Главная страница
Навигация по странице:

  • 14-бап. Терроризмге қарсы операцияларды жүргізуге тартылатын күштер мен құралдар

  • 14-1-бап. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін терроризм актілерінің жолын кесу үшін қолдану

  • 14-2-бап. Әуе кеңістігіндегі терроризм актілерінің жолын кесу

  • 14-3-бап. Қазақстан Республикасының ішкі және аумақтық суларында, балық аулау аймағында, континенттік қайраңында және теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде терроризм актілерінің жолын кесу

  • 15-бап. Терроризмге қарсы операция өткізілетін аймақтағы құқықтық режим

  • 15-1-бап. Терроризмге қарсы операцияны жүргізу кезеңінде қолданылатын шаралар мен уақытша шектеулер

  • вывы. Терроризмге арсы ісимыл туралы


    Скачать 49.42 Kb.
    НазваниеТерроризмге арсы ісимыл туралы
    Дата30.09.2022
    Размер49.42 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаz990000416_.11-09-2022.kaz.docx
    ТипДокументы
    #706479
    страница4 из 6
    1   2   3   4   5   6
    13-1-бап. Терроризмге қарсы операцияға басшылық жасау


          1. Терроризм актісінің қоғамдық қауіптілігінің ауқымы мен дәрежесіне, күтілетін теріс салдарларына қарай терроризмге қарсы операцияға басшылық жасауды республикалық немесе облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) және теңіздік жедел штабының басшысы жүзеге асырады.



          2. Оралымды штабтың басшысы терроризмге қарсы операция басталғаннан бастап ол аяқталғанға дейін операция басшысы және оны жүргізуге тартылатын барлық әскери қызметшілердің, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының қызметкерлері мен мамандарының бастығы болады. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес оралымды штабтың басшысы терроризмге қарсы операцияға қатысуға тартылатын шет мемлекеттердің арнайы мақсаттағы бөлімшелері мамандарының бастығы болады.



          Жаппай тәртіпсіздіктерден; ұлтаралық және конфессияаралық қақтығыстардан; жекелеген жергілікті жерлерді, аса маңызды және стратегиялық объектілерді қоршап алудан немесе басып алудан; заңсыз қарулы құралымдарды ұйымдастырудан және олардың қызметінен туындаған әлеуметтік сипаттағы төтенше ахуалдар кезінде терроризмге қарсы операцияны жүргізу туралы шешім әлеуметтік сипаттағы төтенше ахуалдардың алдын алу және оларды жою мақсатында құрылған республикалық және (немесе) өңірлік жедел штабтармен келісілгеннен кейін қабылданады.



          3. Төтенше жағдай режимі кезінде терроризмге қарсы операцияны жүргізу туралы шешім Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссиямен немесе жергілікті жердің комендантымен келісілгеннен кейін қабылданады.



          4. Республикалық жедел штабтың басшысы терроризм актісінің жасалғаны туралы немесе оның дайындалып жатқаны, сондай-ақ терроризмге қарсы операцияның басталғаны туралы расталған ақпаратты алған кезде Қазақстан Республикасының Президентіне, Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесіне, Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына және Қазақстан Республикасының Үкіметіне дереу хабарлайды.



          5. Атқаратын қызметіне қарамастан басқа лауазымды адамның терроризмге қарсы операцияның оралымды басшылығына заңсыз араласуына жол берілмейді.



          6. Жедел штабтың басшысы:



          1) терроризмге қарсы операцияның жүргізілу аймағының шекарасын, басталу және аяқталу уақытын айқындайды, берілген күштер мен құралдарды пайдалану бағыттары мен шектері туралы шешім қабылдайды.



          Бұл ретте терроризм актісінің қоғамдық қауіптілігінің ауқымдары мен дәрежесіне, күтілетін теріс салдарына қарай, көрсетілген шешімдерді – әлеуметтік сипаттағы төтенше ахуалдың алдын алу және оны жою мақсатында құрылған республикалық немесе өңірлік жедел штабпен, төтенше жағдай режимі кезінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссиямен немесе жергілікті жердің комендантымен келіседі;



          2) бұқаралық ақпарат құралдарының және жұртшылықтың өкілдерімен байланыста болу үшін жауапты жедел штабтың өкілін айқындайды;



          3) терроризмге қарсы операцияны жүргізу туралы шешім қабылдайды және жауынгерлік өкім (жауынгерлік бұйрық) береді.



