Главная страница

сестринское дело. Материал. 1. Жалпы клиникалы анализге зрді жинау


Скачать 2.23 Mb.
Название1. Жалпы клиникалы анализге зрді жинау
Анкорсестринское дело
Дата01.06.2022
Размер2.23 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлаМатериал.docx
ТипДокументы
#563379
страница6 из 6
1   2   3   4   5   6

Іс-әрекет алгоритмі:

1 . Науқасқа процедура маңызын түсіндіріп,келісімін ал;

2. Ерітіндінің біреуін ішіп ал;

3. Науқас оң қырымен « қарлығаш» позициясында , қабырға астына жылытқыш қойып, жылытқыштағы су суығанша жатады;

4. Біраз уақыттан кейін, науқас үлкен дәретке отырады.

Егерде дәреті қара-жасыл түсті болса,- онда тюбаж дұрыс жүргізілді.

Егерде дәреттің түсі өзгермесе- онда ерітіндіні өзгертіп немесе мөлшерін көбейтіп, тюбаж қайтадан жасалынады.

Ескерту: Жүргізу уақыты таңертеңгісін, аш қарында.

Науқасты дайындау және асказанға фракциялық әдіспен жіңішке сүңгімен сүнгілеуді жүргізу
Мақсаты: диагностикалық: асқазан ішіндегі затты алу, асқазанның секреторлы, қышқылды бөлу және қозғалыс қызметтерін зерттеу.

Қолдану көрсеткіштері: диагностикалық: қышқылы жоғары созылмалы гастритте немесе қышқыл бөлу төмендеуінде асқазанның қызметін анықтау.

Қ арсы көрсеткіштері: өңештен және асқазаннан қан кету, эзофагит, асқазан ойық жарасының өршу қезеңі, порталды гипертензия, стенокардия, бронхиальді астма, гипертония, жүктіліктің 2 жартысы, науқастың халі ауыр жағдайы.

Асқынулар: асказаннан қан кету, талып қалу, коллапс және т.б.

Әзірле: залалсыздандырылған бір рет қолданылатын жіңішке асқазан сүңгісін, таза бүйрек тәрізді лотокті, асказан сөлі үлестерін бөлек-бөлек сақтауға арналған 9-11 дана ыдысты (белгіленген банка немесе пробиркалар), 20 мл шприцті, қысқышты, сүлгіні, қолғапты, клеенкалы алжапқышты, салфеткаларды, парентеральды сынаптық ас – 0,1% гистамин ерітіндісі немесе 0,25% пентагастрин ерітіндісі, лабораторияға жолдама жазыңыз, оған науқастың аты жөні, бөлімшесі, палатасы, зертеу күні, үлестердің нөмері көрсетіледі, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, жоюға арналған контейнер.

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Зерттеуді таңғы уақытта аш қарынға жүргізіңіз.

  2. Науқасқа психологиялық дайындықты жүргізіңіз және оған емшара реттілігі туралы түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

  3. Науқасты жоғары арқасы бар орындыққа ынғайлы және дұрыс отырғызыңыз, оны орындықтың арқасына тығыз сүйенуін ұсыныңыз. Басын сәл алдына карай еңкейтіңіз.

  4. Науқастың кеудесін, ішін және аяғын клеенкалы алжапқышпен жабыңыз, ал мойынына және кеуде үстіне сүлгіні жабыңыз.

  5. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуып, қолғапты киіңіз.

  6. Ағып жатқан сілекейді және шырышты жинау үшін науқастың қолына лотокты беріңіз.

  7. Емшара алдында науқас алмалы-салмалы протезді алғанын қадағалаңыз.

  8. Сүнгінің жұтатын ара қашықтығын өлшеңіз (төменгі күрек тістен кіндікке дейінгі аралық – бірінші белгі және науқастың бір алақан аралығын қосыңыз – екінші белгі) немесе науқастың бойынаң 100смалып тастаныз.

