сестринское дело. Материал. 1. Жалпы клиникалы анализге зрді жинау
Скачать 2.23 Mb.
|
Сұрақтары: Антибиотиктерді тағайындамай тұрып нені жинау алдымен? Клиникалық анализге жиналған қақырықты қанша сағат ішінде зертханаға жібереміз? Қақырық негізінен қай уақытта алынады? Көбіне ірің қақырық болып кездеседі , түсі көпірген мөлдір сұйықтық іріңді ауруларға тән. Жаңа бөлініп шыққан 3-5 мл мөлшердеріндегі қақырықты қайда жинаймыз? Тынысалу мүшелерінің және жүрек қан тамырлар жүйелері жалпы қақырық қандай анализ түріне жатады? Бактерологиялық зерттеуде қақырықты жинаудың көрсеткіші. ЖҰТҚЫНШАҚТАН ЖАҒЫНДЫ АЛУ Мақсаты: диагностикалық: жұқпалы аурудың қоздырғыштарын анықтау. Қолдану көрсеткіштері: жұтқыншақ микрофлорасын тексеру, жұқпалы ауруға күдік болғанда (дифтерия). Әзірле: дәке тампондарымен аузы (тығынмен) тығыз жабылған залалсыздандырылған пробиркаларды штаттивімен; материал алу үшін құрғақ мақта тампондары, темір өзегі бар таяқшаға бұралып жасалған крафт пакетінде залалсыздандырылған шпательді; пробиркаларды тасымалдауға арналған биксті; пробиркаларды белгілеу үшін стеклографты, жолдама бланкісін, қолғапты, бет пердені, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді. Іс-әрекет алгоритмі: 1. Науқасқа жасалатын манипуляцияның барысы мен мақсатын түсіндіріп, оны жүргізуге науқастың келісімін алыңыз. 2. Бактериологиялық зертханаға жолдама жазыңыз. 3. Жолдама нөміріне сәйкес нөмерді стеклографпен пробиркаға белгілеңіз: «жұтқыншақ-1», пробирканы штативке орнатыңыз. 4 . Қолыңызды анестетикпен өңдеңіз. Бет перде мен қолғапты киіңіз. 5. Науқастың бетін жарыққа қаратып отырғызып, басын сәл артына шалқайтуын сұраңыз. 6. Науқасқа қарама- қарсы отырыңыз. 7. Сол қолдың IV және V саусақ арасына, тампоны бар залалсыздандырылған пробирканы, шпательді басқа үш саусағымен ұстаңыз. 8. Науқастың аузын кең ашуын сұрап, шпательді аузына енгізіңіз. 9. Тілдің түбірін төмен және алға қарай шпательмен басып, тілді қимылдатпай ұстап тұрыңыз. 10. Пробиркадан залалсыздандырылған тампон оралған темір өзекті оң қолмен тығынынан ұстап шығарып алыңыз. 11. Тампонды тілдің, тісктік, ұрттың, жұмсақ таңдайдың шырышты қабығына ауыз қуысына енгізіңіз. 12. Жеңіл айналмалы қозғалыспен жұтқыншақтың артқы бетінен 2-3 рет тампомен жүргізіңіз. 13. Тампонмен таңдай тіл доғасынан, көмекей бездерінен төмендегідей реттілікпен жағынды алыңыз: оң жақ таңдай доғасы, оң жақ көмекей безі, тілшік, сол жақ таңдай доғасы, сол жақ көмекей безі, жұтқыншақтың артқы бетінен шырышты алыңыз. 14. Шпательді ауыз қуысынан шығарып, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз. 15. Тампонды ауыздың тілдің тістің шырышты қабығына тигізбей ауыз қуысынан шығарыңыз және оны пробирканың жиегіне немесе сыртқы беттеріне тигізіп алмай пробиркаға енгізіңіз де аузын тығыз жабыңыз. 16. Штативті пробиркасымен бикске орналастырып, биксті «кілтке» жабыңыз. 17. Қолғапты, масканы шешіп, қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. 18. Қолыңызды жуып, кептіріңіз. 