құқық негіздері УМК. Высший инновационный колледж международных отношений
Скачать 1.68 Mb.
|
Бақылау сұрақтары:1.Сақтандыруісінетүсінікберіңіз.2.Сақтандыруқызметініңжүйесіқалайбөлінеді? 3.Сақтандыруқұқығыныңпəнінреттейтінқұқықтыққатынастар ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІИнвестицияның түсінігі жəне мəні Инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеудің қағидаларыИнвестицияның түсінігі жəне мəні Қазақстанның экономикасында қалыптасқан инвестициялық қатынастар шеңберін дұрыс анықтауда, инвестицияның түсінігін жəне инвестициялық қызметтің еркешеліктерінің мазмұның ашу үлкен маңызға ие. Бұл инвестициялық заңнаманың басқа құқық салаларымен нақты қатынасын белгілеуде, сондай-ақ тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдауда маңызды болып табылады. Инвестицияны қабылдаушы мемлекеттің экономикалық дамуына септігін тигізетін, контрактілік қатынастарға негізделген инвестицияның жаңа нысандарының пайда болуына байланысты, бүгінгі күнде инвестиция капиталға қатысуымен немесе бірлескен кəсіпорын құрумен ғана шек-телмейді. Оларға халықаралық көлемде технологиялар алмасу, ынтымақтас-тық туралы келісімдер, қызметтер көрсету жөніндегі контрактілер (өнімді бөлу туралы келісім), өндірістік объектілер құру жəне тағы да басқалар жатады. Айта кететін бір маңызды жəйт, капиталға жəне контрактілік қатынастарға қатысудың бір мезгілде қабысып жүруі (мысалы, басқару жөніндегі контракт), сондай-ақ халықаралық инвестиция түсінігі мен шетелдегі мүлік түсініктері арасында жаңылысушылықтар жиі кездеседі. Дегенмен, инвестицияларды қорғау жөніндегі халықаралық конвенциялар тек капиталдар инвестицияларын ғана емес, тасымалдау туралы контракті-лерді, басқа да мүліктік мүдделерді, инвестициялар жөніндегі контрактілерді, яғни шетелдегі мүліктер жиынтығын қорғауды қамтамасыз етуге бағытталғандығына ешкім дау айтпайды. «Инвестиция» сөзі ағылшын тілінен аударғанда капитал салу деген ұғымды білдірді. Ал өз кезегінде капитал салу көптеген нысандарда кездеседі: ірі банктердің қаржы ресурстары, өндірістік фирмалардың табыстары, жеке тұлғалардың жинақтары, кəсіпкерлік қабілеттіліктер мен ерекше тəжірибелер (ноу-хау) жəне т.б. 1991 жылға дейін кеңестік экономистер инвестицияларды негізгі қорлардың ұдайы өндірісіне жұмсалатын бірмезгілдік капиталдық салымдар ретінде қарастырып келгендігі белгілі, ал мұндай көзқарастын əкімшіл- əміршілдік экономиканың жағдайлары мен қызмет ету қағидаларына сəйкес келетіндігі айқын. Дегенмен, нарықтық қатынастардың дамуы жəне осымен байланысты меншік түсінігінің түбірімен өзгеруі, инвестиция мəніне жаңаша тұрғыда қарауды талап етті. Инвестиция ретінде тек ақша қорлары ғана емес, сондай-ақ мүліктік құқықтар мен санаткерлік құқықтар да қатынасқа түсе бастады. «Инвестиция» категориясының түсінігі құқықтануда арнайы сипатқа ие болмағандықтан, ол ұзақ уақыт бойы күрделі құрылысқа мердігерлік шарт түсінігімен байланысты болды, ал оның басты ерекшелігі мердігерлік шарт бойынша міндеттемені орындаудың құрылыс жұмыстарын қаржыландыруды жүзеге асырумен байланысында еді. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде «инвестиция» анықтамасы мүлікті табыс табу үшін пайдалану ретінде құқықтық сипатқа қарағанда, экономикалық сипатқа көбірек ие. Ал инвестиция құқықтық маңызға тек заң шығарушы өзі қабылдайтын құқықтық актімен реттейтін қатынастар шеңберін анықтауды нақтылы мақсат етіп алдыға қойғанда ғана ие болады. Яғни, кез келген материалдық немесе интелектуалдық құндылықтардың салыну мақсатына қарай заң шығарушы оның инвестиция қатарына жататындығын не жатпайтындығын белгілейді деуге болады. Белгілі ресейлік құқықтанушы ғалым Б.