  9. З алалсыздандырылған сүнгіні пакеттен (пинцетпен) алып, сақталу мерзімін және саңылаусыздығын тексеріңіз.

  10. Залалсыздандырылған сүнгіні оң қолыңызбен саңылаулы ұшынан 10-15 см аралықтан жазатын қаламұштай етіп алыңыз, ал сол қолмен бос ұшынан ұстаңыз.

  11. Науқасты ауызын ашуын сұраңыз, суландырылған сүнгінің саңылаулы ұшын тілдің түбіріне салып сосын терең жұтқыншаққа қарай енгізіңіз.

  12. Науқастың мұрын арқылы терең дем алуын жұтыну қозғалысын жасап,сүнгіні өңешке және асқазанға қарай қажетті белгіге дейін енгізіңіз(егерде науқас жөтелсе онда тез арада сүнгіні шығарып алыңыз!).

  13. Наукасқа ескертіңіз, сүнгіні тісімен қысуға болмайды және сілекейінжұтпай сүлгіге түкіріп тастауы керек.

  14. Сүнгінің бос ұшына шприцті қосыңыз.

  15. Ашқарындағы асқазан сөлін алыңыз (№1 үлес – «ашқарындағы» сөлдену).

  16. Бір сағат бойы әрбір 15 минут сайын ыдысты ауыстыра отырып асқазан сөлін алыңыз (№2, №3, №4, №5 үлестік – «өзекті» сөлдену).

  17. Асқазан сөлін бөлетін парентеральды тітіргендіргішті енгізіңіз: 0,1%0,01 мг гистамин ерітіндісін тері астына немесе 0,25% пентагастринерітіндісі 1 кг дене салмағы есебіне 6 мкг.

  18. 10 минуттан кейін бір сағат бойы әрбір 15 минут сайын ыдысты ауыстыра отырып,асқазан сөлін алыңыз (№ 6, № 7, № 8, № 9 – үлестері «ынталандыру» сөлдену).

  19. Салфетканың көмегімен асқазаннан сүнгіні шығарып алыңыз,науқастың аузын шайқаңыз, ауыз айналасы терісін салфеткаменсүртіңіз.

  20. Қолданылған сүнгіні, қолғапты, салфеткаларды қауіпсіз жоюғаарналған контейнерге салыңыз.

  21. Барлық 9 үлестердегі асқазан сөлін жолдамамен бірге жәнеқоздырғышын көрсетіп зертханаға жіберіңіз.

Ескерту: едәуір мөлшерде қан көрінсе онда зерттеуді токтату қажет.
Зондпен тексеру шаралары кезіндегі ережелер:

1) Егер зондпен тексеру шаралары кезіндегі заттарда қан пайда болса , онда зондпен тексеруді тоқтатыңыз .

2) Егер зонд енгізген жағдайда сырқат жөтеліп , ен бет –аузы көгеріп,тұншыға бастаса , зондты тез арада алу керек , себебі зонд өңешке емес , кеңірдек пе нкөмейге түскен .

Зондтық шаралардың этикалық деонтологиясы

Көп науқастарға зонд жұтқызу өте қиын, мұның негізгі себебі жұтқыншақ пен өңештің шырышты қабаттарының өте жоғары сезімталдығы және жөтелу мен құсу рефлекстерінің артуы.Көп жағдайларда зондпен тексеру шараларының нашар өтуі “тексеруден қорқу” немесе теріс психологиялық бағдарламадан. “Тексеруден қорқу” шаралары болмас үшін науқасқа сыпайы, байыпты, құрметті түрде тексеру шараларының мақсатын, оның пайдасын түсіндіре білу керек. Зондпен тексеру кезіндегі медицина қызмеркері мен науқастын арасындағы әңгіменің қысқаша мазмұны: “Қазір біз зерттеу шараларына кірісеміз, бұл кезде көңіл – күйіңіз өзіңіздің тәртібіңізбен тікелей байланысты. Бірінші және негізгі шарты: күрт қимылды жасамау, әйтпесе жөтел мен лоқсу пайда болуы мүмкін, ол үшін денеңізді бос ұстап терең және баяу тыныс алыңыз, аузыңызды сәл ашық ұстап, қолыңызды тізеңізге қойыңыз, зондтың соңын жұтып жіберуге тырысыңыз. Егер мұрыныңызбен тыныс алу қиын болса, аузыңызбен тыныс алыңыз да, зондты ақырын қозғаңыз. Егер басыңыз айналғандай болса, қалыпты тыныс алыңыз. Сіз, зондты жақсы жұттыңыз, егер барлық науқастар осылай жұта білсе ғой ” – деуді де ұмытпаңыз.

