Главная страница
Навигация по странице:

  • 1.3 Тіршіліктің жер бетінде шығу тегі болжамдары мен теориялары туралы мәліметтер

  • 2 Зерттеу әдістемелері 2.1 Креационизм теориясы-тіршіліктің табиғаттан жоғары күштің әсерінен бір мезетте пайда болуы

  • 2.3 Тіршілік мәңгілік – «тұрақты күй» теориясы

  • 2.4 Панспермия теориясы

  • ӘЖМҰРАТОВА Ә. Тіршілік табиаты, оны шыу тегі, тірі азаларды алуан трлілігі, оларды байланыстарын рылымды жне функционалды жаынды р уаытта биологияны зекті проблемаларыны тыры болан


    Скачать 495.18 Kb.
    НазваниеТіршілік табиаты, оны шыу тегі, тірі азаларды алуан трлілігі, оларды байланыстарын рылымды жне функционалды жаынды р уаытта биологияны зекті проблемаларыны тыры болан
    Дата12.09.2022
    Размер495.18 Kb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаӘЖМҰРАТОВА Ә.doc
    ТипДокументы
    #673326
    страница2 из 5
    1   2   3   4   5

    1.2 Тіршіліктану курсын оқыту барысында оқушыларға ғылыми көзқарасты қалыптастыру және тәрбиелеу мәселелері, мұғалімнің іс-әрекеті
    Тіршіліктану курсы ғылымда зерттелетін негізгі тіршілік заңдарының барлық құрылыс дәрежесін білуге мүмкіндік береді; биологиялық процестер мен құбылыстар механизмдер саласындағы жаңалықтар мен таныстырады; адамның биосферадағы орнын көрсетіп, оның жағдайына жауапкершілікпен қарайды.

    Бұл курс интегралдаушы роль атқарады, өйткені мұнда бұрын оқылған фактілерді тарихи көзқарас тұрғысынан қарастырып бір күйге келтіреді; ол материалдар органикалық дүниенің негізгі заңдылықтарына бағынады, оны оқып білу нәтижесінде табиғатты саналы пайдалану, оны қорғау және қалпына келтіру іске асырылады. Курста органикалық дүние дамуының жалпы теориясы - дүниеге ғылыми көзқарас негіздерінің бірі баяндалады. Оқушылар даму процестерінің диалектикалық сипатын (тұқым қуалау мен өзгергіштік) құбылыстарының қайшылығын, прогресс пен регресті, ассимиляция мен диссимилация процесстерін т.с.с. оқып біледі. Оқушылар пайымды фактілер негізінде тіршілік құбылыстарының материалдық сипаты жөнінде және бүкіл органикалық дүние жөнінде білім алады; табиғаттың алуан түрлілігіне және қарамай, оны оқып білуге болатыны жөнінде бұлтартартпайтын дәлелдерді аңғарып көреді.

    Тіршіліктану курсының мазмұны оқушылардың философиялық мәселелерге жетелейді және олардың дүниеге көзқарастарын қалыптастырады. Бірқатар мұғалімдер сабақта философиялық анықтамаларды хабарлауға, философиялық категорияларды атауға әрекет жасайды, оларға мысал ретінде нақты биологиялық материалдар келтіреді.

    Алайда дүниеге ғылыми көзқарасты қалыптастыру күрделі де нәзік іс. Бұл үшін биологиялық құбылыстардың мағынасын ашу қажет және билогияның өз материалы негізінде материяның нақтылығын, тірі материяның өзінен-өзі жетілуін және өзінен өзінің қозғалысын және т.б. көре білуге оқушыларды үйрету қажет.

    Тіршіліктану курсында тірі табиғат құбылыстарының себепті қағидалары әңгіме болады, оларды түсініп білудің тарихи жолы қалыптасады. Табиғаттағы әрбір құбылыс өзінің алдындағы құбылыстың нәтижесі және болашақтағы құбылыстың алғы шарты ретінде, себепті байланысқан тізбектің буыны ретінде қарастырылады. Сөйтіп, теологиялық көзқарастың барлық мүмкіндігі жойылады, дінге қарсы белсенді ғылыми көзқарастарың жақсы негізі қолданады.

    Мектептерде биологияның оқу-тәрбиелік процесін ұйымдастырудың негізгі түрі әлде де сабақ болып табылады.

