Главная страница
Навигация по странице:

  • Оқу жүктемесінің көлемі

  • 53-кесте – Жазба жұмыстарының көлемі

  • КТЖ 3 сынып адебиет 2022-2023жж дұрысы2 (1). Тсінік хат дебиеттік оу оу пні


    Скачать 309 Kb.
    НазваниеТсінік хат дебиеттік оу оу пні
    Дата25.05.2023
    Размер309 Kb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаКТЖ 3 сынып адебиет 2022-2023жж дұрысы2 (1).doc
    ТипДокументы
    #1158814
    страница1 из 5
      1   2   3   4   5


    Түсінік хат

    «Әдебиеттік оқу» оқу пәні (оқыту қазақ тілінде)
    Күнтізбелік-тақырыптық жоспар ҚР Оқу-ағарту министрлігінің 2022 жылғы 3 тамыз №348 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламасы негізінде құрылды.

    «Әдебиеттік оқу» пәнінің мақсаты – бастауыш сынып білім алушыларының көркем шығарманы сезіммен қабылдауы, түсінуі, санасында қайта жаңғырта алуы және шығармадан қабылдағанын өзінің шығармашылық әрекетінде жүзеге асыруға ұмтылуы арқылы функционалдық сауаттылығын қалыптастыру.

    Оқу бағдарламасында әдеби-шығармашылық қабілеттерін дамыту қарастырылған. Нақты шығармаларды оқып білу және қажетті шығармашылық тапсырмаларды орындау үшін мұғалім білім алушылардың даярлық деңгейіне байланысты сабақтар санын анықтайды.

    Оқу жүктемесінің көлемі:

    1. 3-сыныпта – аптасына 3 сағаттан, оқу жылында – 102 сағатты құрайды.

    2022 жылдың 01.09.-21.09 аралығында 2013 жылдың 3 сәуіріндегі №115 бұйрық негізінде, ал 2022 жылғы 22.09. бастап №2 педагогикалық кеңес шешімімен 2022 жылғы 16.09-нан шыққан №399 бұйрық негізге алынды. 13 - қосымшасы

    53-кесте – Жазба жұмыстарының көлемі

    Білім алушылардың оқу дағдыларының қалыптасуын ескере отырып, мұғалім төмендегі міндеттерді қояды:үшінші сыныпта негізгі құралдардың мәнерлілігін пайдалануда өлеңдер және шығармалар мәтінін оқу мәнерлілігін тексеру, дауыстап және іштей оқуда оқылған мәтіннің мәнін түсінуін, сонымен қатар, оқу техникасын тексерудің негізгі міндеттерін тұтас сөздермен оқи білуінің қалыптасуын тексереді.

    56-кесте – Оқу дағдыларының нормалары


    Сыныптар

    І

    жартыжылдық

    ІІ

    жартыжылдық

    3-сынып

    60-70 сөз

    70- 80 сөз


    Білім алушылардың оқу техникасы оқу дағдысын қалыптастыру бойынша одан әрі оқыту алгоритмін құру үшін критерий болып табылатынын ескеру маңызды.

    Білім алушылардың дайындық деңгейіне байланысты қажет болған жағдайда, мұғалім таңдауы бойынша басқа да әдеби шығармаларды оқуды тізбеге қосуға болады. Ол шығармалар білім алушылардың жас ерекшеліктеріне3 сәйкес болуы керек.

    «Әдебиеттік оқу» пәні бойынша мұғалім әр түрлі қосымша жұмыстарды жүргізуі мүмкін және тапсырмалардың критерийлері мен дескрипторлары даалдын ала дайындалады. Мұғалім шығармашылық жұмыстарды өткізу кезеңі мен түрлерін өзі анықтайды. Төменде ұсыным сипатында критерийлермен жұмыс жасаудың шамамен түрлері берілген (56- кесте).
    58-кесте – «Әдебиеттік оқу» пәні бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны

    ТЖБ әр тоқсанда1 рет өткізіледі.


    Сыныптар

    Бөлімдер/ортақ тақырыптар бойынша

    жиынтық бағалау рәсімдерінің саны

    1-тоқсан

    2-тоқсан

    3-тоқсан

    4-тоқсан

    3-сынып

    2*

    2*

    2*

    2*
      1   2   3   4   5


    написать администратору сайта