Главная страница

сабақ жоспары. 5қмж130. Тексерілді дожжо


Скачать 0.94 Mb.
НазваниеТексерілді дожжо
Анкорсабақ жоспары
Дата29.11.2021
Размер0.94 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файла5қмж130.docx
ТипДокументы
#285696
страница14 из 97
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   97



ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР№ 16


Мектеп

Т.Рысқұлов атындағы №25 мектеп-гимназия

Мұғалімнің аты-жөні

Тилесбаев Берик Аргынбайулы

Сынып

5 «А»

5 «Ә»

5 «Б»

5 «В»

5 «Г»

Күні
















Қатысушылар саны:
















Қатыспағандар саны:
















Бөлім

2-бөлім. Өзгертілген командалық ойындар

Сабақтың тақырыбы

Ойынның қабылдау техникасын үйрету

Оқу мақсаттары

5.1.1.1.Аздаған ауқымдағы арнайы спорттық спецификалық қозғалыс әрекеттерінің дәлдігін бақылауды және үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалыс дағдыларын білу және түсіну;

Сабақ мақсаттары

Түрлі арнайы спорттық қимыл-қозғалыс әрекеттерін орындау кезіндегі дәлдікті, бақылауды және икемділікті дамыту

Бағалау критерийі

Қозғалыс әрекеттерін бақылайды. Қимыл-қозғалыс үйлесімділігін сақтайды

Тілдік мақсаттар

Оқушылар: негізгі қозғалыс дағдыларын және әр түрлі ойындардағы қарым-қатынас дағдыларын көрсете алады.

Пәндік лексика және терминология мыналарды қамтиды: шабуылдау ойыны, шамадан тыс жүктелген ойындар, бейімделген ойындар, футбол добы, пластиктен жасалған доп, түрлі түсті таспалар, ысқырық, қағып алу, шабуылдаушы, қорғаушы, қарсылас, балдар, нысаналар, ережелер, тактика, стратегиялар, қарым-қатынас дағдылары: қарым-қатынас, бірлескен жұмыс, допты меңгеру, доптан айырылу, дене бөліктері: табан, аяқ бармақтарының ұштары, қол, табан, саусақтар, әзірлеу, жасау

Талқылауға арналған сұрақтар:

- жақсы пас жасау үшін біз не істеуіміз керек?

- мақсатқа жету үшін сендер командадағы мінез-құлықты қалай өзгерттіңдер?

- сендерге жиі пас беруге тура келді ме?

- команданың барлық мүшелерінің қатысуын қамтамасыз ету үшін тұрақты байланыс жүргіздіңдер ме?

- допты ұстап қалу үшін сендер қандай стратегияларды пайдаландыңдар?

- сендер командада қандай тактиканы пайдаланасыңдар?

- сен жеке ойынша ретінде, команда ойынын жақсарту үшін не істей аласың?

- сендердің командаларыңда допты қағып әкету дағдылары қаншалықты жақсы?

- ойында бастаманы кім көтерді, сен өзіңе бастама жүктедің бе?

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық: өзара жақсы қарым-қатынас орнатады, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастырады, бір-біріне көмек көрсетеді.

Академиялық әділдік: бір-бірін әділ бағалайды, идеялары мен ой-пікірлеріне құрметпен қарайды

Өмір бойы оқу: алған білімін өмірмен байланыстырады, кері байланыс орнатады, білім алуға деген сүйіспеншілікті қалыптастырады

Патриотизм және азаматтық борыш: отанға деген сүйіспеншілікті, адалдықты, өз іс-әрекеттерімен дәлелдейді

Өзіне және өзгеге құрмет: топтық жұмыс, жұптық жұмыс кезінде жүзеге асырады

Еңбек пен шығармашылық: альтернатив ойынды ұйымдастырады, ойын барысында жеңіске талпынады

Пәнаралық байланыстар

Биология, физика, математика, қазақ тілі, өзін-өзі тану, музыка

АКТ қолдану дағдылары

Ұялы телефон, планшет, ноутбук

Бастапқы білім

Топтық эстафеталық жұмыс

Спорттық және қозғалмалы ойындар

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

Сабақтың кезеңдері

Оқушының әрекеті

Педагогтің әрекеті

Оқу ресурстары

Сабақтың

басы

10 минут

Дайындық бөлімі: Оқушыларды қатарға тұрғызу. Сәлемдесу. Рапорт қабылдау. Оқушылардың спорттық киімдеріне назар аудару. Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерін анықтау. Техника қауіпсіздігін ескерту. Бой жазу жаттығуларын орындау. Тыныс жолдарын қалпына келтіру.