    Сабаққа оқу ұйымшылдығы, оқушылардың біркелкі қатысуы, сабақтың уақыттылығы, сабақ кестесі болуы қажет. Дидактикада бірнеше сабақтардың жүйелері бар. Егер оқушылармен педагогтардың мазмұны әрекеттерін байқасақ келесі сабақ типтерін атауға болады.

    1) Аралас сабақ.

    2) Оқушылардың жаңа білімдері және іскерлікті дамытуға арналған сабақ.

    3) қайталауға, жүйелеуге және өтілген материалды жалпылауға арналған сабақ.

    4) Оқушылардың білімі мен іскерлігінің сапасын бағалауға және тексеруге арналған сабақ.

    Егер сабақтың нақты оқу тақырыбындағы орнын ескерсек мына сабақ функцияларын ажыратуға болады, кіріспе сабақ, оқушылармен жаңа тақырыпты оқу сабағы және қорытындылап жинақтау сабағы. Осы аталған сабақ түрлері қазіргі педагогикалық практикаға арналған жалпы биология бөлімінде кездеседі. Тіршіліктану пәнінен әдістемелік тұрғыдан дұрыс өтілген сабақ мұғаліммен оқушылардың бірлескен жұмысында келесі оқу тәрбиелік міндеттерді шешеді.

    1) Биологиялық білімнің сапасын жоғарылатады, оқушының көзқарасын кеңейтеді.

    2) Оқушылардың қоршаған орта және өзін-өзі білуі мен іскерлігін өмірлік практикасында қолдануына мүмкіндік береді.

    3) Оқушылардың биология оқу процесіне эмоционалды қымбаттылық пен қарауының, өзіндік білім көтеруін, дамуын қалыптастырады.

    4) Оқушыларда жекелік қасиеттің қалыптасады.

    Осы айтылған міндеттер бір-бірімен тығыз байланысты және оқу тәрбиелік процессте олар ажыратылмайды. Жоғарыда айтылған міндеттерге тіршіліктану сабақтарының шешілуіне әртүрлі методикалық практикалар әсер етеді. Олардың бірнешеуін атап өтейік:

    - ойлау сабағы;

    - саяхат сабағы;

    - тірі ағзалардың тобының үстінен сот сабағы;

    - ойын сабағы;

    - дөңгелек стол сабағы;

    - диспут сабағы;

    - конференция сабағы;

    - зерттеу сабағы;

    - серуен сабағы.

    Әрбір мұғалім үлкен кластарға сабақ өту барысында өзінің шығармашылық талаптарын қолдануына құқығы бар. Биология сабағында мұғалімдер мен оқушылардың жұмыстарының нәтижелі болуына қандай шарттар керек деген сұрақ мұғалімді мазалайды. Осы сұраққа жауап бере отырып сабақтың тиімділігіне әсер ететін бірнеше комплексті факторларды келтіруге болады: мұғалімнің педагогикасының жалпы сипаты, сынып оқушыларының интелектуалды потенциалдылығы, биологияның оқытылуына оқушылардың қарым-қатынасы, оқушылардың сыныптағы жастары мен саны, биология кабинетінің қазіргі заманға сай құралдармен жабдықталуы, оқушылар мен мұғалімнің арасындағы жекелік қарым-қатынастар, оқушылардың сабақ кестесіндегі сабақтың реттік нөмірі және т.б.

    Енді келесі жағдайды елестетіп көрейік. Биология пәнін жақсы меңгерген, әдістемелік негізі бар мұғалім, қарым-қатынасы өте жақсы, мықты, күшті сыныптың оқушыларымен жұмыс істейді. Сабақ белгілі деңгейде жабдықталған. Сабақ оқушылар онша шаршай қоймаған оқу күнінің ортасында болып жатыр. Бұл сабақ міндетті түрде жақсы, нәтижелі өтіледі деп есептеуге болады ма? Бұндай кепілдік беру мүмкін емес. Бұл сабақтың педагогикалық эффективтілігі жағынан төмен өтуінің себебі, мұғалімнің сабаққа жеткілікті дәрежеде дайындалмағандығынан әрекетті жоспарына мысал келтірейік.

