құқық негіздері УМК. Высший инновационный колледж международных отношений
Скачать 1.68 Mb.
|
бұл тірі, заттай түрдегі еңбекті іске асыру, соның барысыныда тірі еңбек оның бағасын арттырады, жұмсауына қарағанда». Ал, Массе П. пікірі бойынша капиталды салуға байланысты одан да жалпы анықтама берсек, ол былай болады: «Инвестициялық - ол əрекет, бірінші, тұтылуға қажеттерді, келешекте мүмкін болатын қажеттерге алмастыу, инвестициялық салымдар салу арқылы». Осыған ұқсас анықтаманы В.Д. Миловидов береді: «Инвестициялар – бұл бос ақша қаражаттарын əр түрлі нысандағы қаржылық жəне материалдық байлықтарға немесе активтерге салу». Инвестиция ұғымының құқықтық жағдайын нақты анықтау оны басқа салымдардан ажыратуға мүмкіндік береді, инвестициялаудың ерекше құқықтық режимін ескере отырып, инвестициялық заңмен берілген. Ал, егер жеңілдіктер берімен болса, инвесторға соған сай экономикалық жеңілдіктерді талап ету құқығын береді. Ал, «ҚР –ының шет ел инвестициялар туралы» 27 желтоқсан 1994 жылғы Заңында инвестицияларға келесі анықтама берілген: «Инвестициялар – бұл мүліктік байлықтардың жəне оларға құқықтардың барлық түрі, сонымен қатар интеллектуалдық меншікке құқық объектілеріне салынатын пайда табу мақсатында». Біздің көзқарасымыз бойынша, бұл анықтаманың кейбір қайшылықтары бар, ҚР 28 ақпан 1997 жылғы заңында берілген «Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы» заңда тікелей инвестициялар барлық салымдардың түрі деп берілген, инвесторлармен жүзеге асырылатыны, негізгі қаражаттарға (негізгі капиталға) Қазақстандық заңы тұлғаға, кейбір инвестициялардан басқа ҚР мемлекеттік кепілдіктерімен байланысты жəне ресми техникалық көмек пен гранттар қатарына кірмейтін ҚР-мен берілетін. Мұндағы сөйлемдерде заңдардың инвестиция түсінігіне əр түрлі көзқарас бар екені белгілі. Салым дегеніміз – мүмкін болатын белгілі бір əрекет, акт, мұның өзі шет ел инвестициялар заңының мазмұнына қайшы келеді. Онда инвестициясы инвестициялық байлықтар деп түсінеді. Сонымен, егер «инвестиция» анықтамасына бір түсінік берілсе, «тікелей инвестицияға» да анықтама мазмұны сол анықтамадан шығу керек. Мұнда, яғни тікелей инвестицияны былай анықтасақ дəлірек болар еді: …барлық мүлікті байлықтардың жəне оған құқықтардың түрі сонымен қатар интеллектуалдық меншікке байланысты құқық негізі капиталға салынатын Қазақстандық заңы тұлғаның, заң шығарушыға біздің ойымызша, ең алдымен инвестиция мен инвестициялық қызмет анықтамасын анықтау қажет. Егер экономикалық теорияда инвестиция ұғымын инвестицияланатын байлық та, сонымен қатар сол байлықты іс əрекет деп елі түрлі мағынада түсінуге жол берілсе, құқықта оған жол берілмейді. Біздің ойымызша, егер инвестицияны мүліктегі байлықтар жəне оған құқық, сонымен қатар интеллектуалдық мүлікке құқық деп түсінсек, онда инвестициялық қызмет деп – сол капиталды салуға байланысты акт, əрекет деп түсінгеніміз жөн ғой. Ал, егер инвестициялы салымдардың түрлері деп алсақ, онда капиталды басқа терминмен атаған жөн, мысалы, инвестициялық қаражаттары инвестициялық ресурстар жəне т.