Главная страница

сестринское дело. Материал. 1. Жалпы клиникалы анализге зрді жинау


Скачать 2.23 Mb.
Название1. Жалпы клиникалы анализге зрді жинау
Анкорсестринское дело
Дата01.06.2022
Размер2.23 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлаМатериал.docx
ТипДокументы
#563379
страница3 из 6
1   2   3   4   5   6

3. Қантты анықтауға зәрді жинау мақсаты

  1. зәрдегі глюкозаны анықтау

  2. жалпы анализ

  3. зәрің құрамында бактериаларды анықтау

  4. ішек құртын анықтау

  5. зәрдегі диастазаның мөлшерін анықтау

4. Нәжіс гельминттер жұмыртқасын тексеретін зертхана

  1. актериологиялық

  2. серологиялық

  3. биохимиялық

  4. клиникалық

  5. цитологиялық

5. Жалпы клиникалық анализге зәрді жинау үшін зерттеуге қанша мл зәр алынады?

  1. 100-150мл

  2. 50-80мл

  3. 100-200мл

  4. 100-130мл

  5. 50мл

6. Нечипоренко әдісімпен зәрді жинаудың мақсаты қандай?

  1. диагностикалық: жасушалық элементтердің санын анықтау (эритроциттер, лейкоциттер, цилиндрлер)

  2. бүйректің концентрациялық анықтау

  3. диастазаның мөлшерін анықтау

  4. қоздырғыштарын анықтау

  5. зәрдегі глюкозаны анықтау

7. Барлық 1 тәулікте ішкен сұйықтықтың қанша %-ті зәрмен бөлінеді?

  1. 30-40

  2. 50-80

  3. 60-80

  4. 60-85

  5. 30-50

8. Зимницкий байқауында анықтайды:

  1. тығыздығын және көлемін

  2. глюкозаның мөлшерін

  3. диастазаның мөлшерін

  4. жалпы анализ

  5. бактериологияның мөлшері

9. Зимницкий байқауында зәрді жинағанда шынының саны

  1. 8-10

  2. 7-10

  3. 3-10

  4. 6-10

  5. 5-10

10. Диастазаға зәрді жинау көрсеткіші

  1. өт аурулары

  2. бүйрек аурулары

  3. жүрек аурулары

  4. тыныс алу аурулары

  5. барлық жауаптар дұрыс

11. Зәрде қанның көбеюін қалай атаймыз?

  1. глюкозурия

  2. полиурия

  3. олигоурия

  4. уремия

  5. дизурия

12. Диастазаға зәрді жинаудың мағынасы

  1. ұйқы безі және өт жолдарының аурулары

  2. созылмалы гастрит

  3. асқазан ойық жарасында

  4. бүйрек ауруларында

  5. тыныс алу ауруларында

13. Нәжіс гельминттер жұмыртқасын тексеретін мағынасы

a)ұйқы безі және өт жолдарының аурулары

b)созылмалы гастрит

c)асқазан ойық жарасында

d)бүйрек ауруларында

e)тыныс алу ауруларында

14. Қарапайым ішек құрттарға тексеруге нәжісті зертханаға қанша уақыт аралығанда жібереді?

  1. жылыдай

  2. 1 сағ ішінде

  3. 24 сағ кем емес

  4. 10-12 сағ ішінде

  5. 2 сағ ішінде

15. Зәрдегі қанттың мөлшерін жинауға арналған зертханалық ыдыс

  1. лоток

  2. құрғақ таза ыдыс көлемі 200мл

  3. пеницилиннен босаған таза, құрғақ флакон

  4. сыйымдылығы 3л және 200мл таза, құрғақ ыдыс

  5. мойыны кең залалсыздандырылған қақпағы бар шыны ыдыс


Тақырып: Зертханалық зерттеулерге материал алу

ІІІ нұсқа

1. Копрологиялық зерттеуге нәжісті алудың мақсаты

  1. нәжістің макроскопиялық, микроскопиялық, химиялық құрамын зерттеу

  2. іш құрттарын анықтау үшін

  3. тәуліктік, күндізгі және түнгі диурездерді анықтау

  4. аурудың қоздырғышын анықтау, дәрілік сезімталдықты анықтау, науқасты өз бетінше жинауға үйрету

  5. ас қорыту жолдарынан жасырынды қан ағуды анықтау

2. Қандай әдісте сыйымдылығы 200мл кең мойынды 8 таза, құрғақ банкіні дайындаймыз?

  1. қантты анықтауға

  2. диастазаны анықтауға

  3. бактериологиялық зерттеуге

  4. Зимницкий байқауына

  5. Нечипоренко әдісіне

3. Жиналған зәрді апарар алдында қандай t-да тоңазытқышта сақтайды?