19. Зерттеуге алынған материалды бикспен және жолдамасымен бактериологиялық зертханаға 2 сағаттан кешіктірмей жеткізіңіз немесе 370С термостатқа бактериологиялық зертханаға жөнелтпес бұрын орналастырыңыз. Ескерту: - жұтқыншақтан жағынды таңертен, аш қарында немесе тамақ ішкеннен кейін, су ішкеннен кейін, тамақ шайқағаннан кейін 2 сағаттан соң (дәрілік препараттар қабылдаудың алдында) алынады; - бактериологиялық зертеудің нәтижесі 5-7 күннен кейін дайын болады, егер науқас дұрыс дайындалса және жағынды дұрыс алынса; - егерде жергілікті өзгерулер айқын белгілі болса зертеуге материалды қабынған жер ошағынан және басқа да жерлерден екі тампонмен алынады. МҰРЫН ҚУЫСЫНАН ЖАҒЫНДЫ АЛУ Мақсаты: диагностикалық: жұқпалы аурудың қоздырғышын анықтау. Қолдану көрсеткштері: мұрын микрофлорасын тексеру, жұқпалы ауруға күдік Әзірле: штативті мақта-дәке тампондарымен аузы (тығынмен) тығыз жабылған залалсыздандырылған пробиркаларымен, материал алу үшін құрғақ мақта тампондары бұралып жасалған темір өзегі бар таяқшаны, крафт пакетіндегі залалсыздандырылған шпательді, пробиркаларды тасымалдауға арналған биксті, штативті, стеклографты, жолдама бланкісін, резеңке қолғапты, масканы, вазелин майын, турундаларды, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді. Іс-әрекет алгоритмі: 1. Науқасқа манипуляцияның барысы мен мақсатын түсіндіріп, жүргізу үшін манипуляцияның науқастың келісімін алыңыз. 2. Бактериологиялық зертханаға жолдама жазыңыз. 3. Жолдама нөміріне сәйкес нөмірді стеклографпен пробиркаға белгілеңіз: «Мүрын-2» , пробирканы штативке орнатыңыз. 4 . Қолыңызды анестетикпен өңдеңіз. Маскамен, қолғапты киіңіз. 5. Науқастың бетін жарыққа қаратып отырғызып, басын сәл артына шалқайтуын сұраңыз. 6. Науқасқа қарама-қарсы отырыңыз. 7. Науқастың мұрын қуысын қарап, оның таза екендігіне көзіңізді жеткізіңіз. 8. Мұрын қуысының алдыңғы бөлігін тазартып алыңыз (науқастың мұрнын сіңбіруін сұраңыз), вазелин майымен оларды жібітіп алып мұрын ішіндегі қабыршақтарды тазалап алыңыз. Содан кейін құрғақ мақта турундасымен тазартыңыз. 9. Беті жабық «Мүрын-2» деген пробирканы сол қолдың III-IV-V саусақтары астына алыңыз, ал оң қолмен тығынынан ғана ұстап, пробирканың (оң қолдың саусақтары тек пробирканың тығынына ғана тиуі тиіс) ішіндегі мақта оралған темір өзекті шығарып алыңыз. 10. Науқастың мұрынының үшын сол қолдың үлкен саусағымен көтеріңіз, ал оң қолмен тампонды жеңіл айналмалы қозғалыспен бір мұрын қуысына, содан кейін екінші мұрын қуысы ішіне 1,5-2 см тереңдікке, мұрын қабырғаларына, мұрын пердесіне тығыз жанастыра тигізіп енгізіңіз. 11. Мұрын қуысынан тампонды шырышпен шығарыңыз. 12. Ептеп пробирканың жиегіне немесе сыртқы беттеріне тигізіп алмай өзекті оның ішіне тампонды енгізіңіз. 13. Пробирканың ауызы тығыз жабылғанын қадағалаңыз. 14. Пробирканы штативке орналастырып, сосын бикске оны «кілтке» жабыңыз. 15.Қолғапты, масканы шешіп, кауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. 16. Қолыңызды жуып, кептіріңіз. 