Главная страница
Навигация по странице:

  • Модуль - І. Тыныс алу ағзаларының аурулары

  • Бронх демікпесі

  • Пневмониялар

  • Өкпенің іріңді аурулары: абсцесс, бронхоэктазиялық ауруы, гангренасы

  • Тест жауаптары Терапия Мейіргер Іпг 20. Тестовые вопросы по предмету Внутренние болезни


    Скачать 238.47 Kb.
    НазваниеТестовые вопросы по предмету Внутренние болезни
    Дата05.01.2021
    Размер238.47 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаТест жауаптары Терапия Мейіргер Іпг 20.docx
    ТипДокументы
    #165863
    страница1 из 13
      1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

    « Терапия» пәнінен тест-сұрақтары.

    Тестовые вопросы по предмету «Внутренние болезни»





    Модуль - І. Тыныс алу ағзаларының аурулары


    1.


    Жіті және созылмалы бронхиттер

    1

    Бронх түтікшелерінің жайылмалы қабынуы:

    а) бронхит

    б) бронхылық демікпе

    в) пневмосклероз

    г) пневмония

    е) өкпе эмфиземасы


    2

    2. Тамағы жыбырлап, қатты жөтелу тән:

    а) жедел бронхитке

    б) созылмалы обструкциялық бронхитке

    в) бронхылық демікпе

    г) пневмосклерозға

    е) өкпе эмфиземасына


    3

    Жіті бронхитте аускультацияда естіледі:

    а) ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар

    б) әртүрлі ысқырықты сырылдар

    в) қатаң бронхиалды дем

    г) везикулярлы дыбыс

    е) амфорлы дыбыс

    4

    Жіті бронхиттің клиникалық симптомына жатпайды:

    а) тамағының жыбырлауы

    б) құрғақ жөтелу

    в) өкпеден қатаң бронхылық дем естілуі

    г) экспираторлы ентігу

    е) субфебрильді температура


    5.

    Жіті бронхитпен ауыратын науқасты тыңдағанда анықталатын дыбыс:

    а) везикулярлы дем

    б) майда дымқыл сырылдар

    в) амфорлы дыбыс

    г) қатты бронхылық дем

    е) плевраның үйкеліс шуы

    6

    Созылмалы бронхитпен ауыратын науқастарда анықталатын негізгі клиникалық белгі:

    а) кеуде қуысының ауырсынуы, бір бөлігінің дем алуға қатыспауы б) ұстамалы жөтелу, тұншығу

    в) тамағы жыбырлап, қатты жөтелу

    г) жөтелмен бірге әртүрлі қақырық тастау

    е) қалтырап дірілдеуі, дене қызуының 39-40С0- қа дейін көтерілуі


    7

    Созылмалы бронхитте аускультацияда естіледі:

    а) әртүрлі ысқырықты сырылдар

    б) везикулярлы дыбыс

    в) плевраның үйкеліс шуы

    г) қатаң бронхиалды дем, әртүрлі сырылдар

    е) майда дымқыл сырылдар



    8

    Созылмалы обструкциялық бронхитте рентгенограммада анықталады:

    а) шектелген қара дақтар

    б) өкпе суретінің тығыздалуы

    в) өкпе суретінің деформациясы

    г) біркелкі қараю, өкпенің сау жағына ығысуы

    е) «күздік тал» симптомы


    9.

    Созылмалы бронхитте қан талдауындағы өзгеріс:

    а) лейкоцитоз, жоғарлаған ЭТЖ

    б) лейкопения

    в) эритроцитоз

    г) тромбоцитоз

    е) тромбоцитопения



    10.

    Созылмалы бронхитті емдеуде қолданылатын дәрілер:

    а) кефзол 1г, бисептол 480 мг

    б) кардикет 20 мг

    в) кардиомагнил 75мг

    г) атеналол 20 мг

    е) бритомар 5 мг


    11.

    Созылмалы бронхитте қолданылатын дәрілер тобы:

    а) диуретиктер

    б) спазмолитиктер

    в) антибиотиктер

    г) кальций антагонистері

    е ) антацидтер


    12.