  1. 4-6°C

  2. 4-8°C

  3. 2-4°C

  4. 2-6°C

  5. 6-10°C

4. Нечипоренко тәсілінде зәрді жинайды

  1. белгілі уақытта

  2. таңертен 6-да

  3. түнде

  4. күндіз

  5. тәуліктің кез келген уақытында

5.Зимницкий байқауында зерттеуді жүргізу алдында қандай препараттарды қабылдау тоқтатылады?

  1. спазмолитиктер

  2. өт айдайтын дәрілер

  3. ас қорыту мүшелерінің ауруындағы дәрі-дәрмектер

  4. зәр айдайтын препараттар

  5. таблеткаларды

6.Егерде табиғи жолмен зәр жиналмаса

  1. дәрігердің тағайындалуы бойынша дәрілер қабылдау

  2. дәрігерге қаралу

  3. дәрігердің тағайындалуы бойынша қуыққа катетрлеу жүргізу

  4. ем қабылдау

  5. барлық жауап дұрыс

7. Нечипоренко әдісімен зәр жинаудағы мақсаты

  1. бүйрек қызметінің қоюлығын және бөлінуін зерттеу

  2. күндізгі және түнгі диурезді анықтау

  3. тәуліктік диурезді анықтау

  4. жасушалық элементтердің санын анықтау

  5. зәрдің физикалық қасиетін анықтау

8. Іш құртының жұмыртқасын анықтауға нәжісті алу, қолдану көрсеткіштері

  1. науқасты жалпы зерттеу

  2. нәжістегі іш құртының жұмыртқасын табу

  3. ішектің микрофлорасын анықтау

  4. жедел ішек инфекциялары

  5. барлық жауап дұрыс

9.Зәрді диастазаға жинаудың мақсаты қалай?

  1. диастазаның мөлшерін анықтау

  2. жасушалық элементтердің санын анықтау

  3. зәрдің физикалық қасиетіне, химиялық құрамына және зәр тұнбалы микроскоппен қарап баға беру

  4. зәрдегі қанттың мөлшерін анықтау

  5. бүйрек қызметінің қоюлығын және бөлінуін зерттеуі

10. Жалпы клиникалық анализге зәрді жинаудың қолдану көрсеткіштері

  1. өткір ішек құрттарын анықтау

  2. ішек микрофлорасын анықтау

  3. қант диабеті

  4. ішек құртын анықтау

  5. жалпы зерттеу

11. Копрологиялық зерттеуге нәжісті алудың қолдану көрсеткіштері

  1. бүйрек ауруында

  2. асқазан ішек ойық жараларында

  3. қатерлі ісіктерде

  4. асқорытк мүшелерінің аурулары

  5. ішектің микрофлорасын анықтау

12.Жалпы клиникалық зәрді жинауға қанша мл шыны банкі

  1. 35-50мл

  2. 100-200мл



  3. 20-30мл

  4. 30-50

13. Нәжісті бактериологиялық зерттеудің мақсаты

  1. нәжістегі гельминттің жұмыртқаларын анықтау

  2. инфекцияның қоздырғыштарын анықтау

  3. қарапайым вегетативті формаларын анықтау

  4. жасырын қан кетуді анықтау

  5. барлық жауап дұрыс

14. Зимницкий байқауындазәрді жинаудың қолдану көрсеткіші

  1. ішектің микрофлорасын зерттеу

  2. ұйқы без аурулары

  3. қант диабеті, инсулин дозасын анықтау

  4. бүйрек аурулары

  5. өткір ішек жұпалы аурулары

15.Зәрді Нечипоренко әдісімен жинауға арналған ыдыс

  1. 50-100мл кең мойынды таза, құрғақ шышы банкі

  2. лоток

  3. сыйымдылығы 100-200мл кең мойынды таза құрғақ ыдыс

  4. сыйымдылығы 3л және 200мл таза құрғақ шыны банкі

  5. сыйымдылығы 500мл кең мойынды 8 таза шыны ыдыс



ЖАЛПЫ КЛИНИКАЛЫҚ АНАЛИЗГЕ ҚАҚЫРЫҚТЫ ЖИНАУ

Мақсаты: қақырықтың физикалық-химиялық қасиеттерін және жасушалық құрамын анықтау.

Қолдану көрсеткіштері: тыныс алу мүшелерінің және жүрек қан тамырлары жүйелерінің аурулары.

Әзірле:таза құрғақ, кең ауызды 50-100 мл ашық шыныдан жасалған банкіні, банкінің сыртқы бетіне жолдаманы жазып, желімдеп жапсырыңыз (бөлімі, палатасының №, науқастың аты-жөні, жасы, зерттеу мақсаты, күні), 0,5-0,7 литр мөлшеріндегі қайнатылған су температурасы 370С.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Қақырықты зерттеуге жинау ережесі туралы науқасқа нұсқау жүргізіп, оның рұқсатын алыңыз.

