ мемлекетiнiң орталығы Имакия қаласы. Жазба деректердiң хабарына қарағанда кимектердiң екiншi орталығы Ақкӛлдiң шығыс жағындағы Карантия қаласы болған.. Кимек билеушісі едәуір құдіретті болған. ІХғ аяғы – Хғ басында кимек қағанаты қалыптасқан уақыттан бастап, олардың патшасы түріктердің ең жоғарғы атағымен қаған деп атала бастады. Қаған атағы ябғу атағынан екі саты жоғары тұрған. Кимектер қағанының қолында нақты билік болды, ол ӛз мемлекеті шегінде билеушілерді тағайындаған, ал олар тайпа шонжарларының ӛкілдері болған. Қағанның билігі ғана емес, сонымен қатар оның айналасындағы тайпа ақсүйектерінің билігі де мұрагерлік бойынша ӛтіліп отырды. Тайпалық бірлестіктер құрылған кездегі сияқты кимек қағанатының құрылу үрдісінде де әскери институттар зор рӛл атқарды. Басқарушылар сонымен қатар әскери жетекшілер де болып, олар қағаннан қызмет үшін үлестер алып отырды. үлестік иеліктер әскер жасақтап отырды. Деректемелерде кимектердің этникалық және тілі жағынан түріктерге жататыны бірауздан жазады. Кимек этнонимінің уақыты жағынан алғаш рет айтылуы VIIIғ жатады. Кимек федерациясының алғашқы құрамы Гардизи еңбегінде келтірілген. Атақты түрiк тiлiнiң маманы М.Қашғаридiң еңбектерiнде де имақтар деп жазылған. IХ ғ. Ертiс пен Жоңғар алатауының арасында 12 қимақ тайпаларының бiрлестiгiнен қимақ мемлекетi құрылған. Мемлекеттiң жоғарғы билiгi ханның қолында болды. Ол мұрагерлiкке қалып отырған. IX ғ . ― Худуд Әл - Алам ― мен әл - Идрисидің хабарларына қарағанда , Ертіс пен Жоңғар Алатауының арасында 12 қимақ тайпаларының бірлестігінен Жаңа Қимақ мемлекеті құрылған . Мемлекеттің жоғары бӛлігі хақанның қолында болған . Ол мұрагерлікке қалып отырған . Хақаннан кейінгі билік қимақ мемлекетінің құрамына енген тайпалар бірлестігін басқарған жабғулардың қолында болған . Олардың кейінгі жеке - жеке ру - тайпаларды шад - түтіктер билеген Сонда мемлекетті басқару жүйесі хақан - жабғу - шад - түтік . ― Худуд әл аламнын " хабары бойынша , қимақ ханның 2 нәмеңгері ( орынбасары ) болған . Бұлардың үлестік биліктері де үлестік жерлері де мұрагерлікке қалып отырған . Сонымен бірге мемлекетті басқаруға әскер басындағы кӛсемдер де қатынасып отырған . Ол үшін олар да хақаннан ӛздеріне тиісті үлестерін алып отырған . Қолбасшылар әрбір бірлескен 8 иеліктен әскер жасақтаған . Басқарудың жоғарыда жүргізілген жүйесі қимақ мемлекетіндегі татриархтык феодализмнің дамуынан келіп пайда болған . 7. Оғыздардың этникалық тарихының мәселелері және олардың қазақ халқының этногенезіндегі рөлін сипаттаңыз Оғыз мемлекетiнiң тарихы. Қазақстан территориясымен тығыз байланысты. Оғыз мемлекетi Сырдарияның ортасы мен тӛменгi ағысында IХ-Х ғасырда ӛмiр сүрдi. Оғыздардың құрамында Сырдарияның түрiк тұқымдас тайпалары, сол сияқты Жетiсу, Сібірдiң кӛшпелi, жартылай кӛшпелi тайпалары болды. IХ ғасырдағы ұзаққа созылған қақтығыстан соң оғыз кӛсемдерi Арал маңына, Батыс Қазақстан территориясына үстем болды. Осы жерге орналасқан түрiк тайпасы печенектерге соққы бердi. Мемлекет басында жоғарғы әкім-ябгу (жабғу). Жабғудың билігі ресми түрде патшалыққа сайланғанымен, іс жүзінде мемлекет билігі атадан балаға мұраға қалып отырды. Олардың орынбасары күл еркіндер деп аталды. Оғыздардың бас хандары әскери демократия кезінде халық жиналыстарының қайталанған түрі іспеттес кеңестерге сайланды. Алайда халық жиналыстары ӛте сирек шақырылды, ал күнделікті ӛмірде басты рӛлді шонжарлар кеңесі (қанқаш) атқарған. «Оғыз билеушілері» хан тұқымдарынан