Главная страница

ҚМЖ. 6-сынып 130 бұйрық. Тексерілді дожжо


Скачать 0.94 Mb.
НазваниеТексерілді дожжо
Дата01.02.2023
Размер0.94 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлаҚМЖ. 6-сынып 130 бұйрық.docx
ТипДокументы
#916118
страница81 из 97
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   97


ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР № 86


Мектеп

Т.Рысқұлов атындағы №25 мектеп-гимназия

Мұғалімнің аты-жөні

Тилесбаев Берик Аргынбайулы

Сынып

6 «А»

6 «Ә»

6 «Б»

6 «В»

6 «Г»

Күні
















Қатысушылар саны:
















Қатыспағандар саны:
















Бөлім

7. Ойын арқылы дағдыларды жақсарту

Сабақтың тақырыбы

Тактикалық іс әрекеттердің негіздері

Оқу мақсаттары

6.1.5.1.Бірқатар дене жаттығуларының тактикаларын, стратегияларын және композициялық идеяларын түсіну және қолдана білу

Сабақ мақсаттары

Бірқатар дене жаттығуларының тактикаларын, стратегиялары мен құрылымдық идеяларын қолдану және бағалау

Бағалау критерийі

Жаттығуларды орындауда тактикасын, стратегиясын және композициялық идеяларын қолданады

Тілдік мақсаттар

Оқушылар: командалық ойындарда өзінің дағдысымен түсініктерін талқылай және көрсете алады

Пәндік лексика және терминология мыналарды қамтиды: таза ойын, шабуыл, қорғаныс, ойындағы шабуыл элементтері, қозғалыс, шабуылдау соққы, ауысу, шабуылдау соққысы, кеңістіктегі бағдарлау, допты иелену, алдау және тоқтату, тактика, стратегия, дағдылар, жүгіру, жылдамдықты және қозғалыс бағытын өзгерту, допты алып жүру, қысқа және ұзындыққа допты беру, пас, лақтыру, допты беру, қақпашы, шабуылшы, бақылаушы, ереже, ұпайларды есептеу жүйесі.

Талқылауға арналған сұрақтар:

- допты иелену дағдысын қалай жетілдіресіз?

- қорғаушы ойыншыны ойынан тыс қалдыратын ең жақсы тәсіл қандай?

- доппен қозғалыс кезінде қандай тактика мен стратегияны қолдандыңыз?

- допты иелену үшін қандай тактика қолдандыңыз?

- ойын алаңында шабуылға шыққан кезінде неліктен қозғалысты жақсартасыз?

- бір ойыншыға назар аударған дұрыс па әлде қарсыластың бүкіл тобының жағдайын анықтаған дұрыс па, неге?

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық: өзара жақсы қарым-қатынас орнатады, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастырады, бір-біріне көмек көрсетеді.

Академиялық әділдік: бір-бірін әділ бағалайды, идеялары мен ой-пікірлеріне құрметпен қарайды.

Өмір бойы оқу: алған білімін өмірмен байланыстырады, кері байланыс орнатады, білім алуға деген сүйіспеншілікті қалыптастырады.

Патриотизм және азаматтық борыш: отанға деген сүйіспеншілікті, адалдықты, өз іс-әрекеттерімен дәлелдейді.

Өзіне және өзгеге құрмет: топтық жұмыс, жұптық жұмыс кезінде жүзеге асырады.

Еңбек пен шығармашылық: альтернатив ойынды ұйымдастырады, ойын барысында жеңіске талпынады.

Пәнаралық байланыстар

Биология, физика, математика, қазақ тілі, өзін-өзі тану, музыка

АКТ қолдану дағдылары

Ұялы телефон, планшет, ноутбук

Бастапқы білім

Ойын кезінде алаңда бағдарлау дағдыларын оқып үйрену

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

Сабақтың кезеңдері

Оқушының әрекеті

Педагогтің әрекеті

Оқу ресурстары

Сабақтың

басы

10 минут

Дайындық бөлімі: Оқушыларды қатарға тұрғызу. Сәлемдесу. Рапорт қабылдау. Оқушылардың спорттық киімдеріне назар аудару. Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерін анықтау. Техника қауіпсіздігін ескерту. Бой жазу жаттығуларын орындау. Тыныс жолдарын қалпына келтіру.

Оқушылардың қатарда түзу тұруың қадағалау. Келмеген оқушылардың себебін анықтау. Оқушылардың сабақтың тақырыбы мен мақсатын мұқият тыңдауын қадағалау. Бой жазу жаттығуларын ережеге сай орындалуын қадағалау.

Ысқырық, доп, уақыт өлшегіш.

http://www.igraza.ru/page-3-1-8.html

https://summercamp.ru/%D0%9F%D0%BE%D0%B4%D0%B2%D0%B8%D0%B6%D0%BD%D1%8B%D0%B5_%D0%B8%D0%B3%D1%80%D1%8B_%D1%81_%D0%BC%D1%8F%D1%87%D0%BE%D0%BC

Сабақтың

ортасы

25 минут

(ЖЖ, Т, К) «Допты шеңберден шығар». Ойыншылар арақашықтығы қол созымдай етіп шеңбер құрып тұрады. Жүргізуші допты алып шеңбер ортасына шығады, допты жерге қойып, белгі бойынша оны аяғымен теуіп, доп ойыншылардың тізесінен жоғары көтерілмейтіндей етіп, шеңберден шығаруға тырысады. Шеңберді бойлай тұрғандар допты аяқпен ұстап, оны шеңберден шығармауы тиіс. Ұстап алған допты ойыншылар жүргізушіге берместен, бір-біріне тебуге болады. Егер ортадағы жүргізуші допты шеңберден шығара алмаса, онда допты өзінің оң жағынан жіберіп алған ойыншы оның орнына барып жүргізуші болады. Әрбір ойыншы өзі мен оң жағындағы көршісі арасынан допты өткізіп алмауға тырысуы керек.

