Главная страница

сабақ жоспары. 5қмж130. Тексерілді дожжо


Скачать 0.94 Mb.
НазваниеТексерілді дожжо
Анкорсабақ жоспары
Дата29.11.2021
Размер0.94 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файла5қмж130.docx
ТипДокументы
#285696
страница67 из 97
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   97



ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР № 72


Мектеп

Т.Рысқұлов атындағы №25 мектеп-гимназия

Мұғалімнің аты-жөні

Тилесбаев Берик Аргынбайулы

Сынып

5 «А»

5 «Ә»

5 «Б»

5 «В»

5 «Г»

Күні
















Қатысушылар саны:
















Қатыспағандар саны:
















Бөлім

6-бөлім. Бірлескен іс-әрекеттегі ойын-сауық ойындары

Сабақтың тақырыбы

Ойын арқылы қиындықты шешу жолдарына оқыту

Спорттық және қозғалмалы ойындар

ӨҚН. Жарақат алғанда алғашқы медициналық көмек көрсету ережелері.

Оқу мақсаттары

5.1.4.4. Қимыл-қозғалысты орындау кезіндегі өзінің және өзгелердің біліктілік сапасын білу және анықтау

Спорттық ойын ережелерін және әдіс-тәсілдерін меңгеру

Өмір қауіпсіздігі негіздері курсының теориялық негіздерін, мақсатын, міндеттерін түсіндіру

Сабақ мақсаттары

Қимыл-қозғалыс әрекеттерін орындауды жақсарту үшін өзінің және өзгелердің біліктіліктерін бағалау

Бағалау критерийі

Ойын кезіндегі қимыл қозғалысты орындайды. Қимыл қозғалыстың сапасын анықтайды

Тілдік мақсаттар

Оқушылар: әр түрлі қызықты ойындардағы қимыл дағдылары мен қарым-қатынас дағдыларын талқылай алады.

Пәндік лексика және терминология мыналарды қамтиды: қызықты, проблеманы шешу, стратегия, тактика, бағдар, кедергілер жолағы, бағдарлану, карта, талқылау, жоспарлау, танысу, есептеу, бағалау, турист, бағыттаушы сөздер: тоқтау, жүру, оңға, солға, артқа, алға, бірге мазасыздану, ынтымақтастық, қарым-қатынас

Талқылауға арналған сұрақтар:

- сендер ойын барысында қандай пайдалы стратегияларды пайдаландыңдар?

- топ қалай орындап шықты?

- олар өзара жақсы әрекеттесті ме?

- олар топта түсінісумен байланысты туындаған проблемаларды қалай шешті?

- бағдар жобасын қандай баламалы идеялар жетілдіре алады?

- тапсырманы орындау кезінде сендер проблемаларды шешу үшін қандай стратегияларды/тактикаларды пайдаландыңдар?

- осы тапсырма бойынша сендер қайдан және қалай қолдау алдыңдар?

- пәнді сезіну және оны көзбен көрмей қабылдап табу қаншалықты оңай болды?

- осы тапсырма қандай ынтымақтастық дағдыларын дамытады?

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық: өзара жақсы қарым-қатынас орнатады, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастырады, бір-біріне көмек көрсетеді.

Академиялық әділдік: бір-бірін әділ бағалайды, идеялары мен ой-пікірлеріне құрметпен қарайды

Өмір бойы оқу: алған білімін өмірмен байланыстырады, кері байланыс орнатады, білім алуға деген сүйіспеншілікті қалыптастырады

Патриотизм және азаматтық борыш: отанға деген сүйіспеншілікті, адалдықты, өз іс-әрекеттерімен дәлелдейді

Өзіне және өзгеге құрмет: топтық жұмыс, жұптық жұмыс кезінде жүзеге асырады

Еңбек пен шығармашылық: альтернатив ойынды ұйымдастырады, ойын барысында жеңіске талпынады

Пәнаралық байланыстар

Биология, физика, математика, қазақ тілі, өзін-өзі тану, музыка

АКТ қолдану дағдылары

Ұялы телефон, планшет, ноутбук

Бастапқы білім

Ойын арқылы қиындықты шешу жолдарына оқыту

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

Сабақтың кезеңдері

Оқушының әрекеті

Педагогтің әрекеті

Оқу ресурстары

Сабақтың

басы

10 минут

Дайындық бөлімі: Оқушыларды қатарға тұрғызу. Сәлемдесу. Рапорт қабылдау. Оқушылардың спорттық киімдеріне назар аудару. Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерін анықтау. Техника қауіпсіздігін ескерту. Бой жазу жаттығуларын орындау. Тыныс жолдарын қалпына келтіру.

Оқушылардың қатарда түзу тұруың қадағалау. Келмеген оқушылардың себебін анықтау. Оқушылардың сабақтың тақырыбы мен мақсатын мұқият тыңдауын қадағалау. Бой жазу жаттығуларын ережеге сай орындалуын қадағалау.

Жуков М.Н. Қозғалыс ойындары: Пед. ЖОО студенттеріне арналған оқу құралы. - М.: «Академия» баспа орталығы, 2000. - 160 б.

