сестринское дело. Материал. 1. Жалпы клиникалы анализге зрді жинау
Скачать 2.23 Mb.
|
Зертханалық зерттеулер Мазмұны 1. Жалпы клиникалық анализге зәрді жинау.................................................................2 3. Зәрді бактериологиялық зерттеуге алу........................................................................2 2. Нечипоренко әдісімен зәрді жинау...............................................................................4 4. Зимницкий байқауына зәрді жинау..............................................................................5 5. Диастазаға зәрді жинау..................................................................................................6 6. Қантты анықтауға зәрді жинау....................................................................................7 7. Глюкозуриялық қиықты анықтау...............................................................................8 8. Зәрдегі глюкозаны ұзынша- сопақ тестімен анықтау...............................................8 9. Копрологиялық зерттеуге нәжісті алу......................................................................11 10. Іш құртының жұмыртқасын анықтауға нәжісті алу..........................................11 11. Жасырынды қанды алуға нәжісті алу....................................................................12 12. Бактериологиялық зерттеуге «Ашық нәжістен» нәжісті қоректі ортасы бар Петри таяқшасына алу..............................................................................................13 13.Бактериологиялық зерттеуге «Ашық нәжістен» нәжісті шыны түтікке (Пробиркаға) алу..............................................................................................................14 14. Бактериологиялық зерттеуге тікелей тік ішектен нәжісті алу............................15 15. Жалпы клиникалық анализге қақырықты жинау.....................................................26 16. А типтік жасушаларға қақырықты жинау.................................................................26 17. Аурухана жағдайында бактериоскопиялық зерттеу үшін туберкулезге қақырықты жинау..............................................................................................................27 18. Бактериологиялық зерттеуге қақырықты жинау.....................................................28 19. Жұтқыншақтан жағынды алу.....................................................................................31 20. Мұрын қуысынан жағынды алу.................................................................................32 21.Көктамырдан қанды ИФА – ға (иммуноферментативті зерттеуге, ВИЧ инфекциясына) алу............................................................................................................34 22. Лабораториялық зерттеуге саусақтан қан алу..........................................................35 23. Биохимиялық зерттеуге көк тамырдан қан алу........................................................35 24. Қанды гемокультураға (қандағы микроогранизмдерді анықтау) анықтау ережелері............................................................................................................................38 25.