    1) Сабақтың тақырыбын және оның оқу бөліміндегі орнын анықтап алыңыз, сабақтың мақсатын жақсылап жүйелеңіз.

    2) Осы тақырыпқа арналған мектеп оқулығының бағдарламасының мазмұнымен, ғылыми белгілі әдебиеттермен, биология пәнінің мұғаліміне арналған әдістемелік ұсыныстарымен танысыңыз. Осы оқылған әдебиеттерден сабақтың мазмұнына сай материалдарды алыңыз.

    3) Сабақтың мақсатынан және оның мазмұнынан сабақтың өтілуі кезінде қолданатын әдістерді анықтаңыз.

    4) Керекті оқу құралдарын таңдап алыңыз.

    5) Сабақтың структурасын, оның негізгі бөлімнің логикалық кезектілігін анықтаңыз.

    6) Сабақтың әр түрлі кезеңдеріне уақыт бөліңіз.

    7) Сабақтың жалпы жоспарын құрып, жазып алыңыз. Сабақты дәстүрлі түрде құрғыңыз келсе келесі сызбанұсқаны қолдануыңызға болады.

    - сабақтың тақырыбы;

    - сабақтың мақсаты;

    - сабақтың әдістері – керекті құрал-жабдықтар.

    Сабақтың барысы:

    - ұйымдастыру кезеңі (сабақтың мақсаты, жоспары және тақырыбын атау, оқушылардың сабаққа дайындалуы, мұғалімнің журналға сабақтың тақырыбын жазуы).

    - өткен сабақты қайталау (сұрақ-жауап арқылы).

    - жаңа сабақты өту барысы.

    - өтілген сабақты қорытындылау (сұрақ-жауап арқылы).

    - үйге тапсырма.

    Егер сабақты берілген уақытта бітіре алмаймын деп ойлаған жағдайда үйге тапсырманы тақырыпты атап болғаннан кейін, сабақтың басында беруге болады.

    8) Сабаққа конспект жазу керек.

    Төменде сабаққа конспект жазудың кейбір мысалдары берілген. Конспектте сабақтың барлық құрылымы айқындалуы қажет. Материалдың жанындағы үлкен жолда сабақта қолданылатын сол жерге керекті әдістері, оқу құралдары жазылуы тиіс. Конспектіде сабақтың әр бір бөлімі көрсетіліп қойылуы керек. Сабақтың жаңа кезеңін басқа сиямен белгілеп қойса да болады. Ол сіздің сабақ өту барысында керекті жерді жоғалтып алмау үшін қажет.Оқу мазмұнында берілген жаңа терминдер мен түсініктердің астын сызып қоюға болады.Конспекттің мәтінін оқушылар мен қиын меңгерілетін дәлел және ойлармен толықтыруға болмайды. Сонымен қатар сабақта тек оқулықтағы мазмұнмен ғана шектеп қоюға болмайды, себебі оқушыларға қызық болмайды. Конспектіде оқушылардың өзіндік практикалық және интелектуалды әрекеттеріне арналған орнын жазуы керек. Қазіргі заман сабақтарында биология пәнінің мұғалімі тек дәлелдер мен ойларды ғана атаумен шектеліп қоюына болмайды. Сабақтың әр түрлі бөліктерге бөлініп емес, бірыңғай болып өтіліуі маңызды. Конспектте дайындалған қосымша материалдар болғаны дұрыс. Оларды уақыт жетіспеген жағдайда қолданбауға болады. Оқушыларға берілетін сұрақтар мен тапсырмалар бірінен соң бірі, тез ажырытылатындай етіліп жазылуы керек. Осы жоғарыда аталған ұсыныстардың барлығы конспектте берілетін болса, онда ол шын мәнінде жұмысшы болып табылады. Осындай конспкект сабаққа керек және сол бойынша жұмыс істеген жағдайда уақыттың бос кетуінен қорықпау керек.

    1.3 Тіршіліктің жер бетінде шығу тегі болжамдары мен теориялары туралы мәліметтер
    Жердің пайда болуы мен бүкіл әлемнің пайда болу теориялары әртүрлі және барлығы да толық дәлелденбеген. Стационарлық күй теориясына сүйінсек, бүкіл элем «үлкен қопарылыстың» нәтижесінде нейтронды қоймалжыңнан пайда болды делінген. Құдіретті күш жаратқан немесе қара тесіктің бірінен пайда болған тұжырым да бар. «Әлемнің алла тағаланың жаратқаны» деген көзқарасты ғылым жоққа шығара алмайды. Сол сияқты теологиялық көзқарастар да тіршіліктің дамуы табиғат заңдылықтарының негізінде дамыды деген болжамды теріске шығара алмайды.