Жалаушалар, ысқырық

Сабақтың

ортасы

25 минут

(К, Д) «Жалаушалардың артынан жүгіру».

Сынып командаларға бөлінеді, әрбір командада капитан сайланады. Команда сөре сызықтарының артына - бір-біріне қарама-қарсы орналасады. Командалар арасындағы арақашықтық - 20-30 м. алаңның ортасында, 2-3 м жолақпен шектелетін екі сызықтың арасында, шахмат тәртібінде жалаушалар қойылады. Белгі бойынша ойыншылар жалаушаларға жүгіріп келеді де, оларды барынша көбірек жинауға тырысады. Белгіленген уақыттан соң команда бойынша балалар сапқа қайта оралады. Капитандар ойыншылар алып келген жалаушаларды жинап, санайды. Әрбір жалауша үшін бір ұпай есептеледі. Көбірек ұпай жинаған команда жеңіске жетеді.

Мұғалім қауіпсіздік техникасына назар аударуы тиіс.

Мұғалім ойын ережесін түсіндіреді: 1. Жүгірген кезде жерде жатқан жалаушалардың кез келген санын жинауға рұқсат беріледі. 2. Бір-бірінен жалаушаларды тартып алуға тыйым салынады. 3. Жалаушалар үшін орынды шектейтін сызықтарды басуға болмайды. 4. Командалардың капитандары барлығымен бірдей дәрежеде ойнайды. Мұғалім қимыл әрекеттерін жақсарту үшін оқушылардың ептіліктерін анықтауға назар аударады.

«Жалаушалармен жүгіру» ойынын орындаңыз. Екіге бөлініп, басшы тағайындаңыз. Топ арасындағы арақашықтық 20-30 метр. Топта екіге бөлініп, сызықтан 2-3 м жерде жалаушаларды шахмат түрінде орналастырыңыз. Дабыл бойынша жалаушаны бір-бірлеп алыңыз. Мәре сызығына жетіңіз,

жалаушаларды санаңыз (топ басшысы сайды).

Дескриптор

- тез, шапшаң, ширақ қимылдайды;

- мәре сызығына жетеді.

Спорттық және қозғалмалы ойындар.

Волейбол ойыны:

Шабуылдап соғуға ыңғайсыз келген допты бос алаңға алдап тастау әдістерін үйрету;

Сабақтың

соңы

5 минут

Сабақты қорытындылау:

Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру. Тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау.

Сипаттама: Оқушылар өз беттерінше сабақтың басында қойылған сұраққа жауап береді. Өткен тақырып туралы кері байланыс беру үшін мұғалім сұрақ қояды, оқушылар ауызша жауап береді.

Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Сабақ басында қойылған сұрағына әр оқушыдан жауап сұрайды. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушылар мен үздіктерді атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады.

Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Үздік нәтиже көрсету үшін өзіндік ойлармен бөліседі. Сабақ басындағы мұғалім сұрағына жауап береді.

ҚОСЫМША АҚПАРАТ

Саралау-оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлау?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлау?

Бағалау-оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау барысында оқушылардың деңгейін анықтап, деңгейлері бойынша тапсырмалар бердім. Сабаққа белсенді қатысып тапсырманы дұрыс орындаған оқушыларды ауызша мадақтау арқылы бағаладым. Деңгейі жоғары оқушылармен араластырып білім деңгейлерін көтердім.

Оқушылар бір-біріне кері байланыс берді. «Қолмен белгі беру», «Бір минуттық эссе», «Ауызша бағалау» әдісі арқылы рефлексия жасалды.

Тапсырмаларды орындау кезінде спорттық құралдардың дұрыс орналасуына көңіл бөлу. Дене қыздыру жаттығуларының орындалуына аса көңіл бөлу, икемділікті дамытуға септігін тигізеді. Дене қуатын үнемдеу шарттары. Дұрыс тыныс алу. Сабақтың барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

-Сабақ мақсаттары, оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

-Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

-Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

-Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

-Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Сабақ мақсаттары, оқу мақсаттары жоспар бойынша нақты қойылған. Сабақ соңында барлық оқушы оқу мақсатына қол жеткізді. Сабақ соңында саралау жүргізіліп, сабақ қорытындыланды. Кіріспе бөлім 10 минут, негізгі бөлім 25 минут, қортынды 5 минут регламент сақталды. Сабақ жоспарынан ауытқулар болған жоқ

Жалпы баға

Caбaқтың жақсы өткен eкi acпeктici (оқыту туpaлы дa, oқу туpaлы дa ойланыңыз)?

_____________________________________________________________________________________________________

Caбaқты жaқcapтуғa не ықпал ете aлaды (оқыту туpaлы дa, oқу туpaлы дa ойланыңыз)?

_____________________________________________________________________________________________________

Caбaқ бapыcындa cынып туpaлы нeмece жeкeлeгeн oқушылapдың жeтicтiк/қиындықтapы туpaлы нeнi бiлдiм, кeлeci caбaқтapдa нeгe көңiл бөлу қaжeт?

_____________________________________________________________________________________________________

1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   97


написать администратору сайта