Главная страница
Навигация по странице:

  • 6-бап. Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдарының шет мемлекеттердiң органдарымен және халықаралық құқық қорғау ұйымдарымен өзара iс-қимылы

  • 3-тарау. Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы іс-қимылды

  • 7-бап. Терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының құзыреті

  • 8-бап. Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдарының терроризмге қарсы іс-қимылдағы құзыреті

  • 9-бап. Терроризмге қарсы іс-қимылда Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына жәрдемдесудің міндеттілігі

  • вывы. Терроризмге арсы ісимыл туралы


    Скачать 49.42 Kb.
    НазваниеТерроризмге арсы ісимыл туралы
    Дата30.09.2022
    Размер49.42 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаz990000416_.11-09-2022.kaz.docx
    ТипДокументы
    #706479
    страница2 из 6
    1   2   3   4   5   6
    5-бап. Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдарының өзара iс-қимылы


          Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.04.08 № 266-IV Заңымен.



          Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдары өз құзыретi шегiнде:



          1) мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың мүмкiндiктерiн, сондай-ақ азаматтардың көмегiн пайдалана отырып, бiр-бiрiмен өзара iс-қимыл жасайды;



          2) террористік iс-әрекетке жататын және осы мемлекеттiк органдардың құзыретiне енгiзiлген әрекеттердiң дайындалу фактiлерi мен белгiлерi туралы хабардар етедi және өзара қажеттi көмек көрсетедi;



          3) терроризмге қарсы бiрлескен операцияларды жүргiзедi.



          Ескерту. 5-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.04.08 № 266-IV Заңымен.




    6-бап. Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдарының шет мемлекеттердiң органдарымен және халықаралық құқық қорғау ұйымдарымен өзара iс-қимылы


          Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.04.08 № 266-IV Заңымен.



          Терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары терроризмге қарсы іс-қимыл саласында ұлттық заңнамаға және халықаралық шарттарға сәйкес шет мемлекеттердің органдарымен, халықаралық құқық қорғау ұйымдарымен ынтымақтастық орнатады, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттердің аумағында жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын жүргізеді.



          Қазақстан Республикасы терроризм актісін кімнің қай жерде жасағанына қарамастан, террористік іс-әрекетке қатысты адамдарды басқа мемлекеттердің құзыретті органдарының сұратуы бойынша өз аумағынан қуғындайды.



          Ескерту. 6-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.04.08 № 266-IV Заңымен; 28.12.2016 № 36-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.




    3-тарау. Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы іс-қимылды
    жүзеге асыратын мемлекеттік органдарының құзыреті


          Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 2010.04.08 № 266-IV Заңымен.


    7-бап. Терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының құзыреті


          Терроризмге қарсы іс-қимылды мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде жүзеге асырады:



          1) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары:



          Қазақстан Республикасының заңдарымен өздерінің қарауына жатқызылған террористік қылмыстарды анықтайды, олардың алдын алады, жолын кеседi және оларды тергеп-тексереді;



          террористік қатерлерді талдауды және болжауды жүзеге асырады;



          терроризмге қарсы операциялар жүргізуді ұйымдастырады;



          қарсы барлау іс-шаралары арқылы террористік әрекетке қарсы іс-қимылды жүзеге асырады;



          шет мемлекеттердің тиісті құзыретті органдарымен, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен ынтымақтасады;



          террористік және экстремистік ұйымдарға қарсы іс-қимыл саласында барлау қызметін жүзеге асырады;



          Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің және олардың персоналының террористік қатерлерден қорғалуын қамтамасыз етуге қатысады және Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің терроризмге қарсы қорғалуының Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы іс-қимыл туралы заңнамасында көзделген талаптарға сәйкестігін айқындайды;



          Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының террористік тұрғыдан осал объектілерінің тізбесін олардың санаттарына сәйкес әзірлейді және бекітеді;



          2) Қазақстан Республикасының ішкi iстер органдары:



          Қазақстан Республикасының заңдарымен өздерінің қарауына жатқызылған террористік қылмыстарды анықтайды, олардың алдын алады, жолын кеседi және оларды тергеп-тексереді;



