Главная страница
Навигация по странице:

  • 10-1-бап. Терроризмге қарсы ақпараттық-насихаттық іс-қимыл

  • 10-2-бап. Террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғау

  • 10-4-бап. Террористік материалдарды әкелуге, басып шығаруға, әзірлеуге және (немесе) таратуға жол бермеу

  • 11-бап. Террористік iс-әрекеттi анықтау

  • 12-бап. Терроризм актісінің жолын кесу

  • 13-бап. Оралымды штабтар

  • вывы. Терроризмге арсы ісимыл туралы


    Скачать 49.42 Kb.
    НазваниеТерроризмге арсы ісимыл туралы
    Дата30.09.2022
    Размер49.42 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаz990000416_.11-09-2022.kaz.docx
    ТипДокументы
    #706479
    страница3 из 6
    1   2   3   4   5   6
    4-тарау. Террористік іс-әрекеттің алдын алу, анықтау және жолын кесу

    10-бап. Террористік іс-әрекеттің алдын алу


          1. Қазақстан Республикасының аумағында:



          1) терроризмді насихаттауға;



          2) террористік ұйымдардың, сондай-ақ заңсыз әскерилендірілген құралымдардың құрылуына, тіркелуіне және жұмыс істеуіне тыйым салынады.



          2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарының террористік іс-әрекетке қатысқан шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне тыйым салуға құқығы бар.



          3. Алып тасталды - ҚР 2013.01.08 № 63-V (алғашқы ресми жариялағанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

          Ескерту. 10-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.04.08 № 266-IV Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2013.01.08 № 63-V (алғашқы ресми жариялағанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.




    10-1-бап. Терроризмге қарсы ақпараттық-насихаттық іс-қимыл


          1. Терроризмге қарсы ақпараттық-насихаттық іс-қимыл:



          терроризмнің қауіптілігін түсіндіру;



          террористер өз көзқарастары мен идеяларын насихаттауды солардың көмегімен жүзеге асыратын нысандарды, әдістерді және амалдарды әшкерелеу;



          қоғамда терроризмге қарсы сананы қалыптастыру;



          терроризм профилактикасында терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың және азаматтық қоғам институттарының күш-жігерін біріктіру;



          терроризмді қолдаудың әлеуметтік базасын қысқарту мақсатында жүзеге асырылады.



          2. Терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар:



          өз құзыреті шеңберінде терроризмге қарсы ақпараттық-насихаттық іс-қимылды ұйымдастыруға және үйлестіруге;



          осы қызметке бұқаралық ақпарат құралдары, заңды тұлғалар, азаматтық қоғам институттары, діни бірлестіктер өкілдерінің қатысуын ынталандыруға;



          қоғамда терроризмге қарсы сананы қалыптастыруға қатысуға міндетті.



          Ескерту. 4-тарау 10-1-баппен толықтырылды - ҚР 2013.01.08 № 63-V (алғашқы ресми жариялағанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.




    10-2-бап. Террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғау


          1. Орталық мемлекеттік органдар, оның ішінде Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар осы Заңның 4-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына сәйкес айқындалатын, террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптардың негізінде террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлейді және бекітеді.



          Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты әзірлеуге объектілерді террористік тұрғыдан осал объектілер қатарына жатқызу өлшемшарттарына сәйкес келетін объектілердің болуы негіз болып табылады, бұл ретте объектілер:



          мемлекеттік органның ведомстволары, аумақтық бөлімшелері, олардың және мемлекеттік органның қарауындағы және басқа да ведомстволық бағынысты ұйымдар болып табылатын органдар, ұйымдар болып табылады, сондай-ақ мемлекеттік органның ұйымдық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуінде болады;



          мемлекеттік орган іске асыратын саясат саласында (аясында) қызметті жүзеге асыру үшін арналған (пайдаланылады).



          Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының, ішкі істер органдарының объектілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери бөлімдері мен мекемелері үшін әзірленетін нұсқаулықтарды қоспағанда, террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықтар:



          күзетілетін объектілерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен;



          күзетілетін объектілер үшін – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметімен;



          Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері үшін – сыртқы барлау субъектілерімен келісіледі.



          2. Террористік тұрғыдан осал объектілерді қорғау мақсатында террористік тұрғыдан осал нақты объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жай-күйі туралы ақпарат қолжетімділігі шектеулі ақпарат болып табылады. Шектеуге жататын ақпарат түрлері осы Заңның 4-бабы 3-тармағының 4) тармақшасы негізінде әзірленетін нормативтік құқықтық актілерде айқындалады.



          Ескерту. 4-тарау 10-2-баппен толықтырылды - ҚР 2013.01.08 № 63-V (алғашқы ресми жариялағанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР 13.05.2020 № 325-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.




    10-3-бап. Террористік тұрғыдан осал объектілер меншік иелерінің, иеленушілерінің, басшыларының немесе өзге де лауазымды адамдарының, террористік тұрғыдан осал объектілер бойынша күзет қызметтерін көрсету туралы шарт жасасқан күзет қызметі субъектілерінің міндеттері


          Ескерту. 10-3-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 13.05.2020 № 325-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.



