Главная страница

сестринское дело. Материал. 1. Жалпы клиникалы анализге зрді жинау


Скачать 2.23 Mb.
Название1. Жалпы клиникалы анализге зрді жинау
Анкорсестринское дело
Дата01.06.2022
Размер2.23 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлаМатериал.docx
ТипДокументы
#563379
страница2 из 6
1   2   3   4   5   6

Ескерту:

  • қалыпты нәтижеде – реакция кері, зәрде глюкоза деңгейі төмен, оң болған нәтижеде – зәрде глюкоза анықталады (глюкозурия).






Тест тапсырмалары

Сіздің назарларыңызға дұрыс және дұрыс емес қатарлар ұсынылды. Егер келіссеңіз кезекті нөмердің тұсына «+» белгілесін, ал келіспесеңіз «-» белгісін қойыңыз.

Мысалы: -++++-+-+++

1. Зимницкий сынамағына қарсы көрсеткіштер жоқ.

2. Алынған зерттеу қорытындыларын медбике дәрігер бөлмесіндегі үстеліне апарып қояды.

3. Нечипоренко бойынша зәрді зерттеу клиникалық зертханаға жіберіледі.

4. Зәрді қантқа алғанда емделуші 100 – 150 мл зәрді таза, құрғақ флакоға жинау керек.

5. 2 күн бұрын Нечипоренко бойынша зәрді жинағанда оны айдайтын препараттарды белгілейді.

6. Ацетон және кетон тұлғаларына зәрді жинау үшін залалсыздандырылған ыдыс қажет.

7. Зимницкий сынағы бойынша науқас зәрді флаконға 3 сағат сайын тәулік бойы жинайды.

8. Тәулік диурез жайлы мағлұматтар температуралық қағазға жазылады.

9. Бактериологиялық зерттеуге зәрдің ортанғы бөлігі алынады.

10. Зәрді сақтау үшін консервант ретінде формальдегид тимол хлораформ қолданылады.

11. Нечипоренко бойынша бойынша зәр жинау кезінде медбике науқасты дәрет сындыру үшін таңертенгі сағат 5:00 де ояту керек.

КОПРОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУГЕ НӘЖІСТІ АЛУ

Мақсаты: нәжістің макроскопиялық, микроскопиялық, химиялық құрамын зерттеу, ас-қорыту жолдарының функциональді жағдайын зерттеу.

Қолдану көрсеткіштері: ас-қорыту мүшелерінің аурулары.

Әзірле: таза құрғақ 20-50 мл кең мойынды (дәрінің флакондарын) шыны ыдысты, судноны, шыны қалақшаны, жолдаманы жазып ыдысқа жапсырыңыз (бөлімшесі, палата №, науқастың аты-жөні, зерттеу мақсаты, күні, мейірбикенің қолы), резеңке қолғапты.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Зерттеу алдында науқасқа манипуляцияның барысы мен мақсатын түсіндіріңіз.

2 . 3 күн зерттеуге дейін темірі бар (ет, балық, көқөністің барлық түрлері) тағам заттары шығарылады деп науқасқа мәлімет беріңіз. Нәжістің сыртқы көрінісін өзгертетін және ішектің жиырылып кеңуін күшейтетін дәрі-дәрмектерді беру тоқтатылады. 4-ші күні нәжіс зерттеуге алынады.

2. Науқасқа түсіндіріңіз, зерттеу күні таңертең нәжіс зерттеуге алынады.

5. Зерттеуге нәжісті жинау іс-әрекеттін науқасқа үйретіңіз:

- нәжісті жинар алдында науқас қолғапты киюі қажет;

- ішекті сусыз судноға босатқан соң, науқас қалақшамен нәжістің әрбір жерінен 5-10г нәжісті алады және даярлаған ыдысқа салып, қақпағын жабыңыз.

6. Қолғапты шешіп, қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

7. Ыдысты нәжіспен және жолдамамен клиникалық лабораторияға апарыңыз.

Ескерту:

- клизма жасағаннан кейін, суппозиторийді және ішті босататын дәрілерді қолданғаннан кейін нәжісті зерттеуге алуға болмайды.

ІШ ҚҰРТЫНЫҢ ЖҰМЫРТҚАСЫН АНЫҚТАУҒА НӘЖІСТІ АЛУ

Мақсаты: нәжістегі іш құртының жұмыртқасын табу.

