Главная страница
Навигация по странице:

  • Тіршіліктің 1-ші критерийі-тірі

  • Тіршіліктің 2-ші критерийі

  • Тіршіліктің 3-ші критерийі

  • Тіршіліктің 4-ші критерийі

  • Тіршіліктің 5-ші критерийі

  • Тіршіліктің 6-ші критерийі - ағзаның өсуі.

  • Тіршіліктің 7 – ші критерийі – ұрпақ қалдыру (көбею)

  • Тіршіліктің 8-ші критерийі- даму

  • Тіршіліктің 9-ші критерийі-өзін-өзі реттеу қабілеті

  • Тіршіліктіц Х-шы критерий- бірі ағзалардың мекен ету ортасына бейімделуі

  • Тірі материяның ұ йымдасу деңгейі Деңгейдің қысқаша сипаттамасы

  • ӘЖМҰРАТОВА Ә. Тіршілік табиаты, оны шыу тегі, тірі азаларды алуан трлілігі, оларды байланыстарын рылымды жне функционалды жаынды р уаытта биологияны зекті проблемаларыны тыры болан


    Скачать 495.18 Kb.
    НазваниеТіршілік табиаты, оны шыу тегі, тірі азаларды алуан трлілігі, оларды байланыстарын рылымды жне функционалды жаынды р уаытта биологияны зекті проблемаларыны тыры болан
    Дата12.09.2022
    Размер495.18 Kb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаӘЖМҰРАТОВА Ә.doc
    ТипДокументы
    #673326
    страница4 из 5
    1   2   3   4   5

    3.2 «Кіріспе» тақырыбын сабақтарға бөлу және күнтізбек жоспары. Әдістемелеріне жалпы сипаттама
    «Кіріспе» тақырыбында қарастыратын мәселелердің көлемін кеңейтіп алғаннан соң, қазіргі биологияның өзекті мәселелеріне нақты тоқталатын жағдайда, мұғалім жоспар бойынша бөлінген 1 сағатқа, сақтамдағы сағаттан тағы да бір сағат қосып, тақырыпты 2 сабаққа бөліп оқытады.

    Бірінші сабақта тіршіліктің қасиеттері және критерийлері қарастырылса, екінші сабақта тіршіліктің ұйымдасу деңгейлері және биологияның зерттеу әдістерімен жетістіктеріне тоқталады.

    «Кіріспе» тақырыбын осылайша бөлу, оқушылардың биологиялық түсініктерін алдағы өтетін тақырыптарда жалғастыруға мүмкіншіліктері бар, сонымен қатар алдын ала алған білімдерін жаңа сабақтарда пайдаланады.

    «Кіріспе» тақырыбында оқушыларға қазіргі кездегі жалпы биологиялық өзекті мәселелер жайында нақты түсініктер қалыптастырудың маңызы зор. Себебі оқытылатын тақырыптардың мазмұны, «Кіріспе» тақырыбындағы қарастырылған мәселелердің шешуі болып табылады және оқушылардың көзқарастарын дамыту діңгегі.

    Сабақты қазіргі таңдағы биология, күрделі ғылымдар комплексі, екендігін әңгімелеуден бастап, тірі табиғат туралы, оның заңдылықтарына және дамуына тоқталамыз.


    1 сызбанұсқа
    Тіршіліктің үнемі қозғалыста болатынын, материяның ерекше қозғалыстағы формасы екені туралы түсініктер қалыптастыру керек.

    Қазіргі кездегі биология, жекеленген, маманданған пәндер жиынтығынан құралады, олардың арсындағы қарым-қатынас, тығыз байланыс өте жоғары деңгейде көрінеді.

    Биологиялық зерттеулердің нәтижесінде тіршіліктің биологиялық көрінісінің мәні ашылып, фактілер жүйесімен дәлелденеді. Тірі жүйелердің дамуы, ұрпақ қалдыруы, құрылысы, қызметтері жайлы концепциялар, ойлар, түсініктер қалыптасады ғылымдардың интеграциялануы табиғатын түсіну қиын проблемаларды шешуге көмектеседі ғылыми пәндердің зерттеулерінің барысында биология ғылымы жаңа теориялармен, идеялардың жиынтығы, фактілермен толықтырылды.