Бір де бір рет жүргізуші болмаған немесе ең аз жүргізуші болған ойыншы жеңімпаз болып саналады.

Осы ойындағы ұсынылатын әрекет түріне байланысты оқушылар үшін қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқама жүргізіңіз. Ойыншылар допты қолмен ұстамаулары керек. Шеңберден жоғары ұшқан доп жүргізушіге қайтарылады.

Сұрақ: Допты алу үшін, сіз қандай тактиканы қолдандыңыз?

Доппен жүру барысында қандай тактикалар мен стратегияларды пайдаланыңыздар?

(С, Т, К) «Екі аңшы». Әрбір ойыншыда футбол добы болады, оны ол шектелген алаңда жүргізу керек. Екі «аңшы» аяқтарымен допты жүргізе отырып, оңтайлы сәтте ойыншылардың бірінің добына тигізуге тырысады. Егер олай істей алса, добына тигізіп алған ойыншы «аңшының» көмекшісі болады. Ол допты жүргізе және бере алады, бірақ ол басқалардың добын ұра алмайды. Тапсырманы кім тезірек орындаса, сол жеңімпаз болады.

Ойын ережелері мен қауіпсіздік техникасының сақталуын қадағалаңыздар.

Сұрақ: Бір ойыншыға бір рет назар аударған дұрыс па әлде қарсыластың бүкіл тобының жағдайын анықтаған дұрыс па, неге?

Алаңдағы тактикалық іс-әрекетті түсіну үшін келесі тапсырманы орындаңыз:

Төрттікпен – екі шабуылшы және екі қорғаушы арқылы әрекет етіңіз. Шабуылдаушы ойыншылар допты бірі-біріне бере, алға қарай жүгіреді (мұнда да жүгіру жылдамдығы алдын-ала келісілу керек), ал қорғаушылар болса, жанымен адымдай, шабуылшылардың жолын бөгеуге әрекет етеді. Шабуылшылардың бірі доптан айырылып қалса немесе шабуыл сәтті аяқталса, ойыншылар орнымен ауысады: қорғаушылар болған ойыншылар шабуылға шығады да, шабуылшылар қорғанысқа өтеді.

Дескриптор

- жаттығуды орындауда ойын тактикасын, стратегиясын, міндетін нақты қолданады.




Сабақтың

соңы

5 минут

Сабақты қорытындылау:

Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру. Тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау.

Сипаттама: Оқушылар өз беттерінше сабақтың басында қойылған сұраққа жауап береді. Өткен тақырып туралы кері байланыс беру үшін мұғалім сұрақ қояды, оқушылар ауызша жауап береді.

Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Сабақ басында қойылған сұрағына әр оқушыдан жауап сұрайды. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушылар мен үздіктерді атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады.

Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Үздік нәтиже көрсету үшін өзіндік ойлармен бөліседі. Сабақ басындағы мұғалім сұрағына жауап береді.

ҚОСЫМША АҚПАРАТ

Саралау-оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлау?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлау?

Бағалау-оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау барысында оқушылардың деңгейін анықтап, деңгейлері бойынша тапсырмалар бердім. Сабаққа белсенді қатысып тапсырманы дұрыс орындаған оқушыларды ауызша мадақтау арқылы бағаладым. Деңгейі жоғары оқушылармен араластырып білім деңгейлерін көтердім.

Оқушылар бір-біріне кері байланыс берді. «Қолмен белгі беру», «Бір минуттық эссе», «Ауызша бағалау» әдісі арқылы рефлексия жасалды.

Тапсырмаларды орындау кезінде спорттық құралдардың дұрыс орналасуына көңіл бөлу. Дене қыздыру жаттығуларының орындалуына аса көңіл бөлу, икемділікті дамытуға септігін тигізеді. Дене қуатын үнемдеу шарттары. Дұрыс тыныс алу. Сабақтың барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

-Сабақ мақсаттары, оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

-Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

-Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

-Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

-Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Сабақ мақсаттары, оқу мақсаттары жоспар бойынша нақты қойылған. Сабақ соңында барлық оқушы оқу мақсатына қол жеткізді. Сабақ соңында саралау жүргізіліп, сабақ қорытындыланды. Кіріспе бөлім 10 минут, негізгі бөлім 25 минут, қортынды 5 минут регламент сақталды. Сабақ жоспарынан ауытқулар болған жоқ

Жалпы баға

Caбaқтың жақсы өткен eкi acпeктici (оқыту туpaлы дa, oқу туpaлы дa ойланыңыз)?

_____________________________________________________________________________________________________

Caбaқты жaқcapтуғa не ықпал ете aлaды (оқыту туpaлы дa, oқу туpaлы дa ойланыңыз)?

_____________________________________________________________________________________________________

Caбaқ бapыcындa cынып туpaлы нeмece жeкeлeгeн oқушылapдың жeтicтiк/қиындықтapы туpaлы нeнi бiлдiм, кeлeci caбaқтapдa нeгe көңiл бөлу қaжeт?

_____________________________________________________________________________________________________

1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   97


написать администратору сайта