Қолдану көрсеткіштері: гельминтоздар түрлерін және ішек құртын анықтау.

Әзірле: 20-50 мл арнайы контейнерді, судноны, жолдаманы жазып, контейнердің сыртына желімдеп жапсырыңыз (бөлімшесі, палата №, науқастың аты-жөні, зерттеу мақсаты, күні, медбикенің қолы).

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Зерттеуге нәжісті жинау тәртібі туралы науқаспен нұсқау жүргізіңіз.

2 . Науқасқа түсіндіріңіз, зерттеу болар алдында дайындықсыз таңертең нәжісті жинауды.

3. Нәжіс жинау іс-әрекетін науқасқа үйретіңіз:

- науқас нәжіс жинар алдында қолғапты киюі қажет;

- үлкен дәретке сусыз судноға отырған соң, нәжістің әртүрлі үш жерінен 30-50 г нәжісті қалақшамен алып, контейнерге салып, қақпағын жабады.

4. Науқас қолғапты шешіп, қолын жуып және құрғатуы қажет.

5. Ыдыстың ішіндегі нәжісті жылы түрінде клиникалық лабораторияға апарыңыз (30 минут) кешіктермей.

Ескерту:

- құртқа қарсы дәрілерді қабылдаған күндері емді бақылау үшін зерттеуге нәжістің барлық үлесін жинайды.

- нәжістегі іш құртының 3 рет зерттейді.
ЖАСЫРЫНДЫ ҚАНДЫ АНЫҚТАУҒА НӘЖІСТІ АЛУ

Мақсаты: ас қорыту жолдарынан жасырынды қан ағуды айқындау.

Қолдану көрсеткіштері: асқазан-ішек жолдарындагы ойық жара, қабыну және қатерлі ісік процестері.

Әзірле:20-50 мл арнайы контейнерді, жолдаманы жазып, контейнердің сыртына желімдеп жапсырыңыз (бөлімшесі, палата №, науқастың аты-жөні, зерттеу мақсаты, күні, медбикенің қолы).

Іс-әрекет алгоритмі:

1 . Зерттеуге нәжісті жинау тәртібі туралы науқаспен нұсқау жүргізіңіз. Алда болатын анализге дейін науқас 3 күн бойы арнайы диетада болуы қажет. (рационынан ет, балық, көкөністің барлық түрлері, граната, қызанақ, жұмыртқа, қызылша, құрамында темір, магний, висмут, йод, бром бар дәрілік заттар, сол сияқты карболен шығарылады).

2. Науқасқа түсіндіріңіз, нәжіс зерттейтін күңі таңертең алынады.

3. Науқастан немесе жанұя мүшелерінен біліңіз, басқа да қан кету көзі болмағанын анықтаңыз (тістің қызыл етінен қан кетуін, қан қақыру, тік ішек айналуы, етек кір), болған жағдайда жалған оң нәтиже береді.

4. Егерде жауап дұрыс болса нұсқау беріңіз, нәжіске қанның түспеуін болдырмайтын:

- 3 күн бойы тісін щеткамен тазалауға болмайды;

- егер науқастың мұрынынан немесе геморройынан қан кету болса, онда зерттеу жүргізілмейді.

5. Науқасқа нәжісті жинау іс-әрекетін түсіндіріңіз.

6. Нәжіс жинау алдында резеңке қолгап киіңіз.

7. Науқасқа түсіндіріңіз, ішті босату унитазда емес, сусыз дәрет ыдысында (суднода) болу керек.

8. Үлкен дәретке отырған соң 5-10 г нәжісті алып, даярлаған ыдысқа салып, қақпағын жабыңыз (тығынмен).

9. Ыдысты ішіндегі нәжіспен лабораторияға жіберіңіз.

10. Қолғапты шешіп, қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

11. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

БАКТЕРИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУГЕ «АШЫҚ НӘЖІСТЕН» НӘЖІСТІ ҚОРЕКТІ ОРТАСЫ БАР ПЕТРИ ТАБАҚШАСЫНА АЛУ

Мақсаты: диагностикалық: жұқпалы ішек ауруларының қоздырғыштарын айқындау, арнайы топтағы адамдарды (реконвалесценттерді) зерттеу.