Г. Богатыровтың пікірінше, «инвестицияның экономикалық мəнін қарастыру кезінде олар өндірістік күштерді құру үшін тірі жəне заттандырылған еңбектерді жұмсау процесі ретінде анықталынады, ал осылардың көмегімен өнідіріс процесінде тірі еңбек тұтынуға қарағанда көбірек құн құрайды». Ал, П. Самуэльсон "инвестицияларды таза капитал қалыптастыру" ретінде қарастырады, яғни қоғамның нақтылы капиталының (ғимараттар, құрал- жабдықтар, материалдық-өндірістік қорлар) таза өсімін білдіреді. Гитман Л.Дж., Данк М.Д. «Основы инвестирования» деп аталатын еңбектерінде инвестицияны капитал құнын сақтауды немесе өсіруді жəне (немесе) белгілі бір табыс көлемін əкелуді қамтамасыз етуге тиісті капиталды орналастыру тəсілі ретінде анықтайды. Олар тікелей жəне жанама инвестициялардың ара-жігін былайша ашып көрсетеді: тікелей инвестиция -бұл бағалы қағаздарға немесе мүлікке меншік құқығын инвесторға тікелей беретін салым нысаны. Мысалы, ақшаны сақтау немесе табыс табу мақсатында акция немесе жер телімін сатып ала отырып, инвестор тікелей инвестициялауды жүзеге асырады. Жанама инвестициялар - бұл портфельге салым немесе бағалы қағаздарды, мүліктік құндылықтарды алу. Жанама инвестициялауды жүзеге асыру портфельдегі үлеске иелік етуге құқық береді. Дж. Кейнс инвестицияны «негізгі мүлік құнының белгілі бір кезеңдегі өндірістік қызметінің нəтижесіндегі ағымды өсімі», немесе «сол уақыт аралығында тұтыну үшін пайдаланылмаған* пайданың бөлігі», деп анықтайды. Жоғарыда атап өткен авторлар, инвестицияны, сондай-ақ инвестициялардың құнын көбейту жəне (немесе) белгілі-бір табыс табу мақсатында арнайы таңдап алынған қаржы құралдарына (инструменттеріне) ақша орналастыру процесі деп те анықтайды. Сондықтан бұл процесс көп рет қайталанатын процесс, яғни, инвестициялар – мəні бойынша əлеуметтік-экономикалық заңдылық, инвестициялық процесс – ұдайы өндірістің барлық факторларын өзіне толық жəне кешенді біріктіретін процесс. Демек, экономикалық əдебиеттерде инвестицияның əртүрлі мағынада анықталатынына көз жеткіздік. Дегенмен, олардың барлығына ортақ белгі - барлық инвестицияның маңызды белгісі орын алады - бұл бастапқы құннан көбірек құн түрінде табыс табу - капитал құнының өсімі. Байқап отырғанымыздай, экономист ғалымдардың пікірінше инвестиция – қаржы ресурстарын ұзақ мерзімді салым ретінде пайдалану немесе ұзақ пайдаланудың айналымнан тыс активтерін алу жəне пайдалану, сонымен бірге ұзақ мерзімді қаржылық салымдарды бағалы қағаздарға немесе жарғылық қорға салу. Алайда, біз бұл пікірмен толық келіспейміз. Өйткені инвестициялар мерзімі бойынша қысқамерзімді инвестициялау түрінде де жүзеге асуы мүмкін. Ал, инвестицияның құқықтық мəнін анықтауда мұндай реттілік байқалмайды. Инвестициялық процесс əлеуметтік-экономикалық заңдылық ретінде құқықтық реттеуге мұқтаж екендігі. Немесе бұл жағдайда құқық экономикалық мазмұнның нысаны не көрініс табу құралы болып табылады. Инвестициялау мен инвестициялық процесс секілді экономикалық категорияларды «құқық тіліне» аудару үшін ұғымдарға құқықтық анықтама беру қажет, өйткені ол инвестициялық кұқықтық реттеудің мəні мен нысандарын дұрыс түсінуге мүмкіншілік береді. Құқықтық ғылыми əдебиеттерде жəне мемлекеттің құқық шығармашылығы тəжірибесінде инвестициялардың анықтамасына байланысты көптеген түсініктер қалыптасқан. Инвестициялар экономикалық категория ретінде тауар-ақша қатынастарының нəтижесінде ғана пайда болады. Алайда, ұлттық экономика нарықтық болғанда ғана инвестициялар пайда болады, ал капитал өндірістік мақсаттағы тауарға айналады. Өз кезегінде ұлттық экономиканың нарықтық экономика ретінде, оның негізгі үш құрамдас бөлігі - инвестициялар, тауарлар, еңбек нарығының қалыптасуы əлемдік сауданың дамуымен жəне халықаралық нарықпен де