невропатология с ответами. В. мелкоклеточного добавочного ядра глазодвигательного нерва
Скачать 0.55 Mb.
|
{Дұрыс жауабы}= C 124 13 жасар бала арқа тұсындағы қозғалыс кезінде күшейе түсетін айтарлықтай ауру сезіміне шағымданып қаралды. Ауру сезімі ауры зат көтергеннен кейін пайда болған. Объективті: анталгиялық қалып, тегістелген лордозбен бел бұлшықеттерінің айқын керілуі анықталады. Пальпация Паравертебральды нүктелерді пальпациялау кезінде кенет ауру сезімі шақырылады. Сіңірлік рефлекстері D=S. Сезімталдық бұзылыстары жоқ. Төменде көрсетілген дәрілік заттардың қайсысын тағайындау ең лайықты? A) микроциркуляторлар B) витаминдер C) антибиотиктер D) ҚҚСЕЗ E) гипотензивті {Дұрыс жауабы}= D 125 5 жасар бала, аурухананың қабылдау бөлімшесіне ес түссіз күйінде жеткізілді, 1 сағат бойы апноэмен көрінетін тонико-клоникалық ұстамалармен өтуде, ұстама аралығында өзіне келмейді, қарашығы тарылған, тері жабындылары бозарған цианозды түсте, сіңірлік рефлекстері тежелген, екі жақты Бабинский симптомы оң нәтижелі. Осы этапта қандай тактика ЕҢ ықтимал? A) диазепам B) лазикс C) дифенин D) фенобарбитал E) ИВЛ, барбитуралы наркоз {Дұрыс жауабы}= E 126 15 жасар қыз бала, жедел көмек бригадасымен клиниканың қабылдау бөлімшесіне психомоторлық қозушылық және есінің бұзылысы белгілерімен жеткізілді. Анамнезінен қыз бала дене шынықтыру пәнінде бас ауруына, жүрек айнуына шағымданған. Неврологиялық статусында: психомоторлық қозушылық. Жарыққа және дыбыстарға гиперестезия, менингеальды синдром: 4 см шүйде бұлшықетінің ригидтілігі , екі жақты Керниг симптомы және Брудзинский жоғарғы және төменгі симптомдары оң нәтижелі. Аяқ-қолдарында салданулар жоқ. Диагнозды растау үшін қандай зерттеу әдісін жүргізу ЕҢ ықтимал? A) электромиография B) бас миының МРТ C) люмбальды пункция D) бас сүйегінің рентгенографиясы E) электроэнцефалография {Дұрыс жауабы}= C 127 11 жасар қыз, клиникаға бас ауруына, әлсіздікке, дене қызуының 39 градусқа жоғарылауына, мойын бұлшықеттерінің, аяқ-қолдарындағы ауру сезімге шағымданып жеткізілді. Объективті: шүйде бұлшықеттерінің ригидтілігі, көз алмасуын қозғалту кезіндегі ауру сезімі. Болжамды диагноз екіншілік іріңді менингит. Жұлын сұйықтығының қандай түсі және құрамы ЕҢ ықтимал? A) мөлдір, лимфоцитарлы плеоцитоз B) бұлыңғыр, нейтрофильды плеоцитоз C) мөлдір, ақуыз-клеткалы диссоциация D) ксантохромды, әлсіз плеоцитоз E) мөлдір, клеткалы – ақуызды диссоциация {Дұрыс жауабы}= B 128 12 жасар қыз клиниканың қабылдау бөлімшесіне көруінің екі еселенуі, ұстама тәрізді бас ауруына, дене қызуының 38 градусқа жоғарылауына, жүрек айнуына және құсу белгілеріне байлланысты жеткізілді. Кенеттен аурыған. Неврологиялық статусында: менингеальды синдром: шүйде бұлшықеттерінің ригидтілігі 4см -ге, Керниг симптомының оң нәтижелілігі. Қосарланған қылилық . Жұлын сұйықтығында лимфоцитарлы плеоцитоз. Қандай болжамды диагноз ЕҢ ықтимал? A) менингоэнцефалит B) неврит C) менингомиелит D) жұлын сухоткасы E) үдемелі салдану {Дұрыс жауабы}=A 129 23 жасар ер кісі, жол көлік апатынан кейін ауруханаға ес түссіз күйінде клонико-тоникалық тырысулармен, көпретті құсумен жеткізілді. Ұстама арасындағы уақытта сөйлеген сөздерге көзін ашып жауап қатады, сөздері сараланбаған, аурулық тітіркендіргіштерге еріксіз бағытталмаған қорғаныш белгілерін береді. Алып келген шұғыл көмек бригадасының айтуынша, ер кісіні жол етегінен тауып алған. АҚ 