Ұлтабар сөлін зерттеуге алу........................................................................................49 26. Тюбажды жүргізу........................................................................................................52 27. Науқасты дайындау және асқазанды фракциялық әдіспен жіңішке сүңгімен сүңгілеуді жүргізу..............................................................................................................52 ЖАЛПЫ КЛИНИКАЛЫҚ АНАЛИЗГЕ ЗӘРДІ ЖИНАУ Мақсаты: диагностикалық: зәрдің физикалық қасиетіне, химиялық құрамына және зәр тұнбасын микроскоппен қарап баға беру. Қолдану көрсеткіштері: науқасты жалпы зерттеу Әзірле: сиымдылығы 100-200 мл, қақпағы бар, залалсыздандырылған 1 рет қолданылатын контейнерді, зәр қабылдағышты немесе судноны, науқасты жуындыруға арналған құрал - жабдықтарды, жолдаманы жазып, банкіге желімдеп жапсырыңыз (бөлімше, бөлме №, науқастың аты жөні, зерттеу мақсаты, айы-күні, медбикенің қолы). Іс- әрекет алгоритмі: 1.Науқасқа зерттеу мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның рұқсатын алыңыз. 2.Зәрді жинау тәртібі туралы науқасқа нұсқау жүргізіңіз. 3.Зәрді жинау үшін ыдысты дұрыс даярлауға науқасты үйретіңіз (амбулаториялық жағдайда). 4 .Қолыңызды антисептикпен тазартып, қолғапты киіңіз. 5.Жолдамасы жапсырылған банкіні науқасқа беріңіз. 6.Таңертең гигиеналық емшара жүргізу іс-әрекетін науқасқа үйретіңіз (сыртқы жыныс мүшелерін алдынан артына қараған бағытпен жуыңыз). 7.Науқас зәрдің бірінші ағымын унитазға «1, 2» есебінде бөліп шығаруы тиіс және зәр шығаруды ұстап тұруы қажет. 8.100-200 мл зәрді контейнерге жинаңыз және қалған зәр шығаруды унитазда аяқтаңыз. 9. Қақпақпен контейнерді жабыңыз 10.Жиналған зәрді 1 сағат ішінде зертханаға апарыңыз. 11.Қолғапты шешіңіз, қолыңызды жуып, кептіріңіз. Ескерту: - әйелдің етеккірі келген кезінде зәрді зерттеуге катетер арқылы алады; - зерттеуге дейін зәрді тек қана тоңазытқышта 1,5 сағаттай сақтайды. ЗӘРДІ БАКТЕРИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУГЕ АЛУ Максаты: диагностикалық: аурудың қоздырғышын айқындау, дәрілік сезімталдықты анықтау, науқасты өз бетінше зәрді жинауға үйрету. Қолдану көрсеткштері: бүйрек аурулары. Әзірле: жылы қайнатылған суды, сабынды, қағаз сүлгіні, қағаз салфеткаларын, қақпағы бар залалсыздандырылған контейнерді, лабораторияға жолдаманы, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді. Медбикенің іс-әрекет алгоритмі: 1.Науқасқа зәрді жинау мақсаты мен ережесі туралы хабарлаңыз. 2.Қағаз сүлгіні төсеңіз, оның үстіне қағаз салфеткаларын жайыңыз, зәрге арналған қақпағы бар ыдысты қойыңыз. 3.Науқастан дәрет алу бөлмесіне кіріп, белден төмен қарай шешінуін сұраңыз. Науқастың іс-әрекет алгоритмі: 4.Қолыңызды жылы сумен сабындап жуып, сүлгімен құрғатыңыз. 5.Жыныс мүшесін ұстаңыз, жыныс мүшесінің басын босатыңыз және оны сабындап сумен жуыңыз. 6.Салфетканы қолдана отыра, жыныс мүшесінің басын құрғатыңыз. 7.Салфеткаларды қауіпсіз жоюға арналған контейнерге тастаңыз. 8 . Зәрді жинауға арналған контейнерді алыңыз, қақпақтың ішкі бетіне тигізбей ыдыстың қақпағын ашыңыз, қақпақты қағаз сүлгіге ішкі бетін жоғары қаратып қойыңыз. 