17. Алынған материалды бикспен және жолдамасымен бактериологиялық зертханаға 2 сағаттан кешіктірмей жіберіңіз. Ескерту: материалды апарғанға дейін t4-6˚С тоңазытқышта сақталуы қажет. Көк тамырдан қанды ИФА-ға алу(иммуноферментативты зерттеуге, ВИЧ - инфекциясына) Әзірле: залалсыздандырылған бикс, арнайы киім,қолғап,залалсыздандырылған лоток, ораптану таңғыштары (тампондар, таңғыштар) және пинцет,Консервантсыз залалсыздандырылған шыны пеницилин флаконы, резеңке қақпақшасымен, контейнер, жабыстырғыш лента, 450 С су моншасы, щетка, тасмалдау үшін бикс немесе контейнер, мақта,поролон, маркер,70 % спирт, 10 гр шприц,көк тамырға арналған жгут, жастықша, дез ертінді, лоток, «А және Б» класс контейнерлері, 2 дана жолдама және оған арналған целлофан қапшық. І с-әрекет алгоритмі: 1. Науқасқа түсіндіру-қанды көк тамырдан алынатынын және арнаулы дайындықтың қажеттілігін; 2. Науқасқа жасалатын зерттеудің мақсаты туралы түсіндіру, келісімін алу; 3. Қолды әзірлейміз; 4. Науқасты көк тамырдан қан алуға ыңғайлы жағдайда жатқызамыз немесе отырғызыыз; 5. Бір рет қолданылатын 10 гр щприцті құрастырыныз, ауасын шығараныз; 6. Науқастың шынтақ сүйегінің астына жастықша қойныз; 7. Иық сүйегінің 3/1 бөлігіне салфетка үстіне бұрау салыныз; 8. Науқасқа жұдырығын ашып-жауып жұмыс істеуін сұраныз; 9. Ең толық қан тамырды тауып, содан соң оны спиртке батырылған 2 мақта шаригімен өңденіз; 10. Шынтақ бүкпесінің терісін сол қолмен тартып, көк тамырды бекіту керек ( бұл жағдайда науқастың қолы жұдырыққа тиюлі) 11 Көк тамырға инъекция жасау сияқты, көк тамырды тесу шприц инесін теріге қатар қойып, қимасын жоғары канюлясынан ұстаныз. Науқастың қолын қанмен бүлдірмеу үшін иненің астына залалсыздандырылған салфетканы саланыз. 12. 3-5 мл көк тамырдан қан аламыз, залалсыздандырылған пеницилин флаконына құйныз,маркермен нөмерленіз; 13.Бұрауды алып, науқастың жұдырығын ашуын сұраймыз. 14.Залалсыздандырылған флаконды жабамыз; 15.Дайындап қойған контейнердің ұяларына флаконды қойныз; 16.Контейнерді жабысқақ лентамен жабыстырыныз; 17.Науқастың тұрып, жатуына көмектесеніз; 18.Контейнерді бикстің ішіне орналастырыныз, мақта немесе поролонды жан-жағына орналастыраныз, целлофан қапшыққа жолдаманы салып,биксті жабыныз; 19.Бикстегі қанды 1 сағат ішінде бактерияологиялық лабораторияға жеткізу қажет. Лабораториялық анализге саусақтан қан алу Мақсаты: диагностикалық – жалпы клиникалық анализге қан алу; қанның пішінді элементерінің сандық және сапалық құрамын анықтау (эритроциттердің, лейкоциттердің, тромбоциттердің); қандағы гемоглобин санын және эритроциттердін тұну жылдамдығын (ЭТЖ) анықтау; қандағы глюкозаны анықтау, сонымен қатар қан ұю және қан ағу уақытын анықтау. Қолдану көрсеткіштері: дәрігердің тағайындауы бойынша. Қанды алатын жерлер: құлақтың сырғалығы, төртінші саусақ, жаңа туған нәрестенің өкшесі. Әзірле: залалсыздандырылған скарификаторын, мақта шариктерін, резеңке қолғаптарды, 70% спиртті, 5% йод ерітіндісін, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді. Іс-әрекет алгоритмі: 1. Мейірбике науқасты зерттеу алдында, алда тұрған қанды алу туралы алдын ала ескертуі керек және қан ашқарында, дәрі-дәрмектерді қабылдауға дейін алынатынын, ал кешкі тамақта майлы тамақ қолданбау керектігін түсіндіреді. 2. Науқасты ыңғайлы отырғызыңыз. 3. Қолыңызды анестетикпен өңдеңіз. Спиртке ылғалдатылған мақта шариктерімен қолыңызды тазартыңыз, қолғаптарды киіңіз. 4. Сол қолыңызбен науқастың сол қолының IV саусағын алыңыз, сіздің бірінші саусағыңыз науқастың қолының сыртқы бетінде, ал қалғандары алақан жағында орналасады. 