    Обструкциялық бронхиттің клиникалық белгілері:

    а) жөтелу, экспираторлы ентігу

    б) жүрек соғысының кенеттен жиілеуі, инспираторлы ентігу

    в) эпигастр аймағының ауырсынуы, лоқсу

    г) кіндік аймағының толғақ тәрізді ауырсынуы, іш өту

    е) жөтелу, тот басқандай қақырық тастау


    13

    Науқастың кеуде қуысы эмфизематозды(бөшкелі) перкуссияда қандай дыбыс анықталынады:

    а) қорап дыбысы

    б) қатты тұйық дыбыс

    в) амфорлы дыбыс

    г) перкуторлы дыбыс

    е) тимпаникалық дыбыс

    14

    Созылмалы бронхитте қолданылатын дәрілер тобы:

    а) диуретиктер

    б) спазмолитиктер

    в) антибиотиктер

    г) кальций антагонистері

    е) антацидтер











    Бронх демікпесі


    1.

    Бронхтардың әртүрлі тітіркендіргіштерге сезімталдығының күшеюімен жүретін, көрінісі бронхтардың жалпылама ұстамалы обструкциясымен білінетін, тыныс жолдарының созылмалы қабыну ауруы:

    а) бронхит

    б) өкпе эмфиземасы

    в)бронх демікпесі

    г) пневмосклероз

    е)өкпе абсцессі

    2

    Бронх демікпесінің негізгі клиникалық белгілері:

    а) инспираторлы ентігу, құрғақ жөтелу

    б) тұншығу, жөтелу шыңында созылмалы мөлдір қақырық тастау

    в)жөтелмен бірге іріңді қақырық тастау

    г) жөтелмен бірге тот басқандай қақырық тастау

    е) тамақтың жыбырлауы, құрғақ жөтел



    3

    Бронх демікпесіндегі қақырық түрі:

    а) қызыл, көбікті

    б) көкшіл, көбікті

    в) мөлдір, созылмалы

    г) іріңді,иісті

    е) тот басқандай

    4.

    Бронх демікпесінің асқынуы:

    а) жүрек жетіспеушілігі

    б) плеврит

    в) астмалық статус

    г) өкпеден қан кету

    е) гипертониялық криз

    5.

    Бронх демікпесіндегі қақырықты микроскопиялық зерттеуінде анықталады:

    а) лейкоциттер

    б) эритроциттер

    в) Крушман спиралі, Шарко-Лейден кристалы

    г) Кох таяқшасы

    е) а-типтік жасушалар


    6.

    Бронх демікпесімен ауыратын науқастардың кеуде қуысы:

    а) бөшкелі

    б) етікші

    в) паралиттік

    г) рахиттік

    е) ладия тәрізді

    7.

    Бронх демікпесінде аускультацияда естіледі:

    а) ірі көпіршікті ылғалды сырылдар

    б) амфорлы дыбыс

    в) әртүрлі ысқырықты құрғақ сырылдар

    г) майда көпіршікті ылғалды сырылдар

    е) плевраның үйкеліс шуы


    8.

    Бронх демікпесінің тұншығу ұстамасында қолданатын дәрі-дәрмек:

    а) 2% - 2,0 мл лидокаин

    б) 2,4% - 10,0 мл эуфиллин

    в) 50% - 2,0 мл анальгин

    г) 5000 бірлік гепарин

    е) ампициллин 1,0

    9.

    Астмалық статуста аускультацияда өкпеден естіледі:

    а) құрғақ сырылдар, қатаң бронхиалды дем б) крепитация, майда көпіршікті ылғалды сырылдар

    в) әртүрлі ысқырықты сырылдар

    г) «үнсіз өкпе», ешнәрсе естілмейді

    е) қатаң бронхиалды дем


    10.

    Бронх демікпесінің тұншығу ұстамасы қанша уақытқа созылғанда астмалық статус дамиды:

    а) 12 сағат

    б) 18 сағат

    в) 24 сағат

    г) 20 сағат

    е) 15 сағат

    11.