    Биология циклінің классикалық ғылымдарымен бірге (анатомия, физиология, морфология, ботаника, зоология т.б.) биологияның жаңа салалары пайда болды, олар тіршіліктің терең физико-химиялық негіздерін зерттеумен шұғылданады (мысалы, биохимия, биотехнология т.б.)

    Биология ғылымдарының прогрессивтік дамыу, басқа да ғылымдар салаларының дамуымен тығыз байланысты. Физика ғылымының заңдылықтарын білу ағзаның жүйке жүйесінің қызмет жасау принципін түсінуге мүмкіндік береді. Химияның заңдылықтарын білу, жасушаның ішкі процесстерін түсінуге, ал математиканы меңгеру-биологиялық зерттеулердің қорытындыларын шығаруға, есептеуге көмектеседі.

    Қазіргі кездегі биология ғылымдарының шешетін мақсаттары мен міндеттері алуан түрлі. Олар, ағзаның құрылысы онда болып жатқан өзгерістер, қызмет жасау заңдылықтары, тіршіліктің алуан түрлілігі, жекеше даму мен тарихи дамудың процесстері, мекен ету ортасымен ағза арасындағы байланыстардың ерекшеліктері, тұқым қуалаушылықпен өзгергіштік және басқа құбылыстар.

    Қазіргі таңда молекулалық биология, генетика, экология ғылым салаларын меңгеру адамзаттың жалпы мәдениет деңгейінің көрсеткіші.

    Жалпы биологияның комплексі түрде қарастыратын мәселелері, генетика негіздері сұрыптау, ағзалардың жекеше дамуының заңдылықтары, цитология, экология негіздері және биосфера туралы ілім органикалық тіршіліктің дамуы және адамның шығу тегі, эволюциялық ілім болып табылады.

    Жалпы биологияның теориялық негізі тіршіліктің критерийлері. Бұл дегеніміз тірі ағзаларға тән қасиеттерді, ерекшеліктерді қарастыру.

    Тіршіліктің 1-ші критерийі-тірі ағзалардың ұйымдасу деңгейінің күрделі және өте жоғары дәрежеде екендігі. Бұл жайды тірі ағзалардың құрылым және функциональді бірлігі жасушаны мысалға келтіріп көрсетуге болады.

    Осы жағдайды күрделі көп клеткалы ағзаның құрылысының мысалынан да көрсетуге мүмкіншілік бар.(сүткоректілердің ағзасы)


    2 сызбанұсқа
    Тіршіліктің 2-ші критерийі - зат алмасу. Тірі ағзалар айналадағы ортадан үнемі заттарды сіңіреді де. Керексіз заттарды сыртқы ортада қайта шығарып отырады. Мәселен. Адам денесіндегі клеткалар сыртқы ортадан оттегі, су-, глюкоза, аминқышқылдары, минералды тұздар, витаминдер, мочевина, несен қышқылдары, т.б. шығарады. Ендеше жасуша ашық жүйеге жатады, сондықтан да сыртқы ортамен зат алмасу әрекеті үздіксіз жүріп отырады.
    Заттар сіңіріледі, өзгеріске ұшырайды және энергия бөлінеді.



    3 сызбанұсқа
    Тіршіліктің 3-ші критерийі - тірі ағзалардың құрамына, өлі табиғатта кездесетін химиялық элементтер кіреді. Бірақ элементтердің мөлшері тірі ағза мен өлі табиғатта бірдей емес. Тірі ағзалардың құрамындағы химиялық элементтердің 98%-і төрт элементтің еншісіне тиеді; көміртегі, оттегі, азот және сутегі. Тірі денелерде өлі табиғатта кеңінен таралған заттармен бірге, тек тірі ағзаға тэн көптеген заттар бар.



    4 сызбанұсқа
    Тіршіліктің 4-ші критерийі - дискреттік.

    Тірі ағзалар жүйесінде көрініс беретін материяның жалпы қасиеттерінің бірі- дискреттік (үзік, бөліну). Кез келген биологиялық жүйе, мысалы ағза, түр, биогеоценоз, жекеше, автономды бөліктерден тұрады, солай бола тұра бөліктер бір-бірімен қарым-қатынаста, құрылымдық- функциональды бірлік түзеді.