І нұсқа

1. «В» порциясында өт бөлінетін ағза?

а)асқазан

б)өт қалта

с)бауыр

д)ұйқы безі

е) он екі қабат ішек

2. Одди сфинктері ашылу үшін науқасқа берілетін тітіркендіргіш зат?

а)гепаринерітіндісі

б)серотонинерітіндісі

с)33% магнезий сульфаты

д)капуста сорпасы

е)ас содасы

3. «А» порциясында өт мөлшері 60-70мл болса, бұл көрсетеді, таңдаңыз ?

а)қалыпты мөлшер

б)холидоэктазия

с)өт жолының бітелуі

д)гепатит

е)бауыр циррозы

4. «С»порциясында қалыпты жағдайда алынатын өт мөлшері ?

а)30-40 мл

б)50-60 мл

с)15-20 мл

д)15-40 мл

е)10-20 мл

5. Қалыпты жағдайда «В» порциясының өтінің түсі?

а)ашық сары

б)жасыл

с)қою сары

д)көкшіл

е)түссіз

6. Өт микропрепаратын микроскопиялық зерттеу үшін өтке тамызатын ерітінді ?

а)спирт 70%

б)сірке қышқылы

с)бейтарап формалин

д)спирт 96%

е)сульфат натрий
7.Асқазан сөліндегі бактериоцидті фермент ?

а)пепсин

б)муцин

с)лизоцин

д)липаза

е)альбумин

8. Асқазанның кілегей қабатын өз қорытылуынан қорғайтын витамин ?

а)А

б)С

с)Д

д)Е

е)В12

9.Қан асқазанның қай қышқылының әсерінен қою қызыл түсті болды ?

а)амин қышқылы

б)бор қышқылы

с)май қышқылы

д)сірке қышқылы

е)тұз қышқылы

10. Байланысқан тұз қышқылын анықтау үшін қолданылатын 0,1 Н ертінді ?

а)CaCl

б)HCl

с)H2O

д)H2SO4

е)NaOH

11. Қалыпты жағдайда тұз қышқылының HCl барлық мөлшері

а)0,2%

б)0,6%

с)0,9%

д)1,0%

е)0,5%

12. Дені сау ер адамның қуық асты безінің қалыпты сөлінде көру алаңындағы лейкоциттер саны ?

а)20-30

б)10-12

с)30-40

д)40-50

е)15-20

13.Асқазан сөлін зеттеу кезіндегі асқынулар

а)асқазаннан қан кету, талып қалу

б)өт жолының ауруы

с)жүрек айну, құсу

д)өт тас ауруы

е)жедел холецистит және панкреатит

14. Ұлтабар сөлін зерттеудегі қолдану көрсеткіштері:

а)өт қалтасының, бауыр, өт шығару жолдарының аурулары

б)қышқылы жоғары созылмалы гастритте немесе қышқыл бөлу төмендеуінде асқазанның қызметіне анықтау

с)жұтқыншақ микрофларасын тексеру

д)өткір жүрек жетіспеушілігінде

е)ауыз қуысының жұтқыншақтың, өңештің күйігі және аурулары

15.Ұлтабар сөлін зерттеуде қолданылатын ерітінді ?