    Бронх демікпесіндегі қан талдаудағы өзгеріс:

    а) эритроцитоз

    б) эозинофилез

    в) лейкоцитоз

    г) тромбоцитоз

    е)лейкопения

    12.

    Бронх демікпесіндегі ентігудің сипаты:

    а) инспираторлы

    б) экспираторлы

    в) аралас

    г) жиі, беткейлі дем алу

    е) терең, шулы

    13.

    Қақырықтың құрамынан Куршман спиралi мен Шарко-Лейден кристалы анықталады:

    а) бронх демікпесінде

    б) туберкулезде

    в) плевритте

    г) өкпенің қатерлі ісігінде

    е) өкпе абсцесінде

    14.

    Бронх демікпесінде эуфиллин ерітіндісін енгізу мақсаты:

    а) интоксикацияны жою

    б) бронх түтікшелерінің тарылуын кеңейту

    в) қан қысымын төмендету

    г) қақырықты түсіру

    е) қан қысымын көтеру

    15.

    Бронх демікпесінің себебіне жатады:

    а) өсімдік шаң тозаңдары

    б) иммунитеттің төмендеуі

    в) жиі майлы тағамдарды қолдану

    г) ауыр физикалық жүктеме

    е) спирт ішімдіктерін жиі қолдану

    16

    Кеуде қуысының бөшкеленуі қандай ауруға тән:

    а) перикардитке

    б) бронх демікпесіне

    в) жүрек ақауына

    г) плевритке

    е) ауруханаішілік пневмонияға


    17

    17. Бронх демікпесінің тұншығу ұстамасында қолдатынлатын ингаляция түрінде қолдатын бронходилятатор:

    а) интал

    б) эуфиллин

    в) эфедрин

    г) бромгексин

    е) изодрин



    18.

    Науқаста тұншығу ұстамасы 24 сағаттан ұзаққа созылған. Жалпы қарағанда науқаста Экспираторлы ентігу терісі жайылмалы цианоз, мойын күре тамыры білеуленген шығыңқы. Аускультацияда өкпеден ешнәрсе естілмейді «үнсіз өкпе» симптомы. Бұл көрініс қандай патологиялық өзгеріске тән белгі:

    а) коллапсқа

    б) астмалық статусқа

    в) жүрек астмасына

    г) өкпе ісінуіне

    е) анафилактикалық шокқа


    19

    Бронхылық астмаға тән клиникалық белгінің бірі:

    а) таңертеңгі сасық иісті қақырық тастау

    б) түнгі тұншығу ұстамасы

    в) герпестік бөртпелердің шығуы

    г) ауырған кеуде қуысына қарай қисаюы

    е) инспираторлы ентігу











    Пневмониялар


    1

    Өкпенің респирациялық бөлшектерінің басым зақымдануымен, альвеолалардың экссудациясымен сипатталатын , бірақ зақымдалған анатомиялық құрылымдардың бұзылысына әкелмейтін өкпенің жедел инфекциялық қабыну процессі:

    а) өкпе абсцессі

    б) пневмония

    в) плеврит

    г) пневмосклероз

    е) бронхоэктазиялық ауру


    2

    Ауруханаішілік пневмониямен ауырған науқастың терісінде анықталатын клиникалық белгі:

    а) герпестік бөртпе

    б) ойық жара

    в) энантема

    г) геморрагиялық бөртпе

    е) терісінің көгеруі


    3

    Ауруханаішілік пневмонияның төтенше асқынуы:

    а) өкпе жетіспеушілігі

    б) жүрек жетіспеушілігі

    в) коллапс

    г) токсикалық шок

    е) гипертониялық криз


    4

    Ауруханаішілік пневмониядағы қақырық түрі:

    а) мөлдір

    б) көкшіл, көбікті

    в) алқызыл

    г) тот басқандай

    е) іріңді иісті


    5

    Ауруханаішілік пневмонияда қан талдауындағы өзгеріс:

    а) лейкоцит - 20,О 109/л; эритроцит - 4,5 1012/л; ЭТЖ - 35 мм/ сағ.