    Биоценоздың мысалында қарастырып көрейік. Биоценоздың құрамына продуценттер кіреді (әртүрлі ағзалар, күн сәулесінің әсеріненөзбойында көмірсулар синтездейді), консументтер (продуценттердің дайындап берген органикалық заттарын тұтынушы), редуценттер (консументтер мен продуценттердің өлі денелеріндегі органикалық заттарды ыдыратушы). Продуценттерге жасыл өсімдіктер жатады, консументтер-жануарлар, редуценттерге шіріту бактериялары жатады. Көрсетілген ағзалардың топтары қаншалықты дербес, автономды, маманданғанына қарамастан бір-бірімен тығыз байланыста, бірінсіз-бірі тіршілік ете алмайды себебі олар энергия және заттар ағымымен біртұтас байланыста. Биоценоз деңгейінде продуценттер, консументтер, редуценттер арасындағы салыстырмалы тәуелсіздікпен бірге, тығыз байланыс бар.


    5 сызбанұсқа
    Тіршіліктің 5-ші критерийі - тітіргенгіштік.

    Барлық тірі ағзаға тән қасиет. Әрбір биологиялық жүйеге қоршаған орта әсер етеді. (организм, мүше, жасуша т.б.).

    Тітіргенгіштік тірі ағзалардың қоршаған отраның әсеріне жауап қайтаруы. Тітіргенгіштік қасиетке байланысты ағза қоршаған ортаның әсерлеріне таңдап жауап қайтарады. Тітіргенгіштік барлық тірі ағзаларға тән қасиет болғандықтан ол тек адамдар мен жануарларда ғана емес, өсімдіктердің, саңырауқұлақтардың, бактериялардың вирустардың да бойында көрініс береді.

    Бунақ денемен қоректенетін жыртқыш өсімдіктерде тітіргенгіштік айқын байқалады (шыбынжұт, шықшыт). Барлық өсімдіктер жарықтың түсуінің ұзақтығы мен мөлшеріне жауап қайтарады, кеңістіктегі жарықтың түсу бағытына тітіркенеді ( күнбағыс).

    Тітіргенгіштік қарапайым жануарлардан да көрінеді. Мысалы, кіршікшелі-кебісше тұзды аз судың тамшысынан, тұзы аз су тамшысына қарай жылжиды, егер бұл тамшылар бір-бірімен байланысты болған жағдайда. Бұл мысалда қарапайым жасуша сыртқы ортаның әсерін жүйке жүйесінің қатысуынсыз қабылдайды, себебі бұл жәндіктерде жүйке-жүйесі жоқ.

    Жоғары сатыдағы көпклеткалы жануарларда тітіргенгіштік рефлекстің түзілуімен сипатталады, бұл жүйке жүйесімен тығыз байланысты.
    Тіршіліктің 6-ші критерийі - ағзаның өсуі.

    Өсу-ағзаның салмағының, мөлшерінің артыуы. Жасушалардың мөлшері мен санының артуы. Жануарлар мен әсімдіктердің ағзаларының өсуі, ағзадан бөлінетін биологиялық белсенді заттар-гормондардың әсеріне тікілей байланысты және олар өсуді реттеп отырады.

    Кейбір жануарлардың белсенді өсуі тіршілігінің белгілі бір кезеңдерінде байқалатын болса, екіншілерінде тіршілік барысында ұдайы өседі. Балықтарда, жорғалаушыларда байқалады. Барлық жағдайда ағза жас кезінде қарқынды өседі.

    Өсімдіктер-тіршілігін жойғанша өседі.
    Тіршіліктің 7 – ші критерийі – ұрпақ қалдыру (көбею)
    Әрбір жекеше алынған жүйе белгілібір мерзімде ғана тіршілік ете алады. Сондықтан тіршілікті жүздеген, мыңдаған, миллиондаған жылдар бойы жалғастыру тек өзіне ұқсас ұрпақ қалдыру нәтижесінде жүзеге асады. Әрбір дара уақыт өткен соң тіршілігін жояды, бірақ сол түрдің тіршілігі әрі қарай жалғасады.