сайланған, (інілеріне қарағанда ағасына артықшылық жасалынды). Жабғудың «инал» деген атағы бар ӛз мұрагерлері болған, бала кезінде оларды тәрбиелеу үшін арнайы қамқоршылар (атабектер) тағайындалған. Сарайда әскери кеңеске сүйенетін оғыз әскерінің бастығы (сюбашы) маңызды орын атқарған. Оғыздардың этникалық құрамы . Қазақстан тарихында оғыз этникалық құрамының пайда болуы да басты бір көңіл аударарлық мәселенің бірі . Тарихшы ғалымдар бұл мәселеге де көңіл бөлген . Белгілі бір тиянақты пікір болмаса да көңіл бөлерліктей түрлі пікірлер бар . Ол пікірлерді негізінен төртке бөлуге болады . 1. Оғыздар ғұн тайпаларынан немесе олардың бір бұтағы тюгю түріктерінен таратады . 2. Оғыздар қимақ - қыпшақ тайпаларынан шыққан . 3. Оғыздар ұйғырлар . 4. Оғыздар массагеттерден тараған . Бұл пікірлерде екінші пікірге қосылуға болмайтыны рас . Бірақта бұл екі тайпаның ( қыпшақ оғыз ) шыққан тегі жақын екендігін ескеретін жағдай . Ал үшінші пікірдегі оғыздарды ұйғырлармен байланыстырудың да негізсіз еместігін ескерген жөн . Алғаш ұйғыр деген саяси термин болса , оғыз этникалық жағынан ұйғырларға тәуелді болған . Сондықтан бұл пікірдің де өзіндік тарих , тамыры бар . Басты көңіл бөлетін пікірлер - бiрiншi мен тертiншi . Сонгы пiкiр антропологиялык , этнографиялык жагынан зерттеуді қажет етеді Ал бiрiншi пiкiр шындыкка жакын сияқты . Оны Култегiн улкен жазуындағы мына шумақтар дәлелдей тусетiн сиякты . " Тогыз оғыз халкы езiме тон едi ..... Ушiншi рет огыздар мен соғыстық ... немесе Күлтегiн бек- бастаушымыз құтымыз ... Огыздардын арасына кiрдi . Бұл шумақтардан бiрiншi орыз сезiнiн дәл санауымыздың 1 мың жылдығының бірінші жартысынан пайда кай кезде шыққанын дәл айту қиын , дегенмен бiздiң жыл болгандыгына ешбiр күмән туғызбайтын сияқты . Ал , екiншiден , Тоғыз оғыздармен соғыстық ... оғыздарға карай әскермен жылжыдық ... оғыздардың арасына кiрдi " деген сөздер оғыздардың І - шi мың жылдықтың басында - ақ ру - тайпалық дәрежеде олардын есiп - дамып халықтық дәрежеге дейін өскендігін көрсететін болгандыгын айқындай туссе , ал Күлтегiндi жерлеу кезінде тіпті сиякты , сондықтан оғыз тайпалары Қазақстанға қарай жылжыған түрiк тайпаларының ішінде болған деген ой туғызды . " оғыз халқы өзiме тон халык ед Олай болса , оғыз сөзінің пайда болған жері де , оғыз ру - тайпалары ның қалыптасқан жері де Шығыс түрік қағанатының жері . VIII ғғ . тарихи жазба деректердегі түрік - оғыз , токуз - огуз , " усун иерте йатып " қалған он ок одағы т.б. түрік тайпаларынын аты - жөндерінің кездесу ; оғыздардың Қазақстанға шығыстан келгендерін және дәлелдей түседі . Оғыздардың құрамына тек түрiк тiлдес тайпалар гана кiрiп коймай , Арал , Каспий бойына келiп орналасқан , тіл жағынан түріктене бастаған , арғы тегі унді - европалықтар , фин - угорлар да кірген . Ал кытай деректерінің жазылуына караганда , оғыз тайпаларынын курамына баяндурлар , имурлер және кайлар кірсе , араб деректері оғыздардын катары имак - кимак тайпаларынын да кейбір бөліктері мен толықтырылып отырғанын хабарлайды . М.Қашқаридың дерегі бойынша , оғыз алғаш 24 тайпадан тұрса , ал Марвази олардың 12 тайпадан тұратындығын жазады. Егер 24 тайпадан құрылған кезі оғыздардың алғаш әр түрлі тайпалардан жаңа калы птаса бастаған кезiн көрсетсе , ал 12 тайпалык кезi ол кейiнгi мерзiмiн көрсетеді. Бұл - заңды құбылыс. Ол тайпалардың бір - бірімен косылып, саны азайып, халықтық дәрежеге көтеріле бастаған кезі. Алайда оғыз тайпалары ол кезеңге жетпей ыдырап кетеді. |