          терроризмге қарсы операцияларды жүргізуге қатысады;



          Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери бөлімдері мен мекемелерін, Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының объектілерін, сондай-ақ күзетілетін объектілер мен Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерін қоспағанда, террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының жай-күйін бақылайды;



          Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери бөлімдері мен мекемелерінің, Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдары объектілерінің паспорттарын, сондай-ақ күзетілетін объектілердің, Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің паспорттарын қоспағанда, террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу паспорттарын келіседі, есепке алуды, сақтауды және (немесе) жоюды жүргізеді;



          3) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі:



          "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің, өзге де күзетілетін адамдардың және күзетілуге жататын объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, күзет іс-шараларын ұйымдастырады және жүргізеді;



          санаттарына сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің террористік тұрғыдан осал объектілерінің тізбесін бекітеді және терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру бойынша оларға қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді;



          күзетілетін адамдардың болуына арналған, террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын қосымша талаптарды белгілеуге құқылы;



          күзетілетін объектілердің терроризмге қарсы қорғалу паспорттарын келіседі, есепке алуды, сақтауды және (немесе) жоюды жүргізеді.



          Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының шешімі бойынша күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша терроризмге қарсы операциялар жүргізіледі;



          4) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі:



          терроризмге қарсы операцияларды жүргізу кезінде әуе, су және жер беті кеңістігіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысады;



          Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің террористік тұрғыдан осал әскери бөлімдері мен мекемелерінің тізбесін олардың санаттарына сәйкес әзірлейді және бекітеді;



          Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің террористік тұрғыдан осал әскери бөлімдері мен мекемелерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастырады;



          5) алып тасталды - ҚР 13.05.2020 № 325-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.





          6) Қазақстан Республикасының қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органы қаржы мониторингін жүзеге асырады және "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл жөніндегі өзге де шараларды қолданады;



          7) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган жасалған терроризм актісінің салдарынан туындаған техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан халықты және аумақтарды қорғау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады, сондай-ақ оның салдарларын жоюға қатысады;



          7-1) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган қауіпті өндірістік объектілердің терроризмге қарсы қорғалуы жай-күйінің мониторингін ұйымдастыруға қатысады;



          8) сыртқы саясат саласындағы уәкілетті орган терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі халықаралық ынтымақтастық саласында Қазақстан Республикасының сыртқы саяси бағытының іске асырылуын қамтамасыз етеді, Қазақстан Республикасының шет елдердегі террористік тұрғыдан осал мекемелерінің тізбесін олардың санаттарына сәйкес әзірлейді және бекітеді;



          9) байланыс және ақпарат саласындағы уәкілетті орган әлеуметтік маңызы бар құндылықтарды және этносаралық келісімді насихаттауды қамтамасыз етеді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ақпараттық кеңістігінде терроризм идеологиясын таратуға қарсы іс-қимылды жүзеге асырады;



          9-1) мәдениет саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасында ішкі саяси тұрақтылықты және этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған шараларды іске асыруды қамтамасыз етеді;



          10) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган террористік әсер етуге ұшыраған объектілердің қалыпты жұмыс істеуі мен экологиялық қауіпсіздігін қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларға қатысады;



          11) мемлекеттік жоспарлау саласындағы уәкілетті орган ұлтаралық және конфессияаралық жанжалдарды және терроризм көріністерінің әлеуметтік-экономикалық алғышарттарын болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі басымдықтарын қалыптастыруға бағытталған шаралар кешенін әзірлеу мен іске асыруды жүзеге асырады;



          12) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган гидротехникалық құрылыстардың терроризмге қарсы қорғалуы жай-күйінің мониторингін ұйымдастыруға қатысады, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды, аса қауіпті организмдер көздерінің физикалық қорғалуына мемлекеттік фитосанитариялық бақылауды жүзеге асырады;



          13) көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган мүдделі мемлекеттік органдарды көлік-коммуникация саласының объектілерінде терроризмге қарсы іс-қимыл жасау жөніндегі міндеттерді шешуге қажетті ақпаратпен жедел қамтамасыз етуді ұйымдастырады және өз құзыреті шегінде олардың терроризмге қарсы қорғалуы жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз етеді;