б. Осы заңда анықтама берілген экономикалық басты тікелй инвестицияларға. Мұнда инвестициялық қызмет кəсіпкерлік сияқты, инвестицияны жүзеге асырумен байланысты. Бұл анықтама біздің ойымызша, инвестициялық қызмет мағынасын ешбір ашып тұрған жоқ. Барлығына əйгілі, меншік құқығының қоғамда негізгі функцияны атқарады: оның формалары, біріншіден белгілі-бір мүліктің мына ие басқа адамға тиесілігін анықтау, екіншіден меншік иесінің мүлікті иелену пайдалану жəне билік ету құқығын анықтайды, үшіншіден меншік иесінің құқығы мен мүддесін қорғауға байланысты құқықтық жағынан анықтайды. Мүліктің меншік құқығының осындай белгілерін негізге ала отырып, көптеген мамандар инвестицияны меншікпен теңдей санайды, мағынасы жағынан, мысалға Г.Шварценбергер пікірі бойынша «инвестициялар» мен «меншік» терминдерін синоним ретінде қарастыру жəне соның меншігіне меншік иесі – инвестор құқығы мен мүддесін қосу. Сонымен дейді А.Г. Богатырев оның ойын жалғастырып, инвестицияларды инвестициялық процесі құқықтық мағынасы мен түпкілікті негізгі құқықтың нормаларды орнату (шарттар мен кепілдіктер), инвестициялық қатынастардың субъектілерінің, яғни меншік иелерінің қатыстылығын анықтау т.б. Осыдан мынадай сұрақ туындайды: егер меншік иесі мен инвестор мағынасы теңдей болса, онда жаңа құқық нормалар жүйесін құру қажетіне ие, меншік құықығы нормаларын қайталайтын болса? Мұнда меншік құқығы мен меншік иесі қатынасынан тыс толық инвестициялық қатынасты орнату мүмкін еместігін еске ала отырып, инвестиция мен инвестор анықтамасы анықтауды қағиданың мағынасы жоқ екендігін ескеру қажет. Мұның себебі, инвестор мен оның салған инвестициясы көпшілік жағдайда заттың қатынаста емес, міндеттемені құқықпен реттеледі. ҚР азаматтық кодексіндегідей, қазіргі іске асырылып отырған (36 б. сай ҚР АК) айтылған, заңи тұлғаларда инвесторлар міндеттемелі құқығын сақтайды, оларға акционерлік қоғамдар, шаруашылық серіктестіктер мен кəсіпкерліктер жатады. Мұннан шығатын тұжырым, егер меншік иесі мен инвестор мағынасын теңдй санасақ құқықтың жағдайы жағынан алда өз мүлкін өзінің құрған заңды тұлғасына бергеннен бастап, қатысушы өзінің инвестор статусынан айырылады. Сонымен қатар меншік пен инвестициялар ұйымдарының арасындағы айырмашылық шегі «жойылады», яғни нақты, толық анықталған болмайды, жəне инвестор мен заңи тұлға аарсында өзінің қаражаттарын салған. Сондықтан инвесторларды сақтандыру үшін заттың құқықты зона дамыту қажет емес, сонымен қатар міндеттемелік құқықты да. Бұл əсіресе актуалды болады, егер осы екі институт арасында қайшылықтар болса, заңи тұлғаны құрушы инвестор мүддесі мен сол заңи тұлғаның меншік иесі негізінде қақтығыстар болады. Мұндай жағдайларды айтылған теориялық жұмыстарында біздің ғалымдардың, заттың құқық пен міндеттемелік құқықтарының арасында конкуренция болып қалса, ең алдымен заттық құқық жүзеге асырылуы қажет. ҚР инвестициялық құқығын дамыту процесіне көз жүгіртсек, инвестор тек қана мемлекет бола алған кезде, «инвестиция» ұғымы өте тар болған жəне бұл қатынастар көбінесе қаржылық құқығымен реттелген, ал шаруашылық субъектілері арасында болған қатынас