Тест жауаптары Терапия Мейіргер Іпг 20. Тестовые вопросы по предмету Внутренние болезни
Скачать 238.47 Kb.
|
Асқазан мен ұлтабардың ойық жарасы.Ойық жара ауруларының асқынулары. | |
1 | Асқазан сіре қабының бүтіндігінің бұзылуы: а) асқазан ойық жарасы б) колит в) гастрит г) гепатит е) дуоденит |
2 | Ойық жараның асқазаның кардиалді бөлігіне тән ауырсыну симптомы: а) үнемі асқазан тұсының ауырсынуы б) асқазан тұсының, төстің артының тамақ ішкенен кейін 10-15 минуттан кейін ауырсынуы в) асқазан тұсының тамақ ішкенен 4- 4,5 сағ кейін ауырсынуы г) кіндік тұсы толғақ тәрізді, тесіп бұрғылап ауырады е) «ашқарынға» түн мезгілінде, тамақ ішсе басылады |
3 | Ұлтабардың ойық жараларына тән ауырсыну симптомы: а) үнемі асқазан тұсының ауырсынуы б) асқазан тұсының тамақ ішкеннен 2- 2,5 сағ кейін немесе аш қарында ауырсынуы в) іштің кебуі г) асқазан тұсының тамақ ішкенен 15-20 минуттан кейін ауырсынуы е) ішек бойымен бүріп,толғақ тәрізді ауырсыну |
4 | Ұлтабардың ойық жарасының асқынуы: а) жүрек жетіспеушілігі б) асқазаннан қан кету в) асқазан тұсының шаншуы г) кома е) шок |
5 | Асқазаннан қан кеткенде дәрігерге дейінгі көмек: а) кордиамин тері астына енгізу б) жылыту компрессін асқазан тұсына қою в) мұзды мұйықты асқазан тұсына қою г) атропин сульфатын тері астына енгізу е) тері астына инсулин енгізу |
6 | «пышақ сұққандай» ауырсыну симптомы тән: а) ішектің түйілуіне б) асқазан ойық жарасының перфорациясына в) соқыр ішектің қабынуына г) өт жолындағы тас ауруына е) өт жолдарының дискинезиясына |
7 | Асқазанның, ұлтабардың ойық жараларын анықтайтын аспаптық тексеру әдісі: а) ирригоскопия б) холецистоскопия в) фиброгастродуоденоскопия г) колоноскопия е) ректеромоноскопия |
8 | Асқазанның ойық жарасынан қан кеткендегі құсықтың түрі: а) «кофе қоюы» түсті б) қоймалжың в) қорытылмаған тамақ түйіршіктері г) өт құрамы е) түссіз |
9 | Асқазанның ойық жарасында науқасты жалпы қарауда анықталады: а) алақан бұлшық етінің қызаруы б) ауыз-мұрын ұшбұрышының қызаруы в) тілі таңқурай түсті г) тілі ақ қабықпен жабылғаны е) тері жамылғысында тамыр жұлдызшалары |
10 | Асқазанның ойық жарасынан қан кетуде жедел жәрдем көрсету тактикасына жатпайды: а) ауыз қуысын тазалау б) асқазан тұсына мұзды мұйық қою в) мұз түйіршіктерін жұтқызу г) асқазан тұсына жылытқыш қою е) аминокапрон қышқылын енгізу |
11 | Ұлтабардың ойық жарасынан қан кетуде қолданылатын дәрі: а) 0,05 % -1мл строфантин б) 10 % -10 мл кальций хлорид в) 0,9 % -10 мл натрий хлорид г) 1 % -1 мл димедрол е) 0,1 % -1 мл атропин сульфаты |
12 | Асқазанның ойық жарасынан қан кеткенде науқастың қан қысымының өзгеруі: а) күрт төмендеуі б) күрт жоғарлауы в) систолдық көрсеткіші жоғарлайды г) диастолдық көрсеткіші жоғарлайды е) веноздық қысым жоғарлайды |
13 | Асқазаннан, ішектен қан кетуін анықтайтын лабораториялық тексеру әдісі: а) нәжісті жұмыр құртқа тексеру б) нәжісті копрологиялық тексеру в) нәжісті жасырын қанға тексеру г) нәжісті бактериологиялық тексеру е) биохимиялық қан талдау |