    б) лейкоцит - 7,5 109/л ; эритроцит - 3,5 1012/л; ЭТЖ - 15 мм/ сағ.

    в) лейкоцит - 4,0 109/л ; эритроцит - 4,5 1012/л; ЭТЖ - 12 мм/ сағ.

    г) лейкоцит - 6,0 109/л; эритроцит - 6,0 1012/л; ЭТЖ -10 мм/ сағ.

    е) лейкоцит - 5,0 109/л; эритроцит - 4,0 1012/л; ЭТЖ -11 мм/ сағ.



    6

    Ауруханаішілік пневмониядағы ең тиімді емдеу принципі:

    а) кең спекторлы антибиотиктер үлкен дозада, сульфаниламидтер

    б) сульфаниламидтер, бронхолитиктер

    в) бронхолитиктер, витаминдер

    г) антибиотиктер, анальгетиктер

    е) витаминдер, антикоагулянттар

    7

    Ауруханаішілік пневмониямен ауырған науқастың 1 минуттағы дем алу жиілігі :

    а) 16 -18 рет

    б) 18 -20 рет

    в) 20 -22 рет

    г) 30 -40 рет

    е)24-26рет

    8

    Ауруханаішілік пневмонияның асқынуларының бірі:

    а) пневмосклероз

    б) плеврит

    в) туберкулез

    г) қатерлі ісік

    е) бронх демікпесі

    9

    Ауруханаішілік пневмониямен ауырған науқасты рентгендік тексергенде анықталатын өзгеріс:

    а) өкпе суретінің өзгеруі

    б) шектелген қара дақ

    в) өкпенің бөлігінің немесе сегметтеріндегі инфильтратты ошақ

    г) өкпе суретінің мөлдірлігі, ауаның молдылығы

    е) өкпе суретінің күшеюі

    10

    Ауруханаішілік пневмониямен ауыратын науқастың биохимиялық қан талдауындағы өзгерісі:

    а) билирубин жоғарылайды

    б) фибриноген жоғарылайды

    в) диспротеинемия

    г) азот қышқылы жоғарылайды

    е) тимол сынамасы жоғарылайды

    11

    Ауруханадан тыс пневмониямен ауыратын науқастың өкпесінен аускультацияда естіледі:

    а) шектелген аймақтан майда ылғалды сырылдар

    б) құрғақ ысқырықты сырылдар

    в) қатты бронхиалды дем

    г) плевраның үйкелісі

    е) амфорлы дем

    12

    Ауруханадан тыс пневмониямен ауыратын науқастың қақырығының сипаттамасы:

    а) аз мөлшерде созылымды, мөлдір қақырық

    б) көкшіл, көбікті , иісті қақырық

    в) тот басқандай қақырық

    г) аз мөлшерде іріңді қақырық

    е) алқызыл көбікті

    13

    Ауруханадан тыс пневмониямен ауырған науқастың өкпесінен аускультацияда естіледі:

    а) майда ылғалды сырылдар

    б) қатты бронхылық дем

    в) амфорлы дыбыс

    г) ешқандай дыбыс естілмейді

    е) құрғақ ысқырықты сырылдар

    14

    Еріндерінен, мұрын ұшынан «герпестік бөртпе» анықталады:

    а) ауруханадан тыс пневмонияда

    б) ауруханаішілік пневмонияда

    в) плевритте

    г) бронх демікпесінде

    е) созылмалы бронхитте

    15

    «Тот басқандай» қақырық қандай ауруға тән:

    а) плевритке

    б) қатерлі ісікке

    в) ауруханаішілік пневмонияға

    г) өкпе туберкулезіне

    е) бронх демікпесіне

    16

    Дем алу ұзақтығы бірнеше секунтан 1 минутқа дейін созылатын дем:

    а) қалыпты дем

    б) Биот демі

    в) Грокко демі

    г) Куссмоуль демі

    е) Чейн- Стокс демі










    Өкпенің іріңді аурулары: абсцесс, бронхоэктазиялық ауруы, гангренасы.
      1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


    написать администратору сайта