жəне ондағы объект ақша қаражаттары болғанда, азаматтық құқықпен реттелген. Бірақ, нарықтық қатынас дамыған сайын, сапалық өзгерістер мүліктік қатынастарда да болды, сонымен қатар тұлғалар арасында да, «инвестиция» ұғымы да өзгерді. Соған сай инвестициялық қатынастар да өзгерді инвестициялық заңмен реттелуге жататын оның пəні болып табылатын. Осыған сай, біздің көзқарсымыз бойынша инвестициялық құқық теориялық аспектіден зерттеу қажет. Ең алдымен, бірақ инвестициялар мен инвестициялық қызмет анықтамаларының құқықтық критерий қарастыру қажет. Заңи қызметте сонымен қатар Қазақстанда да инвестициялардың ең бір негізгі белгісі – инвестициялаудың мақсаты – пайда табу болып табылады. Бір пікір орын алады: халықаралық конвенцияларды «инвестиция» ұғымына əдейі анықтама берілмеген, ұлттық заң шығарушыға өз еркі бойынша сол қатынастар шеңберін анықтауға шек қоймау үшін. Сондықтан бір топ ғалымдар М. К. Сулейменов басышылығымен мынадай тұжырымға келді, инвестицияның бірден-бір арылмас, соған тəн белгісі – пайда табу мақсаты, құқықтық ғылымда берілген. Жоғарыдағыдан шығатын тұжырым пайда табу мақсаты белгілі, тек қана инвестицияны жүзеге асырумен байланысты кəсіпкерлік қызмет процесі б.т. осыған орай шет ел инвестициялары анықтамасы қосымша белгілерді қажет етеді. Барлығына əйгілі, мемлекет кəсіпкерлігі қызметпен айналыспайды, сондықтан оның негізгі мақсаты инвестициялауда, экономикалық, əлеуметтік, экологиялық т.б. эффект алу, сонымен экономикалық, əлеуметтік, экологиялық т.б. функцияларды жүзеге асыру. Ол пайдалы проектілерге салымдар салғанның өзінде де, тек қана мемлекеттік кəсіпорындар арқылы жүзеге асырылады, ал ол кəсіпорындар кəсіпкерлік қызметтің жеке өзбасы субъектілері болып табылады. Ал, сол кəсіпорынға қарағанда мемлекет инвестор болып қала береді. Сонымен инвестормен кəсіпкер аарсында функциялары беріледі, бұл жерже инвестициялық - кəсіпкерлік қызметті материалдық қамтамасыз ету б.т. Осыған сүйене отырып, инвестицияларды коммерциялық инвестициялар (кəсіпкерлік қызмет объектілеріне салынатын) жəне коммерциялық емес (əлеуметтік, экономикалық т.б.) деп бөлсек болады. Бұл ерекшелендіру, оларға əр түрлі құқықтық режим орнатуға мүмкіндік береді. Өйткені жеке тұлға да коммерциялық емес жобаларға инвестициялық салымдар сала алады. Сонымен қатар, пайдасыз нысандағы инвестицияларға коммерциялық емес жеке ұйымдарды құруды жатқызуға болады, білім беру, денсаулық сақтау қызметін көрсететін (мысалға: жоғарғы оқу орындары, медициналық орталықтар жəне т.б.). Барлығына əлгідегідей коммерциялық емес мақсаттағы қызметтер (мемлекет секторынан басқа), нарық экономикасы дамыған елдерде аса дамыған. Коммерциялық емес мақсаттағы ұйымдар, əр түрлі қйрымдылық қорлары, мамандандырылған бірлестіктер жеке бастамашылықты қоғамға пайдалы қызметпен байланыстыруға мүмкіндік береді. Мұндай дамудың себебі жеке дана кеден жеңілдіктері себебімен ғана емес, осы қоғамдық қажеттерді өтеуге бастамашылық жасағандарға берілетін жеңілдік беруде, мемлекет ерекшелендіреді əр түрлі салсына байланыста, бірақ мұндағы ең негізгі