9. Зәрді жинауға арналған контейнерді зәр шығаратын каналдын тесігіне ұстаңыз. 10. Зәр ағымының алғашқы бөлігін «1», «2» есебінде унитазға жіберіңіз, содан соң зәрді ұстап тұрыңыз. 11.Зәр ағымының ортаңғы бөлігінен 3-5 мл-дей мөлшерін ыдысқа жинаңыз, зәр шығаруды унитазда тоқтатыңыз. 12. Контейнердің қақпағын жабыңыз. 13. Контейнерді қағаз сүлгісіне қойыңыз. 14. Киіңыз. 15. 3әрі бар контейнерді мейдбикеге беріңіз. 16.Қолыңызды жылы сумен сабындап жуып, сүлгімен құрғатыңыз. Ескерту: - бикстегі зәрді жолдамасымен бактериологиялық лабораторияға 2 сағаттан кешіктірмей апарыңыз; - жиналған зәрді апарар алдында температурасы 4-60С тоңазытқышқа сақтайды; - микрофлораға зәрді зерттеу антибиотиктерді, уросептиктерді қабылдамас бұрын және диурез қалыпты су ішу тәртібінде; НЕЧИПОРЕНКО ӘДІСІМЕН ЗӘРДІ ЖИНАУ Мақсаты: диагностикалық: жасушалық элементтердің санын анықтау (эритроциттер, лейкоциттер, цилиндрлер). Қолдану көрсеткіштері: дәрігердің тағайындауы бойынша (бүйрек ауруларында). Әзірле: сыйымдылығы 100-200 мл, қақпағы бар, 1 рет қолданылатын, залалсыздандырылған контейнерді, жолдаманы жазып, банкіге желімдеп, жапсырыңыз (бөлімше, палата №, науқастың аты жөні, зерттеу мақсаты, айы-күні, медбикенің қолы). Іс-әрекет алгоритмі: 1. Зәрді зерттеуге жинау тәртібі туралы науқасқа нұсқау жүргізіңіз. 2 . Қолыңызды антисептикпен тазартып, қолғапты киіңіз. 3. Науқастың сыртқы жыныс мүшесін алдынан артына қараған бағытпен жуыңыз. 4. Науқас зәрдің бірінші порциясын унитазға «1, 2» есебінде бөліп шығаруы тиіс және зәр шығаруды ұстап тұруы қажет. 5. Контейнерге 50 мл мөлшерінде зәрдің ортаңғы бөлігін жинаңыз. 6. Жиналған зәрді зертханаға апарыңыз. 7. Қолғапты шешіп, қолыңызды жуып, кептіріңіз. Ескерту: тәуліктің кезкелген уақытында зәрге зерттеуді жүргізуге болады. Нечипоренко тәсілі – бұл әдісте зәр тұнбасы микроскоппен қараласып лейкоцит, эритроцит және цилиндр мөлшерлері дұрыстықпен анықталады. Бұл әдіс диагностика үшін үлкен мағына береді, белгісіз жасырынды өтетін нефрит және пиелонефрит формаларын, науқастарды динамикалық бақылау және жүргізілген емнің тиімділігін бағалау. Формалды элементтердің қалыпты көрсеткштері: - лейкоциттер – 1 мл-де 2000-ға дейін; - эритроциттер – 1 мл-де 1000-ға дейін; - цилиндрлер – жоқ. ЗИМНИЦКИЙ БАЙҚАУЫНА ЗӘРДІ ЖИНАУ Мақсаты: диагностикалық: бүйрек қызметінің қоюлығын және бөлінуін зерттеу; тәуліктік, күндізгі және түнгі диурездерді анықтау. Қолдану көрсеткіштері: бүйрек аурулары. Әзірле:сыйымдылығы 500 мл, қақпағы бар, 1 рет қолданылатын, 8 дана залалсыздандырылған контейнерді, жолдаманы жазып әрбір банкіге желімдеп жапсырыңыз (бөлімше, палатасынын №, зерттеу мақсаты,порциянын №, жинау уақыты, айы-күні, медбикенің қолы). Іс-әрекет алгоритмі: 1. Зәрді зерттеуге жинау тәртібі туралы науқасқа нұсқау жүргізіңіз: - зерттеуді жүргізу алдында зәр шығаратын препараттарды қабылдау тоқтатылады; - бір тәулікте 1,5 литрге дейін сұйықтықты қолдануды науқас шектейді, өйткені диурездің көбейуін және зәрдің салыстырмалы тығыздығының біршама төмендеуін болдырмау керек; - зәр жинау кезінде бір тәулікте ішілген сұйықтық есепке алынады. 2. Таңертең сағат 6-да науқас қуығындағы зәрді унитазға босатуы керек. 