Главная страница

құқық негіздері УМК. Высший инновационный колледж международных отношений


Скачать 1.68 Mb.
НазваниеВысший инновационный колледж международных отношений
Дата21.06.2022
Размер1.68 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлақұқық негіздері УМК.docx
ТипДокументы
#608877
страница175 из 190
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   190

Қаржылық құқықтың қайнар көздері


Мемлекет жəне құқық ілімі əдебиеттерінде құқық қайнар көзі ұғымына материалды, заңи жəне өзге де тұрғыдан анықтамалар берілген. Заңи тұрғыдан қарастырғанда, құқық қайнар көзі дегеніміз нормативті сипат берілген мемлекеттің өз еркін білдіру нысаны. Егер қаржылық құқықтың қайнар көзіне келетін болсақ, оған қаржылық құқық нормалары барлық Қазақстан Республикасының нормативті құқықтық актілері жатады.

Қазақстан Республикасының нормативті құқықтық актілері туралы заңы бойынша, нормативті құқықтық актілер негізгі жəне туынды актілерге жіктеледі. Егер негізгі нормативті құқықтық актілерге Конституция, конституциялық заңдар, кодекс, заңдар, Конституциялық заң күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы, заң күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы, Қазақстан Республикасы Парламентінің нормативті қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативті қаулысы, Конституциялық кеңестің нормативті қаулысы, жəне өзге де актілер жатса, туынды нормативті құқықтық актілерге регламент, ереже, тəртіп, нұсқау жатады.

Қаржылық құқық нормалары көрініс тапған Қазақстан Республикасының ең негізгі қайнар көзі Қазақстан Республикасының Конституциясы. Қазақстан Республикасының Конституциясында мемлекетің басқару нысаны мен мемлекеттік құрылысымен қатар, мемлекеттің қаржылық қызметінің құқықтық негізі белгіленген. Егер ата заңымыздың «Адам жəне азамат» бөлімінің 35 бабына жүгінетін болсақ,

онда əр адамның салық, алым жəне өзге де міндетті төлемдерді төлеу борышы туралы айтылған. Қазақстан Республикасының Конституциясында, мемлекетіміздің басты заңы ретінде, қаржылық- салықтық нормалармен қоса өзге де маңызды бағыттар белгіленге.

Қазақстан Республикасының Конституциясымен қатар, қаржылық құқықтың негізгі қайнар көзі ретінде ҚР бюджеттік кодексін қарастыруға болады. ҚР Бюджеттік кодексі мемлекеттік бюджетаралық қатынастарды, бюджеттік қатынастар субъектілерінің арасында пайда болатын құқықтар мен міндеттерді реттеп, бюджет жүйесінің жұмыс істеуінің, бюджет қаражатының құралуы мен пайдаланылуының, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру мен пайдаланудың негізгі ережелерін, принциптерін жəне тетіктерін белгілейді.

Егер бұл заңнамамен мемлекеттің міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру үшін, қаржылық қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қорлары реттелсе, ҚР Салық жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы кодексі, салықты жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу, енгізу жəне есептеу мен төлеу тəртібі жөніндегі билік қатынастарын, сондай-ақ мемлекет пен салық төлеуші арасындағы салық міндеттемеcін орындауға байланысты жəне өзге де қатынастарды реттейді.

Қаржылық құқық нормалары көрініс тапқан «Ұлттық банк туралы»,

«Сақтандыру қызметі туралы», «Валюталық реттеу туралы» ҚР-ның Заңдарының мелекеттік қаржылық қызметті жүзеге асыруда үлкен маңызы бар. Валюталық реттеу мен валюталық қадағалау туралы ҚР заңында мемлекетімізде валюталық құндылықтарға байланысты жүзеге асырылатын операциялардан туындайтын қоғамдық қатынастарды реттеп, валюталық реттеу мен валюталық бақылаудың мақсаттарын, мiндеттерi мен тəртiбiн, ұлттық жəне шетел валюталарының əкелу-əкету тəртібін айқындайды.

«Ұлттық банк туралы» ҚР заңында Қазақстанның Ұлттық Банкінің мəртебесін, қызметі мен міндеттері, құрылымы мен органдары белгіленген. Сонымен қатар, мемлекеттің ақша-кредит саясатын əзірлеуді жəне жүргізуді, төлем жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуді, валюталық реттеуді жəне бақылауды, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды жəне қадағалауды, мемлекеттік статистиканы жүргізуді реттейді.

Қаржылық құқықтық қатынастарды реттеуде ҚР Үкіметінің қаулылары жəне мемлекеттің қаржылық қызметін жүзеге асыруда септігін тигізетін өзге де органдардың нормативті құқықтық актілері қолданылады.
    1. 1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   190


написать администратору сайта