ТУП - УЧЕБНО-ПРОИЗВОДСТВЕННАЯ ПРАКТИКА - МЕДИЦИНСКАЯ СЕСТРА. Типтік оу бадарламасы ж оары ксіптік білім
Скачать 153.32 Kb.
|
ТИПТІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ Ж оғары кәсіптік білім БАКАЛАВРИАТ ОҚУ ӨНДІРІСТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ МЕЙІРБИКЕЛІК ПРАКТИКА II курс мамандығы: 051101 - «Мейірбике ісі» Сағат көлемі - 60(4 кредит) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігі Астана 2008 А лғы сөз Әзірлеген және енгізген: Қазак, мемлекеттік медицина академиясы, М. Оспанов атындағы Батыс-Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы, «Эмили» медицина орталығы Мейірбике ісі институты Алгаш рет енгізілген Типтік оқу бағдарламасы 051101 - «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша 2006 жылғы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес эзірленген. Типтік оқу бағдарламасы ҚазММА мекемесіндегі жоғары жэне ЖОО-нан кейінгі мамандыктар бойынша білім берудің оқу-эдістемелік секциясында бекітіліп, басылымға ұсынылған. Хаттама № За « 22 » ақпан 2008 ж. Мазмұны Түсініктеме 6 Оку-ендірістік медициналық мейірбикелік тэжірибенің мазмұны 8 Оқу-өндірістік тәжірибеден кейінгі оқушынын тәжірибелік дағдылар тізімі 9 Оку-ендірістік медициналық тэжірибенің қорытындысы бойынша білім мен дағдыларын бағалау критериялары 10 Балл-әріптік жүйе бойынша бағалау кестесі 22 Ұсынылған эдебиеттер тізіімі 24 Авторлар 25 1 Түсініктеме Оқу-өндірістік медициналық мейірбикелік практика 051101 - «Мейірбике ісі» мамандығына типтік оку бағдарламасының оку-өндірістік тәжірибе бойынша мемлекеттік талаптар дайындау деңгейіне арналып, одан жү.мыс оку бағдарламасын жасауға негізі болып табылады. Оқу-өндірістік тәжірибенің мақсаты: емдеу-алдын алу ұйымдарында «Мейірбике ісі негіздегі» пэні бойынша теориялық білім мен тәжірибелік дағдыларын бекіту жэне жүйеге келтіру. Пәннің міндеттері: «мейірбике ісі негіздері» пэнінде алған білімдерін кеңейтіп, тереңдетіп, жүйелеу; мейірбике ісіндегі манипуляциялық техника бойынша кэсіптік дағдыларға иемденіп бекіту; мейірбикелік үрдіс кезеңдерін іске асыру; кэсіптік ойлауды дамыту; медициналық этика және деонтологияның принциптерін тэжірибеде қолдану; науқаспен, оның туыстарымен жэне бөлімшедегі эріптестерімен қатынасу кезінде қарым-қатынас ережелерін қолдану. Тәжірибе емдеу-алдын алу ұйымдарында, сонымен қатар қабылдау белімі, емдік бөлімшелер, интенсивті терапия палатасы, егу бөлмесі, рентгенологиялық пен эндоскопиялық белімшесі, функционалды диагностика бөлімшесінде втеді. Тәжірибенің басшылығын мейірбике ісі кафедрасының тэжірибелі оқытушылары немесе жоғары білімі бар практикалық мейірбикелер (кафедрада қосымша істеушілер) басқарады. Оку-өндірістік тэжірибені өтіп жүргендер сол мекеменің барлық ішкі еңбек тәртібін орындап, тэжірибе жетекшіге және бөлімшенің аға мейірбикесіне бағынады. Тэжірибе жетекшісі графикке сай тэжірибе өтуін, оқушының күнделіктегі жазуларын безендіруді тексеріп, қолын қояды. Бөлімшенің ага мейірбикесі күнделікті оқушылардың бөлімшедегі жұмысын қадағалайды. Тәжірибе жетекшінің күнделікті бақылау түрлері: бекіткен белімшедегі окушының жұмысын тексеру; оқушының тәжірибелік дағдыларын қабылдау; тәжірибе күнделіктерін тексеру. Қорытынды бағалау — дифференциялдық сынақ Оқытушыда қорытынды бағалауға рұқсат ретінде болуы керек: І.орындалатын манипуляциялардың тізімі мен орындалған манипуляциялардың саны жазылған күнделік. 2.Тэжірибе жетекшінің, бас мейірбикенің (немесе бас дэрігердің мейірбике ісі жөніндегі орынбасарының) жэне кафедра жетекшісінің қолы қойылған окушыға берілген мінездеме. .. Тәжірибе кезіндегі тәжірибелік әрекеттер түрі: 1. емдеу белімшелеріндегі жұмыс (сонымен бірге интенсивті терапия • болімшесінде); егу бөлмесіндегі жұмыс; рентгенологиялық бөлмесіндегі жұмыс; эндоскопиялық бөлмесіндегі жұмыс; ультрадыбыс диагностика белмесіндегі жұмыс; функциональды диагностика белмесіндегі жұмыс. Оқу-өндірістік медициналық мейірбикелік тәжірибенің күн тәртібінің жоспары Жұмыс күнінің ұзақтыгы - 6 академиялық сағат, тәжірибенін ұзақтығы -10 күн.
