Тест жауаптары Терапия Мейіргер Іпг 20. Тестовые вопросы по предмету Внутренние болезни
Скачать 238.47 Kb.
|
Семіздік. | |
1 | Теріасты қабатына және басқа ағза тіндеріне майдың шамадан тыс жиналуы: а) май дистрофиясы б) семіздік в) гипертрофия г) гипотрофия е) нейропатия |
2 | Семіздіктің дамуына ықпал ететін факторлар: а) тұқымқуалаушылық б) тамақтану режимін бұзу в) адинамия, гиподинамия г) зиянды әдеттер е) ас тұзын шамадан тыс қолдану |
3 | Семіздіктің сатысын анықтайтын клиникалық белгі: а) антропометриялық көрсеткіштердің сай келмеуі б) жұтынудың қиындауы , басын бұруы қиындайды в) мойны жуандайды г) саусақ буындарының қимылының шектелуі е) тері жамылғысы қою көкшіл қызыл |
4 | Семіздік кезінде қолдану керек: а) қабынуға қарсы дәрі-дәрмектерді б) йодқа бай тағамдарды в) физикалық күшті реттілігімен түсіру керек г) хирургиялық ем е) витаминдер комплексін тағайындау |
5 | Семіздіктің алдын алу іс-шаралары: а) аз қимылдау б) жеке басының гигиенасын сақтау в) ішімдікке салынбау г) Шарко душы, шомылу, жалпы массаж, спортпен шұғылдану е) таза ауада жиі серуендеу |
6 | Семіздіктің дәрежесін анықтау үшін қолданылатын әдістің бірі: а) Кера б) Ортнера в) Грефе г) Захарин-Геда е) Брокко индексі |
7 | Брокко индексі қолданылады: а) анемияда б) семіздікте в) эндемиялық зобта г) қант диабетінде е) сусамырда |
8 | Семіздіктің нақты диагноз қою тәсілі: а) холестерин деңгейін анықтау б) скриненг жүргізу в) дене салмағының индексі г) Захарьин-Геда е) Брокко индексі |
9 | Ас қабылдау мен энергия шығыны арасындағы тепе- теңдіктің бұзылуы әкеледі: а) анемияға б) семіздікке в) атеросклерозға г) қант диабетке е) эндемиялық зобқа |
10 | Брокко индексі бойынша әйелдердің бел айналымының өлшемі тең: а) 102 см жоғары болмау б) 99 см жоғары болмау в) 80 см жоғары болмау г) 66 см жоғары болмау е) 90 см жоғары болмау |
| Модуль - VII. Қан түзу жүйесінің аурулары |
| Анемия. |
1 | Қан құрамындағы эритроцит, гемоглобиннің азаюымен сипатталатын патология: а) геморрагиялық диатездер б) анемия в) лейкоз г) эритемалар е) гемофилия |
2 | Анемияның Л. И. Дворецкий, П.А. Воробьев 1994 жылғы бойынша жіктелуі: а) ишемиялық б) некрозды в) дессиминациялық г) теміртапшылықты е) кавернозды |
3 | Анемияның дамуына ықпал ететін факторлар: а) тұқымқуалаушылық б) көп мөлшерде, жиі етек кірдің келуі в) аллергендер г) инфекцияның организмге түсуі е) стрестік жағдайлар |
4 | Витамин В12тапшылықты анемияның неврологиялық синдромының белгісі: а) дәм сезудің өзгеруі б) көз қарауытуы в) жүрек қағысының жиілеуі г) мінез-құлқының өзгеруі е) қол- аяқтың ұюы |
5 | Жалпы қан талдауындағы эритроцит, гемоглобиннің қалыпты көрсеткіштері: а) эритроцит - 3,7 1012/л, HB - 100 г/л, бояу көрсеткіші - 0,9% б) эритроцит - 3,5 1012/л, HB - 110 г/л, бояу көрсеткіші - 0,7 % в) эритроцит - 4,8 1012/л, HB - 125 г/л, бояу көрсеткіші -0,9 % г) эритроцит - 4,8 1012/л, HB - 80 г/л, бояу көрсеткіші -1,5 % е) эритроцит - 3,2 1012/л, HB - 90 г/л, бояу көрсеткіші -1,0 % |
6 | Теміртапшылық анемиясындағы жалпы қан талдауының көрсеткіштері: а) эритроцит - 3,3 1012/л; HB - 100 г/л, бояу көрсеткіші - 1, 2% б) эритроцит - 3,3 1012/л; HB - 100 г/л, бояу көрсеткіші - 0, 8 % в) эритроцит - 4,8 1012/л; HB - 125 г/л, бояу көрсеткіші -0,9 % г) эритроцит - 4,8 1012/л; HB - 80 г/л, бояу көрсеткіші -1,5 % е) эритроцит - 3,2 1012/л, HB - 90 г/л, бояу көрсеткіші -1,0 % |