    Ұрпақ қалдырудың негізінде жаңа құрылымдар мен жаңа молекулалардың қатысуымен жаңа ағза өндіру. Жаңа ағзаның қасиеттерімен ерекшіліктері, ата-енелерінің ағзасындағы жасушада орналасқан нуклеин қышқылында (ДНҚ) орналасқан.
    Тіршіліктің 8-ші критерийі- даму
    Ағзаның өсуі оның дамуымен жалғасады, бірақ бұл түсініктердің айырмашылығы бар. Даму сапалы өзгерістермен сипатталады. Материяның тірі формасының дамуы жекеше және тарихи дамумен сипатталады.

    Жекеше дамудың барысында ағзаның барлық қасиеттері мен ерекшеліктері біртіндеп көрініс береді. Тарихи даму жаңа түрлердің пайда болуымен және тіршіліктің пргрессивті күрделенуімен сипатталады. Тарихи дамудың нәтижесінде планетадағы тірі ағзалардың алуан түрлілігі пайда болды.
    Тіршіліктің 9-ші критерийі-өзін-өзі реттеу қабілеті
    Барлық тірі ағзалар өзінің ішіндегі химиялық заттардың концентрациясын реттеуге қабілеті, ішкі ортасының тұрақтылығын қамтамасыз етеді, жасушадағы органикалық заттардың синтезі мен ыдырау процесстерін үйлестіре алады. Жоғары деңгейдегі күрделі құрылымды тірі жүйелер де (мысалы, биоценоз) энергия беретін заттардың ағымының жылдамдығын реттеп отырады.

    Өзін-өзі реттеу қабилеттілігін жасуша деңгейінде және ағза деңгейінде қарастырамыз.


    Клетка деңгейіндегі өзін-өзі реттеу.



    6 сызбанұсқа
    Ағза деңгейіндегі өзін-өзі реттеу.



    7 сызбанұсқа
    Тіршіліктіц Х-шы критерий- бірі ағзалардың мекен ету ортасына бейімделуі
    Бейімделушілік деп ағзалардың нақтылы орта жағдайларында тіршілік етіп ұрпақ қалдыруын қамтамасыз ететін арнайы қасиеттердің пайда болуын айтады қазіргі биологиялық көзқарастардың тұрғысынан үйлесімділік ағзада жаратылыс күшінен емес, ұзақ эволюциялық дамудың нәтижесінде пайда болды деп уағыздайды.

    Бейімделеушілік «үйлесімділік» тіршілік ортасына сәйкестік. Бас тапқыдан берілді ме? -Эволюция процессінде пайда болды ма?

    Бейімделушілік-ағзаның жалпы қасиеті. Бұл түсінік, нақтыдан гөрі көлемді түсінікке жатады. Ағзаларда әр түрлі жергілікті тіршілік жағдайларына сәйкес алуан түрлі бейімділіктердің пайда болуын идиоадаптация деп атайды. Осылыйша бейімделушілікті жарқанаттан, дельфиннен, тюлень, көртышқан, фламинго және басқа жануарлардан көруге болады. Суда қозғалудың нақты бейімделушілігін балықтардың сүйірленген денесінендері сілемей затынан көреміз. Балықтардың кейбір түрлерінде лабиринтті аппараттарының болуы тек судағы еріген оттегімен ғана тыныс алумен шектклмей, атмосфералық ауамен де тыныс алады. Кейбір балықтардың уылдырық шашу кезіндегі мінез-қылықтарының күрделінуі де бейімделушілікке де жатады. Жануарлар мен өсімдіктердің, басқа да түрлерінде бейімделушіліктің сан-алуан түрлерін кездестіруге болады.

    Бұл келтірілген мысалдар тірі ағзалардың негізгі қасиеттерін баяндайды. Тіршіліктердің биологиялық көріністері мен бейнесі,басқа да принциптік жағдайларды усынады. Бұл принциптер кез-келген биологияның ғылым салаларында алатын орны ерекше. Дәлірек айтқанда, бұл тіршіліктің ұйымдасу деңгейлері туралы ойлар тіршілікті зерттеу барысында әртүрлі деңгейдегі жүйелермен таныс боламыз. Бұл жүйелер тіршіліктің жалпы қаситтерін иелене отырып, тек өздеріне тән ерекшеліктерімен айқындалады. Осы негізде тіршіліктің тірі материяның әртүрлі деңгейлері бөлінеді молекулалық, молекуладан жоғары жасушалық, түр-популяциялық, биоценотикалық, биогеоценотикалық, биосфералық т.б.