5. Қанды алатын жерді залалсыздандырылған спиртпен ылғалдандырылған мақта шаригімен тазартыңыз және спирттін кебуін күтіңіз, өйткені тесілгеннен кейін шыққан қан саусақ бойымен ағып кетеді. 6. Науқастың саусағының тырнақ жағын ақырындап қысыңыз және скарификаторды тік ұстап орталық сызықтан солға қарай тырнақтан аз ғана кейін жылжытып теріні тесіңіз. 7 . Тілік саусақ терісінің сызықтарына көлденең орналасуы керек, жарақат ашылып тұрады, одан қан оңай және мол ағады. Тері тура тырнақтың қасынан жасауға болмайды, себебі қан оның астына ағады және оны зерттеуге жинап алу қиындайды. 8. Залалсыздандырылған құрғақ мақта шаригімен қанның алғашқы тамшысын сүртіңіз. 9. Әрбір қанды зерттеуге жаңа тамшыдан жинайды. 10.Қан алып болғаннан кейін тесілген жерді 5 % йод ерітіндісімен сүртіңіз. 11. Қолданылған құралдарды қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. Ескерту: қол саусақтары күйіп және үсіп қалғанда, саусақтың терісі қалындап, қатайып кеткен адамдардан қанды құлақтың сырғалығынан алуға болады; ал емшектегі балалардан қанды аяқтың үлкен саусағынан немесе өкшесінен алады. Б иохимиялық зерттеуге көк тамырдан қан алу Мақсаты: диагностикалық Қолдану көрсеткіштері : науқасты зерттеу. Асқынулар: гематома, тромбофлебит, сепсис, вирустік гепатит, АҚТҚ. Қан алатын жерлері: шынтақ бүгілісінің, білектің, қолдың беткейлік веналары. Әзірле:залалсыздандырылған: 10-20 мл көлеміндегі бір рет қолданылатын шприцті, лотокты, мақта шариктерін, салфеткаларды, 70 этил спиртін, масканы, қолғапты, штативтегі таза пробиркаларды, резеңке бұрауды, клеенкалы жастықшаны, жолдаманы, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді. Іс-әрекет алгоритмі: Науқасқа манипуляцияның мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның рұқсатын алыңыз. Науқастан таңертең тамақ қабылдамағаның анықтаңыз. Зертханаға жолдама жазып, пробирканы нөмірлеңіз. Науқасқа ыңғайлы қалыпты алуына көмектесіңіз. Қолыңызды анестетикпен өңдеңіз. Оларды тері антисептигімен өндеңіз. Масканы, қолғапты, қорғаныш көзілдірікті киіңіз. Бір рет қолданылатын шприцтің орауын ашып, оны құрастырып, инеден қалпағын алмай тұрып, ауасын шығарыңыз, шприцті ораудың ішкі бетіне салыңыз. Науқастың шынтақ астына клеенкалы жастықшаны салыңыз. Резеңке бұрауды иықтың ортанғы 1/3 бөлігіне салфетканың немесе іш киімінің үстінен салыңыз. Бұрауды былай байлаңыз, оның бос ұштары жоғары қарай бағытталған болады, ал ілгегі төмен. Қаржілік артериясындағы тамырын ұстаңыз (тамыр соғуы сақталу керек). Көк тамырды зерттеңіз. Ең көп толған көк тамырды табыңыз. Көк тамырды толтыру үшін науқастан жұдырығын бірнеше рет ашуын сұраңыз. Сосын оны қысуын. Спирттелген екі мақта шариктерімен шынтақ бүгілісі аймағын, инъекция жасайтын жерді реттілікпен тазартыңыз, оларды контейнерге салыңыз. 