7 | Жансыздану, қол- аяғының ұюы, шымырлауы, қол ұштарының сезімталдығының жойылуы анемияның қандай түріне тән белгілер: а) теміртапшылық б) витамин В 12 тапшылық в) аплазиялық г) гемолитикалық е) геморрагиялық |
8 | Гемолитикалық анемиямен ауырған науқасты жалпы қарағанда анықталады: а) терінің көгеруі б) бас сүйегінің өзгеруі в) жүрек ритмінің өзгеруі г) эпигастрий аймағының ауырсынуы е) геморрагиялық бөртпелер |
9 | Науқастың бет сүйегінің, мұрнының өзгеруі, бауырының ұлғаюы анемияның қайсы түріне тән: а) геморрагиялық б) теміртапшылықты в) гемолитикалық г) Фолий қышқылы тапшылықты е) аплазиялық |
10 | Теміртапшылықты анемияның жүктілікке әсері: а) планцетаның ерте ажырауы б) толғақтың әлсіздігі в) босанғаннан кейін қан кету г) кеш босану е) эклампсияның дамуы |
11 | Теміртапшылық анемиямен ауратын науқастардың басты шағымдары: а) әлсіздік, сарғаю, қызу көтерілуі, зәр түсінің қоңырлығы б) тырнақтар түрі өзгеруі, шаш түсуінің күшеюі, тәбеттің бұрмалануы в) әлсіздік, бас айналуы, жүрек соғуы, ентігу г) әлсіздік, тіл ұшының күйдіріп ауырсынуы, көздің сарғыш тартуы е) терінің петехиялық қанталаулыр, тістің қызыл иегінің қан талауы, ауыз қуысының некроздық жаралары |
12 | Науқастың жалпы қан талдауында анемиялық белгілермен қатар лейкопения, тромбоцитопения, ретикулоцитопения және ЭТЖ жоғарлауы анықталды. Бұл лабораториялық көрініс қандай анемияға тән белгі: а) геморрагиялық б) теміртапшылықты в) гемолизді г) Фолий қышқылы тапшылықты е) аплазиялық |
13 | Анемияның қайсы түрінде науқасқа жүйелі түрде витамин В 12 енгізеді: а) геморрагиялық б) теміртапшылықты в) гемолизді г) Фолий қышқылы тапшылықты е) В12 тапшылықты |
14 | Эритроциттердің мембранасының генетикалық кемістігінен микросфералық пішінді өзгерісі қандай анемияда кездеседі: а) гемолизді б) теміртапшылықты в) В12 тапшылықты г) Фолий қышқылы тапшылықты е) аплазиялық |
15 | Науқастың жалпы қан талдауында гемоглобинге қанық ірі пішінді овальді эритроциттер және эритроциттердің дегенерациялық түрлері Кебот сақиналары, Жолли денешіктері анықталынды. Бұл лабораториялық көрініс анемияны қандай түріне тән белгі: а) геморрагиялық б) теміртапшылықты в) гемолизді г) Фолий қышқылы тапшылықты е) В12 тапшылықты |
16 | Анемиямен ауыратын науқастың жалпы қан талдауында анықталынады: а) лейкоциттердін төмендеуі б) тромбоциттердің төмендеуі в) тромбоциттердің жоғарлауы г) лейкоциттердің жоғарылауы е) гемоглобиннің төмендеуі |
| Лейкоздар |
1 | Сүйек миының қантүзу жасушаларынан дамыған ісіктер: а) геморрагиялық диатездер б) гемофилия в) лейкоздар г) эритремия е) анемиялар |
2 | Лейкоздың дамуына ықпал ететін этиологиялық факторлардың бірі: а) витамин жетіспеушілігі б) йондаушы радиация в) диетаны бұзу г) нервтік- стресстер е) иммунитеттің әлсіреуі |
3 | Ісіктік жасушалардың түріне байланысты лейкоздардың жіктелуі: а) гемолитикалық б) геморрагиялық в) миелолейкоз г) тромбоцитопения е) аплазиялық |
4 | Созылмалы миелолейкоздың интоксикациялық симптомының бірі: а) ауызынан ацетон иісінің шығуы б) себепсіз тістің қызыл иегінің қанауы в) тершеңдік г) жүрек шаншуы е) экспираторлы ентігу |