          7. Осы баптың 2, 3-тармақтарында және 6-тармағының 1) тармақшасында көзделген, терроризмге қарсы операцияны жүргізуді келісу жөніндегі міндеттер күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі терроризмге қарсы операцияларға қолданылмайды.



          Ескерту. Заң 13-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.04.08 № 266-IV, өзгерістер енгізілді - ҚР 2013.01.08 № 63-V (алғашқы ресми жариялағанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2015 № 275-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.




    14-бап. Терроризмге қарсы операцияларды жүргізуге тартылатын күштер мен құралдар


          1. Терроризмге қарсы операцияларды жүргізу үшін оралымды штабтарға терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың қажетті күштері мен құралдары беріледі.



          2. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес, қажет болған жағдайларда терроризмге қарсы операцияға қатысу үшін шет мемлекеттердің арнайы мақсаттағы бөлімшелері тартылуы мүмкін.



          3. Терроризмге қарсы операция жүргізу барысында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері осы Заңға және "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша қолданылады.



          Ескерту. 14-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.04.08 № 266-IV Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 10.01.2015 № 275-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.




    14-1-бап. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін терроризм актілерінің жолын кесу үшін қолдану


          Ескерту. 14-1-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 10.01.2015 № 275-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).



          1. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері:



          1) терроризм актісін жасау үшін пайдаланылатын не террористер басып алған әуе кемелері ұшуының жолын кесуге;



          2) Қазақстан Республикасының ішкі және аумақтық суларында, балық аулау аймағында, континенттік қайраңында орналасқан теңіздегі экономикалық қызмет объектілерінде терроризм актілерінің жолын кесуге, сондай-ақ теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін;



          3) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген тәртіппен терроризмге қарсы операцияның өткізілуіне қатысу үшін қолданылады.



          2. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері терроризмге қарсы операцияны өткізу кезінде осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілеріне сәйкес арнайы құралдарды, қару мен жауынгерлік техниканы қолданады. Бұл ретте Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне терроризмге қарсы операцияны өткізу аймағында дене күшін, арнайы құралдарды, қаруды қолдану және жауынгерлік техниканы пайдалану шарттарына, тәртібі мен шегіне қатысты бөлігінде "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының ережелері қолданылады.



          Ескерту. 4-тарау 14-1-баппен толықтырылды - ҚР 2013.01.08 № 63-V (алғашқы ресми жариялағанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 10.01.2015 № 275-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 23.02.2021 № 11-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.




    14-2-бап. Әуе кеңістігіндегі терроризм актілерінің жолын кесу


          1. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қару мен жауынгерлік техниканы әуе кеңістігіндегі терроризм актісінің қатерін жою немесе жолын кесу мақсатында қолданады.



          2. Егер әуе кемесі жердегі басқару пункттерінің Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидаларын бұзуды тоқтату туралы радиокомандаларына және (немесе) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің оны жолдан ұстап қалуға көтерілген ұшу аппараттарының радиокомандалары мен көрінетін белгілеріне ден қоймаса не себебін түсіндірмей, радиокомандаларға және көрінетін белгілерге бағынудан бас тартса, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қару мен жауынгерлік техниканы осы әуе кемесін қонуға мәжбүрлеу арқылы оның ұшуының жолын кесу үшін қолданады. Егер әуе кемесі қону туралы талаптарға бағынбаса және адамдардың қаза табуының не техногендік апат туындауының нақты қаупі төнсе, қару мен жауынгерлік техника аталған әуе кемесін жойып жіберу арқылы оның ұшуының жолын кесу үшін қолданылады.



          3. Егер әуе кемесін терроризм актісін жасау үшін пайдалану туралы немесе әуе кемесін басып алу туралы анық ақпарат бар болса және бұл ретте қалыптасқан мән-жайлардан туындайтын, оны қондыру үшін қажетті барлық шаралар таусылса және адамдардың қаза табуының не техногендік апат туындауының нақты қаупі төнсе, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қару мен жауынгерлік техниканы аталған әуе кемесін жойып жіберу арқылы оның ұшуының жолын кесу үшін қолданады.



          Ескерту. 4-тарау 14-2-баппен толықтырылды - ҚР 2013.01.08 № 63-V (алғашқы ресми жариялағанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.