14 | Асқазанның ойық жарасы тесілуіндегі «ауырсыну» симптомының сипаттамасы: а) бүріп, шаншып б) пышақ сұққандай в) ұйып, сыздап г) толғақ тәрізді, қысып е) күйдіріп, қыжылдап |
15 | Асқазан ойық жарасының перфорациясына салыстырмалы диагностика жүргізбейді: а) панкреатиттің ұстамасымен б) миокард инфарктының трансмуральды түрімен в) өт тас ауруымен г) ишемиялық инсультпен е) жоғарғы қышқылды гастритпен |
16 | Рентгенограммада «ниша » симптомының анықталуы, қандай патологияға тән белігі: а) асқазан ойық жарасына б) созылмалы жоғарғы қышқылды гастриттің асқынуына в) өт жолындағы тастарға г) созылмалы төменгі қышқылды гастритке е) аш ішектің түйілуінде |
17 | Асқазанның ойық жарасымен ауыратын науқастың қан талдауындағы гипохромды анемия белгісі қандай патологияны білдіреді: а) ойық жарасыннан ішке қан кетуді б) ойық жараның тесілуін в) ұйқы безінің қабынуын г) тамақпен улануын е) аш ішектің түйілуін |
18 | Асқазанның ойық жарасының дамуына ықпал ететін факторларға жатпайды: а) жалпы организмге суықтиюі б) жүйке-психикалық күйзелістер в) ыстық және ашты тағамдар жиі қабылдау г) хелиокобактер пилори инфекциясы е) зиянды әдеттер |
19 | Асқазан ойық жарасының перфорациясына күдіктенгендегі фельдшердің тактикасы: а) асқазанды жуу б) науқастың асқазан тұсына мұзды мұйық қою в) анальгетиктер енгізу г) спазмолитиктерді енгізу е) тазалау клизмасын жасау |
20 | Ойық жараның асқынуына жатпайды: а) асқазан жарасының малигнизациясы б) асқазан қабырғасының тесілуі в) асқазан жарасынан қан кету г) энтерит е) қалтқының тарылуы |
21 | Асқазан тұсына мұзды мұйық қою, мұз түйіршіктерін жұтқызу. Қандай патологиядағы фельдшердің тактикасы: а) асқазаннан қан кеткенде б) миокард инфарктында в) гипертензиялық кризде г) бронхылық демікпе ұстамасында е) бауыр комасында |
22 | « түнгі мегзілде, ашқарында ауырсыну сезімі» қандай патологияға тән белгі: а) асқазан қатерлі ісігіне б) 12 елі ішектің ойық жарасына в) асқазан ойық жарасына г) гастритке е) колитке |
23 | Асқазанның ойық жарасын туындататын бактерия: а) стрептококк б) стафилококк в) хеликобактер пилори г) микобактерия е) жасылдаушы стрептококк |
| Колиттер, энтериттер, гельминтоздар. |
1 | Аш ішектің кілегейлі қабығының қабынуынан дистрофиялық, атрофиялық өзгерістері және ас қорытылуының сіңірілуінің бұзылуы: а) бейспецификалық жаралы колит б) созылмалы энтерит в) созылмалы атрофиялық гастрит г) созылмалы панкреатит е) Крон ауруы |
2 | Энтериттің дамуына ықпал ететін факторлар: а) басқа жүйенің созылмалы аурулары б) ішек инфекциялар в) хеликобактер пилори г) аш ішектердің түйілуі е) ішек тамырларының атеросклерозы |
