сестринское дело. Материал. 1. Жалпы клиникалы анализге зрді жинау
Скачать 2.23 Mb.
|
Ескерту: Манипуляция танертен ашқарында өтеді. Тақырыбы: Зертханалық зерттеулерге материал алу (қан, қақырық) І нұсқа 1.Кілегейлі қақырық болатын аурулар, таңдаңыз: а) бронхит б) туберкулез c) өкпе қатерлі ісігі д) броннхиальды демікпесінде е) крупозды пневмония 2.Іріңді қақырық түсі: а) жасыл б) көк c) сары д) қызыл е) күлгін 3.Көпіршікті, мөлдір, сұйық қақырық сипаты: а) кілегейлі б) іріңді c) серозды д) серозды-іріңді е) қанды 4.Қақырық болған флаконды зарарсыздандыру ертіндісі ? а) 10% бор қышқылы б) 0,2% гипохлорид ертіндісі c) 10% сулема д) 1% гипохлорид ертіндісі е) 10%тұз қышқылы 5.Іріңді қақырық болатын ауру? а) гастрит б) жедел бронхит c) өкпе абсцессі д) гепатит е) трахейт 6.Бронхиалды демікпеде қақырықта болатын микроскопиялық бөлшек ? а) Друз актиномицеті б) гемотоидин кристаллы c) Шарко-Лейдон кристаллы д) эластикалық талшықтар е) көпіршіктер 7.Қақырық құрамында эластикалық талшықтар болатын ауру: а) созылмалы пневмония б) жедел бронхит c) өкпе туберкулезі д) трахеобронхит е) трахейт 8.Қақырықтағы Куршман спиралы болатын ауру: а) бронх демікпесі б) бронхит c) крупозды пневмониясы д) өкпе туберкулезі е) трахеит 9. Қақырықта түйіршікті шар тәрізді ірі ядросы бар микроскопия тән- а) эхинококк б) ісік клеткалары c) эластикалық талшық д) Шарко кристаллы е) Друз актиномицеті 10. Қақырықпен жұмыс істеп болған соң заттық әйнектерді залалсыздандырушы ерітіндігі батырып қоятын уақыт(мин) ? а) 60 б) 10 c) 20 д) 15 е) 25 11.Қақырық мөлшері аз бөлінетін ауру (2-5 мл) ? а) өкпе гангренасы б) өкпе абсцессі c) өкпе туберкулезі д) бронхит е) өкпе қатерлі ісігі 12. Антибиотиктерді тағайындамай тұрып нені жинау қажетті ,біреуінен басқа а) зәр б) нәжіс c) қан д) қақырық е) дұрыс жауап жоқ 13.Қақырықтағы кеңейген клеткалары шеттерінде кірпікшелер болса, бұл қай ауруға тән: а) бронхит б) өкпе туберкулезі c) пневмония д) бронх демікпесі е) өкпе абсцессі 14.Қақырықтағы атипиялық жасушаларға жинау ыдысы? а) қоңыр ыдыс б) Петри табақшасы c)қақпағы бар ыдыс д) қоңыр қақпағы ыдыс е) дұрыс жауабы жоқ 15.Қақырық микропрепаратында тығыз спираль сияқты оралған элемент? а) макрофагтар б) Шарко-Лейдон кристаллы c) сидерофагтар д) гематоидин е) Куршман спиралі Тақырыбы: Зертханалық зерттеулерге материал алу (қан, қақырық) ІІ нұсқа 1. Өкпе абцессі мен гангренасында бронхоэкстазия ауруда кездеседі, қандай қақырық ? а) кілегейлі қақырық б) іріңді қақырық c) ұйыма қақырық д) қанды қақырық е) барлық қақырық 2. Жалпы клиникалық анализге қақырықты жинаудың қолдану көрсеткіштері қандай? а)тынысалу мүшелері б) бүйрек аурулары c) қан тамырлар жүйелері д) ішкі секреция бездері е) ішек қан тамырлар жүйелері 3. Жалпы клиникалық анализге қақырықты жинауға әзірлегенде қанша литр мөлшерінде су қажет? а) 0,1-0,2 б) 0,5-0,7 c) 0,4-0,8 д) 0,3-0,7 е) 0,5-0,6 4. Клиникалық анализге