    Жер бетінде тіршіліктің дамуы теорияларының негізгі бес жолын көрсетуге болады:

    1. Тіршілік табиғаттан жоғары күштің әсерінен бір мезетте жаралды (креационизм).

    2. Тіршілік өлі табиғаттан (заттан) бірнеше рет пайда болды (өздігінен тіршіліктің пайда болуы).

    3. Тіршілік мәңгілік (стационарлық күй теориясы).

    4. Тіршілік біздің планетамызға басқа планетадан келді (панспермия).

    5 Тіршілік химиялық және физикалық заңдылықтарға бағынатын құбылыстардың нәтижесінде пайда болды (биохимиялық эволюция).

    2 Зерттеу әдістемелері
    2.1 Креационизм теориясы-тіршіліктің табиғаттан жоғары күштің әсерінен бір мезетте пайда болуы
    Бұл теория тіршілік өткен уақытта табиғаттан тыс оқиғаның нәтижесінде пайда болды деп түсіндіреді. Бұл көзқарасты кең тараған діни ілімдер жақтайды. 1650 жылы Арма қаласының (Ирландия) архиепископы Ашер әлемді 4004 жылы біздің дәуірімізге дейінгі алла тағала жасады, 23 қазан күні таңғы сағат 9-да адамды жасап шығарумен өз жұмысын аяқтады деп есептеп шығарған. Ашер бұл сандарды Адам мен Христос (кімді кім жасады) аралығындағы Библияның генеологиясындағы көрсетілген адамдардың жастарын қосып есептеп шығарған. Арифметикаға сүйенсек бұл дұрыс сияқты, бірақ археологиялық қазбадан табылған дәлелдемелер бойынша Адам Таяу Шығыста дамыған қала цивилизациясы кезінде өмір сүріпті.

    Тіршіліктің пайда болуы туралы иуда-христиандық көзқарастар Бытия кітабында жазылған 1.1-26. пікірталастар туғызады. Барлық христиандар Библияны жаратушы тәңірдің адамзатқа қалдырған өсиеті екенін мойындағанымен де әлі күнге дейін алшақтық пен келіспеушілік қатарласып келеді. Кейбіреулері әлем алты күнде ұзақтығы 24 сағаттан пайда болды дейді. Олар басқа көзқарастың барлығын жоққа шығарып, алла тағаланың пайымдауы, және оның сыры дейді. Басқа христиандар Библияны ғылыми кітап деп есептемеді; Бытия кітабында барлық адамға түсінікті формада теологиялық сырдың мәнін барлық тірі жан жануарларды жаратқан алла тағала деген көқарасты құптайды. Тіршіліктің пайда болуын ғылыми бақылаулар мен эксперименттер арқылы дәлелдеуге ұмтылса, дін құдайға сенім мен сырласу арқылы шындыққа жетуді көздейді.

    «Сенім көрінбейтін құпияға сену, күткен нәрсенің орындалуы. Сенім арқылы барлық дүние құдайдың сөзімен жаратылғанын білеміз» (Еврейлерге жолдау, 11,1-3).

    Сенім ғылыми жолмен дәлелденбеген сөздерді заттарды мойындау. Сондықтан ғылыми көзқарас пен діни көзқарас, ойлау бір-бірінен алшақ жатыр. Ғылым үшін ғылыми көрініс әр уақытта болжам элементтерінен құралады, алдыңғы шарт, ал діни сенім адамына теологиялық шындық абсолютті. Әлемді құдай жаратқан, ол тек бір ақ рет болған деген тұжырымның өзі, ғылыми зерттеулер жүргізуге болмайтындығының кепілі. Ал ғылым тек бақылауға болатын құбылыстарды зерттейді, сондықтан ол діни концепцияны жоққа шығара алмайды, ешқашан дәлелдей де алмайды.
    2.2 Тіршіліктің өздігінен пайда болу теориясы
    Бұл теория креационизммен қатар Қытайда, Вавилонда және Египетте таралды. Биологияның негізін қалаушы деп есептелетін Аристотель (б.э.д. 384-322) тіршіліктің спонтанды пайда болу теориясын жақтады. Өзінің бақылауларының нәтижесінде бұл теорияны ары қарай дамытты, оны организмдердің үздіксіз қатарға орналасуымен байланыстырады – «табиғат баспалдағына»: «табиғат белгілі бір кезектілікпен өлі объектілерден жануарларға өтуді жасаған, сол жануардың тіршілік ету кезеңінен басқа алдыңғы уақыттағы мақұлықтарды орналастырсақ, көрші топтар арасындағы тығыз жақындықты көреміз, олардың айырмашылығы шамалы» (Аристотель).