3 | Энтериттің «ауырсыну» симптомының сипаттамасы: а) аш қарынға асқазан тұсының ауырсынуы, құсу б) ішек бойымен, тамақ ішкеннен 3-4 сағ өткенен кейін бүріп, толғақ тәріздес ауырады в) эпигастрия аймағының тамақ ішкеннен кейін 15-20 мин өткен соң ашып ауырады г) асқазан тұсының тамақ ішкенен кейін 25-35 мин өткенен кейін ауырады е) оң қабырғаның астының тұрақты түрде сыздап ауырсынуы |
4 | Энтериттегі нәжісті копрологиялық тексеруде анықталатын өзгеріс: а) қорытылмаған органикалық майлар, қышқылдар б) эритроциттер түйіршіктері в) стеркобилин г) ішек жұмыр құрттары е) көп мөлшерде лейкоциттер |
5 | Энтеритті анықтайнын диагностикалық аспаптармен тексеру әдісі: а) флюрография б) фиброгастроскопия в) ректоромоноскопия г) колоноскопия е) ультрадыбыспен тексеру |
6 | Энтеритті рентгендік тексеруде анықталады: а) ішектердің рельефтерінің өзгеруі, моторикасының өзгеруі б) «ниша» симптомы в) асқазанның төмен түсуі г) патологиялық ошақтар е) аш ішектің түйілуі |
7 | Науқасқа 3 күн аралығында жеңіл сіңірілетін тағамдар тағайындау, 3-ші күндері 2 рет тазалау клизмасын жасау және іш жүргізілетін дәрілер беру қандай тексеруге дайындауды талап етеді: а) асқорыту жолын рентгендік тексеруге б) ішек жолдарын эндоскопиялық тексеруге в) бауырды ультрадыбыспен тексеруге г) ұйқыбезін ультрадыбыспен тексеруге е) бүйректі ультрадыбыспен тексеруге |
8 | Энтериттің өршу кезенде тағайындалатын диеталық стол: а) №1а б) № 4б в) №5 г) №7 е) №9 |
9 | Энтеритте асқорытуды жақсарту үшін тағайындалатын дәрі: а) 2%-2,0 мл папаверин гидрохлорид б) 1%-1,0 мл димедрол в) 2,0 мл церукал г) 0,2%-1,0 мл платифиллин гидротартрат е) 0,1%-1,0 мл атропин сульфаты |
10 | Колитте қолданылатын клизма: а) тазалау клизмасы б) емдік клизмасы в) сифонды клизмасы г) қоректік клизмасы е) майлы клизма |
11 | Метеоризмге байланысты ішек бойымен, тамақ ішкеннен 1-3 сағ өткенен кейін бүріп, толғақ тәріздес ауырсыну қандай ауруға тән белгілер: а) панкреатитке б) гепатитке в) энтеритке г) гастритке е) колитке |
12 | Іштің түнде немесе таңға жуық 20- 30 рет өтуі, әр түрлі көлемді қан кету. Нәжіс сасық иісті, өте көп ірің. Бұл көрініс қандай патологияға тән: а) панкреатитке б) гепатитке в) холециститке г) төменгі қышқылды гастритке е) бейспецификалық колитке |
13 | Колитпен ауыратын науқастың іш кебуін басу үшін тағайындалатын препарат: a) цеолат 80 мг б) фурозалидон 0,1 в) ношпа 0,2 г) Креон 50мг е) метронидазол 0,25 |
14 | Бала құйрығын қасыған кезде тырнақтың астына жиналады да, қолын жумай тамақ ішкенде өзіне-өзі қайта жұқтырады- аутоинвазия. Бұл көрініс қандай гельментоздарға тән: а) лямблияға б) жалпақ ішек құрттарына в) энтеробиозға г) эхинококкозға е) описторхозға |
15 | Гельментоздар диагностикасы: а) жалпы қан талдауы б) тік ішектен және анустың айналасынан жағынды алу в) биохимиялық қан талдауы г) асқазан жуындысын тексеру е) нәжісті жасырын қанға тексеру |
| Панкреатиттер |
1 | «Белдік тәріздес» ауырсыну қандай ауруға тән: а) панкреатитке б) гепатитке в) холециститке г) гастритке е) колитке |
2 | Панкреатитте кездесетін синдромдардың бірі: а) диспепсиялық б) дизуриялық в) некроздық г) астеновегетативтік е) интоксикациялық |
3 | Панкреатиттегі ауырсынудың пайда болу аймағы: а) бауыр тұсында б) асқазан тұсында в) бел тұсынында г) жүрек тұсынында е) кіндік аймағында |
4 | Панкреатиттің асқынуы: а) бүйрек жетіспеушілігі б) пиелонефрит в) гидронефроз г) панкреанекроз е) бауыр жетіспеушілігі |
5 | Панкреатитегі ауырсыну симптомының сипаттамасы: а) ауырсыну эпигастрия аймағында қыжылдап тамақтан соң 15-20 мин кейін пайда болады б) эпигастрия аймағында «белдік тәріздес» ауырсыну тамақтан соң 3-4 сағ кейін пайда болады в) эпигастрий аймағында аш қарында пайда болуы г) эпигастрий аймағында тамақтан соң 20-30 мин кейін пайда болады е) оң қабырға асты ауырсынуы ұстмалы қысқа, бірнеше минуттан бір сағатқа созылады |
6 | Копрологиялық тексергенде нәжістен стеаторея, креаторея анықталуы қандай патологияға тән белгі: а) колитке б) гастритке в) гепатитке г) холециститке е) панкреатитке |
7 | Панкреатиттің ауырсыну ұстамасы кезінде дәрігерге дейінгі жедел жәрдем көрсету фельдшердің тактикасы: а) анальгин ерітіндісін бұлшық етке енгізу б) ферменттер, спазмолитиктер тағайындау в) 3 күн аралығында «аштық, тыныштық, суық» режимін тағайындау г) жедел түрде операция жасау е) антибиотиктер, анальгетиктер тағайындау |
8 | Панкреатиттің алдын алу шараларына жатпайды: а) тамақтану режимін сақтау б) ішімдікті ішумен күресу в) жануар майын қолдануды шектеу г) өт жолдары ауруларын уақтылы емдеу е) ұзақ уақыт диуреттиктерді қабылдау |
9 | Эпигастрий аймағында «белдік тәріздес» тамақтан соң 3-4 сағ кейін пайда болатын клиникалық белгі қандай патологияға тән белгі: а) асқазан ойық жарасына б) созылмалы гастриттің асқыну кезеңіне в) панкреатиттің асқыну кезеңіне г) холециститтің асқыну кезеңіне е) гепатиттің асқыну кезеңіне |
10 | Панкреатитпен ауыратын науқастың тері жамылғысы, көз склерасы сары, эпигастрия аймағының ауырсынуы сақталған. Ультрадыбыспен тексергенде ұйқыбезіндегі псевдо кисталар анықталған. Бұндай жағдайда жүргізілетін емдеу тактикасын таңдаңыз: а) асқазан ойық жарасына б) диетотерапия в) хирургиялық ем г) физиотерапиялық ем е) санаторлық- курорттық ем |
11 | Науқасты сұрастырғанда асқазан тұсының белдік тәрізді ауырсынуына, құсуға шағымданды. Анамнезіннен науқас панкреатитпен ауыратындығы анықталды. Диагноз? : а) Созылмалы гепатиттің асқынуы б) Созылмалы колиттің асқынуы в) Созылмалы гастриттің асқынуы г) Созылмалы панкератиттің асқынуы е) Созылмалы холециститтің асқынуы |
12 | Асқазаннан қан кеткенде тән белгілер анықталынады: а) құсықта көп мөлшерде өт құрамы б) алтын сары, ботқа тәріздес көп мөлшерде 1рет іш өту в)құсық « қою кофе» түсті,нәжіс қара қошқыл г) көкшіл, жағысмыз иісті іштің өтуі е) ішек бойымен толғақ тәріздес ауырсыну |
| Модуль - IV. Бауыр, өт жолдарының аурулары |
|