          1. Террористік тұрғыдан осал объектілердің меншік иелері, иеленушілері, басшылары немесе өзге де лауазымды адамдары олардың терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында осы Заңның 4-бабы 3-тармағының 4) тармақшасында көзделген, террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптарға және осы Заңның 10-2-бабының 1-тармағында көзделген, террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықтарға сәйкес:



          1) тиісті өткізу режимін, объектілерге қойылатын қойылатын талаптарға сәйкес оларды қазіргі заманғы инженерлік-техникалық күзет жабдықтарымен жарақтауды қамтамасыз ету;



          2) үлгілік паспорттың негізінде – террористік тұрғыдан осал объектінің терроризмге қарсы қорғалуы паспортын әзірлеу;



          3) террористік тұрғыдан осал объектілердің персоналымен олардың терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету бойынша профилактикалық және оқу-жаттығу іс-шараларын ұйымдастыру;



          4) уәкілетті мемлекеттік органдармен және ұйымдармен, терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтармен терроризм актілеріне ден қою, сондай-ақ жасалған терроризм актісі салдарынан туындаған техногендік сипаттағы қатерлерді жою мәселелері бойынша бірлескен іс-қимылдарды жоспарлау және ұйымдастыру кезінде қатысу жөніндегі іс-шараларды іске асыруға міндетті.



          5) алып тасталды - ҚР 13.05.2020 № 325-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).





          Терроризм актісі жасалған жағдайда террористік тұрғыдан осал объектілердің меншік иелері, басшылары немесе өзге де лауазымды адамдары жасалған терроризм актісі туралы Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына немесе ішкі істер органдарына дереу хабарлауға және персоналды эвакуациялауды қамтамасыз етуге міндетті.



          1-1. Террористік тұрғыдан осал объектілер бойынша күзет қызметтерін көрсету туралы шарттар жасасқан күзет қызметі субъектілері тиісті өткізу режимін қамтамасыз ету, өз персоналымен оқу-жаттығу іс-шараларын ұйымдастыру, техникалық қорғау құралдарын тиісінше пайдалану жөніндегі міндеттерді осы Заңның 4-бабы 3-тармағының 4) тармақшасында көзделген, террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптарға және осы Заңның 10-2-бабының 1-тармағында көзделген, террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықтарға сәйкес орындайды.



          2. Тиісті іс-шараларды іске асыру мақсатында террористік тұрғыдан осал объектілердің меншік иелері, иеленушілері, басшылары немесе өзге де лауазымды адамдары қажетті қаржыландыруды көздеуге міндетті.



          3. Террористік тұрғыдан осал объектілердің меншік иелерінің, иеленушілерінің, басшыларының немесе өзге де лауазымды адамдарының, сондай-ақ террористік тұрғыдан осал объектілер бойынша күзет қызметтерін көрсету туралы шарттар жасасқан күзет қызметі субъектілерінің осы бапта көзделген міндеттерді орындамауы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа алып келеді.



          Ескерту. 4-тарау 10-3-баппен толықтырылды - ҚР 2013.01.08 № 63-V (алғашқы ресми жариялағанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 22.12.2016 № 28-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.05.2020 № 325-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.




    10-4-бап. Террористік материалдарды әкелуге, басып шығаруға, әзірлеуге және (немесе) таратуға жол бермеу


          1. Қазақстан Республикасының аумағына террористік материалдарды әкелуге, оларды басып шығаруға, әзірлеуге және (немесе) таратуға тыйым салынады.



          2. Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін, онда басып шығарылатын, әзірленетін және (немесе) таратылатын және террористік іс-әрекет белгілері және (немесе) оны жүзеге асыруға, оның ішінде терроризм актісін жасауға шақыру қамтылған не осындай іс-әрекетті жүзеге асыру қажеттілігін негіздейтін немесе ақтайтын ақпараттық материалдарды прокурордың өтініші бойынша осындай талаптарды мәлімдеген прокурордың орналасқан жері бойынша немесе осындай материалдардың табылған жері бойынша сот оларды әкелуге, басып шығаруға, әзірлеуге және (немесе) таратуға тыйым сала отырып, террористік деп таниды.



          Ескерту. 4-тарау 10-4-баппен толықтырылды - ҚР 03.11.2014 № 244-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).




    11-бап. Террористік iс-әрекеттi анықтау


          1. Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдары террористік iс-әрекеттi анықтауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өткiзедi.



          2. Қазақстан Республикасының аумағындағы мемлекеттiк органдар мен ұйымдар, террористік iс-әрекет белгiлерi бар барлық оқиғалар туралы терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын органдарға хабарлауға мiндеттi.



          Ескерту. 11-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.04.08 № 266-IV Заңымен.