Қолдану көрсеткіштері: ішектің микрофлорасын анықтау, жедел ішек жұқпалы аурулары.

Әзірле: қоректі ортасы бар Петри табақшасын, залалсыздандырылған пробиркадан залалды өзекті, судноны, резеңке қолғапты, масканы, форма бойынша жазылған жолдаманы, стеклографты, биксті, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1 . Науқасқа манипуляцияның барысын, нәтиже алу мерзімін түсіндіріп, манипуляцияға келісімін алыңыз.

2. Қолыңызды антисептикпен тазартыңыз, халатты, масканы және қолғапты киіңіз.

3. Жолдаманы жазып, журналға тіркеңіз.

4. Жолдама нөмеріне сәйкес нөмерді қоректі ортасы бар Петри табақшасына стеклографпен жазыңыз.

5. Науқасты горшокқа немесе судноға отырғызыңыз.

6. Оң қолыңызбен пробиркадан тік ішектік ілгекті алыңыз.

7. Залалсыздандырылған тік ішектік ілгекпен «ашық нәжістен» жаңа бөлінген нәжістің 3-5 әртүрлі жерінен алыңыз (патологиялық қоспа).

8. Перти табақшасының қақпағын жартылай ашыңыз.

9. Петри табақшысының қоректі ортасының бетіне нәжісті келесі реттілікпен егіңіз: тік ішектік ілгекпен алынған нәжісті көректі ортаның бетіне бір қалыпты жағып үйкеңіз (ептеп, көректі ортаны тырнамай) 1,5-2 см көлемді «тегістік жерге» жасап.

10. Залалсыздандырылған тік ішектік ілгекпен «тегістікке» көректі ортаның барлық бетіне жиі қатар-қатар жіңішке сызықтармен егіңіз, тік ішектік ілгекті мезгіл-мезгіл өз-өзіне айналдыра бұрыңыз, Петри табақшасының қақпағын жабыңыз.

11. Петри табақшасын өсіндімен бірге 370С температурасындағы термостатқа немесе бикске паралонмен тығыздап салыңыз.

12. Биксті «кілтке» жабыңыз.

13. Қолғапты, масканы шешіп, қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

14. Бикстегі алынған материалды жолдамасы мен бірге бактериологиялық лабораторияларға апарыңыз.

Ескерту:

- нәжісті жинау әртүрлі әдістермен жүргізіледі: унитаздан, горшоктан, суднодан, жаялықтан, «ашық нәжістен», тікелей тік ішектік ілгектің көмегімен;

- өсінді жасау үшін шырышты, іріңді, фибринозды қабыршықтарды алады;

- материалды лабораторияға апарғанға дейін тоңазытқышта t4-60С сақтайды;

- антибиотиктер мен сульфаниламид препараттармен емдемес алдында материалды алу жүргізіледі.

БАКТЕРИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТЕУГЕ «АШЫҚ НӘЖІСТЕН»

НӘЖІСТІ ШЫНЫ ТҮТІККЕ (ПРОБИРКАҒА) АЛУ

Мақсаты: диагностикалық жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын айқындау, арнайы топтардағы адамдарды (реконвалесцентті) зерттеу.

Қолдану көрсеткіштері: ішектің микрофлорасын зерттеу, өткір ішек жұқпалы аурулары.

Әзірле: залалсыздандырылған шыны түтікті, мақта-дәке тампондарымен тығыз жабуға материал алу үшін өзекке монтаж жасалған, дәрет ыдысын (судноны) немесе горшокты, қолғапты, масканы, форма бойынша жазылган жолдаманы, стеклографты (шыны ыдысқа жазуды түсіріп жазатын қарандашты), штативті, тасмалдауға арналған контейнерді немесе биксті, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа зерттеу мақсаты мен барысын, нәтиже алу мерзімін түсіндіріп, манипуляцияны жасауға келісімін алыңыз.

2. Қолыңызды антисептикпен тазартыңыз, халатты, масканы және қолғапты киіңіз.

3. Жолдаманы жазып, журналға тіркеңіз.

4. Жолдама нөміріне сәйкес нөмірді шыны түтікке стеклографпен белгілеңіз.

5. Шыны түтікті штативке орнатыңыз.

6. Науқасты горшокқа немесе судноға отырғызыңыз.