    14-3-бап. Қазақстан Республикасының ішкі және аумақтық суларында, балық аулау аймағында, континенттік қайраңында және теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде терроризм актілерінің жолын кесу


          Ескерту. 14-3-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 23.02.2021 № 11-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.



          1. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Қазақстан Республикасының ішкі және аумақтық суларында, балық аулау аймағында, континенттік қайраңында терроризм актісінің қатерін жою мақсатында және теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде қаруды, жауынгерлік техниканы және арнайы құралдарды қолданады.



          2. Егер теңіз немесе өзен кемелері және корабльдер (жүзу құралдары) Қазақстан Республикасының су кеңістігін пайдалану қағидаларын бұзуды тоқтату туралы командаларға және (немесе) белгілерге ден қоймаса не тоқтау туралы талаптарға бағынудан бас тартса, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери корабльдерінің (ұшу аппараттарының) қаруы терроризм актісінің қатерін жою мақсатында жүзу құралын тоқтауға мәжбүрлеу үшін қолданылады. Егер жүзу құралы тоқтау туралы талапқа бағынбаса және (немесе) оны тоқтауға мәжбүрлеу мүмкін болмаса және бұл ретте қалыптасқан мән-жайлардан туындайтын, оны тоқтату үшін қажетті барлық шаралар таусылса және адамдардың қаза табуының не экологиялық апат туындауының нақты қаупі төнсе, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери корабльдерінің (ұшу аппараттарының) қаруы жүзу құралын жойып жіберу арқылы оның қозғалысының жолын кесу үшін қолданылады.



          Ескерту. 4-тарау 14-3-баппен толықтырылды - ҚР 2013.01.08 № 63-V (алғашқы ресми жариялағанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 23.02.2021 № 11-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.




    15-бап. Терроризмге қарсы операция өткізілетін аймақтағы құқықтық режим


          1. Терроризм актісінің жолын кесу және оны ашу, оның салдарларын барынша азайту, тізбесі "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ жеке адамның, қоғамның және мемлекеттің өмірлік маңызы бар мүдделерін қорғау мақсатында терроризмге қарсы операция басшысының шешімі бойынша оның өткізілу шегінде терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимі оны өткізу кезеңіне енгізілуі мүмкін.



          2. Терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимін енгізу туралы шешім (шегінде (соларда) осындай режим енгізілетін аймақты (объектілер тізбесін) және қолданылатын шаралар мен уақытша шектеулер тізбесін айқындауды қоса алғанда) және оның күшін жою туралы шешім тиісті аумақтың халқына, жергілікті атқарушы органдарына және жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, ұйымдарының әкімшіліктеріне, объектілерінің басшыларына бұқаралық ақпарат құралдары мен телекоммуникация желілері арқылы дереу жеткізіледі.



          Ескерту. 15-бап жаңа редакцияда - ҚР 2013.01.08 № 63-V (алғашқы ресми жариялағанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 04.07.2014 № 233-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.




    15-1-бап. Терроризмге қарсы операцияны жүргізу кезеңінде қолданылатын шаралар мен уақытша шектеулер


          1. Терроризмге қарсы операцияны жүргізу аймағында терроризмге қарсы операцияға қатысушы тұлғалардың:



          1) жеке басын куәландыратын құжаттарды тексеруді жүргізуге, ал олар болмаған жағдайда – жеке басын анықтау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жеке тұлғаларды ұстауды жүзеге асыруға және оларды ішкі істер органдарына немесе басқа да мемлекеттік органдарға жеткізуге;



          2) жеке қарап тексеруге және жеке адамның заттарын қарап тексеруге, көлік құралдарын, оның ішінде техникалық құралдарды пайдалана отырып куәгерлердің қатысуынсыз қарап тексеруге;



          3) құқық бұзушылықтарды немесе терроризмге қарсы операцияға қатысатын адамдардың заңды талаптарына кедергі келтіруге бағытталған өзге де әрекеттерді жасаған немесе жасайтын, сондай-ақ терроризмге қарсы операцияны жүргізу аймағына рұқсатсыз кірумен немесе кіруге әрекет жасаумен байланысты әрекеттері үшін адамдарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ұстауға және ішкі істер органдарына жеткізуге;



          4) жеке адамдарды жекелеген объектілерден, жергілікті жер мен су кеңістігі учаскелерінен кетіруге, көлік құралдарының, оның ішінде дипломатиялық және консулдық өкілдіктердің көлік құралдарының жол жүрісін, оларды сүйреп әкетуді қоса алғанда, шектеуге немесе тыйым салуға;