    12-бап. Терроризм актісінің жолын кесу


          1. Терроризм актісінің жолын кесу, террористерді, жарылғыш заттарды зиянсыздандыру, жеке адамдар мен ұйымдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ оның зардаптарын барынша азайту және (немесе) жою мақсатында терроризмге қарсы операция жүргізіледі.



          2. Адамдардың өмірі мен денсаулығын, материалдық құндылықтарды және объектілерді сақтау, сондай-ақ күш қолданбастан терроризм актісінің жолын кесу мүмкіндіктерін зерделеу мақсатында террористермен келіссөз жүргізуге жол беріледі. Келіссөз жүргізу оралымды штаб басшысы осыған арнайы уәкілдік берген адамға тапсырылады.



          3. Егер террористің (террористердің) терроризм актісін тоқтатуға келіспеуі себепті онымен (олармен) келіссөздер мақсатына қол жеткізілмесе және адамдардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп-қатер төніп тұрса, терроризмге қарсы операцияның басшысы террористі (террористерді) жою туралы шешім қабылдауға құқылы.



          4. Күзетілетін адамға немесе объектіге айқын қауіп-қатер төнгені анықталған немесе ондай қауіп-қатерді өзге заңды құралдармен жою мүмкін болмаған жағдайда террорист (террористер) терроризмге қарсы операция басшысының өкімімен келіссөз жүргізілмей және ескерту жасалмай жойылуы мүмкін.



          5. Мемлекеттік органдардың терроризмге қарсы операцияға қатысушы бөлімшелері Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес адам күшін, қызметтік иттерді, әскери және өзге де техниканы, қару мен арнаулы құралдарды қолданады.



          Ескерту. 12-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.04.08 № 266-IV Заңымен.




    12-1-бап. Террористік ұйымдарды, террористік деп танылған ақпараттық материалдарды және террористік іс-әрекетті жүзеге асырғаны үшін жауаптылыққа тартылған адамдарды есепке алу


          1. Терроризм профилактикасы, оны анықтау және оның жолын кесу мақсатында өз құзыреті шегінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік орган соттардың шешімдері негізінде террористік ұйымдарды, террористік деп танылған ақпараттық материалдарды және террористік іс-әрекетті жүзеге асырғаны үшін жауаптылыққа тартылған адамдарды есепке алуды жүргізеді.



          2. Сот ұйымды террористік деп таныған және террористік іс-әрекетті жүзеге асырғаны үшін оны тарату арқылы іс-әрекетіне тыйым салған, сондай-ақ ақпараттық материалдарды террористік деп таныған не террористік іс-әрекетті жүзеге асырғаны үшін адамдарды жауапқа тартқан кезде өз құзыреті шегінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органға сот ақпараттық есепке алу құжаттарын дереу жіберуге міндетті.



          3. Өз құзыреті шегінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік орган сот террористік деп таныған ұйымдардың және ақпараттық материалдардың бірыңғай тізімдерін жүргізеді.



          Көрсетілген тізімдер өз құзыреті шегінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органның интернет-ресурсында орналастырылуға тиіс.



          Ескерту. Заң 12-1-баппен толықтырылды - ҚР 2009.08.28 № 192-IV (2010.03.08 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; жаңа редакцияда - ҚР 03.11.2014 № 244-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).




    13-бап. Оралымды штабтар


          1. Терроризмге қарсы іс-қимыл жасау мақсатында тұрақты жұмыс істейтін республикалық және облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) және теңіздік жедел штабтары құрылады.



          2. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы республикалық жедел штабтың басшысы болып табылады.



          Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органының бастығы облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) жедел штабтың басшысы болып табылады.



          Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзетуді және Қазақстан Республикасының Каспий теңізіндегі шекара кеңістігінде белгіленген режимдердің сақталуына бақылауды жүзеге асыратын Шекара қызметі аумақтық бөлімшесінің бастығы теңіздік жедел штаб басшысы болып табылады.



          3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінiң бастығы "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес күзетiлуге жататын адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған терроризмге қарсы операцияны өткiзу кезiнде республикалық жедел штабтың басшысы болып табылады.



          Облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) жедел штабтың басшысын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы республикалық жедел штабтың құрамына кіретін мемлекеттік органдардың немесе олардың аумақтық органдарының өкілдері қатарынан тағайындайды.



          4. Республикалық оралымды штабтың құрамына терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың және өз құзыреті шегінде терроризмге қарсы операциялар жүргізуге қажетті көмек көрсете алатын өзге де мемлекеттік органдардың басшылары кіреді.



          Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) және теңіздік жедел штабының құрамына терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің және терроризмге қарсы операция жүргізуге өз құзыреті шегінде қажетті көмек көрсете алатын өзге де мемлекеттік органдардың басшылары кіреді.



          5. Алып тасталды – ҚР 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

          Ескерту. 13-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.04.08 № 266-IV Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2013.01.08 № 63-V (алғашқы ресми жариялағанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2014 № 233-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 03.11.2014 № 244-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.11.2020 № 375-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.




    1   2   3   4   5   6


    написать администратору сайта