3. Жеке нөмірленген контейнерлерге әрбір 3 сағат сайын зәрді жинаңыз. №1 порция – сағат 6-дан 9-ға дейін № 2 порция – сағат 9-дан 12-ге дейін №3 порция – сағат 12-ден 15-ке дейін №4 порция – сағат 15-тен 18-ге дейін №5 порция – сағат 18-ден 21-ге дейін №6 порция – сағат 21-ден 24-ке дейін №7 порция – сағат 0-ден 3-ке дейін №8 порция – сағат 3-тен 6-ға дейін 4. 24 сағаттан таңертеңгі 6-ға дейінгі кезеңде зәрді жинау үшін медбике науқасты оятып отыруы керек. 5. Келесі күні таңертең зәрдің барлық 8 порциясын зертханаға апарыңыз. Ескерту: - дайындалған банкаға зәр сыймаса, онда қосымша ыдысқа жинап, оның сыртындағы этикеткаға белгіленеді «қосымша зәр порциясы №»; - порцияның біреуінде зәр болмаса анализге бос контейнер жіберіледі. Зимницкий байқауы – бұл бүйректің қызметінің функциональды байқауы, мөлшерін анықтауға және зәрдің салыстырмалы тығыздығын 3 сағат аралығындағы 8 үлесті бір тәулік ішінде аныктауға негізделген. Бұл байқау бүйректің қоюлық қызметін анықтайды және оны клиникалық жағдайда бүйрек ауруларымен азап шеккен адамдарға кеңінен қолданылады. Әрбір үлестің меншікті салмағын анықтау, меншікті салмағының мөлшер тербелуін және алынған бір үлестегі зәрдің меншікті салмағының ең үлкен мөлшері. Зәрдің жеке үлесінің мөлшерін салыстырып отыра және әрбір зәрдің жеке үлесі мөлшерінің тербелу диапазонын анықтайды. Қалыптағы бүйрек кызметіне тән: - Тәуліктік диурез шамамен 1,5 л болады. - Барлық 1 тәулікте ішкен сүйықтықтың 60-80% зәрмен бөлінеді. - Күндізгі диурез түнгі диурезден едәуір артық болуы. - Бір үлестікке меншікті салмағы 1,020-1,025 төмен болмауы. - Зәр мөлшері жеке үлесінде және меншікті салмағында бір тәулік ішінде едәуір тербеледі. ДИАСТАЗАҒА ЗӘРДІ ЖИНАУ Мақсаты: диастазаның мөлшерін анықтау (ұйқы безі ферменттерін). Қолдану көрсеткіштері: ұйқы безі аурулары (панкреатит), өт жолдары аурулары. Әзірле:сыйымдылығы 100-200 мл, қақпағы бар, 1 рет қолданылатын, залалсыздандырылған контейнерді, жолдаманы жазып, банкіге желімдеп, жапсырыңыз (бөлімнің қолы). Іс әрекет алгоритмі: 1. Науқасқа алда болатын манипуляцияның мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның рұқсатын алыңыз. Зәрді жинауға ыдыс беріңіз. 2. Таңертең жаңа бөлінген зәрді 100-200 мл контейнерге жинаңыз. 3. Жиналған зәрді жылы түрінде 10 минут ішінде биохимиялық зертханаға апарыңыз. Ескерту: қалыпты зәрде диастаза азғана мөлшерде 16-64 ЕД болады. Диастаза санының көбейуі ұйқы безінің патологиясы және өт жолдарының ауруын бар екендігін көрсетеді. Бүйрек жетіспеушілігінде зәрде диастаза болмайды. ҚАНТТЫ АНЫҚТАУҒА ЗӘРДІ ЖИНАУ Мақсаты: зәрдегі қанттың мөлшерін анықтау. Қолдану көрсеткіштері: қант диабеті, инсулин дозасын есептеу. Әзірле: сыйымдылығы 3лжәне 200 мл таза, құрғақ, мөлшерленген шыны банкілерді, шыны таяқшаны, жолдаманы жазып, банкіге желімдеп, жапсырыңыз (бөлімшесі, палата №, зерттеу мақсаты, науқастың аты-жөні, күні, 1 тәулікте бөлінген зәрдің жалпы мөлшері, медбикенің қолы), қолғапты. Іс- әрекет алгоритмі: 1.Зәрді зерттеуге жинау тәртібі туралы науқаспен нұсқау жүргізіңіз. 2.Таңертеңгі сағат 6-да науқас қуығындағы зәрді унитазға босатуы қажет. 3.3 литрлік банкаға бөлшек белгісін салыңыз: қағаз жолақтарын жапсырыңыз, өлшемді флакон көмегімен 100 мл суды үстеп құйып, көлем көрсетілімдерін жазыңыз (100, 200, 300 мл әрі қарай). 