жиналған қақырықты қанша сағат ішіпде зертханаға жіберіңіз? а)4 сағат б) 1 сағат c) 2 сағат д) 3 сағат е) 6-7 сағат 5. Қақырық негізгі қай кезде, қай уақытта,қай кезге дейін жиналады? а) кешкісін (аш қарында) б) таңертең (аш қарында) c) түстен кейін (аш қарында ) д) түске дейін (аш қарында ) е) түнде (аш қарында) 6. Жаңа бөлініп шыққан 3-5 мл мөлшеріндегі қақырықты қайда жинаймыз ? а) Петри табақшасына б) банкаға c) арнайы ыдысына д) қақырық түтікшесіне е) қорапшаға 7. Лабораториялық анализге саусақтан қан алу кезінде қанды қай саусақтан алады ? а) оң қолдың ІV б) сол қолдың IV c) оң қолдың I д) оң қолдың II е) сол қолдың I 8. Қол саусақтары күйіп жіне үсіп қалғанда, саусақтың терісі қалыңдап, қатайып кеткен адамдардан қанды қай жерінен алуға болады ? а) қанды алуға болмайды б) аяқтарының саусақтарынан c) құлақтарының сырғалығынан д) көктамырынан е) өкшесінен ғана 9. Биохимиялық зерттеуге венадан қан алу кезінде кездесетін асқыну ? а) сепсис б) асқыну болмайды c) ауа эмболиясы д) жүйке талшықтарының зақымдануы е) майлы эмболия 10. Лабораториялық зерттеуге саусақтан қан алып болғаннан кейін саусақтың тесілген жерін қандай ерітіндімен сүртеміз ? а) бриллиант жасылымен б) люгольмен c) йодпен д) көмірсутегінің асқын тотығымен е) калий пермаганатымен 11. Қанды гемокультураға алу дегеніміз ? а) көк тамырдан қанды ИФА-ға алу б) лабораториялық анализге саусақтан қан алу c) биохимиялық зерттеуге венадан қан алу д) қандағы макроорганизмдерді анықтау е) қанның құрамын тексеру 12. Қандағы микроорганизмдерді анықтаудағы мақсаттымыз ? а) қанның құрамын тексеру б) қанды иммуноферментативті зерттеу c) жалпы клиникалық анализге қанды алу д) биохимиялық зерттеуге қанды венадан алу е) жұқпалы ауру қоздырғышын анықтау 13. Аурухана жағдайында қақырықты бактериоскопиялық зерттеудегі мақсатымыз ? а) туберкулез бактериясын айқындау б) қақырықтағы қатерлі ісік жасушаларын анықтау c) қақырықтың физикалық қасиетін анықтау д) қақырықтың химиялық қасиетін анықтау е) қақырықтың құрамын анықтау 14. Атиптік жасушалардағы қақырықты жинаудағы мақсатымыз ? а) қақырықтың химиялық құрамын анықтау б) қақырықтың физикалық қасиетін анықтау c) туберкулез микробактериясын айқындау д) науқасты өз бетімен қақырық жинауға үйрету е) қақырықтағы қатерлі ісік жасушаларын анықтау 15. Науқастың өз бетімен дұрыс қақырып үйренуі үшін нені ескертеміз: а) аузын матамен немесе орамалмен жауып тұрып 5-6 рет терең дем алып және 5-6 рет дем шығарып тұрып қақырықты түкіргішке түкіруін б) аузын целофанмен жауып тұрып 3 рет терең дем алып және 3 рет терең деи шығарып тұрып қақырықты түкіргіщке түкіруін c) аузын матамен жауып тұрып 3 рет терең дем алып және 3 рет терең дем шығарып қатты жөтеліп қақырықты түкіргішке шығаруын д) аузын ештеңемен жаппай 3 рет дем алып және 3 рет дем шығарып, жөтеліп қақырықты түкіргішке шығаруын е) аузын орамалмен жауып, 1 рет дем алып және 1 рет дем шығарып қатты жөтеліп қақырықты түкіргішке түкіруін Тақырыбы: Зертханалық зерттеулерге материал алу (қан, қақырық) ІІІ нұсқа 1.