тығыз байланысты. Демек, инвестициялар-капитал, өндірістік мақсаттағы тауарлар, еңбек ең алдымен нарықтық қатынастарға қатысушылардың жеке меншігінің объектісі болып табылады. Сондықтан нарықтық қатынастар жағдайында инвестициялар меншік иелерінің қатынастары, ал бұл қатынастар өз кезегінде мемлекеттік-құқықтық реттеуді қажет етеді. Осы орайда құқықтық реттеу төмендегі қатынастарға əсер ететін əртүрлі нормалардан тұрады: императивті немесе жария-құқықтық; дизпозитивті немесе жеке-құқықтық. Мұндай түжырымнан шығатыны, меншік қатынастарын реттеу жария- құқық жəне жеке-құқық нормаларын үйлестіре отырып, кешенді сипатқа ие болады. Мəселен, Ю.А. Тихомиров, нəтижесінде пайда (табыс) түсіретін немесе арнайы тиімділікке қол жеткізілетін кəсіпкерлік жəне басқа да қызметтер объектілеріне салынатын мүліктік жəне интеллектуалдық құндылықтардың барлық түрін "инвестиция" ретінде қарастырады. Мұндай құндылықтарға жататындар: ақша қорлары, мақсатты банкілік салымдар, пайлар, акциялар жəне басқа да бағалы қағаздар; жылжыйтын жəне жылжымайтын мүліктер (ғимараттар, үйлер, құрал-жабдықтар жəне басқа да материалдық құндылықтар); авторлық құқықтан туындайтын мүліктік құқықтар, ноу-хау, өндірістік тəжірибе жəне өзге де интеллектуалдық құндылықтар, жер жəне басқа да табиғи ресурстарды пайдалану құқықтары, сондай-ақ басқа да мүліктік құқықтар. А.Г. Богатыровтың пікірі бойынша «шетел инвестициясы шетел капиталы болып табылады, егер олар əр түрдегі жəне нысандағы меншіктің бір мемлекет территориясынан шығарылып, екінші мемлекет территориясындағы кəсіпорынға (немесе қандайда бір іске) салынса», деп атап көрсетеді. М.М. Богусловскийдің пікірінше «инвестиция» мен «капитал салудың» мағынасы бір. Бұл пікірмен біз де келісеміз, өйткені экономикалық əдебиеттер мен ҚР заңнамаларында бұл екі түсініктің бір мағынада қолданылатындығы белгілі. Ал Е.Ф. Авдакумин капиталдың орын алмастыруы мен шетел инвестициясының ара-жігін ашып көрсетеді. Ол капиталдың орын алмастыруы деп, шетелдік серіктермен жасалған операцияларға төлемдерді, қысқа мерзімді қарыз берулерді, акцияларды, облигациялауды жəне басқа да бағалы қағаздарды диверцификациялауды түсіндірсе, қабылдаушы елдегі компанияға бақылау орнатуды, оны басқаруға қатысуды көздейтін капитал салымдарын инвестиция ретінде қарастырады. Дегенмен, инвестиция түсінігі экономикалық əдебиеттерде жеткілікті дəрежеде анықталғанымен, құқықтық əдебиеттерде бұл мəселе күрделі қалпында қалып отыр. Экономика ғылымы тұрғысында инвестиция түсінігі салымдардың барлық түрлерін қамтыса, құқықтық тұрғыда олар салынуының субъектілері мен объектілеріне жəне мақсатына қарай инвестиция қатарына жатқызылуы не жатқызылмауы мүмкін. Сондай-ақ олардың инвестиция ретінде танылуы заңдармен айқындалды. Осы көзқарастарды қорытындыласақ жəне біздің пікірімізше инвестиция дегеніміз - бұл жеке немесе мемлекеттік капиталды ұлттық (ішкі инвестициялар) немесе шетелдік (шетелдік инвестициялар) экономиканың əртүрлі салаларына пайда табу мақсатында қоғамдық, əлеуметтік тиімділікке жету үшін салуды айтамыз. Инвестицияның басты мақсаты - болашақтағы мұқтаждықтарды қанағаттандыру үшін капиталды (қаржылық немесе нақтылы) пайдалану. Қаржылық инвестициялар - қаржылық институттарға салымдар салу, яғни мемлекеттер немесе жеке компаниялар шығарған бағалы қағаздарға, банкілік депозиттер. Нақтылы инвестициялар - негізгі капиталға жəне материалдық-өндірістік қорлардың өсуіне салынатын салымдар. Ал, енді "инвестиция" ұғымын Қазақстан Республикасының нормативтік- құқықтық актілерінде берілген анықтамаларға сəйкес қарастырып өтсек. «Валюталық реттеу туралы» Заңның 11-бабының 8-тармағына орай, инвестиция дегеніміз - инвестициялау объектісінің