Главная страница

сабақ жоспары. 5қмж130. Тексерілді дожжо


Скачать 0.94 Mb.
НазваниеТексерілді дожжо
Анкорсабақ жоспары
Дата29.11.2021
Размер0.94 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файла5қмж130.docx
ТипДокументы
#285696
страница12 из 97
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   97



ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР № 14


Мектеп

Т.Рысқұлов атындағы №25 мектеп-гимназия

Мұғалімнің аты-жөні

Тилесбаев Берик Аргынбайулы

Сынып

5 «А»

5 «Ә»

5 «Б»

5 «В»

5 «Г»

Күні
















Қатысушылар саны:
















Қатыспағандар саны:
















Бөлім

1-бөлім. Жүгіру, секіру, лақтыру дағдыларына оқыту

Сабақтың тақырыбы

Топтық эстафеталық жұмыс

Оқу мақсаттары

5.3.5.5. Басқа адамдардың дене жаттығуларының тәжірибелерін байытуға арналған дағдыларды білу және орындау

Сабақ мақсаттары

Басқалардың дене жаттығулары тәжірибесін байыту мақсатында білім, біліктілік және дағдыларды қолдану

Бағалау критерийі

Дене жаттығуларының орындалуын анықтайды

Тілдік мақсаттар

Оқушылар: әр түрлі дене жаттығуларында жүгірумен, секірумен және лақтырумен байланысты дағдыларды сипаттай және талқылай алады.

Пәндік лексика және терминология мыналарды қамтиды: ширату және қалпына келу техникасы, эстетикалық созылу, динамикалық созылу, орнынан тұрып ұзындыққа секіру, екпін алып ұзындыққа секіру, «аттау» тәсілімен биікке секіру, секірулерді орындау кезеңдері: екпін алу, ұшу, қону, тамыр соғысы жиілігі, тыныс алу жиілігі, күш, координация, тепе-теңдік, жылдамдық, олимпиада ойындары, жарыстар, өнертапқыш, креативті, ережелер

Талқылауға арналған сұрақтар:

- жүгіру кезінде қандай физикалық қасиеттер дамиды?

- ұзындыққа секіруді орындаған кезде, біз қандай физикалық деректерге ие болуымыз керек?

- сендердің жүгіру техникаларыңа қатысты топ мүшелері нақты кері байланыс ұсына ма?

- дене әрекеттерін орындамас бұрын, неліктен сендерге ширату орындау қажет?

- ширатуға арналған, қауіпсіз және жас шамасына сай келетін қандай жаттығуларды білесіңдер?

- лақтыру кезінде қандай қауіпсіздік режелері туралы есте сақтауымыз керек?

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық: өзара жақсы қарым-қатынас орнатады, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастырады, бір-біріне көмек көрсетеді.

Академиялық әділдік: бір-бірін әділ бағалайды, идеялары мен ой-пікірлеріне құрметпен қарайды

Өмір бойы оқу: алған білімін өмірмен байланыстырады, кері байланыс орнатады, білім алуға деген сүйіспеншілікті қалыптастырады

Патриотизм және азаматтық борыш: отанға деген сүйіспеншілікті, адалдықты, өз іс-әрекеттерімен дәлелдейді

Өзіне және өзгеге құрмет: топтық жұмыс, жұптық жұмыс кезінде жүзеге асырады

Еңбек пен шығармашылық: альтернатив ойынды ұйымдастырады, ойын барысында жеңіске талпынады

Пәнаралық байланыстар

Биология, физика, математика, қазақ тілі, өзін-өзі тану, музыка

АКТ қолдану дағдылары

Ұялы телефон, планшет, ноутбук

Бастапқы білім

Топтық эстафеталық жұмыс

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

Сабақтың кезеңдері

Оқушының әрекеті

Педагогтің әрекеті

Оқу ресурстары

Сабақтың

басы

10 минут

Дайындық бөлімі: Оқушыларды қатарға тұрғызу. Сәлемдесу. Рапорт қабылдау. Оқушылардың спорттық киімдеріне назар аудару. Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерін анықтау. Техника қауіпсіздігін ескерту. Бой жазу жаттығуларын орындау. Тыныс жолдарын қалпына келтіру.