5 | Лейкоз диагнозын нақтылау үшін жүргізілетін диагностикалық тексеру: а) биохимиялық қан талдауы б) жалпы зәрді талдау в) сүйек майын тексеру г) плевра сұйықтығын тексеру е) лимфа түйіндерінің пунктатын тексеру |
6 | Лейкоздағы жалпы қан талдауының көрсеткіші: а) эритроциттер- 4,51012/л, лейкоцит- 6,5 109/л, лимфацит - 28% б) эритроциттер - 2,0 1012/л, лейкоцит- 65,0109/л , лимфацит- 75% в) эритроциттер - 4,01012/л, лейкоцит- 7,5109/л, лимфацит- 15 % г) эритроциттер - 2,51012/л, лейкоцит- 5,5109/л, лимфацит- 6% е) эритроциттер - 3,51012/л, лейкоцит- 5,8109/л, лимфацит- 25% |
7 | Лейкозды дифференциалды диагностика жүргізу қажет: а) геморрагиялық анемиямен б) геморрагиялық диатезбен в) аплазиялық анемиямен г) тромбоцитопениялық пурпурамен е) теміртапшылық анемиямен |
8 | Науқастың ауыз қуысынан, бадамша бездерінен, өңештен, ішектен некроздық жаралар анықтау жедел лейкоздың қандай синдромына тән белгі: а) геморрагиялық б)анемиялық в) жаралы-некроздық г) гиперплазиялық е) интоксикациялық |
9 | Ісіктік жасушалардың түріне байланысты лейкоздың жіктелуі : а) геморрагиялық б) терминальді в) аплазиялық г) жедел, созылмалы е) теміртапшылық |
10 | Жедел лейкоздағы интоксикациялық, анемиялық синдромдармен бірге тағы қандай синдром болуы мүмкін: а) уремиялық б) геморрагиялық в) неврологиялық г) тромбоцитопениялық е) гемолиздік |
11 | Көк бауырды сипалау әдісі: а) сол бүйіріне жатқызып б) оң бүйіріне жатқызып в) арқасымен жатқызып г) екі тізесін және шынтағын кіндік түбіне қойып е) екі қолын айқастырып иыққа қойып |
12 | Науқастың лимфабезі ұлғайған, сипалағанда ауырсынбайды. Бұл көрініс қандай патологияға тән?: а) теміртапшылық анемиясына б) геморрагиялық васкулитке в) гемофилияға г) тромбоцитопениялық пурпураға е) лимфогрануломатоз |
13 | Жедел лейкозбен ауыратын науқастың жалпы қан талдауында қандай өзгерістер анықталынады: а)лейкемиялық (провал) құлдырау б) тромбоцитопения в) эозинофилиоз г) эритроцитоз е) нейтрофильдердің солға жылжуы |
14 | Лейкозды анықтау үшін жүргізілетін тексеру әдісі: а) бұғана асты пункция б) венопункция в) плевральды пункция г) стернальді пункция е) абдоминальды пункция |
| Геморрагиялық диатездер. Гемофилия |
1 | Қанағыштыққа алып келетін туа немесе жүре пайда болған аурулар тобына жатады: а) лейкемия б) теміртапшылықты анемия в) гемофилия г) гемолитикалық анемия е) эритермия |
2 | Тромбоцитопениялық пурпураның даму механизмі: а) қанның ұю процесінде қан ұюту факторларының жетіспеушілігі в) протромбиннің көбеюі б) тромбоциттердің шамадан тыс ыдырауы г) қан тамырларының зақымдалуы е) қанның фибринолиздік жүйесінің төмендеуі |
3 | Тромбоцитопениялық пурпурамен ауырған науқастардың терісіндегі өзгеріс : а) лимон түсті сарғаю б) мрамор түсті көгеру в) әр түрлі-түсті « көк, сары жасыл» геморрагиялық бөртпелер г) гемотомалар е) тамыр жұлдызшалары |
4 | Тромбоцитопениялық пурпурамен ауыратын науқастың жалпы қан талдауындағы өзгеріс: а) лейкоцитоз б) тромбоцитоз в) тромбоцитопения г) лейкопения е) ЭТЖ жоғарлауы |
5 | Тромбоцитопениялық пурпураны емдеуде қолданылатын дәрі тобы: а) анальгетиктер б) кортикостероидтар в) жүрек гликозидтері г) спазмолитиктер е) бронхолитиктер |
6 | Қан ұю процесінде VIII-IX-XI факторлардың жетіспеушілігімен дамитын патологиялық процесс: а) Гемофилия б) Тробоцитопениялық пурпура в) Геморрагиялық васкулиттер г) Гемолитикалық анемия е) Аплазиялық анемия |
