Главная страница
Навигация по странице:

  • Оқу жүктемесінің көлемі

  • 53-кесте – Жазба жұмыстарының көлемі

  • 55-кесте – «Қазақ тілі» пәні бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны

  • ктп казак тили дұрысы 3-сынып. Тсінік хат аза тілі оу пні


    Скачать 65.97 Kb.
    НазваниеТсінік хат аза тілі оу пні
    Дата25.05.2023
    Размер65.97 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлактп казак тили дұрысы 3-сынып.docx
    ТипДокументы
    #1158817
    страница1 из 8
      1   2   3   4   5   6   7   8

    Түсінік хат

    «Қазақ тілі» оқу пәні (оқыту қазақ тілінде)
    Күнтізбелік-тақырыптық жоспар ҚР Оқу-ағарту министрлігінің 2022 жылғы 3 тамыз №348 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламасы негізінде құрылды.

    «Қазақ тіл» пәні бастауыш мектепте гуманитарлық білім берудің бастапқы өзегі болып табылады. Бастауыш мектепте «Қазақ тілі» пәнін оқытудың мақсаты – сөйлеу әрекетінің түрлерін: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылымды дамыту арқылы тіл туралы бастапқы білімді меңгерту және оны тілдік нормаларды сақтай отырып, оқу әрекеті мен күнделікті өмірде қолдану.

    Пәнді оқытудың басты ерекшелігінің бірі білім алушылардың сауаттылығын арттыру және тілін дамыту мақсатында жазба жұмыстарын жүргізіп отыру болып табылады.

    Оқу жүктемесінің көлемі:

    1) 3-сыныпта – аптасына 4 сағаттан, оқу жылында – 144 сағатты құрайды.

    Пәннің мазмұны мәтін түрлері, көркем шығармалар мен аутентті материалдар арқылы білім алушылардың сөздік қорын жаңа сөздермен толықтыруды, оқығаны бойынша пікір білдіруді және оны дәлелдеуді, белгілі бір тақырыпқа байланысты өз ойын толық, жүйелі, түсінікті етіп ауызша және жазбаша жеткізе білуге дағдыландыруды, мәтін бойынша сұрақтар құрастырып, мүмкін болатын жауаптарды болжап, өзін-өзі бағалауды, мәтін бөлімдері арасында мағыналық байланыс орнатуды, жоспар құруды, сөйлеу мәдениетін қалыптастыруды қамтиды.

    2022 жылдың 01.09.-21.09 аралығында 2013 жылдың 3 сәуіріндегі №115 бұйрық негізінде, ал 2022 жылғы 22.09. бастап №2 педагогикалық кеңес шешімімен 2022 жылғы 16.09-нан шыққан №399 бұйрық негізге алынды. 12 - қосымшасы

    53-кесте – Жазба жұмыстарының көлемі


    Жазба

    жұмыстарының түрлері

    3-сынып

    Сөздік диктант

    9-12 сөз

    Диктант

    35-50 сөз

    Мазмұндама

    60-80 сөз

    Шығарма

    35-55 сөз

    Пән бойынша жиынтық бағалау бөлім бойынша (БЖБ) және тоқсан бойынша (ТЖБ) жиынтық бағалау рәсімдерінің нақты санымен әр тоқсанда 1 рет өткізіледі. Төменде бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны (54-кесте).
    55-кесте – «Қазақ тілі» пәні бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны


    Сыныптар

    Бөлімдер/ортақ тақырыптар бойынша

    жиынтық бағалау рәсімдерінің саны

    1 тоқсан

    2 тоқсан

    3 тоқсан

    4 тоқсан

    3-сынып

    2*

    2*

    2*

    2*
      1   2   3   4   5   6   7   8


    написать администратору сайта