құқық негіздері УМК. Высший инновационный колледж международных отношений
Скачать 1.68 Mb.
|
жылжыйтын жəне жылжымайтын заттар түріндегі меншік, сондай- ақ ипотекалық құқық жəне кепіл құқығы секілді басқа да мүліктік құқықтар; үлестік қатысуға құқық жəне компанияға басқа да нысандарда қатысу; экономикалық құндылықтарға ие, экономикалық құндылықтарды қалыптастыру үшін пайдаланылған ақша қорлары бойынша талап ету құқықтары; авторлық құқық, патенттер, пайдалы үлгілер, өндірістік үлгілер мен кескіндер, тауар белгілері, фирмалық атаулар, өндірістік жəне коммер-циялық құпиялар, «ноу-хау» жəне «гудвилл» секілді интелектуалдық меншік құқықтары; концессиялар, сондай-ақ табиғи ресурстарды барлауға жəне өндіруге концессия; Шетел капиталы ұлттық экономикаға екі түрлі нысанда кіретіндігі белгілі: кəсіпкерлік жəне ссудалық. Ал өз кезегінде кəсіпкерлік капитал тікелей жəне портфельдік инвестициялар болып жіктеледі. Капитал экспорттаушы елдердің мемлекеттік статистикалық ведомстволары инвестицияны тікелей деп есептейді, егер олар номиналды капиталдың 25%-інен асатын болса. Мысалы, бұл Германияда формальді түрде танылған. Неміс капиталының жоғары ұйымдасқанына қарамастан, Германияда тіркелген қоғамның акционерлік капиталы шет елдік инвесторға тиесілі болса, ол шетел бақылауында деп ресми танылады. Мұндай сандық критерий Герман Федеративтік Республикасындағы тікелей шет ел инвестициясын бағалауда да қолданылады. Сондай-ақ тікелей жəне портфельді инвестициялардың ара-жігін ажыратуда, олардың шығу еліне жəне орналасуына байланысты қоғамдық пікірде жəне баспасөзде екі түрлі стандарт қалыптасқанын атап өту қажет. Мысалы, ГФР-сында пайдалы қазбалар өндіруші жəне шикізат экспорттаушы, Германиядан тасымал-данатын бөлшектер мен тетіктерден дайын өнім жинаушы, қызметтер көрсетуші, оларды тасымалдаушы жəне өткізуші дамушы елдердегі фирмалар, егер олардың капиталының кем дегенде 25%-і (кейде 15%-н төмен) неміс капиатлына тиесілі болса, бұл фирмалар герман экономикасына органикалық түрде енген болып танылады. Сондықтан, Австриядағы, Шығыс Франциядағы, елдеріндегі көптеген фирмаларға герман капиталы бақылаушы пакетіне ие болмай-ақ қатысушы болғанына қарамастан олар Герман экономикасына "Органикалық түрде енген" деп есептелінеді. Ж. Шапира экономикалық критерийлер бойынша тікелей жəне портфельдік инвестициялар арасында айырмашылық жоқ, бірақ құқықтық тұрғыда олардың айырмашылығын көрсету тек теориялық түрде ғана мүмкін деп есептейді. "Алғашқысы кəсіпорынға бақылау жүргізуге мүмкіндік беріп қана қоймай, сондай-ақ оны басқаруға нақтылы қатысуға мүмкіндік те береді", яғни тікелей инвестиция кəсіпорынның стратегиясына тікелей əсерін тигізеді. Оның пікірінше портфельді инвестициялар тек бөлінетін пайданы алу үшін ғана жүзеге асырылады. Тікелей инвестиция - бұл капитал экспортерінің қабылдаушы мемлекет территориясында өнідірісті ұйымдастыруы, сондай-ақ бұл жұмыс күшін даярлау жəне оқыту, бəсекелес өнім түрінде жергілікті өндірушілерге қысым көрсету. Портфельдік инвестициялар — ірі корпорациялар мен банктердің бағалы қағаздарына шет ел капиталын тартудың қайнар көзі. Сонымен бірге, тікелей жəне