жарғылық капиталына қатысуды қамтамасыз ету жəне бағалы қағаздарды алу мақсаттарында ақшаларды, бағалы қағаздарды, заттарды, санаткерік шығармашылық қызметтер нəтижелеріне құқықтарды қоса алғанда, мүліктік құқықтарды беру болып табылады. Яғни, осы заңның 1-2-бабының, 4-тармағына сəйкесинвестициялауды жүзеге асыру капитал қозғалысымен байланысты операциялар қатарына жатқызылған. «Инвестициялар туралы» заң инвестицияға жалпы анықтама беріп өтеді. Мұнда инвестиция ретінде «лизинг шартын жасаған кезден бастап лизинг заттарын, сондай-ақ оларға құқықтарды қоса алғанда, заңды тұлғаның жарғылық капиталына инвестор салатын мүліктің барлық түрлері» түсініледі. Табыс алу – «инвестицияның» қажетті белгісі жəнеол инвестицияны басқа да қорлардан ажыратуға мүмкіндік береді, мысалы, халықаралық ұйымдардың гуманитарлық көмегінен. Қазақстан Республикасының 1994 жылы 27 желтоқсанда қабылданған «Шетел инвестициялары туралы» Заңы инвестицияны тікелей жəне портфельді деп бөлмей, тек оларға жалпы сипаттама беріп өткен болатын. Ал, бұдан одан кейін 1997 жылдын 28 ақпанында қабылданған «Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы» Заң да, тікелей жəне портфельді инвестициялардың ара-жігін ашпай, барлық инвестицияны тікелей инвестиция ретінде қарастырады. Заңға сəйкес: «тікелей инвестиция -Қазақстан Республикасының егемен кепілдіктеріне байланысты жəне Қазақстан Республикасына берілетін ресми техникалық көмек немесе гранттар шеңберіне кіретін инвестицияларды қоспағанда, инвестициялардың барлық түрі». Демек, заң мазмұны бойынша, тікелей инвестиция - бұл барлық инвестициялар, ал егемендік кепілдіктеріне байланысты "инвестициялар" инвестиция болып табылмайды. Сонда «егемендік кепіл» дегеніміз не? Бізге мемлекеттік кепіл деген түсінік белгілі. Бюджет кодексіне сəйкес мемлекеттік кепілдік - бұл қарыз алушы өзінен алынатын соманы белгіленген мерзімде төлемеген жағдайда Қазақстан Республикасының үкіметі несие беруші алдында берешекті толық немесе ішінара өтеуге алған міндеттемесі. Ал, «Шетел инвестициялары туралы» заңға сəйкес сыртқы заемдар да шетел инвестициясы болып табылғанымен, олар осы заңның реттеу аясына кірмейді деп бекітілген болатын. Яғни сыртқы заемдарға байланысты қоғамдық қатынастар «Мемлекеттік жəне мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыш туралы» Заңмен реттелініп отырды. Қазақстан Республикасына берілетін техниканық көмек жəне гранттар инвестиция болып табылмайды, өйткені бұларда инвестицияның міндетті белгісі, табыс алу мақсаты жоқ, яғни мұндай қорлар қайтарымсыз түрде ұсынылады. Демек, "тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау" туралы заң: тікелей жəне портфельді инвестициялардың ара-жігін ашып көрсетпеді, бірақ инвестициялар тікелей жəне портфельдік болып бөлінетіндігіне қарамастан, тікелей инвестиция деп барлық инвестицияларды таныды. Тіпті олардың арасындаелеулі айырмашылық болмағанымен "Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау" туралы заңы бойынша барлық инвестицияларды жай ғана "инвестициялар" деп атаған болатын. Бұндай пікірмен біз де толық келіспейміз. Өйткені қолайлы инвестициялық климаттың қалыптасуы үшін анық жəне түсінікті заңдар қажет екендігі белгілі. Ал, олардың арасындағы қарама- қайшылықтар, сəйкесіздіктер инвестиция тартуға септігін тигізбей- тіндігібелгілі. Сондай-ақ заңдағы маңызды нормалардың түсініксіздігі, инвестордың отандық немесе шетелдік болғанына қарамастан жоғары инвестициялық тəуекелдерге алып келеді. Қазақстан Республикасы мен Герман Федаративтік Республикасы арасында 22 қыркүйек 1992 жылғы «Капитал салуларды қолдау жəне өзара қорғау жөніндегі» екіжақты келісімде капитал салулар ретінде төмендегідей құндылықтарды бекіткен: |