2. Қақырық таңертең (ашқарынға) ерте асқа дейін алынады.

3. Науқастан сұраңыз:

- таңертең 2 сағаттай қақырықты жинамас бұрын тісін тазартуды;

- қақырықты жинар алдында ауыз қуысын және жұтқыншақты қайнатылған сумен шаюды;

- тік тұруды немесе тік отыруды;

- қақырықты жинау үшін төменгі ерін тұсында банкіні ұстауды; оған жанаспай, терең дем алуды және дем шығаруды жасап, сосын жөтелуді; қақырықты 3-5 мл мөлшерде банкіге жинаңыз;

- қақырығы бар банкіні қақпақпен жабыңыз.

4. Жиналған қақырықты қарап, оны жинағаннан кейін 2 сағаттың ішінде зертханаға жіберіңіз.

Ескерту:

- егерде жиналған қақырық мөлшері 3-5 мл-нан аз болса, онда қақырықты жинау процедурасын қайталау қажет;

- қақырынған кездегі қақырық емес, тек қана жөтелгенде бөлінген қақырық қана зерттеуге жатады екенін науқасқа ескерту қажет.

АТИПТІК ЖАСУШАЛАРҒА ҚАҚЫРЫҚТЫ ЖИНАУ

Мақсаты: қақырықтағы қатерлі ісік жасушаларын анықтау.

Қолдану көрсеткіштері: қатерлі ісік ауруларына күдік болған жағдайда.

Әзірле: таза құрғақ Петри табақшасын , сыртқы бетіне жолдаманы жазып, желімдеп жапсырыңыз (бөлімі, палата нөмірі, науқастың аты-жөні, жасы, зерттеу мақсаты, күні).
Іс-әрекет алгоритмі:

1 . Науқасқа қақырықты зерттеуге жинау ережесі туралы мәліметті айтып, оның рұқсатын алыңыз.

2. Қақырық таңертең ашқарында жиналады.

3. Науқастан сұраңыз:

- таңертең, қақырықты 2 сағаттай жинамас бұрын тісін тазалауды;

- ауыз қуысы мен жұтқыншақты қайнатылған сумен қақырық жинар алдында шаюды;

- тік тұруын немесе тік отыруын;

- қақырықты жинау үшін төменгі ерін тұсында Петри табақшасын ұстауды;

- бірінші рет терең дем алуды және дем шығаруды жасауды, сосын жөтелуді.

4. Жаңа бөлініп шыққан 3-5 мл мөлшеріндегі қақырықты Петри табақшасына жинап, оны қақпақпен жабыңыз.

5. Жиналған қақырықты қарап бір сағаттан кешіктірмей оны зертханаға жіберіңіз, себебі атиптік жасушалар жылдам бұзылады.

АУРУХАНА ЖАҒДАЙЫНДА БАКТЕРИОСКОПИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ҮШІН ТУБЕРКУЛЕЗГЕ ҚАҚЫРЫҚ ЖИНАУ

Мақсаты: туберкулез микобактериясын айқындау, науқасты өз бетімен қақырық жинауға үйрету.

Қолдану көрсеткіштері: тыныс алу мүшелерінің аурулары.

Әзірле: көп рет немесе бір рет қолданылатын 3 түкіргішті немесе тығыз бұрандалы қақпағы бар контейнерлерді, жолдаманы жазып контейнерге желімдеңіз (науқастың аты жөні, туған жылы, жиналған күні, науқастың теңестіру номерін, жолдама Ф-ТБ-05).

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Қақырықты зерттеуге жинау ережесі туралы нұсқауды науқаспен жүргізіңіз.

2. Қақырық жинау ашық ауада, басқа адамдар болмағанда немесе арнайы осы мақсатпен бөлінген жақсы желденетін, терезесі ашылатын, сорып алатын, жел тартқыш және кварц шамы бар бөлек бөлмеде жүргізілуі тиіс.

3. Масканы, клеенкалы алжапқышты, резеңке қолғапты киіңіз.

4. Таңертең ертең таңғы асқа дейін 3 күн қатарымен қақырықты жинаңыз. Науқасқа ашық түкіргішті немесе контейнерді беріңіз.

5 . Науқасты тісін тазалауды және ауыз қуысы мен жұтқыншағын сода ерітіндісімен немесе сумен шайқауын сұраңыз.

6. Наукастың артынан тұрып, аузына түкіргішті немесе контейнерді жақындатуын сұраңыз.

7. Науқасты аузын орамалмен немесе салфеткамен жабуын сұрап, 3 рет терең дем алуын және дем шығаруын сұрап, соңынан қатты жөтеліп 3-5 мл мөлшерінде қақырықты түкіргіштің немесе контейнердің қырына жанастырмай қақырынып түкіруін сұраңыз.