портфельдік (тікелей емес) инвестицияның ара-жігін ашу, ең алдымен капитал салынатын компанияға "бақылау" проблемасына алып келеді. Теориялық тұрғыдан алғанда, фирмаға бақылау жүргізу үшін салым, яғни инвестиция кем дегенде 51%-ті құрау керек. Сондай- ақ, мұның себептері де жеткілікті. Ең алдымен шетелдік инвестордың қатысуы бар компанияның акционерлік немесе жарғылық капиталындағы акциялар бір тұлғаға ғана тиесілі болмайды, сондықтан бақылау құқығын алу үшін акционерлік немесе жарғылық капиталдағы 51%-тік үлеске ие болу қажет. Сонымен қатар, шетел инвесторы капиталға қатысумен қатар, өзі салым салуды жүзеге асырушы компаияға белгілі-бір қызмет түрін ұсынуы мүмкін: өз өткізу торабын, өзінің патенттерін, лицензияларын, ноу-хау, құрал-жабдықтар лизингін, кредиттік ресурстарға қол жеткізу мүмкіндігін, алдыңғы қатарлы техника мен құрал-жабдықтар жеткізуді, жеке техникалық жəне əкімшілік құрамын тартуды, кадрлар даярлауға көмектесуді жəне т.б. М.М. Богуславский тікелей инвестицияретінде өндірістік жəне өзге де кəсіпорындарды инвестициялауды, ал портфельдік инвестиция ретінде акцияларды, облигацияларды жəне өзге де бағалы қағаздарды түсіндіреді10. "Правовые регулирование внешноэкономической деятельности" деп аталатын оқу құралының авторлары өндірістік, материалдық жəне өзге де құндылықтар дайындауға салымдар салу үшін арналған кəсіпкерлік капиталды тікелей шетелдік инвестициялар деп есептейді. Қалыптасқан тəртіп бойынша мұндай инвестициялар шетелдегі кəсіпорынды меншікке алуды жəнеоған бақылау орнатуды көздейді. Осы айтылғандарды тұжырымдай келе, жалпы түрде алғанда тікелей инвестицияны капиталды негізгі қорларға тікелей салу ретінде анықтауға болады. Жоғарыда келтірілген əр қилы пікірлерді талдау негізінде тікелей жəне портфельді инвестицияның ара-жігін экономикалық белгілер бойынша ажыратуға болады: тікелей инвестиция экономикаға тікелей жəне ұзақ мерзімді əсер етеді. (құрылысқа жəне шаруашылық объектілер құруға үлестік қатысу, оларды толық немесе пайдалану мақсатында иелену); ал портфельдік инвестиция əдетте уақытша сипатқа ие: тікелей инвестицияның мақсаты капиталдан тек пайда алу ғана емес, сонымен қатар фирманың өндірістік ғылыми-техникалық, инвестициялық, қаржылық саясатын қалыптастыру жолымен пайда əкелу болса, портфельді инвестицияның мақсаты мүмкіндігінше банк процентінен жоғары тұрақты табыс алып отыру жəне көбінесе капитал салынған акция курсынан ұтуға тырысушылық; тікелей инвестиция портфельдік инвестицияға қарағанда экономикалық жоғары тиімділікке ие, өйткені ол бірте-бірте пайданы реинвестициялау есебінен жаңа капиталдар салуға алып келеді; тікелей инвестиция халықты жұмыспен көбірек қамтуды қамтамасыз етеді, портфельдікке қарағанда ішкі рыноктың ахуалына тікелей жəне елеулі əсер етеді; халықаралық еңбек бөлінісі жəне ұлттық бəсеке қабілеттілік портфельдікке қарағанда, тікелей инвестицияға байланысты көбірек өзгереді; тікелей инвестицияның портфельдіктен тағы бір айырмашлығы ол ұлттық меншік қатынасына елулі əсер етеді; тікелей инвестиция елдегі бəсеке жағдайына тікелей əсер етеді - оны күшейтеді немесе ішкі рынокта шетелдік компанияның монополиза-циялануына