Атиптік жасушаларға қақырықты жинау кезінде әзірлейміз: а) кең ауызды 50-200 мл банка б) кең ауызды 100-150 мл банка c) кең ауызды 50 мл құрғақ банка д) Петри табақшасы е) кең ауызды 20 мл банка 2. Венадан қанды ИФА-ға алған кезде бикстегі қанды қанша уақытта бактериологиялық лабораторияға жеткізу қажет а) 2 б) 3 c) 30 мин д) 1 е) 2,5 сағат 3. Венаға қанды ИФА-ға алғанда қанша жолдама жазу қажет? а) 1 б) 2 c) 3 д) жолдама қажет емес е) 4 4. ИФА-ға қанша мөлшерде қан аламыз? а) 10 мл б) 5-10 мл c) 2-4 мл д) 7 мл е) 3-7 мл 5. Венадан қан алғанда манипуляция қай кезде өтеді? а) таңертен аш қарынға б) кешке c) таңғы астан кейін д) түсте е) таңертен жеңіл тамақтан соң 6. Қанды гемокультураға анықтаудың мақсаты: а) антибиотиктерге сезімталдығын анықтау үшін б) жалпы клиникалық қан алу c) қатерлі ісіктерді анықтау мақсатында д) қанның құрамын анықтау е) барлығы дұрыс 7. Лабораториялық анализге саусақтан қан алу кезінде қанды қай саусақтан алады ? а) оң қолдың ІV б) сол қолдың IV c) оң қолдың I д) оң қолдың II е) сол қолдың I 8. Қол саусақтары күйіп және үсіп қалғанда, саусақтың терісі қалыңдап, қатайып кеткен адамдардан қанды қай жерінен алуға болады ? а) қанды алуға болмайды б) аяқтарының саусақтарынан c) құлақтарының сырғалығынан д) көктамырынан е) өкшесінен ғана 9. Биохимиялық зерттеуге венадан қан алу кезінде кездесетін асқыну ? а) сепсис б) асқыну болмайды c) ауа эмболиясы д) жүйке талшықтарының зақымдануы е) майлы эмболия 10. Лабораториялық зерттеуге саусақтан қан алып болғаннан кейін саусақтың тесілген жерін қандай ерітіндімен сүртеміз ? а) бриллиант жасылымен б) люгольмен c) йодпен д) көмірсутегінің асқын тотығымен е) калий пермаганатымен 11. Қанды гемокультураға алу дегеніміз ? а) көк тамырдан қанды ИФА-ға алу б) лабораториялық анализге саусақтан қан алу c) биохимиялық зерттеуге венадан қан алу д) қандағы макроорганизмдерді анықтау е) қанның құрамын тексеру 12. Венадан қан алғаннан кейін контейнер мен жолдаманы қандай зертханаға жібереді? а) бактериологиялық б) биохимиялық c) клиникалық д) биологиялық е) химиялық 13. Қанды гемокультураға алудың мақсаты қандай? а) қанның физикалық- химиялық қасиеттерін және жасушалық құрамын анықтау б) қатерлі ісік жасушаларын анықтау c) жалпы клиникалық анализге қан алу д) қанның құрамын анықтау е) жұқпалы аурулар қоздырғышын анықтау және антибиотиктерге сезімталдығын анықтау 14. Қанды гемокультураға алу көрсеткіші : а) тыныс алу мүшелерінің және жүрек қан тамырлары жүйелерінің аурулары б) дәрігердің нұсқауы бойынша c) туберкулез және басқа да жұқпалы аурулар д) науқасты зерттеу е) қатерлі ісік ауруларына күдік болғанда 15. Жолдамада не көрсетілмейді? а) палата номері б) бөлімше c) мейірбикенің қолы д) күні е) дәрігердің тағайындаған дәрі-дәрмектері ҰЛТАБАР