7. Оң қолымен тік ішектік ілгекті шыны түтіктен алыңыз (шыны түтікті тығыз жабқан мақта-дәке тампонын тек қана сыртқы жағынан ұстаңыз).

8. Залалсыздандырылған тік ішектік ілгекпен «ашық нәжістен» жаңа бөлінген нәжістің 3-5 әр түрлі жерінен алыңыз (патологиялық қоспа).

9.Тік ішектік ілгекті нәжісімен залалсыздандырылған шыны түтік шетіне, қабырғасына және сыртқы бетіне жанастырмай салып, соның ішінде қалдырыңыз. Шыны түтікті тығынымен тығыз жабыңыз.

10. Шыны түтікке жолдаманы бекітіңіз.

11. Шыны түтікті штативке, штативті поролонмен тығыздатып бикске қойыңыз.

12. Биксті «кілтке» жабыңыз.

13. Қолғапты, масканы шешіп қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

14. Бикстегі алынған материалды жолдамасымен 2 сағаттан кешіктірмей бактериологиялық зертханаға жеткізіңіз.

Ескерту:

- нәжісті жинау әртүрлі әдістермен жүргізіледі: унитаздан, горшоктан, суднодан, жаялықтан, «ашық нәжістен», тікелей тік ішектен ілгектің көмегімен;

- өсінді жасау үшін шырышты, іріңді, фибринозды қабықты алады;

- материал зертханаға жеткізгенше тоназытқышта t-4-60С сақталуы қажет;

- антибиотиктер мен сульфаниламид препараттармен емдемес алдында материалды алу жүргізіледі.
БАКТЕРИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУГЕ

ТІКЕЛЕЙ ТІК ІШЕКТЕН НӘЖІСТІ АЛУ

Мақсаты: диагностикалық жұқпалы ішек ауруларының қоздырғыштарын айқындау, арнайы топтағы адамдарды (реконвалесцентті) тексеру.

Қолдану көрсеткіштері: ішектің микрофлорасын зерттеу, жедел ішек инфекциялары.

Әзірле: залалсыздандырылған мақта-дәке тампонымен тығыз жабылған шыны түтікті, мақта тампоны бұрап оралған құрғақ өзекті, қолғапты, дем пердесін, форма бойынша жазылган жолдаманы, клеенканы, стеклографты, штативті тасымалдауға арналған биксті, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа зерттеу мақсаты мен барысын, нәтиже алу мерзімін түсіндіріп, емшараға рұқсат алыңыз.

2. Қолыңызды антисептикпен тазартыңыз, халатты, масканы және қолғапты киіңіз.

3. Жолдаманы жазып, журналға тіркеңіз.

4. Жолдама нөміріне сәйкес нөмірді шыны түтікке стеклографпен белгілеңіз.

5. Шыны түтікті штативке орнатыңыз.

6 . Науқасты сол жақ қырына аяғын тізесінен жартылай бүгіп жатқызыңыз.

7. Оң қолмен өзек шыны түтіктен шығарып алыңыз.

8. Сол қолдың І және ІІ саусақтарымен науқастың бөксесін ажыратып, ал оң қолмен ептеп анал тесігіне айналмалы қозғалыспен өзекті енгізіп, оны тік ішекке қарай жылжытып, ең алғаш кіндік бағытына қарай 3-4 см, сосын омыртқаға қатарластыра өзекті 8-10 см тереңдікке жылжытып енгізіңіз.

9. Тік ішектің ішкі қабырғасынан (өнезінен) материалды жеңіл айналмалы қозғалыспен алып, сосын абайлап өзекті нәжіспен тік ішектен шығарыңыз.

10. Шыны түтіктің шетіне, қабырғасына және сыртқы бетіне жанастырмай өзекті нәжіспен шыны түтікке салып, ішінде қалдырыңыз.

11. Шыны түтікке жолдаманы бекітіңіз.

12. Шыны түтікті штативке, штативті бикске қойып, поролонмен тығыздаңыз.

13. Биксті «кілтке» жабыңыз.

14. Қолғапты, дем пердесін шешіп қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

15. Бикстегі алынған материалды жолдамасымен бактериологиялық зертханаға 2 сағаттан кешіктірмей апарыңыз.

Ескерту: материалды жеткізгенше t-4-60С тоназытқышта сақталуы қажет.