септігін тигізеді. Қорытындылай айтқанда, əдебиеттердің барлығында тікелей жəне портфельдік инвестициялардың ара-жігі нақтылы анықталмаған. Көптеген авторлардың пікірінше тікелей инвестицияға инвестиция салынып отырған объектіні басқаруға инвестордың тікелей қатысушылығы тəн. Тек тікелей инвестиция ғана шетелдерде жеке компания құрумен теңестіріледі. Портфельді инвестиция мұндай бақылау құқығын бермейді, өйткені ол аз көлемді акцияларға, облегацияларға иелік етуге ғана, бақылауға қатыспай табыс алуға бағытталған, сондықтан "портфельдік инвесторлар" əртүрлі бағалы қағаздар портфелін алуға тырысады. Демек, мұндай бөлу бақылау белгісі бойынша жүргізіледі. Яғни тікелей инвестиция - бұл кəсіпорынға бақылау жүргізу, портфельдік - мұндай бақылаудың болмауы. Дегенмен, құқықтық əдебиеттерде мүндай белгілердің нақтылы жоқ екендігін атап өту қажет. Сондықтан тікелей инвестицияны анықтауда бақылау түсінігін толық анықтау өте күрделі мəселе болып табылады. Ол үшін шешім қабылдау кезінде дауысқа құдық беретін акцияға иелік етудің ең төменгі мөлшері қолданылады. Егер акционерлік меншік кең тараса, онда акцияның аз проценті де бақылау орнату үшін жеткілікті болуы мүмкін. Ал, кейде 100% -тік үлестік меншіктің өзі толық бақылауға кепіл бола алмайтынын атап өту қажет. Инвестициялық қатынастар инвестициялық процесс барысында нарықтық экономиканың шартына байланысты қаражат иелерінің арасындағы қатынас. Инвестициялаудың шарты- құқықтық тұрғыдан инвестициялық процесте меншік иелерінің жəне меншіктің формасы мен түрлерінің, инвестициялық қатынастың ұлттық субъектісі жəне шетелдік субъектілерінің арасында өзара құқықтық алғышарттарды қалыптастыру. Сондықтан инвестициялық қатынастарды құқықтық реттеу ұлттық құқықтық реттеуді жəне халықаралық құқықтық реттеуді қамтиды. Инвестициялық құқық инвестициялық қатынастарды меншік қатынастары сияқты халықаралық жəне ұлттық құқықта реттеледі. Инвестициялаудың шарттары, кепілдіктері мемлекеттік билікпен немесе ұлттық құқықта немесе халықаралық құқықта екі жақты немесе көпжақты тəртіпте анықтауға болады . Жеке құқықтық реттеу инвестициялық қатынастың субъектілерінің ұйымдастырушы - құқықтық формаларын анықтаудан тұрады. Жария құқықтық реттеуде инвестициялық қатынастың субъектісі құқықтық кепілдіктерімен, қорғаумен қамтамасыз ететін мемлекет билігінің қарамағында болады. Жеке құқықтық реттеуде инвестициялық барысында тең мəртебеге ие субъектілер арасындағы қатынас “тікелей” бақыланады. Инвестициялық қатынастарды құқықтық реттеу екі бөлімнен тұрады: Ұлттық-құқықтық. (Жария жəне жеке құқықтық) Халықаралық-құқықтық. (Жария жəне жеке құқықтық) Инвестициялық саясатты жүзеге асыру жəне инвестициялық процесті ынталандырудың құқықтық реттеу мəні: Еңбек нарығында қалыпты бəсеке жағдайын, инвесторлардың кепілдіктері мен қалыпты жағдайын қалыптастыруды айтамыз. Инвестициялаудың ұйымдастырушы - құқықтық формасын бекіту. Субъектілердің құқықтық мəртебесін жəне біріккен немесе аралас кəсіпорындардың, шетел кəсіпорындарының инвестициялауын анықтауы. Инвестициялық қатынастар еліміздің экономикасын дамытудың қоғамға маңызды жəне қажетті болып табылады. Сондықтан