7 | Гемофилияның клиникалық белгісінің ерекшілігі: а) тері астына қан кету б) іш қуысына қан кету в) буын арасына қан кету г) теріде геморрагиялық бөртпелер е) терінің сарғаюы |
8 | Гемофилияны емдеуде қолданылатын дәрі: a) антигемофильді сары су (креципитат) б) димедрол в) анальгин г) витамин В12 е) винкристин |
9 | Гемофилияның клиникалық белгісі: а) тері астына сары судың жиылуы б) буын үсті қызарып, ісінеді, қимылдатқанда ауырсынады в) бүкіл денеге бір уақытта геморрагиялық бөртпелер шығады г) дене қызуы көтеріліп, құсады е) дененің симметриялы аймақтарында геморрагиялық бөртпелер |
10 | Геморрагиялық васкулиттің дамуына ықпал етуші факторлар: а) ангина, грипп, туберкулез б) иммунитеттің төмендеуі г) қан ұю процесінде VIII-IX-XI факторлардың жетіспеушілігі в) тромбоциттердің көбеюі е) Эпштейн -Барр вирусы |
11 | Геморрагиялық васкулиттің клиникалық белгісінің ерекшелігі: a) геморрагиялық бөртпелер теріде, ауыз қуысында, асқазанда, ішектерде шығады б) терінің лимон түсті сарғаюы в) терінің диффузды көгеруі г) әртүрлі гемморрагиялық дақтар е) қызыл сақина тәрізді эритемалар |
12 | Геморрагиялық васкулитте қолданылатын дәрі: а) 0,05%- 1,0 строфантин б) 10%- 10,0 кальций хлорид в) 50%- 2,0 анальгин г) 2,4%- 10,0 эуфиллин е) 0,6%- 1,0 коргликон |
13 | Гемофилиямен ауыратын науқастарға жүргізілетін алдын- алу іс шаралары: а) салауатты өмір салтын қалыптастыру б) соғылудан, жарақаттанудан сақтану в) тамақ режимін сақтау г) жағымсыз қылықтарды жою е) күн сәулесінен, суықтанудан сақтану |
14 | Гемофилияның лабораториялық диагностикасындағы анықталатын өзгеріс: а) жалпы қан талдауында – лейкоцитоз б) жалпы несеп талдауында – лейкоцитурия в) биохимиялық қан талдауында VIІI-IX-XI факторлардың жетіспеушілігі г) биохимиялық қан талдауында- С- реактивтік белок е) биохимиялық қан талдауында – диспротеинемия |
15 | Гемофилиямен ауырған науқастың буыны зақымдалғанда жедел көмек көрсету тактикасы: a) дымқылданған оттегін беру б) таңғыш салу в) антибиотиктер егу г) жылытқыш қою е) витаминдер егу |
16 | Теріде әр түрлі «көк сары жасыл» геморрагиялық бөртпелердің пайда болуы геморрагиялық диатездердің қандай түріне тән: а) гемофилияға б) геморрагиялық васкулитке в) тромбоцитопениялық пурпураға г) Фелти синдромына е) Рандю- Вебер- Ослер ауруына |
17 | Тромбоцитопениялық пурпурада таңғыш салғандағы өзгеріс: a) «шымшу» симптомы оң болады б) тамыр жұлдызшалары пайда болады в) Пастернацкий симптомы оң болады г) агглютинация реакциясы оң жүреді е) геморрагиялық бөртпелер пайда болады |
18 | Тері астына, бұлшықет арасына, фасция арасына қанның құйылуы тән: а) ревматоидтық артритке б) гемофилияға в) деформациялаушы остеоартрозға г) рематизімді артритке е) подаграға |
19 | Қан ұю процесінде IX- факторың жетіспеушілігінде дамитын патологиялық процесс: а) Гемофилия С б) Гемофилия А в) Геморрагиялық васкулиттер. г) Гемофилия В е) Тромбоцитопениялық пурпура |
20 | Геморрагиялық бөртпелер теріде, ауыз қуысында, асқазанда, ішектерде шығады. Бұл белгілер қандай геморрагиялық диатездерге тән белгілер? а) Гемофилия С б) Гемофилия А в) Геморрагиялық васкулитке г) Гемофилия В е) Тромбоцитопениялық пурпураға |
| Модуль - VIII. Тірек- қимыл аппаратының аурулары. Коллагенозды аурулар |
|