а)10% кальций хлориді

б)40% глюкоза

с)фурацилин 0,02%

д)0,5% новакаин

е)изотоникалық хлорид натрий

ІІ нұсқа

1.Асқазанды зондпен тексеру үшін қажетті парентеральды тітіркендіргіш

a)0,1% гисталин ертіндісі

b)40% глюкоза ертіндісі

c)5% глюкоза ертіндісі

d)0.1% атропин ертіндісі

e)10% натри хлорид ертіндісі

2.Асқазанды Лепорский әдісімен фракциялы зондтау үшін неше ыдыс дайындау керек?

  1. 5

  2. 7

  3. 8

  4. 9

  5. 6

3. Мөлдір алтын түсті өт сөлі қай порцияда құйыладнны?

  1. С

  2. Д

  3. А

  4. В

  5. К

4. Ұлтабарға зондты енгізу ұзындығы

  1. науқастың бойынан 200см алып тастау

  2. науқастын бойынан 100см алып тастау

  3. науқастын бойынан 10см алып тастау

  4. науқастың бойынан кіндік тұсына дейінгі аралықты 130см алып тастау

  5. барлық жауап дұрыс

5. “C” порциясында өт бөлінетін ағза

  1. aсқазан

  2. өт

  3. бауыр

  4. ұйқы безі

  5. он екі елі ішек қабаты

6.Асқазан зондпен тексерер алдында берілетін тағам

  1. сүтті май

  2. ештеме ішіп-жемеу керек

  3. ақ нан

  4. қара нан

  5. тәтті шай

7. Ұлтабарды зерттеу қандай жағдайда жүргізілмейді?

a) ауыз қуысының, жұтқыншақтың, өңештің күійгі

b) өкпе жүрек жетіспеушілігі

c) өт тас ауруы

d) коллаптоидтық жағдай

e) жүрек ауру, құсу

8. Ұлтабардан сөл алынғанда бауыр сөлі нешінші порция болады

  1. 5

  2. 2

  3. 3

  4. 1

  5. 8

9. Өт қалтасын бөлетін нешінші порция

  1. В

  2. С

  3. Д

  4. А

  5. К

10.40% глюкоза ертіндісі қай ағзаны зерттеуде қолданылады?

  1. ұлтабар

  2. асқазан

  3. бауыр

  4. өт жолы

  5. ұйқы безі

11. “B” порциясында бөлінетін сұйықтықтың түсі

  1. түссіз

  2. сары

  3. алтын түсті

  4. қоңыр

  5. жасыл

12. “С” порциясында бөлінетін өт сөлінің түсі

  1. сары

  2. қоңыр

  3. алтын түсті

  4. көкшіл

  5. түссіз

13. Асқазанды зерттеу қандай жағдайда жүргізілмейді?

  1. өт тас ауруы

  2. портальды гипертензия қатерлі ісіктің қансырауы

  3. өкпе жүрек жетіспеушілігі

  4. өңештен және асқазаннан қан кету, эзофагит

  5. ауыз қуысының, жұтқыншақтың күйігі

14. Ұлтабар сөлін зерттеу үшін әзірле

  1. ұлтабар сүнгісін, жане шприцін, 20мл шприц, лоток, қысқышты, сүлгіні, жұмсақ көпшікті, аласа орындықты

  2. ұлтабар сүнгісін, жане шприцін, 10мл шприц, қысқышты,

  3. ұлтабар сүнгісін сөлі үлестерін бөлек-бөлек сақтауға арналған 9-11 дана ыдыс

  4. ұлтабар сүнгісін, жане шприцін, 0,3% гисталин ертіндісі

  5. барлық жауабы дүрыс

15. Ұлтабар сөлін зерттеуде қолданылатын ертінді

a) 10% кальций хлорид ерітіндісі

b) 40%глюкоза ерітіндісі

c) фурацилин ерітіндісі0,02%

d) 0,5% новокаин ерітіндісі

e) изотониялық хлорид натрий

1   2   3   4   5   6


написать администратору сайта