қоғам мүддесіне қол жеткізуге жария құқықтың нормасымен реттелуі қажет. Құқықтық қатынастардың басқарушылық-бағыныштылық сипатта болуы- вертикалдық қатынастар. Меншік жəне инвестициялық қызмет туралы заң нормалары жария- құқықтық императивтік сипатта болады. Сол мезгілде инвестициялық қатынастар нарықтық экономика саласында жеке жəне нақты меншік иелерімен қатынаста бірдей жəне кепілді жағдайына жататын мүдделерді реализациялауды көрсетеді. Демек, горизонталдық қатынасқа мемлекеттің жүріс-тұрыс ережелерінде белгіленген автомиялық ерікі сипатталады. Яғни мемлекет жəне билік инвестициялық процестің қатысушыларының жалпыға міндетті нормаларының кіріспесінен кейін қызметтің құқықтық жəне кепілді жағдайларды шектеу немесе дамыту үшін қоғамға маңызды, қажетті инвестициялық қатынастары ұйымдастырылады. Диоганалдық құқықтық қатынастар-мəртебесіне байланысты əртүрлі субъектілер арасындағы қатынас. Құқық теориясында жақында мəртебесі бірдей деңгейдегі субъектілердің арасындағы дұрыс қатынас- вертикалдық жəне горизонталдық қатынас деп танылды. Диагоналды қатынас мына қатынастарға қарағанда аномалдық немесе төтенше болып саналады. Инвестиция дегеніміздің өзі-жеке немесе мемлекеттік ұлттық инвестициялар немесе шетелдік капиталды экономиканың əртүрлі салаларына пайда табу мақсатында салу. Мақсаты инвестициялаудың болашақтағы еліміздің мұқтаждықтарын қаржыландыру үшін пайдалану [16]. Инвестициялардың қатарына: Мүліктік қазыналар жəне оларға құқықтар. Кəсіптік қызмет объектілеріне салынатын интелектуалдық меншік құқының барлық түрлері. Инвестициялауға байланысты қызметте бірлескен жəне шетелдік кəсіпорындарды, сондай-ақ шетелдік заңды тұлғалар филиалдарын құру, бақылау олардың жұмыс істеуін, таратылуы туралы шарт жасасу мен орындауды интелектуалдық меншік құқымен қоса алғанда алуан түрлі мүлікті сатып, сатып алуды пайдалану жəне оларға билік етуді бағалы қағаздар шығаруды, заңда тиым салынбаған инвестицияға байланысты қызметтер жатады. Экономикалық қатынастар, сондай-ақ инвестициялық қатынастар аралас шарт негізінде нарықтық экономикадағы меншік түрлері мен формаларының ұқсастығы. Жария құқықтық реттеу- билік қатынастары немесе заң шығарушы, атқарушы жəне сот билігі қоғамдағы қажетті қатынастарды реттеп, дамытуға бағытталады. Жеке құқықтық реттеу- нарықтық экономикада субъектілері мен инвесторларына өз есебінен жəне инвестициялық меншік қаражаты есебінен, яғни өз жауапкершілігімен жəне тəуекелімен жəне инвестордың сайлау бостандығын болжайды. Демек, жеке- құқықтық реттеу билік қатынастарын жүзеге асырмайды, керісінше тең əріптестердің экономикалық жəне рухани мүдделеріне жетуіне бағытталады. Бұл реттеудің түрі біздің ойымызша экономикалық құқықтық қатынастарға ие болуы керек. Осы қатынастардан “Тиым салынбаған нəрсенің бəріне рұқсат” деген принцип шығады. Жеке- құқықтық реттеудің мазмұнына сəйкес. Жеке құқықтық реттеу, жария құқықтық реттеудің əдістерінің ұқсастығы инвестициялық құқықтың əдісі ретінде нарықтық экономикадағы қалыпты инвестициялық процесс жеке жəне мемлекет меншігімен . Инвестициялық процесс нарықтық экономика саласындағы қатынастарды реттеу үшін барлық