    Тірі материяның әрбір деңгейінің ұйымдасуының өзіндік ерекшеліктері, заңдылықтары, өзіндік зерттеу әдістері бар әрбір ұйымдасу деңгейін зертейтін ғылымдардың саласын атап көрсетуге болады. Мысалы, тіршіліктің молекулалық биология, биоорганикалық химия, молекулалық генетика т.б. ғылымдар саласын зерттейді. Тіршіліктің қандай да болмасын деңгейін бөліп қарау шартты түрде ғана, барлық деңгейлер бірімен-бірі тығыз байланыста, тірі табиғаттың біртұтастығын көрсетеді ғылымның проблемаларын шешу үшін, берілген, алда қойған проблемеларды алуан түрлі бағытта жүргізілетін зерттеулердің көмегімен және тіршліктің әртүрлі деңгейлерін зерттеу барысында жүргізу қажет. Адамның "озон тесіктеріндегі" аймақтарда ұзақ болуынан болатын қауіп-қатерлерден (биосферелық деңгей), ағзаның жасушаларына ультра-күлгін сәулелерінің шамадан тыс түсуінен болатын өзгерістерді білмейінше түсіндіру мүмкін емес (тіршіліктің жасушалық және молекулалық деңгейі).

    Адам ағзасын тиімді емдеу, ауру тудыратын бактериялардың құрылысы мен жасушасының қызметін толық білмейінше мүмкін емес (тіршіліктің жасушалық деңгейі, ағзалық және популяциялық-тіршілік деңгей проблемалары). әртүрлі деңгейдегі проблемаларды шешу тіршіліктің барлық деңгейлерінің бір-бірімен тығыз байланысын көрсетеді, ізденуші, зерттеушінің тірі табиғат жайлы түсінігінің біртұтастығын қалыптастырады. Тіршіліктің биологияінісі билогиялық зерттеушілердің алуан түрлі әдістерін қолдану нәтижесіндегі нақты фактілердің жиынтығы мен терең талдау барысында қарастырылды қандай да болмасын ғылымның дамуы, ғылыми зерттеулердің эволюциясына байланысты, оны қолдана білуге, тұжырым жасауға да байланысты.
    1 – кесте Қазіргі кезеңдегі тіршіліктің ұйымдасу деңгейлері



    Тірі материяның ұйымдасу деңгейі

    Деңгейдің қысқаша сипаттамасы

    Берілген деңгейді оқыту үшін берілетін сұрақтар мен проблемалардың мысалдары

    1.

    Молекулалық

    Кез келген жүйе биологиялық макромолекулалардан құралады: нуклеин қышқылдары, полисахаридтер және ақуыздар. Осы деңгейден басталып ағзаның тіршілік әрекеті басталады: зат алмасу мен энергияалмасу, тұқым қуалаушылық ақпараттарын беру т.б.

    Биополимерлердің құрамын және құрылысын зерттеу(мысалы,ақу ыздар)

    2.

    Молекуладан жоғары деңгей

    Әр түрлі химиялық заттардың молекулалары бірімен-бірі қосылып жасушаның органоидтарын түзеді: митохондрий, пластидтер, рибосомалар т.б. Әрбір органоид жасушада өз қызметін атқарады, және өзіне тән құрылысымен ерекшіліктері бар.

    Жасушадағы әртүрлі органоидтардың қызметін және құрылысын оқып үйрену.

    3.

    Жасушалық

    Жасуша-барлық тірі ағзалардың даму бірлігі және құрылымдық, қызметтік бірлік

    Жасуша ішіндегі әрекеттердің-өзін-өзі реттеу, ассимиляция және диссимиляция қызметтерін, жасушалар құрылысының ұқсастықтары және айырмашылықтарын оқып беру.

    4.

    Ұлпа-жасушалық деңгей

    Құрылысы, атқаратын қызметі, шығу тегі бір жасушалар тобы ұлпаларды құрайды. Ұлпалар мүшелер түзеді, мүшелерден жүйелер құрастырылады.

    Әртүрлі ұлпалардың типтерінің құрылыс ерекшеліктерін зерттеу. Әрбір мүшенің қызметін оқып білу. (мысалы. жүрек)


    1 – кестенің жалғасы



    5.