          14) алып тасталды - ҚР 07.11.2014 № 248-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);





          15) экономикалық тергеу қызметі террористік қылмыстар жасау құралдары ретінде пайдаланылуы мүмкін қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және өзге де нәрселерді Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы заңсыз өткізуді анықтау және оның жолын кесу жөніндегі іс-шараларды, сондай-ақ терроризмді қаржыландыру көздерінің, арналарының және тәсілдерінің алдын алуды, анықтауды, жолын кесуді жүзеге асырады;



          16) атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті орган ядролық қондырғылардың, радиациялық көздердің, радиоактивті материалдарды сақтау пункттерінің терроризмге қарсы қорғалуының жай-күйін, ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды, радиоактивті қалдықтарды бірыңғай мемлекеттік есепке алу және бақылау жүйелерін бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады, өндірістік объектілердің терроризмге қарсы қорғалуы жай-күйінің мониторингін ұйымдастыруға қатысады;



          17) әділет органдары терроризм актісінің салдарынан жәбірленуші жеке және заңды тұлғаларға және оның жолын кесуге қатысқан адамдарға өз құзыретіне қатысты мәселелер бойынша, оның ішінде қажетті құжаттарды беруде тегін қажетті құқықтық көмекті ұйымдастырады;



          18) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган терроризм актісінің салдарынан зардап шеккен адамдарды және оның жолын кесуге қатысқан адамдарды жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша шараларды іске асыруды және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіруді қамтамасыз етеді;



          19) білім және ғылым саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін және жоғары оқу орындарында факультативтік сабақтар ұйымдастыру арқылы қоғамда терроризмге қарсы сананы қалыптастыруды қамтамасыз етеді, террористік әрекеттен зардап шеккен балаларды әлеуметтік оңалту мәселелері бойынша салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;



          20) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган терроризм актісінің салдарларын барынша азайту және (немесе) жою жөніндегі шараларды іске асыруға қатысады, шұғыл медициналық көмекті, терроризм актісінің салдарынан жәбірленуші адамдарды медициналық-психологиялық сүйемелдеуді ұйымдастырады;



          ЗҚАИ-ның ескертпесі!

          20-1) тармақшамен толықтыру көзделген – ҚР 21.05.2022 № 123-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.





          21) діни қызмет саласындағы уәкілетті орган конфессияаралық келісімді, азаматтардың діни қызметке құқықтарын қамтамасыз етеді және күш қолдану идеологиясы мен терроризмді насихаттауға жол бермеу мақсатында діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасайды.



          Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдары Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді орындайды.



          Ескерту. 7-бап жаңа редакцияда - ҚР 2013.01.08 № 63-V (алғашқы ресми жариялағанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 11.04.2014 № 189-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 2014.06.10 № 206-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2014 № 233-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 03.11.2014 № 244-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 07.11.2014 № 248-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 22.12.2016 № 28-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2017 № 124-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 13.05.2020 № 326-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.05.2020 № 325-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.




    8-бап. Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдарының терроризмге қарсы іс-қимылдағы құзыреті


          Ескерту. 8-бап алып тасталды - ҚР 2013.01.08 № 63-V (алғашқы ресми жариялағанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.


    9-бап. Терроризмге қарсы іс-қимылда Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына жәрдемдесудің міндеттілігі


          1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарының лауазымды адамдары терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға жәрдемдесуге және қажетті көмек көрсетуге міндетті.



          2. Қазақстан Республикасының азаматтары дайындалып жатқан немесе жасалған терроризм актісі туралы мәліметтерді терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға дереу хабарлауға міндетті.



          3. Дайындалып жатқан немесе жасалған терроризм актілері туралы ақпаратты мемлекеттік органдарға беру азаматтық борышты орындау болып бағаланады. Терроризм актісін болғызбауға немесе оның жолын кесуге көмектескен ақпарат үшін терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен сыйақы белгілейді және төлейді.



          Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.04.08 № 266-IV Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 02.08.2015 № 343-V (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.




    1   2   3   4   5   6


    написать администратору сайта