уақытта саяси сипатта болады. Бірақ, құқықтық реттеу қатынастардың тұрақтылығында, қалыпты жағдай, кепілді қалыптастыруда жанама əрекет болып саналады. Нарықтық экономикадағы инвестициялық процестің өзін- өзі реттеумен салыстырғанда. Нарық бұл тікелей реттеуші болып табылады. Инвестициялық процесс- инвестицияның көлемі мен сапасына бағынады. Салықтар өз кезегінде- мемлекет пен қоғамның бюджетін қалыптастыруда негізгі шарт, сондықтан да бұл тəуелділік салықтар мен инвестиция арасында инвестициялық процесті белгілеу керек. Əдебиеттерде инвестицияның бірнеше түсініктері берілген. Соның біреуі: “Инвестиция- мүліктік жəне интеллектуалдық құндылықтардың барлық түрін айқындайды. Осыларды кəсіпкерліктің объектілеріне немесе өзге де қызметтен түсетін кіріс табатын əлеуметтік эффект деп түсіндіріледі”. “Инвестиция” термині “капитал салу” терминінен кең мағынада түсіндіріледі. Батыс əдебиеттерінде мына терминдер қолданылады: “іnvestments”, ”іnvestіonen”, ”іnvestіssement”, яғни инвестиция немесе капитал салу мағынада аударылады. Алдында айтылып кеткендей ”инвестицияны” экономикалық категория ретінде түсінсек, сонымен қатар ол юридикалық категория түсінігінде алғашқы қатыса алған жəне онда пайда табу белгісі құрамында болған. Құқықтық құжаттарда түсінік экономикалық түрінде жиі кездеседі, олардың құрамы экономикалық ғылымда белгіленеді. Мысалы Франциямен екі жақты келісім проектісін талқылау барысында ол ”инвестиция” терминін “авуар”, терминімен түсіндірсе, ол екі жақты келісім Испаниямен энергетикалық инвестиция партиясында ”инвестицияны” ”актив” термині деп қараған. Сондықтан біздің көзқарасымыз бойынша ”пайда табу” белгісі ”инвестиция” түсінігіне қарағанда имманентті болады. Ресей Федерациясының халықаралық- құқықтық əдебиеттерінде шетелдік инвестиция түсінігі құндылық ретінде пайда табу мақсатында салынатын, деп айтылған. Ол заңмен қорғалатын объектілер санын азайтуға əкеп соғу мүмкін. Сондықтан осы түсінікке мыналар кірмейді: үйлер, пəтерлер, жер учаскелері. Егер осы объектілерді қызмет ету аясынан шығарып инвестиция түсінігіне кіретін болса, онда ол ондағы уақытта құқықтық салдарға əкеп соғуы мүмкін. Бірақ осы жағдайда Н. Г. Семилютина былай дейді: шетелдік инвестор ретінде барлық республика территориясындағы шетелдік тұлғаларды, шетелдік инвестор ретінде қарауға тура келеді. Мұнда олар республика территориясында жеке мүліктері немесе өзге де мүліктері болған жағдайда ғана. “Пайда табу” мақсаты инвестицияның міндетті белгісі болып саналу керек, өткені ол халықаралық ұйымдардың беретін гуманитарлық көмектен бөлек түсінік бөлу керек. Қазақстан Республикасының 1994 жылғы, қазір күші жойылған “Шетелдік инвестиция” туралы заңында жəне кейбір екі жақты келісімде “инвестор” терминіне байланысты Қазақстанның заңы “инвестор” терминін “шетелдік заңды тұлға” ретінде түсіндіріледі. Яғни заңды тұлға ретінде компания, фирма, кəсіпорын, ассоциация жəне тағы басқалар, шетел заңдарына сəйкес құрылған болса, жəне Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде құрылса. Кейбір екі жақты келісімде мысалы: АҚШ- пен, Германиямен, Испаниямен, “компания” термині, корпорация, қоғам