Главная страница

ҚМЖ. 6-сынып 130 бұйрық. Тексерілді дожжо


Скачать 0.94 Mb.
НазваниеТексерілді дожжо
Дата01.02.2023
Размер0.94 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлаҚМЖ. 6-сынып 130 бұйрық.docx
ТипДокументы
#916118
страница79 из 97
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   97


ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР № 84


Мектеп

Т.Рысқұлов атындағы №25 мектеп-гимназия

Мұғалімнің аты-жөні

Тилесбаев Берик Аргынбайулы

Сынып

6 «А»

6 «Ә»

6 «Б»

6 «В»

6 «Г»

Күні
















Қатысушылар саны:
















Қатыспағандар саны:
















Бөлім

7. Ойын арқылы дағдыларды жақсарту

Сабақтың тақырыбы

Ойын кезінде алаңда бағдарлау дағдыларын оқып үйрену.

Спорттық және қозғалмалы ойындар. Аяқ добы ойыны: Допты алып жүру әдістерін үйрету. Допты ирелеңдетіп алып жүру әдістерін үйрету.

ӨҚН. Денсаулық және салауатты өмір салты туралы жалпы түсінік.

Оқу мақсаттары

6.2.4.1. Дене жаттығулары аясындағы іс-әрекеттерді оңтайландыру және балама түрлерін құруға қажет ережелер мен құрылымдық тәсілдерді түсіну және қолдана білу

Спорттық ойын ережелерін және әдіс-тәсілдерін меңгеру

ӨҚН. Өмір қауіпсіздігі негіздері курсының теориялық негіздерін, мақсатын, міндеттерін түсіндіру

Сабақ мақсаттары

Дене жаттығулары аясындағы іс-әрекеттерді оңтайландыру және балама түрлерін құруғақажет ережелер мен құрылымдық тәсілдерді бағалау

Бағалау критерийі




Тілдік мақсаттар

Оқушылар: командалық ойындарда өзінің дағдысымен түсініктерін талқылай және көрсете алады

Пәндік лексика және терминология мыналарды қамтиды: таза ойын, шабуыл, қорғаныс, ойындағы шабуыл элементтері, қозғалыс, шабуылдау соққы, ауысу, шабуылдау соққысы, кеңістіктегі бағдарлау, допты иелену, алдау және тоқтату, тактика, стратегия, дағдылар, жүгіру, жылдамдықты және қозғалыс бағытын өзгерту, допты алып жүру, қысқа және ұзындыққа допты беру, пас, лақтыру, допты беру, қақпашы, шабуылшы, бақылаушы, ереже, ұпайларды есептеу жүйесі.

Талқылауға арналған сұрақтар:

- допты иелену дағдысын қалай жетілдіресіз?

- қорғаушы ойыншыны ойынан тыс қалдыратын ең жақсы тәсіл қандай?

- доппен қозғалыс кезінде қандай тактика мен стратегияны қолдандыңыз?

- допты иелену үшін қандай тактика қолдандыңыз?

- ойын алаңында шабуылға шыққан кезінде неліктен қозғалысты жақсартасыз?

- бір ойыншыға назар аударған дұрыс па әлде қарсыластың бүкіл тобының жағдайын анықтаған дұрыс па, неге?

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық: өзара жақсы қарым-қатынас орнатады, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастырады, бір-біріне көмек көрсетеді.

Академиялық әділдік: бір-бірін әділ бағалайды, идеялары мен ой-пікірлеріне құрметпен қарайды.

Өмір бойы оқу: алған білімін өмірмен байланыстырады, кері байланыс орнатады, білім алуға деген сүйіспеншілікті қалыптастырады.

Патриотизм және азаматтық борыш: отанға деген сүйіспеншілікті, адалдықты, өз іс-әрекеттерімен дәлелдейді.

Өзіне және өзгеге құрмет: топтық жұмыс, жұптық жұмыс кезінде жүзеге асырады.

Еңбек пен шығармашылық: альтернатив ойынды ұйымдастырады, ойын барысында жеңіске талпынады.

Пәнаралық байланыстар

Биология, физика, математика, қазақ тілі, өзін-өзі тану, музыка

АКТ қолдану дағдылары

Ұялы телефон, планшет, ноутбук

Бастапқы білім

Ойын кезінде алаңда бағдарлау дағдыларын оқып үйрену

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

Сабақтың кезеңдері

Оқушының әрекеті

Педагогтің әрекеті

Оқу ресурстары

Сабақтың

басы

10 минут

Дайындық бөлімі: Оқушыларды қатарға тұрғызу. Сәлемдесу. Рапорт қабылдау. Оқушылардың спорттық киімдеріне назар аудару. Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерін анықтау. Техника қауіпсіздігін ескерту. Бой жазу жаттығуларын орындау. Тыныс жолдарын қалпына келтіру.