100/50 мм. сын. бағ., ЖСЖ мин 100 соққы, дене қызуы қалыпты, ТЖ минутына 34. Қандай зерттеу әдісін жүргізу ЕҢ ықтимал? A) ЭЭГ B) ЭМГ C) ЭКГ D) УДДГ E) МРТ {Дұрыс жауабы}= E 14_09_02 130 33 жасар ер кісі, нейрохирургиялық бөлімшеде ем алуда. Бас ауруына, жүрек айнуына, құсу және көру өткірлігінің төмендеуіне, иіс сезуінің төмендеуіне шағымданады. Объективті: оң жақты көру жүйкесінің атрофиясы, сол жақты көру түбіндегі тоқыраулық көріністер. Төменде келтірілген ми ісігінің қайда орналасуы ЕҢ ықтимал? A) көпір мишықтық бұрышта B) самай бөлімінде C) оң жақты шүйде бөлімінде D) маңдай бөлімінің негізінде E) сол жақты төбе бөлімінде {Дұрыс жауабы}= D {күрделілігі}=2 131 28 жасар ер кісіде АҚ кенеттен жоғарылау фонында есін жоғалтқан, нейрохирургия клиникасына ауыр жағдайда жеткізілген, қатты дауысқа көзін ашпайды, аурулық тітіркендіргіштерге көзін ашумен жауап береді және сол қолында еріксіз қимылдар пайда болады, оң жақты гемиплегия көріністері, моторлық және сенсорлық афазия әсерінен сөйлеу байланысына түспейді. ЭхоЭС кезінде бас миының орталықты құрылымының сол жақты 8 мм ығысуы анықталады. Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал? A) субарахноидальды қанқұйылу (аневризманың жарылуы) B) эпилепсия C) абсцесс D) ишемиялық инсульт E) ісік {Дұрыс жауабы}= A {күрделілігі}=2 132 60 жасар ер кісі, бұт (промежность) аймағындағы жағымсыз сезімдерге және кенеттен пайда болған ауру сезіміне шағымданады. Ауру сезімі ауыр зат көтергеннен кейін пайда болған. Қарап тексергенде: паравертебральды бұлшықеттердің айқын кернелуі анықталады. S3 – S5 дерматома аймағындағы анестезиясы. Анальды рефлексі жойылған. Зәрін ұстай алмайды. Аяқ -қолындағы қимыл көлемі сақталған. Сіңірлік рефлекстері сақталған. Төменде келтірілген синдромдардың қайсысы ЕҢ ықтимал? A) эпиконус B) түбіршектік C) құйымшақтың D) конустың E) бел қалыңдауының {Дұрыс жауабы}= D 133 12 жасар бала, нейрохирургиялық бөлімшеде. Анасының айтуы бойынша бала нәресте күнінен ауырады. Нәресте күнінен моторлық дамуының артта қалуы және бас сүйегінің көлемінің үдемелі үлкеюі байқалған. Бала есейе келе ашуланшақ, тырысу ұстамасы, көруінің бұзылысы, қимыл үйлесімділігінің бұзылысы анықталған. МРТ зерттеуінде: бас миының туыа пайда болған даму ақауы белгілері -Денди-Уокера. Осы ақауға төменде келтірілген суреттемелердің қайсысы ЕҢ ықтимал? A) гипертензионды гидроцефалиямен, алдыңғы бүйірлік қарыншаның кеңеюі B) сүйелді дененің агенезиясы C) екі жақты маңдай-төбе аймағының қыртысының атрофиясы D) гипертензионды гидроцефалиямен, артқы бас ми шұңқырының ликфорлық кистасының дамуымен тқртінші қарыншаның кеңеюі E) мөлдір аралықтың кистасы {Дұрыс жауабы}= D 134 45 жасар ер кісі, жұқпалы аурулар ауруханасында Іріңді менингит диагнозымен ем қабылдаған. Көрсетілген ем фонында науқастың жағдайы ауырлай түскен, дене қызуы қалпына түскен, жұлын сұйықтығы тазаланған, бірақ 20-шы тәулікте жағдайының күрт нашарлауы: қатты бас ауруы, дене қызуының жоғарылауы, ұйқышылдық пайда болған, дезориентирленген, сұрақтарға байланыссыз жауап береді, аурулық тітіркендіргіштерге тітіркендіргішті қағумен белсенді жауап береді, оң жақты гемипарез дамып ол үдей түскен. Көру түбін зерттеу кезінде бастапқы тоқыраулық көріністер анықталады. Қандай төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал? A) инсульт B) эпилепсия C) абсцесс D) бас сақинасы E) ісік {Дұрыс жауабы}= C |