8. Түкіргішті (контейнерді) қақпағымен жабыңыз.

9. Қақырықты қараңыз және қақырықтың ішінде сілекей емес, тығыз іріңді түйіршікті қақырық болуына көзіңізді жеткізіңіз.

10. Таңертеңгі жиналған қақырықты лабораторияға 1 тәулік ішінде жіберіңіз.

11. Ф-ТБ-05 жолдама бланкісін ресмилеңіз.

Ескерту:

- емхана, амбулатория, ФАП жағдайында қақырықты бактериоскопиялық зерттеуге жоғарыда жазылған ережеге сәйкес жинайды;

- ауруханадан тыс жағдайда қақырықты жинау ерекшелігі, қақырық 2 рет алынады:

- қақырықтың I байқауы – науқас емханаға таңертең қаралғанда медициналық қызметкерінің бақылауымен жинастырады;

- қақырықтың II байқауы – келесі күні таңертең үйде жиналып, лабораторияға апарылады;

- қақырықтың III байқауы – сол күні емханада медициналық қызметкерінің бақылауымен наукастың қақырығын жинайды (2-3 байқау үлестері бір күнде);

- қақырықты жинау міндетті түрде медициналық қызметкерінің бақылауымен жүргізіледі;

- көп рет пайдаланатын түкіргіштер немесе контейнерлер зарарсыздандырылуға және залалсыздандырылуға тиісті;

- бір рет қолданылатын түкіргіш пайдаланып болғаннан кейін жойылуға тиіс.

БАКТЕРИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУГЕ ҚАҚЫРЫҚТЫ ЖИНАУ

Мақсаты: диагностикалық: аурудың қоздырғыштарын анықтау.

Қолдану көрсеткіштері: туберкулез және басқа да жұқпалы аурулар.

Әзірле: залалсыздандырылған құрғақ түкіргішті немесе тығыз жабылатын қақпағы бар таза, құрғақ, кең мойынды банканы, биксті, шыны аяқ қайнатылған сумен (суытылған), салфеткаларды, жолдама бланкасын, қаламсапты, стеклографты, қолғапты, бет пердесін, зарасыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Қақырық зерттеу күні таңертең ашқарында жиналады.

2. Түкіргішті немесе банканы нөмірлеңіз.

3. Бактериологиялық зертханаға жолдаманы толтырыңыз.

4. Қолыңызды анестетикпен өңдеңіз. Қолғапты және бет пердені киіңіз.

5. Науқаспен сенімді қатнас орналастырып, манипуляцияның барысы мен мақсатын түсіндіріңіз.

6. Қақырықты зерттеуге жинау ережесі туралы нұсқауды науқаспен жүргізіңіз.

7. Науқасқа қақырғандағы қақырық емес, терең жөтелгендегі қақырық жиналуы тиісті, қолымен немесе аузымен ыдыстың шетіне тимеуін ескертіңіз.

8. Науқастан сұраңыз:

- таңертең, қақырықты 2 сағаттай жыйнамас бұрын тісін тазалауды;

- ауыз қуысы мен жұтқыншағын қайнатылып суытылған сумен шаюды;

- тік тұруын немесе тік отыруын;

- түкіргіштің қақпағын ашуды;

- аузын матамен немесе орамалмен жауып тұрып, 3 рет терең дем алып және 3 рет терең дем шығарып тұрып, қатты жөтеліп қақырықты өкпенің терең бөліктерінен түкіргішке шығаруын;

- науқас қақырық жинайтын түкіргішті төменгі еріннін тұсында ұстап, түкіргіштің немесе банканың шетіне тигізбей қақыруы тиістігін.

9. Түкіргішті немесе банканы қақпақпен жабыңыз.

10. Түкіргіштің сыртқы бетін зарарсыздандыру ерітіндісіне батырылған салфеткамен сүртіңіз.

11. Жиналған қақырықты қарап, түкіргішті темірлі бикске орналастырыңыз.

12. Бактериологиялық зертханаға қақырықты апарыңыз.

13. Бет пердесін, қолғапты шешіп, контейнерге салыңыз.

14. Қолды жуып, кептіріңіз.

Ескерту:

- қақырық бөлу қиындаған жағдайда оны қақырық бөлетін дәрі-дәрмектерді тағайындалғаннан кейін жинайды;

- антибиотиктерді тағайындамай тұрып, қақырықты жинау қажет.

Сөзжұмбақ.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қ



















 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 




А










 

 

 

 

 

 































Қ



















 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 







Ы







 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 










Р




 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

























Ы




 

 

 

 

 








































Қ

 

 

 

 

 

 


1   2   3   4   5   6


написать администратору сайта