критерий, жасалынатын қызметтің қоғамға пайдалылық деңгейі. Жоғарыдан көргеніміздей инвестициялық шығындар тең коммерциялық мақсатқа ғана жұмсалмайды. Сондықтан біздің пікірімізше инвестицияларды заң шығарушы анықтағанда олардың экономикалық жағынан анықтама беруі қажет-шығындар сияқты адам мен қоғам өмірін материалдық жəне діни қажеттерін қамтамасыз етуге арналған, яғни инвестициялар ең алдымен өндіруге бағытталған болып табылады. Бұл инвестициялық қызмет пен кəсіпкерлік қызметті ерекшелендіруге, яғни айыруға негіз болады. Өйткені, шынында да инвестициялық мақсаты, мысалы кəсіпорынға ол қайта құру, жаңарту, реконструкциялау негізгі фондтардан болып табылады. Ал, жеке инвесторға келсек, оның басты мақсаты, пайданы бөлуге қатысу, коммерциялық жобадан түсетін, яғни пайда табу – негізгі мақсаты. Сондықтан инвестицияларды олардың жұмсалу мақсаты мен айналу аясына қарай бөлу қажет: Инвестициялар материалдық активтерге салынған. Ол салымдар ғимараттарға құрылыстарға, кез-келген автокөлік түріне жəне құралдарға бір жыл жұмыс істеуге арналған жəне материалдық салымдарға салу б.т. Инвестициялар материалдық емес активтерге салынған. Салымдарды, патенттерді, лицензияларды, ғылыми-техникалық жаңартуларды істеуге арттыруға, қоршаған ортаны ұлттық денсаулығын жақсартуға, тағы басқа салу болып табылады. Жоғарыда айтылғандардан шығатын тұжырымға келсек, мұнда капиталды салымдар түсінігін алмастыру қажеттілігін тек нарықтық экономикаға көшу ғана емес əсер еткен, жобалық экономикаға тиесілі, инвестиция ұғымы, сонымен қатар бағалы қағаздарға салу мен қаржылық активтер, сонымен қатар ғылыми-техникалық даму өндірістік күшінің, жоғары индустриялы жүйені құру жалпы цивилизациялық даму жағдайында, жалпы қоғамға, ұлт үшін қажетті мақсаттық ролінң артуы, ғылыми-техникалық жəне əлеуметтік аясын тануды қажет етті, материалдық байлықтар мен қоғам үшін, мемлекет үшін қажетті болып табылатын аяларды тану мен оларға салымдар салу. Осымен инвестиция деп – инвестициялық ресурстарды түсінеміз, материалдық жəне материалдық емес байлықтарға салынатын, тікелей де, жанама да, қаржылық құралдар арқылы, инновациялық жəне əлеуметтік аяларға салу, экономикалық əлеуметтік, экологиялық тағы басқа [30]. Келтірілген анықтамалар нарықтық жəне жоспарлық жүйелерде инвестицияның мəнін түсінудегі айырмашылықты көрсетеді. Ресурстардың бөлінуі əкімшілік жүйесі жағдайында меншіктің бір түрімен жүзеге асады, ал инвестицияландыруды қаржылық жəне басқа түрлері бар екені бəрімізге мəлім. Жоспарлық экономика жағдайында инвестициялар ағымдағы шығындардан тек бір уақыттық сипатымен ғана айрықшаланатын залал түрінде көрінеді. Экономика ғылымы мен тəжірибесі капиталдық салынымдар инвестицияның синонимі емес екенін, берілген терминдер ұқсас емес екенін дəлелдеп отыр. Капиталдық салынымға қарағанда инвестиция түсінігі əлдеқайда кең. Қазақстан Республикасының “Инвестиция туралы” заңына сəйкес, Инвестициялар – лизинг шартынжасаған кезден бастап қаржы лизингі заттарын, сондай-ақ оларға құқықтарды қоса алғанда, заңды тұлғаның жарғылық капиталына инвестор салатын мүліктің