2 Оқу-өндірістік медициналық мейірбикелік тәжірибенің мазмұны Емдеу бөлімшелеріндегі жұмыс Окушылар палатада жұмыс істегенде инфекциялық бақылау шаралары мен аурухана ішіндегі инфекцияны алдын-алуын жүргізеді. Науқасты қозғалтуда биомеханика ережелерін қолданады. Науқастарға гигиеналық шараларын жүргізеді. Науқастарды жасанды тамақгандыру ұшін науқас пен жабдыктарды дайындайды. Қызба науқастарға күтім шараларын жасайды. Науқастарға қарапайым физиоем шараларын жүргізеді (жылытқышты, мұзды мұйықты, қыша қағаздарын, оңқаны, компрестерді қолдану). Оттек жастықша жэне орталыктандырылған (Бобров аппараты арқылы) түрде наукасқа оттек береді. Зертханалық зерттеулер үшін науқас пен ыдыстарды дайындайды. Зерттеулерге түрлі материалдарды жинайды (зэр, нәжіс, кақырық). Мұрын мен жүл-кыншактан жағынды алады. Алынған материалды зертханаға тасымалдайды. Емдеу бөлімшесінде науқастарға дэрілік заттарды таратады (пероральді, сублингвальді, ректальді). Ингаляция жүргізеді. Дэрілік заттарды сыртқа қолданады (жағу, пластырды жабыстыру, себу, кезге, мұрынға, қүлаққа дэрі тамызу). Дэрілік терапияны тіркеу және бақылау жүргізуге қатысады. Асқазанды жуады. Клизма мен қуықгы катетерлеуді іске асырады. Қолданған жабдықгарды еңцейді. Науқасты рентгенологиялық, эндоскопиялық, ультрадыбыстық және функциональды зерттеу эдістеріне дайындайды. Науқас мәселелерін аныкгау үшін, мейірбикелік диагноз қою үшін, керек көмекті жоспарлап, іске асыру үшін, нәтижелерін бағалау үшін мейірбикелік тексеру мақсатымен бекітілген науқастарды күнделікті тексеруден еткізеді. Егу бөлмесіндегі жұмые Егу бөлмесін жұмысқа дайындайды, санитарлық-эпидемияға қарсы тэртібін қамтамасыз етеді. Мейірбикенің жеке қорғану ережелерін сактайды. Парентералді жолмен дәрілік заттарды енгізеді: тері ішіне, тері астына, бұлшық етке, көктамырға, кектамырға тамшылатып құю. Көктамырдан қан алуды орындайды. Қолданған аспаптарды өңдейді. Дэрілік терапияны тіркеу және бақылау жүргізуге катысады. Инъещиядан кейінгі асқынуларын алдын-алып, емдейді. Асқынулар болған кезде шұғыл дэрігерге дейінгі кемек көрсетеді. Эндоскопиялық бөлмесіндегі жүмыс Эндоскопиялық белме жұмысымен танысу. Фиброгастродуоденоскопия, бронхоскопия, ректороманоскопия, колоноскопия зерттеулер кезінде дэрігерге серіктес болып көмектеседі. Р ентгенологиялық бөлмесіндегі жұмыс Рентгенологиялық белмесі жұмысымен танысу. Бронхография, коронарография, ангиография, холецистография, урография, ирригография зерттеулері кезінде дэрігерге серіктес болып кемектеседі. Ультрадыбыстық диагностика бөлмесіндегі жұмыс Ультрадыбыстық диагностика бөлмесі жү.мысымен танысу. Зерттеулері кезінде дәрігерге серіктес болып кемектеседі. Функциональді диагноетика бөлмесіндегі жумыс Функциональді диагностика бөлмесі жұмысымен танысу. ЭКГ мен спирографияны жүргізу. 3 Оқу-өндірістік тәжірибеден кейінгі оқушының тәжірибелік дағдылар тізімі: ҚЕірапайым физиоемді жүргізу (жылытқыш, мұзды мұйық, қыша қағазы, оңқа, компресс); оітек жастықшасы жэне Бобров аппаратымен науқасқа оттек беру; зертханалық зерттеу үшін зэрді жинау эдісі мен техникасын ұйғару; зертханалық зерттеу үшін нэжісті жинау әдісі мен техникасын ұйғару; зертханалық зерттеу үшін қақырықты жинау әдісі мен техникасын ү.йғару; зертханалық зерттеу үшін мұрын мен жұгқыншақган жағынды алу техникасын ү.йғару; эитеральді (пероральді, судлингвальді, ректальді) жэне ингаляционды жолмен длрі-дэрмектерді қабылдауды білу; дәрі-дэрмектерді сыртқы жолмен (жагу, пластырды жабыстыру, себу, қүлаққа, мұрынға, көзге дәрі тамызу) қолдануды білу; 9. дгірілік заттарды тері ішіне, тері астына, бүлшық етке енгізу; 10.дәрілік заттарды көктамырға енгізу және тамшылатып құю; 11 .кок тамырдан қан алуды ұйғару; 12.асқазанды жуу техникасын ұйғару; ІЗ.клизмажасау эдісін ұйғару; 14-жізл шығаратын түтікті қою әдісін ұйғару; 15.науқасты рентгенологиялық, эндоскопиялық, ультрадыбыстық зерттеулерге дайындау; 16.ЭКГ мен спирографияны жүргізу. 4 Оқу-өндірістік медициналық мейірбикелік тәжірибенің қорытындысы бойынша білім мен дағдыларын бағалау критериялары (дифференциалдық сынақ кезінде)
|