3-ші мақта шаригін сол қолдың ІV және V саусақтар арасында ұстаңыз. Оң қолыңызға шприцті алыңыз: ІІ саусақ иненің канюлясында, ал ІІІ, ІV саусақтармен цилиндрді жоғарыдан орап алыңыз, І саусақты төмен ұстаңыз. Сол қолдың үлкен саусағымен болжаған тесетін жерден төмен көк тамырды бекітіңіз. Инеден қалпағын алып, әдеттегідей көк тамырды тесіңіз (науқастың жұдырығы қысылған). Поршенді өзіңізге қарай тартыңыз, ине көк тамырда екеніне көзіңізді жеткізіңіз. Сол қолмен ақырын поршенді өзіңізге қарай тарта отырып, 5-7 мл қанды шприцке сорып алыңыз. Резеңке бұрауды шешіңіз, науқас жұдырығын ашуы қажет, жылдам қозғалыспен көк тамырдан инені шығарыңыз. Спирттелген мақта шаригін инъекция жасаған жерге 3-5 минутқа салыңыз, науқастан шынтақ буынынан қолды сәл бүгуін сұраңыз. Шприцтен инені алып, контейнерге салыңыз. Шприцтен қанды пробирканың қабырғасына құйыңыз, оның шашырамауын қадағалаңыз. Пробирканы су өтпейтін тығынмен жабыңыз. Пробирканы қанмен бірге штативпен бірге контейнерге қойыңыз, оны тығыз жабыңыз. Науқасқа тұруға немесе жайлы қалып алуына көмектесіңіз. Көк тамырды тескен жерден қан бөлінбегеніне көзіңізді жеткізіңіз. Науқастан мақта шаригін алып, контейнерге салыңыз. Контейнер мен жолдаманы биохимиялық зертханаға жіберіңіз. Қолғапты шешіп, контейнерге салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз. Ескерту: биохимиялық анализге көк тамырдан қанды алу таңертең ашқарында 10 мл мөлшерінде жүргізіледі; ЖҚТБ және RW қан алуды күннін әрбір уақытында 5 мл мөлшерінде жүргізіледі; қанды алуға арналған пробирка құрғақ болуы керек (әйтпесе эритроциттердің гемолизі болады). Химиялық таза, қашап қыйыстырылған резеңке тығыны болады; шприцсіз қанды алуға тиым салынады. (қан шашырау қауіпсіздігі бар). жолдамасында пробирканын нөмерін, зерттеу мақсатын, науқастын аты-жөнін, жынысын, жасын, диагнозын, бөлімін көрсетіңіз; қауіпсіз жүйесі бар қанды алу вакунтейнер (BD VACUTAINER) медициналық қызметкерлерді максимальды сақтауды, алатын материалдың сапасын қамтамасыз етеді. Қанды гемокультураға (қандағы микроорганизмдерді анықтау)анықтау ережесі Мақсаты: жұқпалы аурулар қоздырғышын анықтау және антибиотиктерге сезімталдығын анықтау. Көрсеткіштері:дәргердің нускау бойынша Әзірле: бір рет қолданылатын 5-10 гр шприцтер, 70 0спирт, ортасы бар ыдыстар, стерильді мақта, лотоктар, қалдыққа арналған контейнерлар,қолғап, сіріңке, жолдама. Іс-әрекет алгоритмі: Науқасқа, туыстарына жасалынатын зерттеудің мәнін түсіндіреміз, келісімін аламыз Қолды әзірлейміз; Керекті құралдарды әзірлейміз; Науқасты көк тамырдан қан алуға ыңғайлы жағдайда жатқызамыз немесе отырғызамыз; Бір рет қолданылатын 10 гр щприцті құрастырып, ауасын шығарамыз; Науқастың шынтақ сүйегінің астына жастықша қоямыз; Иық сүйегінің 3/1 бөлігіне салфетка үстіне бұрау саламыз; Қолғапты спиртпен өңдейміз; Науқасқа жұдырығын ашып-жауып жұмыс істеуін сұраймыз; Ең толық қан тамырды тауып, содан соң оны спиртке батырылған 2 мақта шаригімен өңдейміз; Шынтақ бүкпесінің терісін сол қолмен тартып, көк тамырды бекіту керек ( бұл жағдайда науқастың қолы жұдырыққа тиюлі) Көк тамырға инъекция жасау сияқты, көк тамырды тесу шприц инесін теріге қатар қойып, қимасын жоғары канюлясынан ұстаймыз. Науқастың қолын қанмен бүлдірмеу үшін иненің астына залалсыздандырылған салфетканы саламыз 5 мл көк тамырдан қан аламыз, (қанды алу қатынасы 1 бөлік қанға: 10 бөлік қоректі орта) шприцті стерильді лотокқа саламыз Бұрауды алып, науқастың жұдырығын ашуын ,5 минуд шынтақ буындарын бүгуін сұраймыз. Науқастың тұрып, отыруына көмектесеміз. Жолдамаменбірғе зерттеу материалды зертханаға жіберіңіз. Қолды өңдейміз. |