    Ағзалық

    Ағзалық деңгейдің элементарлық бірлігі дара (особь) қарстырылады. Оның алғашқы пайда болу, кезеңінен бастап тіршілігін жойған кезеңіне дейінгі дамуын қарастырады. Тірі жүйе ретінде. Жоғары сатыдағы ұйымдастырылған ағзалар мүшелер жүйесінің тығыз байланысында біртұтас құрылым ретінде қарастырылады.

    Ағзаға қоршаған ортаның әсерін оқып білу, мысалы, әртүрлі температуралық жағдайда суық қандылар мен жылы қанды жануарлардың қозғалуын зерттеу.

    6.

    Түрлік-популяциялық

    Популяция-ағзадан жоғары жүйе. Ағзалардың бір түрге жататын жиынтығы ұзақ мерзімге бір мекен ету ортасына бірігеді. Бұл жүйеде элементарлы түрде эволюциялық процесстер, өзгерістер жүріп отырады.

    Бір биологиялық түрдің дараларының арасындағы тіршілік күрестің сипатын танып білу. Популяция дараларының сандарының арту себептерін зерттеу.

    7.

    Биоценотикалық

    Биоценоз-дегеніміз алуан түрлі ағзалардың мысалы, өсімдіктің, жануарлардың, саңырауқұлақтардың микроорганизмдердің бірлесіп тіршілік етуі. Биоценоздарда ағзалар продуценттер, консументтер, редуценттер болып бөлінеді. Олар әртүрлі қызметтер атқарады

    Заттардың және энергия айналысып бір-біріне беруде, өткізуде тығыз байланысты.

    8.

    Биогеоценотика лық

    Биогеоценоз-мекен ету ортасымен факторлары, әртүрлі деңгейдегі құрылымды түрлерге жататын ағзалардың жиынтығы.

    Биогеоценоздардың ішінде өтетін іс-әрекеттерге өлі табиғаттың факторларының әсерін зерттейді. Биогеоценоздағы болып жатқан маусымдақ өзгерістерді зерттейді.

    9.

    Биосфералық

    Барлық биоценоздардың жиынтығын биосфера-деп атайды. Жер планетасындағы тіршіліктің барлық құбылысын қамтитын жүйе. Бұл деңгейде барлық тірі ағзалардың тіршілік әрекетімен байланысты зат айналымы мен энергия алмасуы жүреді.

    Біздің

    планетамыздағы тіршілік үшін аса маңызды, көлемді мәселелер «озон тесіктері» және «булану эффектісін» зерттеу.


    Биология ғылымдарының дамуының бірінші кезеңдеріне зерттеудің сипаттама әдістері тән. Бұл әдіс бүгінгі күнге дейін маңызын жойған жоқ, жинақтау және фактілерге сипаттама беру ғылымның барлық салаларында қолданылады. Зоология, ботаника, экология этология т.б. салаларда бұрынғысынша пайдаланылуда.

    18 - ші ғасырдың өзінде ағзаларды және оның бөліктерін бір - бірімен салыстыру әдісі кеңінен қолданылды. Жүйелеу, Жасуша Теориясының негізі салыстырмалы әдісті қолдануының нәтижесінде дамыды. Биологиядағы эволюциялық ойлардың нақтылануы анатомия, памантология, эмбриология т.б. ғылымдар саласындағы салыстыру әдісін қолданумен тығыз байланысты. Осы әдісті қолдану сүтқоректілер мен бауырымен жорғалаушылардың арасындағы эволюциялық байланыстарды анықтауға, прогрессивтік белгілерін көрсетуге мүмкіншілік береді. Осындай ғылыми мәселелерді шешу барысындағы салыстырмалы әдістер біртіндеп тарихи әдіске ауысады, тарихи әдістің мақсаты ағзалардың шығу тегін және дамуын, құрылымын, қызметтерін зерттеу.

    Биологияның жаңа зерттеу әдістеріне модельдеуді жатқызуға болады. Модельдеуді жатқызуға болады. Модельдеудің негізінде белгілі бір құбылысты немесе іс - әрекеттің көрінісінің жобасын зерттеуге, білуге болады. Образды модель белгіге немесе математикалық модельге өтеді. Эксперимент математикалық есептеулер жүргізудің есептеуді компьютер арқылы орындау мен аяқталады. Математикалық жолмен модельдеу әртүрлі жағдайларды болжамдауға мүмкіндік береді.