Оқушылардың қатарда түзу тұруың қадағалау. Келмеген оқушылардың себебін анықтау. Оқушылардың сабақтың тақырыбы мен мақсатын мұқият тыңдауын қадағалау. Бой жазу жаттығуларын ережеге сай орындалуын қадағалау.

Ысқырық

Сабақтың

ортасы

25 минут

(Т, К) «Аңшылар мен үйректер»

Ойыншылар 2 командаға бөлінеді: бірі-аңшылар, екіншісі-үйректер. Үлкен шеңбер сызылады, оның сыртына «аңшылар», ал ішіне-«үйректер» тұрады. Белгі бойынша «аңшылар» волейбол добын «үйректерге» тигізуге тырысады, олар шеңбер ішінде жүгіріп, доптан құтылуға тырысады. Доп тиген ойыншы ойыннан шығады. Барлық «үйректер» ойыннан шығарылған кезде, командалар орындарымен ауысады және ойын жалғасады.

Саралау: ойынды уақытқа өткізуге болады. Бірдей уақыт ішінде қай команданың көбірек «үйректі» ойыннан шығарғаны есептеледі. Доп тиген «үйрек» ойыннан шыққан болып есептеледі.

Пас беру алдында жан-жағына қарау қажеттілігіне, допты алумен байланыс орнатуға және допты алушыда жеткілікті бос кеңістіктің болуына назар аудартыңыз. Пасты асығыстықта бермеңіз, күте тұрып, бос ойыншыны табыңыз.

Сұрақ қойыңыз: Пас бермес бұрын, біз не істеуіміз керек? Жақсы пас беру үшін не істеуіміз керек? (мысалы, пас беріп, саусақпен нысан бағытын көрсетіңіз).

Волейбол ойынының допты төменнен және жоғарыдан беру техникаларын көрсетіңіз. Білім алушылар екі қатарға бір-біріне қарама-қарсы тұрады (жұптық жұмыс).

Дескриптор

- допты төменнен қабылдау техникасын орындайды;

- допты жоғарыдан қабылдау техникасын орындайды.

Сабақтың

соңы

5 минут

Сабақты қорытындылау:

Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру. Тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау.

Сипаттама: Оқушылар өз беттерінше сабақтың басында қойылған сұраққа жауап береді. Өткен тақырып туралы кері байланыс беру үшін мұғалім сұрақ қояды, оқушылар ауызша жауап береді.

Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Сабақ басында қойылған сұрағына әр оқушыдан жауап сұрайды. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушылар мен үздіктерді атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады.

Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Үздік нәтиже көрсету үшін өзіндік ойлармен бөліседі. Сабақ басындағы мұғалім сұрағына жауап береді.

ҚОСЫМША АҚПАРАТ

Саралау-оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлау?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлау?

Бағалау-оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау барысында оқушылардың деңгейін анықтап, деңгейлері бойынша тапсырмалар бердім. Сабаққа белсенді қатысып тапсырманы дұрыс орындаған оқушыларды ауызша мадақтау арқылы бағаладым. Деңгейі жоғары оқушылармен араластырып білім деңгейлерін көтердім.

Оқушылар бір-біріне кері байланыс берді. «Қолмен белгі беру», «Бір минуттық эссе», «Ауызша бағалау» әдісі арқылы рефлексия жасалды.

Тапсырмаларды орындау кезінде спорттық құралдардың дұрыс орналасуына көңіл бөлу. Дене қыздыру жаттығуларының орындалуына аса көңіл бөлу, икемділікті дамытуға септігін тигізеді. Дене қуатын үнемдеу шарттары. Дұрыс тыныс алу. Сабақтың барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

-Сабақ мақсаттары, оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

-Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

-Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

-Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

-Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Сабақ мақсаттары, оқу мақсаттары жоспар бойынша нақты қойылған. Сабақ соңында барлық оқушы оқу мақсатына қол жеткізді. Сабақ соңында саралау жүргізіліп, сабақ қорытындыланды. Кіріспе бөлім 10 минут, негізгі бөлім 25 минут, қортынды 5 минут регламент сақталды. Сабақ жоспарынан ауытқулар болған жоқ

Жалпы баға

Caбaқтың жақсы өткен eкi acпeктici (оқыту туpaлы дa, oқу туpaлы дa ойланыңыз)?

_____________________________________________________________________________________________________

Caбaқты жaқcapтуғa не ықпал ете aлaды (оқыту туpaлы дa, oқу туpaлы дa ойланыңыз)?

_____________________________________________________________________________________________________

Caбaқ бapыcындa cынып туpaлы нeмece жeкeлeгeн oқушылapдың жeтicтiк/қиындықтapы туpaлы нeнi бiлдiм, кeлeci caбaқтapдa нeгe көңiл бөлу қaжeт?

_____________________________________________________________________________________________________

1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   97


написать администратору сайта