СӨЛІН ЗЕРТТЕУГЕ АЛУ. Мақсаты: диагностикалық: 12-елі ішектің және өт қалта ішіндегі өтті зертханалық зерттеуге алу, қысқартылатын сипатын зерттеу және өт қалтасы кызметінің шоғырландырып сақталуын және қысқыш (айналшық, сфинктер) жағдайын бағалау; емдік – өт қабының моторлы қызметі томендегенде өтті сорып алу (өт қабының қабынуы әлсіздігінде, холестатикалық гепатитінде),дәрі-дәрмектерді енгізу. Қолдану көрсеткіштері: өт қалтасының, бауыр, өт шығару жолдарының аурулары. Қарсы көрсеткіштері: ауыз қуысының, жұтқыншақтың, өңештің күйігі және аурулары, өңеш тамырының кеңеюі, порталды гипертензия қатерлі ісіктің қаңсырауы, асқазан және 12-елі ішек ойық жарасы, өкпе – жүрек жетіспеушілігінде, жедел холецистит және панкреатит, бронхиалды астма және т.б. Әзірле: залалсыздандырылған: ұлтабар сүңгісін, Жане шприцін, 20 мл шприцті, лотокті, штативті белгіленген пробиркаларымен, қысқышты, сүлгіні, салфеткаларды, қолғаптарды, жылытқышты, жұмсақ көпшікті, аласа орындықты, өт қабығының қоздырғыштарын – 33% магний сульфат ерітіндісі 30-50 мл немесе 10% натрий хлорид ерітіндісі немесе 40% глюкоза ерітіндісі 40-50 мл немесе өсімдік майы 20-25 мл 40-600С жылытылған, 8-10 тамшы 0,1% атропин ерітіндісін,қауіпсіз жоюға арналған контейнерді. Іс-әрекет алгоритмі: 1. Зерттеу таңертен ашқарында жүргізілетінін науқасқа ескертіңіз. 2. Науқасқа манипуляцияның тәртібі туралы түсіндіріп, оның келісімін алыңыз. 3. Зерттеу алдында 18 сағаттан кешіктірмей кеште науқасқа жеңіл тамақ беріңіз. 4. Науқасқа ұйыктар алдында 2 таблетка спазмолитиктер немесе балы бар шайды беріңіз, оң жак қабырға асты аймағына жылытқышты қойыңыз. 5. Манипуляция алдында науқастан алмалы-салмалы протезді тістерін шешуін сұраңыз (егерде болса). 6. Науқасты орындыққа дұрыс және ынғайлы, яғни арқасы орындықтын арқасына тығыз болуын, науқастын басын сәл алдына қарай енкейтіп отырғызыңыз. 7. Науқастың кеудесіне сүлгіні жабыңыз. 8. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуып, қолғапты киіңіз. 9. Залалсыздандырылған ұлтабар сүңгісін пинцетпен алып, сүңгі оливасының канюлясына орнықтылау сапасын тексеріңіз (тұрақты). 10. Науқас жұтатын сүңгінің ара қашықтығын өлшеңіз (төменгі күрек тістен кіндікке дейін – бірінші белгі және науқастың ашылған бір алақанындай арақашықтықты қосыңыз – екінші белгі). 11. Оң қолға сүңгіні олива жағынан 10-15 см қашықтықта қалам ұштай алып ұстаңыз, ал сол қолмен оның бос шетін ұстаңыз. 12. Науқастан аузын ашуын сұрап, ылғалдатылған оливаны тілдің түбіріне салып, науқасты мұрынмен терең дем алуын сұраңыз, жұту қозғалысын бір мезгілде жасап сүңгіні бірінші белгіге дейін енгізіңіз (егерде науқас жөтелсе, онда жылдам сүңгіні шығарып алыңыз). Сүңгінің бос шетін кысқышпен қысыңыз. 13. Асқазан ішіндегі сұйықтықты шприцпен сорып алу арқылы, асқазандағы сүңгінің қалпын тексеріңіз. 14. Науқас 10-20 минут бойы бөлмеде ақырын асықпай жүріп, сүңгіні екінші белгіге дейін ақырындап жұтуын сұраңыз. 