бірлестігі білдіретін екі жақтың нормаларына сəйкес заңды тұлға құқымен немесе онсыз бірге қызмет етуі. Қазақстанның заңдарында, соның ішінде “Инвестициялар туралы заңында” инвестор заңды тұлға ретінде белгіленеді. Бір мемлекеттің инвесторы өз мемлекеттің заңы бойынша заңды тұлға болып табылса, онда ол өз филиалдарын немесе өкілдіктерін аша алады. Ал егер заңды тұлға болып табылмайтын болса, əрине өз мемлекетінде онда ол бұндай құқықтарды иелене алмайды. Сонымен қатар ұлттық заң кəсіпорын жəне шетел инвестициясы арасында келісім шарт формасында құруды қарастырмайды. Заңда екі форма ғана көрсетілген: Біріккен кəсіпорын Шетел кəсіпорыны «Инвесто» терминіне байланысты тағы бір кедергі оның тұрғылықты жері мен меншігі. Кейбір келісімдерде, мысалы АҚШ- пен, Қытаймен, «компания», «кəсіпорын жəне компания» қатысушы- мемлекеттің заңдарына сəйкес құрылуы керек. Басқа келісімдерге сəйкес жоғарыда айтылып кеткен критерияға компания жəне бір оның тұрғылықты жері болу керек жəне ол сол мемлекетте болу керек. (мысалы: екі жақты келісім Германиямен, Турциямен). Ал кейбір келісімдерде (мысалы: Финляндиямен) инвестор- заңды тұлғаның тұрғылықты жері басқа үшінші мемлекет территориясында болу мүмкін. Екі жақты келісімге мінезделген “инвестордың” тағы бір мағынасы, яғни заңды тұлға немесе кəсіпорын жəне компания инвестицияны жүзеге асырып жатқан мемлекет территориясында өз заңдары бойынша капиталды импорттауға құқы бар. Екі жақты келісім өз мəнімен мазмұндалмай ғана оның құрамындағы маңызды яғни, кепілдік болуы да бар. Бұлкепілдікке қолайлы режим жағдайын туғызу кіреді. Осы қолайлы режим жағдайы мемлекеттер арасындағы ішкі сауда қатынастарын реттеу үшін қолданылған жəне солар арасында бекітілген. Қолайлы жағдай принципіне мыналар кіреді, яғни халықаралық шарттар құралы бойынша келісіп жатқан мемлекеттер арасында бір-біріне қолайлы жағдай туғызуға міндеттенеді. Оған келісімді ара-қатынас құқығы, жеңілдіктер кіреді. Қолайлы жағдай принципі дискриминациялау принципінің бастамашылығына ие. Мұнда мемлекеттердің тең құқықты жəне бір-біріне тəуелсіз принципін түсіну керек. Дискриминациялау принципінен қолайлы жағдай принципінің айырмашылығы, яғни екіншісі халықаралық құқында жалпы таныған принциптер арасына кірмейді. Сондықтан бұл келісімді норма болып табылады. Бір сөзбен айтқанда қолайлы жағдай режимі- мемлекеттер арасындағы экономикалық қатынас аясына қолайлы жағдайдан қолдануы болып табылады жəне құқықтық талап принципін қолдануы. Қолайлы жағдай режимінің принципінен ұлттық режим айырмашылығы мынада, шетел азаматтары, кəсіпорындар жəне тауарлар сол мемлекеттің меншікті азаматтардың құқықтарына теңестіріледі. Бұл принцип келісімді болады. Келісімді нормаларды жүзеге асыру үшін мемлекеттер арасында ұлттық режимді белгілеуге əкеліп соғады. Қазақстан Республикасымен жасалған инвестицияда келісетін жақтарға екі режимді ұсынады: Қолайлы жағдай режимі Ұлттық режим Əр инвестор қай режимді таңдауға құқы бар. Қайсысы оған қолайлы болса соны таңдайды. Инвестициямен байланысты қызмет түрін жүзеге асырған кезде, екі этапты бөліп шығару керек: Инвестицияны жүзеге асыруға кіргізу