барлық түрлері (жеке тұтынуға арналған тауарлардан басқа) немесе кəсіпкерлік қызмет үшін пайдаланылатын тіркелген активтерді ұлғайту, сондай – ақ концессионердің (құқық мирасқорының) концессия шарты шеңберінде жасаған жəне алған тіркелген активтері. Инвестиция – бұл ақшаны, оның сақталуына немесе құнының артуына жəне табыстың оң шамасын қамтамасыз етуге үміт арта отырып, орналастыруға болатын кез келген құрал. Бос ақша құралдары инвестиция болып табылмайды, себебі қолма – қол ақшаның құнын инфляция жеп қоюы мүмкін жəне ол ешқандай да табыс əкелмейді. Капиталды орналастырудың түрлі факторлармен айрықшаланатын əр түрлі нысандары бар: құнды қағаздар мен жылжымайтын мүлікке; қарыздық міндеттемелерге; опциондар мен акцияларға; шағын немесе үлкен тəуекелмен; қысқа немесе ұзақ мерзімге; тікелей жəне жанама. Инвестицияларды мүліктің кез келген түрі деп түсінуге сүйене отырып, инвестициялар ретінде қарастырылуы үшін, ол құндылықтар иеленуге тиіс белгілерді тұжырымдап алған жөн. Инвестициялардың негізгі жəне айқындаушы белгісі – олардың жеке тұтынуға емес, метериалдық немесе рухани игіліктер құруға бағытталуы болып табылады. Бұл белгі кəсіпкерлік нысандарына немесе қызметтің басқа түрлеріне салынатын инвестициялардың мақсатты жұмсалуынан көрінеді. Мысалы, егер берілетін тауар құрал – жабдық немесе инвестициялық қызметті жүзеге асыруға байланысты басқадай қажеттіліктерге арналған материалдар болмаса, шетелдік тауар кредиттері инвестициялар санатынан шығарылуға тиіс; бұл жағдай ресми техникалық қызмет немесе біздің елімізге берілетін гранттар шегінде келіп түсетін қаражаттарға да қатысты. Келесі белгілер инвестициялардың кəсіпкерлік маңызын ашады – олар, негізінен, пайда (табыс) табу мақсатында салынады жəне оларды инвестор өз атынан жəне өзі тəуекелге бара отырып жүзеге асырады. Бұл жерде инвестициялық қызмет, кəсіпкерлік қызмет сияқты, дербестігімен,яғни өз бетінше əрекет ететіндігімен жəне бастамашылығымен сипатталатынын айрықша атап өту қажет, бірақ қызметтің бұл түрлері бір – бірімен сəйкесуі де, сəйкеспеуі де мүмкін; тиісінше инвестордың кəсіпкер мəртебесін иеленуі де, иеленбеуі де мүмкін. Ендігі жерде, инвестициялардың ерекше белгісі – дəстүрлі жіне үйреншікті түсінігінде қысқа мерзімге арналатыны да болғанмен, біржолғы сипатта еместігі мағынасында олардың ұзақ мерзімді болатыны. Уақыттың белгілі бір ұзақтығы инвестицияларды басқадай қаржы құралдарынан ажыратуға болады. Инвестициялардың əр түрлі түрлерінің ерекшеліктерін анықтаудың жəне оларды жіктеудің үлкен теориялық жəне практикалық маңызы бар, өйткені олар инвестициялық қатынастарды реттеуге жəне инвестициялық заңдарды ары қарай жетілдіруге себеп болады. Инвестицияларды бөлудің əртүрлі негіздері бар. Солардың ең кең тарағанына тоқталатын болсақ, олар төмендегідей: инвестициялардың түрлері; ақша құралдарын салу объектілері; инвестицияландыруға қатысу сипаты; инвестицияландыру кезеңі; меншік түрлері; инвестордың қатысу түрлері; тəуекел дəрежесі; ұдайы өндіріс түрлері; субъектілік белгісі бойынша. 1.Инвестициялардың түрлерін былайша топтаймыз: |