вывы. Терроризмге арсы ісимыл туралы
Скачать 49.42 Kb.
|
23-3-бап. Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының жай-күйін бақылау нәтижелері Ескерту. 23-3-бап алып тасталды - ҚР 13.05.2020 № 325-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі). 23-4-бап. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерлерінің тексеру жүргізу кезіндегі құқықтары мен міндеттері 1. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерінің (қызметкерлерінің) тексеру жүргізу кезінде: 1) осы Заңның 23-2-бабының 7-тармағында көрсетілген құжаттарды көрсеткен кезде бақылау субъектісінің (объектісінің) аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруге; 2) қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштерде материалдар мен мәліметтерді не олардың көшірмелерін тексеру нәтижелері туралы актіге қоса тіркеу үшін алуға, сондай-ақ тексеру нысанасына сәйкес инженерлік-техникалық қорғау құралдарына, ақпараттық жүйелер мен автоматтандырылған дерекқорға қолжетімділік алуға; 3) бақылау объектісінің бағытына сәйкес мемлекеттік органдар мен ұйымдардың мамандарын, консультанттарын және сарапшыларын тиісті мемлекеттік органдармен келісу бойынша тартуға; 4) аудио-, фото- және бейнетүсірілімді жүзеге асыруға құқығы бар. 2. Тексеру жүргізу кезінде Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкері (қызметкерлері): 1) террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету бөлігінде Қазақстан Республикасы терроризмге қарсы іс-қимыл туралы заңнамасында белгіленбеген талаптардың орындалуын тексеруге; 2) егер материалдар мен мәліметтер тексеру нысанасына жатпаса, оларды ұсынуды талап етуге; 3) инженерлік-техникалық қорғау құралдарын (олардың элементтерін, ақпарат жеткізгіштерді) алып қою туралы хаттама ресімдемей алып қоюға; 4) тексеру жүргізудің белгіленген мерзімін асыруға; 5) тексеру нысанасына сәйкес бақылау субъектісі есебінен шығындық сипаттағы іс-шараларды жүргізуге; 6) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тексеру жүргізу нәтижесінде алынған, коммерциялық, салықтық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария етуге және (немесе) таратуға құқылы емес. 3. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкері (қызметкерлері) тексеру жүргізу кезінде: 1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, бақылау субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға; 2) тексеруді осы Заңда айқындалатын негіздерде және тәртіпке сәйкес жүргізуге; 3) тексеру жүргізу кезеңінде бақылау субъектісінің (объектісінің) белгіленген жұмыс режиміне кедергі келтірмеуге; 4) бақылау субъектісіне немесе оның уәкілетті адамына тексеру жүргізу кезінде қатысуына кедергі келтірмеуге, тексеру нысанасына жататын мәселелер бойынша түсіндірме беруге; 5) тексеру жүргізу кезінде оның нысанасына жататын қажетті ақпаратты бақылау субъектісіне беруге; 6) тексеру жүргізу нәтижесінде алынған материалдар мен мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті. Ескерту. 8-тарау 23-4-баппен толықтырылды - ҚР 13.05.2020 № 325-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 23-5-бап. Бақылау субъектісінің немесе оның уәкілетті адамының тексеру жүргізу кезіндегі құқықтары мен міндеттері 1. Тексеруді жүзеге асыру кезінде бақылау субъектісі немесе оның уәкілетті адамы: 1) бақылау объектісіне тексеру жүргізу үшін келген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерін (қызметкерлерін) мынадай: осы Заңның 23-2-бабының 7-тармағында көзделген құжаттар болмаған; тексеру тағайындау туралы актіде көрсетілген тексеру мерзімі өткен не тексеру ұзартылған жағдайда тексеруді ұзарту туралы қосымша актіде көрсетілген мерзім өткен жағдайларда, жібермеуге; 2) егер материалдар мен мәліметтер тексеру нысанасына жатпаса, оларды ұсынбауға; 3) тексеру тағайындау туралы актіге, тексеру нәтижесі туралы актіге, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға және Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерінің (қызметкерлерінің) әрекетіне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен шағым жасауға; 4) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерінің (қызметкерлерінің) бақылау субъектілерінің (объектілерінің) қызметін шектейтін, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделмеген талаптарын орындамауға; 5) тексеруді жүзеге асыру процесін, Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерінің (қызметкерлерінің), мемлекеттік органдар мен ұйымдардың тартылатын мамандарының, консультанттарының және сарапшыларының жекелеген әрекеттерін олардың қызметіне кедергі жасамай, алынған ақпаратты, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және Интернетте еркін тарату құқығынсыз аудио және фото-, бейнетехника құралдарының көмегімен тіркеуге; 6) өз құқықтары мен заңды мүдделерін білдіру мақсатында жүргізілетін тексеруге үшінші тұлғаларды тартуға құқылы. 2. Тексеру жүргізу кезінде бақылау субъектісі немесе оның уәкілетті адамы: 1) бақылау субъекітісінің (объектісінің) аумағына және үй-жайларына осы Заңның 23-2-бабының 7-тармағында көрсетілген құжаттарды көрсеткен кезде Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерінің (қызметкерлерінің), сондай-ақ мемлекеттік органдар мен ұйымдардың тексеру жүргізуге тартылатын мамандарының, консультанттарының және сарапшыларының кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге; 2) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының тексеру жүргізу үшін келген қызметкерінің (қызметкерлерінің), сондай-ақ тексеру жүргізуге тартылатын мамандардың, консультанттардың және сарапшылардың осы объект үшін белгіленген нормативтерге сәйкес зиянды және қауіпті өндірістік әсер ету факторларынан қауіпсіздігін қамтамасыз етуге; 3) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкеріне (қызметкерлеріне) қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштерде материалдар мен мәліметтерді не олардың көшірмелерін тексеру нәтижелері туралы актіге және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға қоса тіркеу үшін ұсынуға, сондай-ақ террористік тұрғыдан осал объектілердің инженерлік-техникалық қорғау құралдарына, оның ішінде ақпараттық жүйелерге және автоматтандырылған дерекқорға тексеру нысанасына сәйкес қолжетімділік беруге; 4) тексеру тағайындау туралы актінің екінші данасына алғаны туралы белгі қоюға; 5) тексеру аяқталған күні тексеру нәтижелері туралы актінің екінші данасына және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы алған кезде оның екінші данасына алғаны туралы белгі қоюға; 6) тексеру жүргізу кезеңінде тексеру нысанасына жататын материалдарға өзгерістер мен толықтырулар, сондай-ақ инженерлік-техникалық құралдардың, ақпараттық жүйелер мен автоматтандырылған дерекқордың конфигурациясына және сипаттамасына өзгерістер енгізуге жол бермеуге; 7) анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы орындауға міндетті. Ескерту. 8-тарау 23-5-баппен толықтырылды - ҚР 13.05.2020 № 325-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 24-бап. Терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы заңдылықтың сақталуын қадағалау Терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті жүзеге асыру кезінде заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалауды Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры және оған бағынысты прокурорлар жүзеге асырады. Ескерту. 24-бап жаңа редакцияда - ҚР 11.07.2017 № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК |