Тест жауаптары Терапия Мейіргер Іпг 20. Тестовые вопросы по предмету Внутренние болезни
Скачать 238.47 Kb.
|
И.Ж.А.Миокард инфаркты. Миокард инфарктының асқынулары | |
1 | Жіті коронар қанағымының бұзылуынан жүрек бұлшық етінің ишемиялық некроздануы: а) жүрек ақауы б) миокард инфаркты в) коронар артериясының атеросклерозы г) экссудатты перикардит е) кардиомиопатия |
2 | Миокард инфарктының дамуына ықпал ететін қауіпті факторлардың бірі: а) коронар артериясының тромбоэмболиясы б) диетаны жиі бұзу в) көп сұйықтық ішу г) инфекциялық ошақтар е) иммундық жүйенің қызметінің төмендеуі |
3 | Миокард инфарктының негізгі клиникалық симптомы: а) дем алысының жиілеуі б) асқазан тұсының ауырсынуы в) оң қабырға тұсының аурсынуы г) жүрек тұсының ауырсынуы е) сол қабырға тұсының ауырсынуы |
4 | Жүрек тұсы күйдіріп, ұйып, шаншып ауырады, ауырсыну сол қолға, сол иыққа беріледі ауырсыну бірнеше секундтан бірнеше сағатқа созылады. Бұл клиникалық көрініс қандай патологияға тән белгілер: а) стенокардияға б) миокардитке в) артериалды гипертензияға г) миокард инфарктына е) жүрек ақауына |
5 | Миокард инфарктының диагностикалық тексеру әдісі: а) сканерлеу б) электрокардиография в) фиброгастродуоденоскопия г) рентгеноскопия е) спирометрия |
6 | Миокард инфарктында электрокардиограммадағы өзгеріс: а) Р-тісі екі өркештенеді б) Р-тісі тегістеледі в) ST-аралығы ұзарады г) ST-аралығы изосызықтан жоғарлайды, Т- тісі теріс е) RR –аралығы ұзарады |
7 | Миокард инфарктында қолданылатын дәрі: а) гепарин 5000 әсерлі бірлік б) 2,4 %-10,0 мл эуфиллин в) клофелин 0,000075 мг г) индометацин 0,025г е) ампициллин 0,5 |
8 | Миокард инфарктының асқынуы: а) кома б) кардиогенді шок в) анафилактикалық шок г) коллапс е) талма |
9 | Миокард инфарктындағы «ауырсыну» симптомының ұзақтығы: а) бір-бірнеше секунд б) бірнеше секундтан-10 минутқа дейін в) бірнеше секундтан- 20 минутқа дейін г) 20 минуттан бірнеше сағатқа дейін е) 20-30 минутқа дейін |
10 | Миокард инфарктының ұстамасында жедел жәрдем көрсету тактикасы: а) тіл астына нитроглицерин беру, наркотикалық анальгетиктерді енгізу б) қолдан дем беру в) таңғыш салу, жүрекке сырттай жассаж жүргізу г) мұзды мұйық қою е) науқасты тыныштандыру, тіл астына нифедипин беру |
11 | Миокард инфарктымен стенокардияның айырмашылығы: а) ауырсыну ұзақтығы, нитроглицериннің әсері, қан қысымының төмендеуі, электрокардиограммадағы өзгерістер б) дене қызуының өзгеруі в) жүрек ұшы соққысының күшінің өзгеруі г) тыныс алуының өзгеруі е) зәр бөлінуінің өзгеруі |
12 | Миокард инфарктының клиникалық түрлері: а) ангинозды, абдоминальді, астмалық б) біріншілік, екіншілік, қайталамалы в) адгезивті, фибринозды, экссудатты г) тұрақты, тұрақсыз, тыңыштықта е) дилятациялық, гипертрофиялық, рестрикциялық |
13 | Эпигастрий аймағының ауырсынуы миокард инфарктының қандай клиникалық түріне жатады: а) трансмуральді б) астмалық в) абдоминальді г) симптомсыз түріне е) интрамуральді |
14 | Миокард инфарктында қан қысымының өзгеруі: а) қалыпты, өзгермейді б) диастолдық көрсеткіші жоғарлайды в) күрт төмендейді г) систолдық көрсеткіші жоғарлайды е) диастолдық көрсеткіші төмендейді |
15 | Миокард инфарктының «ауырсыну» симптомын басу үшін қолданылады: а)1%-1,0 мл морфий ертіндісі б) гепарин 5000 әсерлі бірлік в) ацетилсалицил қышқылы 0,5г г) 2,4 %-10,0 мл эуфиллин ертіндісі е) кардиомагнил 75 мг |
16 | Миокард инфарктында қан ұю процессін реттейтін дәрі: а) гепарин 5000 әсерлі бірлік б) гипотиозид 25мг в) эуфиллин 2,4 % - 10 мл г) строфантин 0,05% - 1мл е) коргликон 0,06% - 1мл |
17 | Жүрек қанайналымының бұзылуынан жүрек бұлшық етінің некроздануы: а) миокард инфаркты б) стенокардия в) жүрек ақауы г) ревматизм е) кардиомиопатиялар |
18 | Миокард инфарктының дамуына ықпал ететін ең жиі фактор: а) коронарлық артерияларының тромбоэмболиясы б) салауатты өмір салтын ұстану в) организмге инфекцияның түсуі г) ас тұзын жиі, көп қолдану е) сұйықтықты көп мөлшерде қолдану |
19 | Миокард инфарктының астмалық түрін дифференциалды диагностика жүргізу қажет: а) бронх демікпесінің тұншығу ұстамасымен б) тыныштықтағы стенокардиямен в) гипертониялық кризбен г) анафилактикалық шокпен е) Квинке ісігімен |
20 | Электрокардиограммадағы ST- сегменті изосызықтан өте жоғары, Т- тісі теріс, терең. Бұл көрінісі тән: а) миокард инфарктына б) стенокардияға в) жүрек ақауына г) ревматизмге е) перикардитке |
21 | Миокард инфарктысымен ауырған науқастардың денсаулығын қайта қалпына келтіру: а) реабилитация б) реабсорбция в) регенерация г) гемабсорбция е) секреция |
22 | Жедел коронарлық синдромға жатпайды: а) миокард инфаркты патологиялық Q- тісшесімен б) миокард инфаркты патологиялық Q- тісшесіз в) тұрақсыз стенокардия г) тұрақты стенокардия е) тыңыштықтағы стенокардия |
23 | Жүрек бұлшық етінің некроздануының электрокардиограммадағы негізгі белгісі: а) ST - сегментінің төмендеуі б) ST - сегментінің жоғарлауы, Т- тісшесі теріс в) R - тісінің вольтажының төмендеуі г) Q - тісінің кеңеюі е) RR –аралығы ұзарады |
24 | Жедел миокард инфарктымен ауырған науқастарға физикалық реабилитация жүргізу: а) күнделікті физикалық күштеме түсіру б) физикалық күштемені оптимальді деңгейде түсіру в) физикалық күштемені шектеу г) күнделікті физикалық күшті нитрат тобындағы дәрілерді қабылдаумен бірге жүргізу е) физикалық күштемені үш күнде бір түсіру |
25 | Жедел миокард инфарктындағы шынайы кардиогенді шоктың себебі: а) инфарктан кейінгі перикардит б) трансмуралды миокард инфаркты в) жүрек ритмінің өзгеруі г) кардиомиопатия е) аорта аневризмасы |
26 | Миокард инфарктысының астмалық түрiне тән: а) инспираторлық ентiгу,қан қысымының төмендеуi б) төс артының ауырсынуының 30 минуттан асуы в) қан қысымының көтерiлуi г) эпигастрий аймағында ауырсыну сезiмiнiң болуы е) экспираторлы ентігу, әлсіздік |
27 | Кардиогенді шокта қан қысымы төмендегенде енгізілетін дәрі: а) дроперидол б) допамин в) диклофенак г) димедрол е) де-нол |
28 | Науқастың асқазан тұсының ауырсынуы, құсуы мазалайды. Қара терге түсті,терісі бозарған. Қан қысымы 70/40 мм.с.б. Миокард инфарктының қандай түріне тән белгілер? а) Миокард инфарктының абдоминальді түрі б) Миокард инфарктының ангинозды түрі в) Миокард инфарктының церебральды түрі г) Миокард инфарктының симптомсыз (мылқау) түрі е) Миокард инфарктының астмалық түрі |
| Аритмиялар. Кардиомиопатиялар. Кардионевроздар |
1 | Аритмия: а) жүректің ырғақты соғысының бұзылыстары б) жүрек бұлшық етінің қабынуы в) жүрек қан айналымының өзгеруі г) жүректің ритмдік соғуы е) жүрек тамыр жүйесінің ағзалар мен тіндерді тиісті қан мөлшерімен қамтамасыз ете алмауы |
2 | Аритмиялық өзгерістерге жатпайды: а) синустық тахикардия б) жүрекшелік экстрасистолия в) пароксизмдік тахикардия г) нейроциркуляторлы дистония е) атриовентрикулярлы блокада |
3 | Аритмиялық өзгерістердің аспаптық диагностикалық тексеру әдісі: а) электрокардиография б) ультрадыбыспен тексеру в) велоэргометрия г) рентгендік тексерулер е) сканерлеу |
4 | Экстрасистолияның клиникалық белгісі: а) кенеттен жүрек тұсының қатты соғуы б) жүрек тұсының ауырсынуы в) ентігу, бас айналуы г) төс астының ауырсынуы е) оң қабырға астының ауырсынуы |
5 | Кенеттен жүрек тұсының қатты соғуы а) пароксизмдік тахикардия б) экстрасистолия в) синустық брадикардия г) синустық тахикардия е) қарынша жыбыры |
6 | Экстрасистолияның электрокардиограммадағы белгісі: а) Р – тісі жоқ, Т– тісі теріс б) RR – арақашықтығы 0,8 сек қысқа в) QRS – деформациялық өзгерген г) RR арақашықтығы қысқа, артындағы ұзақ (толық компесаторлық пауза) е) РQ (RR) аралығының 0,2 с артық ұзаруы |
7 | Синустық брадикардияда жүректің ритмдік соғуы: а) 60- тан төмен б) 80 рет жоғары в)120 рет мин г) 220 рет мин е) 320 рет мин |
8 | Синустық брадикардияға әкелетін жағдайлар: а) уланулар (жүрек гликозидтерімен, саңырауқұлақпен ) б) механикалық тітіркену (катетер енгізу немесе жарақаттар) в) кезбе нервісі тонусының төмендеуі г) гипертониялық криз е) жүрекшелік миокардтың зақымдануы |
9 | Синустық тахикардияны емдеуде қолданатын дәрілер тобы: а) β – адреноблокаторлар б) сульфаниламидтер в) бронхолитиктер г) кең спекторлы антибиотиктер е) М-холиномиметиктер |
10 | Синустық тахикардиядағы электрокардиограммада болатын өзгеріс: а) Т-Р (RR) – аралығы қысқарады б) Р – тісі болмайды в) Т- тісі теріс г) QRS – деформациялық өзгеріске ұшырайды е) ST - сегментінің изосызықтан төмендеуі |
11 | Синустық брадикардияның клиникалық белгісі: а) жүрек тұсынан салмақ сезінуі б)дем алудың жилеуі в) ентігу г) бас айналу, көздің қарауытуы е) жүрек шаншып кеткендей болады |
12 | Синустық брадикардияны емдеу принципінде қолданылатын дәрі: а) 0,1%-1 мл атропин сульфаты б)1% нитроглицерин ерітіндісінің 1-2 тамшысы в) обзидан 20 мг г)1%-1мл морфий гидрохлорид е) клонидин гидрохлориді 0,15 |
13 | Синустық бракардияның электрокардиограммадағы белгісі: а)Т-Р ( RR) – арақашықтығы 1,0 сек артық б) QRS – комплексі деформациялық өзгеріске ұшыраған в) SТ – аралығы изосызықтан жоғарлайды г) Р – тісі екі өрекештенеді е) Т- тісі теріс |
14 | Экстрасистолия: а) жүректің бұлшық етінің некроздануы б) жүректің кезектен тыс қозуы в)жүрек қанайналымынң өзгеруі г) жүректің сол қарыншасының гипертрофиясы е) импульс өткізілуінің баяулауы |
15 | Жүректің кезектен тыс жиырылуы: а) пароксизмдік тахикардия б) экстрасистолия в) синустық брадикардия г) синустық тахикардия е) қарынша жыбыры |
16 | Пароксизмдік тахикардия: а) кенеттен басталып, кенеттен аяқталды, жүрек ритмі – 180 -250 рет минутына б) жүректің кезектен тыс соғуы в) жүректің ритмді соғуы, минутына 60 – тан төмен г) жүректің ритмді соғуы, 100-160 рет минутына е)импульстардың жүрекшелерден қарыншаларға өтуінің баяулауы |
17 | Кенеттен басталып, кенеттен аяқталатын, жүректің 180-250 рет минутына соғуы аритмияның қандай түрі: а) пароксизмдік тахикардия б) экстрасистолия в) синустық брадикардия г) синустық тахикардия е) қарынша жыбыры |
18 | Пароксизмдік тахикардияның емдеу принциптеріне жатады: а) верапамил, новокаинамид, строфантин, аймалин б) эфедрин 0,15, эуфиллин 0,15 в) диазепам,элениум, андаксин г)гепарин 5000 халықаралық бірлік е) 01%-1 мл атропин сульфат ерітіндісі |
19 | Қарыншалардың фибрилляциясы– а) жүректің ритмі минутына 200-300 рет б) жүректің ритмі минутына 60-80 рет в) жүректің ритмі минутына 100-160 рет г) жүректің ритмі минутына 180-250 рет е) жүректің ритмі минутына 90-130 рет |
20 | Жүрек фибрилляциясындағы жедел көмек көрсету тактикасы: а) төстің жүрек тұсына жұдырықпен 1-2 рет қатты ұрып жіберу. 0,1%-1 мл адреналин ерітіндісін енгізу в) каротидтік массаж б) нейролептоанальгезия г)құсу рефлексін туғызу, бетті салқын сумен жуу е) 1%-1мл морфий енгізу |
21 | Өкпеге жасанды тыныс берудің дұрыстығын қалай тексеруге болады: а)дем беру кезінде кеуде қуысы көтеріледі,ал дем шығарғанда кеуде қуысы төмен түседі б) дем бергенде кеуде қуысы қозғалмайды в) дем берген кезде эпигастрий аймағы көтеріледі г) көз қарашығы кеңеюі е)көз қарашығының тарылуы |
22 | Жүрек- өкпе реанимациясында кеуде қуысына компрессия жасау орны: а) төстің жоғарғы үшінші бөлігі б) төстің ортаңғы бөлігі в)төстің төменгі бөлігі семсер өсіндісінен 2 см жоғары г)төстің төменгі үшінші бөлігі е) төстің ортаңғы үшінші бөлігі |
23 | Егерде жүрек- өкпе реанимациясын бір адам жүргізсе, кеуде қуысына компрессия және дем беру қатынасы: а) 1 дем беру : 5-6 компрессия б) 1-2 дем беру: 6-8 компрессия в)2 дем беру: 30 компрессия г) 2 дем беру: 15-20 компрессия е) 1-2 дем беру: 16-18 компрессия |
|