          5) радиоэфир мониторингін жүргізу, телефонмен сөйлесуді және телкоммуникациялық жүйелер арналары арқылы берілетін өзге де ақпаратты бақылау үшін, сондай-ақ электрлі байланыс арналары мен почта жөнелтілімдерінде іздестіруді жүзеге асыру үшін арнайы байланыс құралдарын қоса алғанда, байланыс құралдарын қызметтік мақсатта пайдалануға;



          6) егер кешеуілдеу адамдардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндіруі мүмкін болса, жедел медициналық жәрдемді қажет ететін адамдарды емдеу мекемелеріне жеткізу, терроризм актісі жасалған жерге бару үшін, сондай-ақ терроризм актісін жасады деп күдік келтірілген адамдардың ізіне түсу және оларды ұстау үшін көлік құралдарын (дипломатиялық иммунитеті бар шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің көлік құралдарынан басқа) меншік иелеріне материалдық зиян келтірілген жағдайда оны Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен өтей отырып, пайдалануға;



          7) адам күшін, қызметтік иттерді, әскери және өзге де техниканы, қаруды және арнаулы құралдарды террористерге қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген ескертулерсіз және шектеулерсіз қолдануға;



          8) егер кешеуілдеу адамдардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп туғызатын болса, жеке және заңды тұлғалардың меншігіндегі немесе иелігіндегі және пайдалануындағы тұрғын үйлер мен өзге де үй-жайларға және оларға жеке меншік құқығымен немесе жер пайдалану құқығымен тиесілі жер учаскелеріне кедергісіз кіруге құқығы бар.



          Оралымды штаб басшысы не ол уәкілеттік берген адам азаматтардың тұрғын үйіне кірген жағдайлар туралы жиырма төрт сағат ішінде прокурорға хабарлайды.



          2. Терроризмге қарсы операцияны жүргізу аймағында оралымды штаб басшысының шешімі бойынша мынадай уақытша шектеулер қолданылуы мүмкін:



          1) қауіпті өндірістік объектілердің қызметін тоқтата тұру;



          2) "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 41-1-бабының 1-2-тармағына сәйкес жеке және (немесе) заңды тұлғаларға байланыс қызметін көрсетуді тоқтата тұру және (немесе) байланыс желісі мен құралдарын қолдануды шектеу;



          3) қоғамдық тәртіптің, мемлекеттік күзетке жататын объектілердің, халықтың тұрмыс-тіршілігін және көліктердің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін объектілердің, сондай-ақ ерекше материалдық, тарихи, ғылыми, көркем немесе мәдени құндылығы бар объектілердің күзетілуін күшейту;



          4) терроризмге қарсы операция жүргізілетін аймақта тұратын жеке адамдарды уақытша көшіру;



          5) карантин енгізу, санитариялық-эпидемияға қарсы, ветеринариялық іс-шараларды және өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу;



          6) қарумен, оқ-дәрілермен, жарылғыш заттармен, күшті әсер ететін химиялық және улы заттармен сауданы шектеу немесе оған тыйым салу, дәрілік, есірткілік, психотроптық заттар мен прекурсорлар, этил спирті мен алкогольді өнімдер айналымының айрықша режимін орнату;



          7) күзет қызметін тоқтата тұру.



          3. Терроризмге қарсы операция жүргізілетін аймақта осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген шаралардың бүкіл кешені мен уақытша шектеулер сияқты жекелеген шаралар мен уақытша шектеулер де белгіленуі (енгізілуі) мүмкін.



          4. Терроризмге қарсы операция жүргізу аймағында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің болуына және олардың дыбыс жазуды, фото және бейнетүсіруді жүзеге асыруына оралымды штаб басшысының рұқсатымен ғана жол беріледі.



          5. Терроризмге қарсы операция жүргізуге қатысушы адамдардың операция басталған кезден бастап ол аяқталған кезге дейінгі іс-қимылы қажетті қорғаныс жағдайында немесе аса қажетті жағдайда жасалатын іс-қимыл деп есептеледі.



          Ескерту. Заң 15-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.04.08 № 266-IV Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2013.01.08 № 63-V (алғашқы ресми жариялағанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.11.2014 № 244-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.




    1   2   3   4   5   6


    написать администратору сайта