15. Науқастың басына жастық қоймай оң жақ қырына жатқызып оң қолын арқасына қойып, оған тізесінен аяғын бүгуін сұраңыз, жамбастың астына жұмсақ жастықты салыңыз, осындай жату калпында оливаның асқазан қақпашығынан өтуін жеңілдетеді, оң жақ қабырға астына жылы жылытқышты салыңыз. 16. Науқастың бас жағында кушетканың қасындағы аласа орындыққа штативті пробиркалар қойыңыз. 17. Қысқышты босатып, сүнгінің бос шетін пробиркаға салыңыз. 1 8. Асқазаннан сөл бөлінеді (асқазан ішіндегі лайлы ашық қышқылды қосындысы бар сөл), сосын 30-60 минуттан кейін пробиркаға ашық-сары сұйықтық, сілтілі қосындысы жиналады (ұлтабардағы өт «А» үлесі). Сүңгінің ұшына қысқышты салыңыз. 19. Науқасты арқасына жатқызып, қысқышты алыңыз және Жане шприцімен 30-50 мл жылы магний сульфат ерітіндісін (немесе басқа да өт қабығының қоздырғыштары) сүңгі арқылы енгізіп, сүңгінің бос шетін 10-15 минутқа қысып қойыңыз. 20. Науқасты оң жақ қырына жатқызып, қысқышты босатып алып, сүңгінің бос шетін пробиркаға салыңыз, бұған қою, қоңыр – зәйтүн түсті сұйықтық өт қабығынан түседі (өт қабығындағы өт «В» үлесі). 21. Келесі пробиркаларға сүңгіні салыңыз, мөлдір алтын-сары түсті сұйықтық пайда болғанда (бауыр өті «С» үлесі) алынады 22. Салфеткамен сүңгіні шығарып алып, зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз. 23. Қолғапты шешіп, қолыңызды жуып, құрғатыңыз. 24. Қолданылған қолғапты, салфетканы қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. 25. Әрбір үлестерді бір пробиркада белгілеп, жолдаманы толтырып, зертханаға жіберіңіз. 26. Науқасты палатаға апарып, тамақтандырыңыз. Ескерту: - манипуляция барысында шығарылған сілекейді салфеткаға түкіру қажет; - зерттеуге дейін 2-3 күн бұрын, іш кептіретін тағамдарды алып тастау ұсынылады (қырыққабат, картоп, сүт, майлы және қуырылған тағамдар); - асқазандағы сүңгінің қалпын шприцпен сорып алу арқылы тексереді. Шприцке лайланған сұйықтық қышқыл қосынды түседі. Егерде шприцке сұйықтық түспесе, онда сүнгінің асқазанда оралып қалғаның айтады. Сүңгіні аз ғана тартыңқырап және оны науқасқа қайта жұтынуын ұсыңыңыз; - асқазандағы сүнгі оливасының қалпын шприц арқылы ауаны сүнгіге еңгізіп тексереді және сүнгі оливасы асқазанда болса, онда науқас ауаның түсуін сезінеді, ерекше «құрылдаған» дыбыс естіледі; - бактериологиялық зерттеуге өт, залалсыздандырылған үш пробиркаға АВС үлестерімен алынады; - егерде ұлтабарды сүңгілеу лямблия құртын табу мақсатында жүргізілсе, онда түнде жылтқыш қойылмайды; - зертханаға үлестер жылы күйінде апарылады, ол үшін стакандағы жылы суға пробирканы салып қояды. Тюбажды жүргізу Көрсеткіштері: өт қапшығындағы өттің тұрып қалуы. Қарсы көрсеткіштері: өт тас ауруы; холециститтің асқынуы, жедел аурулар. Әзірле: 65º С суы бар жылытқыш; ерітінділер-33% немесе 25% магний сульфаты, газсыз минеральді су, 40%глюкоза, өт айдайтын шөптер; валик,жоюға арналған контейнер |