Оқушылардың қатарда түзу тұруың қадағалау. Келмеген оқушылардың себебін анықтау. Оқушылардың сабақтың тақырыбы мен мақсатын мұқият тыңдауын қадағалау. Бой жазу жаттығуларын ережеге сай орындалуын қадағалау.

http://summercamp.ru/%D0%9F%D0%BE%D0%B4%D0%B2%D0%B8%D0%B6%D0%BD%D1%8B%D0%B5_%D0%B8%D0%B3%D1%80%D1%8B_%D0%BD%D0%B0_%D0%B7%D0%B0%D0%BD%D1%8F%D1%82%D0%B8%D1%8F%D1%85_%D0%BB%D0%B5%D0%B3%D0%BA%D0%BE%D0%B9_%D0%B0%D1%82%D0%BB%D0%B5%D1%82%D0%B8%D0%BA%D0%BE%D0%B9

Сабақтың

ортасы

25 минут

Эстафета. Командалық жұмыс

(Ж, С, К) «Көшбасшының ізінен жүр».

5 және одан артық адамнан тұратын топта аға ойыншы тағайындалады, ол мұғалімнің тапсырмасы бойынша (немесе өз бетінше) олардың қандай арақашықтыққа үдеу жасайтындығын анықтайды. Стадион жолында сөре мен мәре сызықтары жүргізіледі. Көмекші мәреде әрбір ретте соңғы болып келген қатысушыны, ал жүгірушілер көп болған кезде-екі соңғы қатысушыны ойыннан шығарады. Олар тапсырма алады: өз беттерінше баяу жүгіру (стадион алаңында). Қалған балалар келесі үдеу орнына қарай аяңдап жүгіруді жалғастырады. Осылай екі ойыншы қалғанға дейін жалғасады. Соңғылары жеке тапсырма алады, ал ойыннан шыққандар оны қайта бастап, қайталайды. Үдеу 100 м артық орындалмайды. Шеңберде екі немесе үш-төрт үдеу болуы мүмкін-жүгіру жылдамдығы азырақ ұзындық кезінде.

Сыныпты топтарға бөлу кезінде топ күштері бойынша барынша сәйкес келетін оқушылардан тұруына ұмтылу қажет.

Әр түрлі лақтыру, секіру жаттығулары жеке тапсырмалар бола алады.

Саралау: 400-600 м аяңдап жүгіру. Қалған жүгіруші жеңімпаз атанады. Ол мұғалімнен тапсырма алады, ал қалған оқушылар ойынды басынан бастайды. Жүгіру қарқыны жоғары болуы керек, себебі бұл ойында жүгірулер саны көп емес. Әрбір жүгіруден кейін балалар аяңдап (немесе адымдап) сөре орнына қайта оралады.

(С, К) «Эстафеталық жүгіру»

Екі және одан артық команда қатысады. Жүгіру жолында бір-бірінен бірдей арақашықтықта (30 немесе 60 м), кезеңдерді белгілейтін бірнеше сызық сызылады. Командалардың барлық мүшелері рет бойынша саналған. Тек бірінші кезеңде бірінші нөмірлердің артына соңғы нөмірлі ойыншылар тұрады. Дене шынықтыру мұғалімінің сигналы бойынша бірінші нөмірлер екіншілерге жүгіреді және оларға эстафетаны береді, ал өздері орындарында қалады. Соңғы нөмірлі ойыншылар бірінші нөмірлі ойыншылар өз орындарынан кету бойына, олардың орындарын алады. Екінші нөмірлер эстафетаны үшінші нөмірге береді, олар төртінші нөмірлі ойыншыларға табыстайды және т.с.с.

Әрбір эстафетаны берген ойыншы оны қабылдаған ойыншының орнында қалады. Эстафета мұғалім ертерек жариялаған рет қайталанады.