    Аристотель бұл тұжырымдамасымен Эмпедоклдің органикалық эволюция пікірін бекітті. Аристотельдің спонтанды тіршілік пайда болу болжамы заттардың бөліктері «белгілі бір бастамадан» тұрады, «бұл бастама» қолайлы жағдайда түрлі организмге айналады. Аристотельдің көз қарасының дұрыстығы ұрықталған жұмыртқада бастаманың бар екендігі, бірақ ол бұл бастама күн сәулесінде, шірігін етте, батпақта бар деуі дұрыс емес.

    Христиан дінінің таралуына орай бұл көзқарас біртіндеп көлеңкеде қалды.

    Ван Гельмонт (1577-1644) үш аптаның ішінде тышқандарды шығарған экспериментін жария етті. Ол үшін кір жерде, қараңғы шкаф, бір уыс бидай керек. Тышқаннның пайда болуы үшін «қарқынды бастама» адамның терісі деп есептеді.

    1688 жылғы италияндық биолог, дәрігер Франческо Реди тіршіліктің спонтанды пайда болуына күмән келтіреді. Реди шіріген еттегі ақ құрттар шыбынның личинкалары екендігін дәлелдеді. Бір қатар эксперименттер жүргізіп тіршіліктің тіріден пайда болатындығын дәлелдеді. (Биогенез концепциясы) Редидің эксперименттері тіршіліктің өздігінен пайда болады деген концепциясын жоққа шығара алмады. Клерикальды емес ортада бұл теория ең негізгі теория күйінде қалды.

    Антони Ван Левенгуктың микроскоптық зерттеулері биогенез және спонтанды теорияларды жақтаушылар арасында пікір талас туғызды. Нәтижесінде басқа ғалымдар тіршіліктің спонтанды жолмен пайда болу теориясын дәлелдеу үшін эксперименттер жүргізді.

    1765 жылы Ладзаро Спалланцани тәжірибе жүргізді. Ет және көкеніс сорпаларын бірнеше сағат бойы қайнатып, бірден жақын оттан алып қойды. Сұйықтықтарды бірнеше күн өткеннен соң зерттеп, онда ешқандай тіршіліктің жоқ екендігін дәлелдеді. 1860 жылы Луи Пастер тіршіліктің пайда болу проблемасымен айналысты. Бұл уақытқа дейін микробиология саласында көп жаңалықтар ашып жібек және шарап өндірісіне қатерлі проблемаларды шешті. Бактериалардың барлық жерде таралатынын, сонымен бірге өлі денелер тірі бактериалармен тез арада уланатынын дәлелдеді, залалсыздандыру әдістерін тапты (пастерилизация).

    Спалланцанидің әдістерінің негізінде жасалған эксперименттердің нәтижесінде Пастер биогенез теориясының шындыққа жақын екендігін тіршіліктің өздігінен пайда бола алмайтынын дәлелдеді.

    Биогенез теориясының нақтылануы басқа проблема тудырды.

    Егер тірі ағзаның пайда болуы тірімен байланыста болса, ең бірінші тіршілік қайдан пайда болды? Тек стационарлық жағдай ғана мұндай сұрақтарды туғызбайды, басқа теориялардың барлығы тіршіліктің даму сатысының бір кезеңінде өліден тірінің пайда болу стадиясы қарастырылған. Бұл бірінші реттегі тіршіліктің пайда болуы болды ма?