Тақырып: Зертханалық зерттеулерге материал алу

І нұсқа

1.Нечипоренко әдісінің қолдану көрсеткіштері?

  1. ұйқы без ауруларында

  2. ас қорыту мүшелерінің ауруларында

  3. бүйрек ауруларында

  4. асқазан ішек жолдарындағы ойық жараларында

  5. жедел ішек жұқпалы аурулары

2.Зимницкий байқауында зәрді жинау кезеңдері

  1. 24 сағ-н таңғы 3-ке дейін

  2. 24сағ-н таңғы 6-ға дейін

  3. 24 сағ-н таңғы 9-ға дейін

  4. 24 сағ-н таңғы 10-ға дейін

  5. 24 сағ-н таңғы 11-ге дейін

3.Тәулік диурез-





  1. 1,5л

  2. 0,5л

  3. 2,5л

4.Ішек құрттарын зерттеу саны?

  1. 1

  2. 4

  3. 2

  4. 6

  5. 3

5.Нечипоренко әдісінде лейкоциттердің саны

  1. 1мил-де 1000-ға дейін

  2. 1мил-де 3500-ге дейін

  3. 1мил-де 4000-ға дейін

  4. 1мил-де 4500-ге дейін

  5. 1мил-де 2500-ге дейін

6. Диастазаны зәрде анықтайтын лаборатория?

  1. клиникалық

  2. бактериологиялық

  3. цитологиялық

  4. биохимиялық

  5. копрологиялық

7. Нәжісті копрологиялық зерттеудің мақсаты

  1. жұқпалы ішек ауруларының қоздырғыштарын

  2. диастазаның мөлшерін анықтау

  3. жасырын қан кетуді анықтау

  4. зәрдегі қанттың мөлшерін анықтау

  5. ас қорыту жолдарының функциональды жағдайын зерттеу

8. Нәжісті жасырынды қанды анықтау үшін дайындық?

  1. таңертен аш қарында

  2. кешке клизмадан кейін

  3. таңертен клизмадан кейін

  4. дайындық қажет емес

  5. арнайлы дайындық қажет

9. Глюкозурия әдісімен жинау ережесі?

  1. тәулік бойынша

  2. 2күн ішінде

  3. 3сағ аралығанда

  4. 7сағ аралығында

  5. 1күн ішінде

10. Қалыпты зәрде диастаза мөлшері

  1. 14-74ЕД

  2. 16-54ЕД

  3. 16-64ЕД

  4. 15-64ЕД

  5. 14-64ЕД

11. Жалпы клиникалық анализге жиналған зәрді қанша сағат ішінде зертханаға апару керек?

  1. 2сағ

  2. 4сағ

  3. 1сағ

  4. 3сағ

  5. 6сағ

12. Зимницкий байқауына зәрді жинаудағы қолдану көрсеткіштері

  1. жедел ішек жұқпалы аурулары

  2. қабыну және қатерлі ісік процестері

  3. бүйрек аурулары

  4. ас қорыту мүшелерінің аурулары

  5. қант диабеті

13. Нәжістегі іш құрттарын қанша рет зерттейді?

  1. 3рет

  2. 4рет

  3. 2рет

  4. 1рет

  5. 6рет

14. Науқастың нәжісін неше күн жасырын қанға тексереді?

  1. 7күн

  2. 1күн

  3. 6күн

  4. 2күн

  5. 3күн

15. Зәрдегі глюкозаның ұзынша-сопақ тестімен анықтаудың мақсаты

  1. ас қорыту мүшелерінің аурулары

  2. бүйрек ауруларын анықтау

  3. қант диабеті

  4. зәрдегі глюкозаны анықтау

  5. қатерлі ісік процестері


Тақырып: Зертханалық зерттеулерге материал алу

ІІ нұсқа

1. Бактериологиялық тексеруден нәжісті залалсыздандырылған шыбықпен алады

  1. сигма тәрізді ішектен

  2. тоқ ішектен

  3. зәрден

  4. нәжістен

  5. тік ішектен

2. Жалпы клиникалық анализге зәрді жиналудың қолдану көрсеткіштері

  1. ішек құртын анықтау

  2. өткір ішек жұқпалы аурулары

  3. науқасты жалпы зерттеу

  4. ішек микрофлорасын зерттеу

  5. қан диабеті
1   2   3   4   5   6


написать администратору сайта