Эстафеталарда топтардың саны сыныптағы балалардың санына, жолдардың, секунд өлшегіштердің санына, сондай-ақ мұғалімнің сабақтағы уақытына байланысты. Уақытты үнемдеу үшін топтар бір рет жинақталады-осы ойынды зерттеу басында-және одан әрі топ құрамы өзгермейді. Алайда жекелеген ойыншыларды бір топтан басқасына ауыстыруға болады. Топтарды аралас етуге болады (ұлдар мен қыздар бірге), қалған отрядтарда ұлдар мен қыздар жеке-жеке ойнайды.

Қайталаулар саны кезең ұзындығына байланысты: 30 м кезінде-1-2 рет, ал 60 м-3-4 рет. Тынығу кідірістері мұнда қысқа, ал жүгіру жылдамдығы жоғары, нәтижесінде балалардың ағзасына үлкен жүктеме түседі.

Шағын топтарға бөлініп, шеңбермен жүгіру кезінде эстафеталық таяқшаны беру техникаларын көрсетіңіз.

Дескриптор

- шеңбер бойынша жүгіреді;

- қозғалыста таяқшаны береді/алады;

- жеңіл жүгіріп, таяқшаны береді/алады.

Сабақтың

соңы

5 минут

Сабақты қорытындылау:

Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру. Тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау.

Сипаттама: Оқушылар өз беттерінше сабақтың басында қойылған сұраққа жауап береді. Өткен тақырып туралы кері байланыс беру үшін мұғалім сұрақ қояды, оқушылар ауызша жауап береді.

Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Сабақ басында қойылған сұрағына әр оқушыдан жауап сұрайды. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушылар мен үздіктерді атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады.

Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Үздік нәтиже көрсету үшін өзіндік ойлармен бөліседі. Сабақ басындағы мұғалім сұрағына жауап береді.

ҚОСЫМША АҚПАРАТ

Саралау-оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлау?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлау?

Бағалау-оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау барысында оқушылардың деңгейін анықтап, деңгейлері бойынша тапсырмалар бердім. Сабаққа белсенді қатысып тапсырманы дұрыс орындаған оқушыларды ауызша мадақтау арқылы бағаладым. Деңгейі жоғары оқушылармен араластырып білім деңгейлерін көтердім.

Оқушылар бір-біріне кері байланыс берді. «Қолмен белгі беру», «Бір минуттық эссе», «Ауызша бағалау» әдісі арқылы рефлексия жасалды.

Тапсырмаларды орындау кезінде спорттық құралдардың дұрыс орналасуына көңіл бөлу. Дене қыздыру жаттығуларының орындалуына аса көңіл бөлу, икемділікті дамытуға септігін тигізеді. Дене қуатын үнемдеу шарттары. Дұрыс тыныс алу. Сабақтың барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

-Сабақ мақсаттары, оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

-Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

-Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

-Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

-Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Сабақ мақсаттары, оқу мақсаттары жоспар бойынша нақты қойылған. Сабақ соңында барлық оқушы оқу мақсатына қол жеткізді. Сабақ соңында саралау жүргізіліп, сабақ қорытындыланды. Кіріспе бөлім 10 минут, негізгі бөлім 25 минут, қортынды 5 минут регламент сақталды. Сабақ жоспарынан ауытқулар болған жоқ

Жалпы баға

Caбaқтың жақсы өткен eкi acпeктici (оқыту туpaлы дa, oқу туpaлы дa ойланыңыз)?

_____________________________________________________________________________________________________

Caбaқты жaқcapтуғa не ықпал ете aлaды (оқыту туpaлы дa, oқу туpaлы дa ойланыңыз)?

_____________________________________________________________________________________________________

Caбaқ бapыcындa cынып туpaлы нeмece жeкeлeгeн oқушылapдың жeтicтiк/қиындықтapы туpaлы нeнi бiлдiм, кeлeci caбaқтapдa нeгe көңiл бөлу қaжeт?

_____________________________________________________________________________________________________

1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   97


написать администратору сайта