    2.3 Тіршілік мәңгілік – «тұрақты күй» теориясы
    Бұл теорияның тұжырымы бойынша жер еш уақытта пайда болмаған ол мәңгілік. Оның бетінде барлық уақытта тіршілік үзілмеген, тіршілік өзгерсе болымсыз ғана өзгерді, түрлер де бар кезеңде болған.

    Жердің жасын анықтауда үлкен алшақтық болды. Орта есеппен Ашердің есептеуі бойынша 6000 жылдан бастап, қазіргі кездегі есептеулер бойынша радиоактивтік ыдыраудың жылдамдығын есепке алу кезінде 5000x106 дәрежесіндегі. Ең соңғы есептеулер жердің жасының ұзақтығын көрсетуде, бұл жағдай стационар теориясын жақтаушылардың жер мәңгілік деген көз қарасын нығайтуда. Бұл теория түрлерде мәңгілік, олар еш уақытта пайда болмаған, түрлердің екі-ақ мүмкіншілігі бар сандарының өзгеруін немесе тіршілігін жою. Бұл теорияны жақтаушылар қазбадан табылған қалдықтардың белгілі бір түрдің пайда болу кезеңі мен түр ретінде жойылу кезеңін жоққа шығарды және оның дәлелі ретінде саусақ қанатты балық Латимерияны келтірді. Полеонтологиялық көрсеткіштер Латимерияның 70 млн. жыл бұрын бор дәуірінде жойылғанын дәлелдейді. Мадагаскар аймағындағы табылған саусақ қанаттылардың тірі өкілдері, бұл тұжырымның қайта қаралуына әкеліп тіреді. Стационар теориясын жақтаушылар қазіргі кездегі тіршілік ететін түрлерді қазба қалдықтарымен салыстыра отырып тұжырым жасау керек, бұл жағдайдың өзінде де тұжырымдар шындыққа сәйкес келмеуі мүмкін дейді. Стационар күйді дәлелдеу үшін, бұл теорияны жақтаушылар, полеонталогиялық қазбалардың экологиялық жағдайға байланысты пайда болғанын түсіндіреді. Мысалы: белгілі қыртыстардан кенеттен табылған түрді олар сол түрдің популяцияларындағы санының көбеуіне немесе сол түрдің қалдықтарының қолайлы жерге ауысуы деп түсіндіреді. Бұл ағымда эволюцияның түсініксіз аспектілері полеонтологиялық шежіренің арасында үзілістің маңызына көптеген тұжырымдамалар беріліп осы бағытта кеңейтілген түсіндірмелері бар.

    2.4 Панспермия теориясы
    Бұл теория тіршіліктің пайда болуының ешқандай механизмін алға қоймайды, тіршіліктің жер бетінде кенеттен пайда болу теориясын ұсынады. Сондықтан бұл көзқарасты жер бетіндегі тіршіліктің пайда болу теориясына жатқызуға болмайды: ол проблеманы ғаламның басқа бір бөлігіне әкеліп тірейді.

    Панспермия теориясы – тіршілік Галактика мен ғаламшардың әр түрлі бөлігінде, әр кезде бір немесе бірнеше рет пайда болуыны мүмкін дейді. Бұл теорияға негіз болатын жер бетінде бірнеше рет көрінген НЛО жартастардағы заттардың бейнесі, ракеталарға және космонавттарға ұқсас. Сонымен бірге бөгде планеталықтар мен кездесу туралы хабарламалар. Кеңестік және Американдық ғарышта жүргізілген зерттеулер күн жүйесіндегі планеталарда тіршілік иелерінің бар болуының ықтималдығы болымсыз, бірақ олар күн сәулесінің жүйесінен тыс тіршіліктің бір немесе жоқтығы туралы ешқандай мәліметтер берілмейді. Метеориттер мен кометалардағы жүргізілген зерттеулер олардың бойынан тіршіліктің алғы шарттарын олардың бойынан цианогез заттары, синиль қышқылы органикалық қосылыстар табылған. Мүмкін осы заттар жалаңаш жер бетіне «тұқым» ретінде келіп түсуі. Метеориттердің бойынан тіршіліктің қарапайым формаларына ұқсайтын объектілердің табылғандығы туралы мәліметтер бар, бірақ оның биологиялық табиғаты туралы мәліметтер ғалымдарды сендірмей отыр.
    1   2   3   4   5


    написать администратору сайта