4.Бір тәулікте барлық бөлінген зәрді 3 литрлік банкіге науқас жинауға тиісті (таңғы 6-дан келесі таңғы 6-ға дейін). 5.Қолғапты киіңіз. 6.3 литрлік банкідегі бөлінген бір тәуліктің ішіндегі зәрдің жалпы мөлшерін өлшеңіз. 7.3 литрлік банкідегі барлық зәрді мұқият түрде шыны таяқшамен араластырыңыз. 8.100-150 мл зәрді 200 мл банкіге құйыңыз және жолдамаға бір тәулікте бөлінген зәрдің жалпы мөлшерін көрсетіңіз. 9.Жиналған зәрді клиникалық зертханаға апарыңыз. 10.Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз. Ескерту: қалыптағы зәрде глюкоза іздін түрінде болады,0,02 промильден жоғарламайды. Зәрдегі қанттың болуы (глюкозурия) физиологиялық және патологиялық болуы мүмкін. физиологиялық глюкозурия тағаммен көп мөлшерде көмірсуды енгізгенде байқалады, эмоционалдық шиеленісушіліктен кейін, кейбір дәрі-дәрмектерді қолданғаннан кейін (кортикостероидтар). патологиялық глюкозурия қант диабетінде, тиреотоксикозда,Иценко-Кушинг синдромында, гемохроматозда байқалады. ГЛЮКОЗУРИЯЛЫҚ ҚИЫҚТЫ АНЫҚТАУ Мақсаты: қант диабетін анықтау. Әзірле: сиымдылығы 0,5-1л және 200 мл таза шыны банка, клиникалық зертханаға жолдама. Іс-әрекет алгоритмі. 1. Науқасқа емшара барысын түсіндіріңіз. 2. Науқасқа қалыпты су мөлшерін сақтауды, өзіне физикалық күш түсірмеуін және диуретиктерді қабылдамауын ескертіңіз. 3. Науқасқа зәр жинау ыдыстарын дайындауды үйретіңіз; - сиымдылығы 500 мл, зәр жинау уақыты көрсетілген (08:00-14:00,14:00-22:00,22:00-08:00), 3 қақпағы бар таза шыны банканы; - сиымдылығы 200мл, зәрді клиникалық зертханаға жеткізуге арналған, қақпағы бар, 3 таза шыны банканы дайындаңыз. 4. Сағат 08.00-де зәрді зерттеуге жинайтын күні науқас қуығын босатады(бұл зәр зерттеуге алынбайды); - 08.00-ден 14.00-ге дейін науқас қуығын бірінші ыдысқа босатады; -14.05-тен 22.00-ге дейін –екіншісіне; -22.05-тен 08.00-ге дейін-үшіншісіне; 3. Әр ыдыстағы зәр көлемін өлшеп,нәтижесін жолдама бланкасына жазыңыз. 4. Әрбір үлкен ыдыстағы зәрді араластырып,әрқайсысынан кіші ыдысқа 200мл зәрді бөліп құйыңыз (стационар жағдайында зәр зертханаға үлкен ыдыстармен де жеткізіле береді). 5. Зертханаға ыдыстарды қақпағымен тығыз жабылған күйінде жолдамамен бірге жеткізіңіз. Ескерту: Зәр көлемін анықтауға,оны араластыруға,басқа ыдысқа құюға байланысты манипуляцияларды инфекциялық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып орындау керек. Пайдаланған бос ыдыстар және таяқшалар дезинфекциялануы тиіс. ЗӘРДЕГІ ГЛЮКОЗАНЫ ҰЗЫНША-СОПАҚ ТЕСТІМЕН АНЫҚТАУ Мақсаты: зәрдегі глюкозаны анықтау. Қолдану көрсеткіштері: қант диабетінде. Әзірле: зәрді, ұзынша-сопақ тестіні реактивімен, залалсыздандырылған резеңке қолғапты. Іс -әрекет алгоритмі: 1. Науқасқа манипуляция барысы мен мақсатын түсіндіріңіз. 2. Ораудан ұзынша-сопақ тестіні шығарып, тез ораудың қақпағын жабыңыз. 3. Резеңке қолғапты киіңіз. 4. Жаңа бөлінген зәрді араластырып, оған ұзынша-сопақ тестіні салып, жылдам шығарыңыз. 5. Ұзынша-сопақ тестінің ұшын ыдыстың қырымен жүргізіп, зәрдің артығын кетіріңіз. 6. Тест-зонаның түсін ораудағы түрлі түсті шкаламен салыстырыңыз. 7. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз. |