Оқушылардың қатарда түзу тұруың қадағалау. Келмеген оқушылардың себебін анықтау. Оқушылардың сабақтың тақырыбы мен мақсатын мұқият тыңдауын қадағалау. Бой жазу жаттығуларын ережеге сай орындалуын қадағалау.

Үлкен бос кеңістік, ысқырық, доп, уақыт өлшегіш.

Ғаламтор ресурстарына сілтеме:

Қозғалмалы ойындар.

http://futbol-prepod.narod.ru/index/0-7

Сабақтың

ортасы

25 минут

(Б) «Доппен үшінші артық» Ойыншылар саны -16 -20 адам. Алаң ортасына диаметрі 12-16 м шеңбер сызылады. Оқушылар жұптасып бірінің артына бірі шеңбер бойынша орналасады. Жұптар арасындағы арақашықтық 1-2 м. Мұғалім екі жүргізушіні тағайындайды: оның бірі қашады, ал екіншісі қуады, екеуінде де доп болады. Дыбыстық белгі бойынша, қашатын ойыншы аяғымен допты жүргізе отырып, қуғыншыдан барынша алысырақ кетуге тырысады да, кенеттен жұптардың бірінің алдына барып тұра қалады, артта тұрған ойыншы тез допты жылжыта отырып, қашып кетуі керек. Егер артта тұрған ойыншы қуғыншы болып, екіншіні келесі басқа жұптың алдына тұрғанға дейін қуып жете алса, орындарымен ауысады.

Ойын ережелері: 1. Ойыншылар жүгіріп бара жатқан кезде басқа ойыншыларға қолын немесе денесінің басқа бөлігін тигізбеу керек. 2. Жұптың артында тұрған ойыншыға, «қашқын» алға тұрып болмайынша, ойынды бастауға болмайды. 3. «Қашқынға» шеңбер ішімен жүгіруге болмайды, керісінше болған жағдайда, ол қуғыншы болады.

Спорттық және қозғалмалы ойындар.

Аяқ добы ойыны:

Допты алып жүру әдістерін үйрету;

Допты ирелеңдетіп алып жүру әдістерін үйрету;




Сабақтың

соңы

5 минут

Сабақты қорытындылау:

Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру. Тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау.

Сипаттама: Оқушылар өз беттерінше сабақтың басында қойылған сұраққа жауап береді. Өткен тақырып туралы кері байланыс беру үшін мұғалім сұрақ қояды, оқушылар ауызша жауап береді.

Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Сабақ басында қойылған сұрағына әр оқушыдан жауап сұрайды. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушылар мен үздіктерді атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады.

Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Үздік нәтиже көрсету үшін өзіндік ойлармен бөліседі. Сабақ басындағы мұғалім сұрағына жауап береді.

ҚОСЫМША АҚПАРАТ

Саралау-оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлау?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлау?

Бағалау-оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау барысында оқушылардың деңгейін анықтап, деңгейлері бойынша тапсырмалар бердім. Сабаққа белсенді қатысып тапсырманы дұрыс орындаған оқушыларды ауызша мадақтау арқылы бағаладым. Деңгейі жоғары оқушылармен араластырып білім деңгейлерін көтердім.

Оқушылар бір-біріне кері байланыс берді. «Қолмен белгі беру», «Бір минуттық эссе», «Ауызша бағалау» әдісі арқылы рефлексия жасалды.

Тапсырмаларды орындау кезінде спорттық құралдардың дұрыс орналасуына көңіл бөлу. Дене қыздыру жаттығуларының орындалуына аса көңіл бөлу, икемділікті дамытуға септігін тигізеді. Дене қуатын үнемдеу шарттары. Дұрыс тыныс алу. Сабақтың барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

-Сабақ мақсаттары, оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

-Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

-Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

-Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

-Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Сабақ мақсаттары, оқу мақсаттары жоспар бойынша нақты қойылған. Сабақ соңында барлық оқушы оқу мақсатына қол жеткізді. Сабақ соңында саралау жүргізіліп, сабақ қорытындыланды. Кіріспе бөлім 10 минут, негізгі бөлім 25 минут, қортынды 5 минут регламент сақталды. Сабақ жоспарынан ауытқулар болған жоқ

Жалпы баға

Caбaқтың жақсы өткен eкi acпeктici (оқыту туpaлы дa, oқу туpaлы дa ойланыңыз)?

_____________________________________________________________________________________________________

Caбaқты жaқcapтуғa не ықпал ете aлaды (оқыту туpaлы дa, oқу туpaлы дa ойланыңыз)?

_____________________________________________________________________________________________________

Caбaқ бapыcындa cынып туpaлы нeмece жeкeлeгeн oқушылapдың жeтicтiк/қиындықтapы туpaлы нeнi бiлдiм, кeлeci caбaқтapдa нeгe көңiл бөлу қaжeт?

_____________________________________________________________________________________________________

1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   97


написать администратору сайта