құқық негіздері УМК. Высший инновационный колледж международных отношений
Скачать 1.68 Mb.
|
Қаржы құқықтың құқық жүйесіндегі орныҚаржылық құқықтың ұлттық құқық жүйесіндегі орнына байланысты бірнеше ойлар айтылған. Бірінші ғалымдар тобы қаржылық құқықты жеке құқық саласы ретінде санамай, оны мемлекеттік жəне əкімшілік құқықтан бөлініп шыққан құқық саласы деп қарастырған. Бұл ойды алғаш рет 19 ғасырдың екінші жартысында білдірген Халфина Р.О. Кейіннен Иванов Б.Н., Пискотин, Цыпкин С.Д. бұл ойды қолдап, қаржылық құқық саласын өзге құқық саласынан бөлініп шыққан деп растады. Худяков А.И. өзінің «Қаржылық құқық» оқу құралында, қазіргі ғалымдардың қаржылық құқықты əкімшілік құқықтың бір бөлігі ретінде санамайтындығын атап өтті. Алайда бұл екі құқық салаларының арасында əлі де болса бір мəселе бар. Бұл мəселе «қаржы аясындағы басқару» деген түсінікке байланысты туындады. Яғни, қаржы аясындағы басқаруға мемлекеттік билік органдары (əкімшілік құқық пəніне тиісті) мен қаржылық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттің мамандандырылған органдары кіретіндіктен, екі құқық салалары арасындағы байланыс əлі де бар. Екінші ғалымдар тобы қаржылық құқықтың ешбір құқық саласынан бөлінбей, мемлекетік жəне əкімшілік құқық салаларымен бір уақытта жеке құқық саласы ретінде пайда болды деп айтқан. Бұл ғалымдар тобына Химичева Н.И., Ровинский Е.А., Гурвич М.А., Худяков А.И., кірді. Химичева Н.И. «Қаржылық құқық» атты оқу құралында қаржылық құқықтың əкімшілік жəне мемлекеттік құқықтардан бөлек жеке құқық саласы ретінде екендігінің бірде-бір дəлелі ретінде, қаржылық құқықтың өзіне тəн құқықтық реттеу пəні мен əдісінің бар екендігін атап өтті. Яғни, қаржылық құқықтың пəні бұл мемлекеттің қаржылық қызметі барысында туындайтын қоғамдық қатынастар. Қаржылық қоғамдық қатынастар, əрдайым мемлекеттік қаржылық қорларды құру, бөлу, пайдалану қызметімен жəне бұл қызметті қадағалаумен байланысы арқылы ерекшеленеді. Қаржылық құқық пəніне қарап, Химичева Н.И. қаржылық құқықтық реттеу əдістерін сипаттаған. Яғни, қаржылық құқықтың əдістеріне қаржылық құқықтық қатынстар қатысушылары мен олардың өзара байланысына əсерін тигізетін заңи тəсіл, құралдар жиынтығы жатқызылды. Химичева Н.И. қаржылық құқықтың негізгі əдісі ретінде императивті əдісті қарастырған. Императивті əдіс, мемлекеттің тарапынан қаржылық құқықтық қатынастардың өзге субъектілеріне байланысты білдіретін бір жақты өктем билігінде көрініс табады. Қаржылық құқықтың императивті əдісінің мазмұны мемлекеттік қаржылық қорға түсетін ақша- қаражаттардың тəртібі мен көлеміне байланысты болады. Эриашвили А. қажылық құқықтың жеке құқық саласы екендігіне байланысты Н.И. Химичевамен толық келіседі. Ғалымның айтуынша, қаржылық құқықтың өзіне тəн құқықтық реттеу пəнінің, əдісінің жəне жүйесінің болуы, оның жеке құқық саласы болуына себеп. Қаржылық құқықтың пəніне қаржылық жүйені белгілеу, осы саладағы қызметті мемлекет пен өзге қатысушылардың арасында бөлу , қаржылық қызмет барысында туындайтын қатынастарды реттеу жатады. Қаржылық құқық пəні болып, мелекеттің орталықтандырылған жəне өзге де қаржылық қорларды құру, бөлу жəне пайдалануға байланысты қаржылық қызмет барысында туындайтын қоғамдық қатынастар. Қаржылық құқықтың жүйесі болып қаржылық қоғамдық қатынастардың ішкі құрылымы, оның біріңғайлығы жəне қаржылық құқықтық нормалардың өзара байланысы, орналасу тəртібі. Худяков А.И. аржылық құқықтың жеке құқық саласы ретінде болуына байланысты келесідей түсінік берген: «Қаржы мемлекеттіліктің бір белгісі. Мемлекеттің пайда болуымен бірге қаржы да пайда болған. Қаржылық- экономикалық қатынастар тек қаржылық-құқықтық нысанда ғана болады. Яғни, қаржының болуы қаржылық құқықтың болуын білдіреді: мемлекет қаржысыз, ал қаржы мемлекетсіз бола алмайды. Қорыта келгенде, мемлекет, қаржы, қаржылық құқық бір уақытта пайда болған». Кейбір ғалымдар қаржылық құқықтың құқық жүйесідегі орнына байланысты оның конституциялық құқық, азаматтық құқық салаларымен байланысы бар деп есептейді. Алайда бұл жəйт, қаржылық құқықты жеке құқық саласы ретінде қарастыруға кедергі жасамайды. Конституциялық құқық нормалары мемлекеттің құрылысын, нысанын, қаржылық қызметінің негізін жəне мемлекеттің уəкілетті, атқарушы органдарының өкілеттіліктерін белгілейді. Конституциялық құқық барлық құқық салаларының бастамасы, басы болғандықтан, оның қаржылық құқық нормаларымен байланысы əбден заңды. Жоғарыда атап өткендей, конституциялық құқық мемлекеттің қаржылық қызметінің негізін белгілейді. Оған мысал ретінде Қазақстан Республикасының Конституциясында əр азаматпен төленуге міндетті болып табылатын салықтардың, өзге міндетті төлемдердің жəне ҚР Парламенті мен Үкіметінің мемлекеттік қаржылық қызметіне байланысты өкілеттіліктерінің белгіленуі болады. Яғни, ата заңда белгіленгендей, ҚР Парламенті республикалық бюджетті талқылайды, белгілейді. Сонымен қатар, қаржылық қатынастарды реттеуге арналған нормативті құқықты актілерді қабылдайды. Қаржылық құқықтың азаматтық құқық нормаларымен байланысы ақша-қаражат қатынастарымен түсіндіріледі. Біз білетініміздей, азаматтық құқық пəніне заттық құқықтық қатынастармен қатар, ақша-қаражатқа байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар кіреді. Айта кететін тағы бір жəйт, азаматтық шарт мəселесі. Мемлекеттің қаржылық қызметін жүзеге асыратын органдар өз қызметі барысында заңды тұлға ретінде қарым-қатынасқа түседі. Бұл қатынастар ақша-қаражаттарға байланысты болғанымен, қаржылық құқық пəніне жатпайды деуге болмайды. |