стадиясы; “Постинвестициялық”саты, инвестиция кіргізіліп ол жұмыс істеп жатқанда. Барлық екі жақты келісімдерде кейбір құқықтарды алып алуда қарастырылған. Оларға жеңілдіктер, салықты толық сату мүмкін немесе кеден төлемдерін толығымен ашу мүмкін жəне тағы басқалар. Инвестициялар туралы заңнан екі жақты келісімнің айырмашылығы екі жақты келісімге практикада режим талаптары кіргізілген. Ол «Абсолюттік стандарт режимі” деген атқа ие. Ол шетелдік инвестицияларға жалпы мінездеме береді, яғни «тең құқықты”, “справедливый” мағыналарын кіргізеді. "Инвестицияның" түсінігі бір-бірімен тығыз байланысты экономикалық жəне юридикалық қатынастардың кеңейген бөлігін қамтиды, бұл берілген құбылыстың табиғатына деген көзқарастардың келіспеушілігінің себебіне негіз болды, ол жерде инвестор ретіде тек бір ғана тұлға – мемлекет жəне "инвестиция" түсінігі тар болды. Ол негізінен капиталдың салымдар (салулар) мақсатындағы ақша қаражаттарды ғана қамтыған. Экономика əдебиеттерінде абайсызда емес көрсетілген, 1991 жылға дейін " инвестиция" түсінігі "капиталды салулар" терминмен ауыстырылатын, ол заказчиктердің (инвесторлардың) қызметін негізінен құрылыстық жұмыыстарды қаржыландыру үшін сипаттайды. Қазіргі уақытта меншік туралы қатынастардың сапалы өзгерістерімен реттелген нарықтық қатынасқа өтуде, инвесторлар ретінде шығатын тұлғалар шеңберіне жақындай "инвестиция" түсінігіөзгерді. Ол тек қана ақша қаражаты емес, сонгымен қатар мүліктік құқықтарды білдіреді. Соңғысына тек абстрактілі емес, сонымен қатар тек материалдық объектілер мен ған емес, сонымен қоса интеллектуалдық қызметтің материалдық емес міндеттемелік құқықтар жатты. Экономикалық əдебиеттердің анализінің көрсетуі бойынша, капиталдық салымдар термині, тəртіп бойынша, негізгі фондты құруға байланысты қаржылық шығындарды " инвестиция" терминімен кең түрде жəне "капиталсалулар" теримні арқылы анықтайды. "Инвестициялық" экономикалық категориясы юридикалық категорияға қатынасы бойынша бірінші болатындығын ескере, біздің көзқарасымыз бойынша, отандық заң белгілеуші "инвестиция" жəне "капиталсалулар" түсініктерін салыстыруда асығып қалды. Бізге белгілі болғандай, инвестициялар ІNVESTMENT ағылшыннан аударғанда инвестицияларды білдіреді, жалпы танылған терминология бойынша, бір уақытта əрекетті жəне сол əрекеттің нəтижесін, яғни процесс ретінде жəне инвестируемый игіліктері ретіндегі нəтижені білдіреді. Қазақ ССР- нің 1991 ж. 10 маусымның "Қазақ ССР-ғы "Инвестициялық қызмет туралы" қазіргі кезде заңы күшін жоғалтқан заңында, осы екі баяндаманы сипаттайтын, инвестицияға анықтама берілетін. Осы заңның 1-бабына сай, инвестициялар дегеніміз – ол барлық қаржылық жəне материалдық салымдар т.б сонымен қатар мүліктік құқық пен интеллектуалдық байлықтар, кəсіпкерлі объектілер мен тағы басқа қызметтерге салынатын пайда табу мақсатында əлеуметтік, экономикалық, экологиялық жəне ғылыми-техникалық юдодент алу үшін. Мұнда инвестиция ұғымына кіреді. Салымдар (əрекет, процесс) жəне мүліктік құқық жəне интеллктуалдық байлықтар (инвестициялық байлық). Бұл анықтама терминологиялық шатасуға əкелсе де, бірақ инвестиция ұғымын мынадай анықтама береді. «Инвестициялар |