    Мысалы: атомдық соғыстың биосфераға әсерін анықтау, қоректік заттардың қорына байланысты әртүрлі жағдайларда, белгілі жердегі тұяқты жануарлардың популяциясының өсу қарқынын анықтауға мүмкіндік береді.

    Дегенмен, биологиялық зерттеулердің негізгісі бұрынғыдан бақылау және эксперимент. Бұл әдістер бір - біріне жақын ұқсастықтарымен бірге, айырмашылықтары да бар. Бақылау белгілі бір объектіні табиғи немесе жасанды жағдайда алға қойған мақсатқа сай зерттеу, танып білу, белгілі бір факторлардың ғана әсерін бақылау емес. Сондықтан бақылау кезінде зерттеушінің өтіп жатқан құбылыстың барысына әсер ету көзделмейді.

    Эксперимент - бақылаумен салыстырғанда жасанды жағдайда өткізілетін объектіні зерттеудің белсенді формасы. Экспериментте зерттеуші белсенді түрде объектіге өзгертілген факторлардың әсерін зерттеу және оған объектінің жауап беру реакциясын зерттейді.

    Эксперимент әдісі құбылысты шектеу арқылы зерттеуді көздейді, және оны бірнеше рет қайталауға да болады. Эксперимент құбылыстың мәнін терең түсіну мен қатар, ол құбылысты меңгеруге мүмкіндік береді.

    Биологиялық ғылыми зерттеулерді сауатты өткізу, ғалымның ғылыми экспериментін маңызын терең түсінуін және арнайы білімінің болуын қажет етеді.

    Ғалым мақсат дегеннің не екенін, ғылыми зерттеудің объектісін және болжамын нақты білуі керек; Қайталау тәжірибесі; бақылаудағы өсімдіктер мен жануарлардьйң тобын; вариациялық фактор; тәжірибенің немесе бақылаудың әдісін, сапалық және сандық көрсеткіштердің қорытындысын білу; нәтижелердің ғылыми көрсеткіштері; эксперименттің кемшіліктері сияқты көрсеткіштерді нақты білуі керек.

    Зерттеушілік іс - әрекеттер белгілі құрылыммен, жүйелілікпен жүргізіледі. Жақсы көрсеткіштерге жету ғалымның зерттеу жұмысын жұмысын жүргізу барысындағы іс -әрекетінің жиынтығына, дұрыстығына байланысты.

    Эксперимент жүргізудегі ғалымның әрекетінің сипаты:

    1. Зерттеу жұмысының тақырыбын, мақсатын, міндеттерін дұрыс таңдап алу.

    2.Болжамдарды тұжырымдау.

    3.Зерттеу жұмысының барысын жоспарлау және оның әдісін анықтау.

    4.Эксперимент жүргізу үшін жабдықтарды дайындау мен жағдайлар жасау.

    5.3ерттеу жұмысының практикалық бөлімін жүргізу және оның сапалық, сандық нәтижелерін тіркеу.

    6.Алынған нәтижелерді өңдеп, таблицаларды, гистограммалар, диаграммалар, графиктер сызу.

    7.Алынған нәтижелерге теориялық талдаулар жүргізіп, оның ғылыми нақтылығын бағалау.

    8.Қорытындысын жасау.

    9.Тақырып бойынша зерттеудің өміршеңдігі мен шешуін таппаған мәселелерді анықтау.

    10.Зерттеу жұмысының қорытындысын жасап, жазбаша түрде бекіту. (есеп түрінде, олимпиада, диссертациялық жүмыс, ғылыми мақала түрінде)

    Нағыз ғалымның көрсеткіші, қоғам өмірі мен табиғат құбылыстарына аналитикалық жағынан қарап, шешімін табуы. Бұл жағдайда ғалым, мәселелерді шешу үшін өзіндік ойлауымен, практикалық және теориялық мақсаттарды ұтымды, үйлесімді шеше алатындай болуы керек.
    1   2   3   4   5


    написать администратору сайта