құқық негіздері УМК. Высший инновационный колледж международных отношений
Скачать 1.68 Mb.
|
ақша құралдары, салымдар, пайлар, акциялар жəне басқа да құнды қағаздар; жылжымайтын жəне жылжымалы мүлік; авторлық құқықпен, тəжірибемен жəне басқа да интеллектуалды құндылықтармен байланысты мүліктік құқықтар; жерді, суды, ресурстарды, үйлерді пайдалану құқығы жəне басқа да мүліктік құқықтар; қандай да бір өндірісті (бірақ патенттелген “ноу-хау” емес) ұйымдастыруға қажетті техникалық құжат, дағды, өндірістік тəжірибе ретінде рəсімделген техникалық, технологиялық, коммерциялық сауаттылық. 2. Құралдардың салыну объектілері бойынша: нақты инвестициялар немесе құралдардың материалды активтерге салынуы. Нақты инвестициялар – ол нақты активке салынған инвестицияларнемесе материалдық өндіріс саласындағы инвестициялар, өйткені олар ғылыми – техникалық прогрестің дамуына, өндірістің тиімділігін көтеруге, құрал – жабдықтарды ауыстыруға жəне т.б. мақсаттарға бағытталуы мүмкін. -материалды емес активтер – лицензиялардың, патенттердің, тауар белгісінің құны, жарнамаға жəне кадрларды дайындауға кеткен шығындар; қаржылық инвестициялар немесе түрлі қаржылық құралдарға ақша құралдарының салынуы – депозиттер, құнды қағаздар (оның ішінде мемлекеттік бағалы қағаздарға, корпорациялық бағалы қағаздарға жəне т.с.с.), банктық салынымдар [31]. Басқа əдебиеттерде, инвестициялардың мақсатына байланысты деп 2–ге бөліп қарастырады: Капитал тудырушы инвестициялар – ол материалдық жəне материалдық емес активтерді көбейтуге немесе оның өсіміне бағытталған инвестициялар. Басқаша айтқанда, бұл олардың дəстүрлі түсінігіндегі инвестициялар, өйткені, əдетте, инвестициялар капитал тудырушы болып табылады, яғни пайда немесе табыс табудың тəсілі немесе құралы ретінде қолданылады. Зияткерлік инвестициялар – ол əртүрлі деңгейдегі мамандарды даярлауға, сондай –ақ олардың біліктілігін көтеруге, ғылыми зерттеулер жүргізуге жəне т.б. мақсаттарға бағытталған инвестициялар. Мысалы, қазіргі кезде зияткерлік инвестициялардың ең көп тараған түрлері жоғары білім алу үшін берілетін мемлекеттік жəне жеке кредиттер болып табылады. “Зияткерлік инвестициялар” ұғымын “əлеуметтік инвестициялар” ұғымына дейін кеңейтуге болады, өйткені екі жағдайда да инвестициялар нысаны əлеуметтік сала болып шығады жəне негізгі мақсат ретінде əлеуметтік оң пікірге қол жеткізу көзделеді. (бұл кезде бір мезгілде пайда немес табыс табу мүмкіндігі де жоққа шығарылмайды). Инвестициялық процестерге қатысу сипаты бойынша инвестициялар келесі түрлерге бөлінеді: тікелей (төте) инвестициялар, бұл кезде инвестицияландыру жəне ақша құралдарын салу объектісін таңдауда инвестордың тікелей қатысуы қажет етіледі. Сонымен қатар инвестор инвестициялық циклдердің барлық кезеңдеріне тартылады, оның ішінде алдын ала жүретін инвестициялық зерттеулерге, инвестицияландыру объектілерін жобалау мен тұрғызуға, дайын өнім өндірісіне. Халықаралық валюта қорының анықтамасы бойынша, егер акционерлік қоғамның жарғылық капиталының кем дегенде 25%-ы шетел инвестордың меншігінде болса, онда шетелдік инвестициялар төте инвестициялар болып саналады. АҚШ, РФ заңдары бойынша жарғылық капиталдың шетелдік инвесторға тиесілі мөлшері 10% - дан кем емес, ЕО елдерінде – 20 - 25%, Канада, Австралия жəне Жаңа Зеландия елдерінің заңымен - 50%. жанама (қоржындық), бұл ақша құралдарын өз қалауынша, неғұрлым тиімді орналастыратын жəне аккумуляцияландыратын түрлі қаржылық делдалдар арқылы (инвестициялық қорлар жəне компаниялар) жүзеге асырады. Мұндай делдалдар инвестицияландыру объектілерін басқаруға қатысады, ал алатын табыстарын клиенттері арасында бөледіұ. Тұтас басқарылатын құнды қағаздарға салынатын салынымдарды портфельдік деп те атайды. Инвестицияландырудың кезеңдері бойынша инвестицияларды мынадай 3 түрге бөлуге болады. Олар: қысқа мерзімді, ұзақтығы бір жылдан аспайды (қысқа мерзімді депозиттік салымдар, жинақ сертификаттар); орташа мерзімді 1жылдан 5 жылға дейін; ұзақ мерзімді 5 жылдан астам. Меншік түрлері бойынша инвестициялар мыналарға бөлінеді: азаматтардың, мемлекеттік емес меншік нысанындағы кəсіпорындардың, өкіметтік емес ұйымдардың жеке ақша құралдары; мемлекеттік (бюджеттік), ол түрлі деңгейдегі кəсіпорындар мен мекемелердің бюджет көздерінен қаржыландырылады. Мемлекеттік инвестициялардың жеке инвестициялардан айырмашылығы мынада: 1) мемлекеттік инвестициялар көздері бюджеттік қаражат болып табылады; 2) мемлекеттік инвестициялар қайтарымдық жəне ақылы түрде жүзеге асырылады; 3) мемлекеттік инвестициялароларды берудің негіздемесін жəне тəртібін мемлекет белгілейтіндігімен сипатталады; 4) мемлекеттік инвестициялардың көлемі мен мөлшері мемлекеттік бюджеттің бекітілуіне байланысты;5) мемлекеттік инвестициялардың мақсатты пайдаланылуына мемлекет бақылау жасайды; 6) мемлекеттік инвестициялар мемлекеттік қазына мүлкімен қамтамасыз етіледі. Ал, жеке инвестициялардың басты ерекшеліктері мынада: инвестициялардың көздерін, олардың көлемдері мен мөлшерлерін инвестордың өзі белгілейді, ал мемлекет инвестордың құқықтарын мүмкін болатын қолсұғушылықтан, оның ішінде мемлекеттік органдардың да қол сұғуынан қорғауды қамтамасыз етеді. Инвестордың қатысу түріне байланысты: қайта құрылып жатқан кəсіпорындарға жартылай қатысу немесе шаруашылық жүргізіп отырған кəсіпорындардың бір бөлігін иелену (шектеулі меншік қоғамына үлестік қатынас); инвестор толық иеленетін кəсіпорындарды құру немесе шаруашылық жүргізіп жатқан кəсіпорындардыөз меншігіне алу; жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікті акция, облигациялар арқылы немесе басқа да құнды қағаздар түріне алу; табиғат ресурстарын пайдалануға, жерді пайдалану құқығына, басқа да мүліктік құқықтарға концессия алу. Тəуекел дəрежесі бойынша: тəуекелі аз инвестициялар. Ол белгілі бір табыс табу мүмкіндігінің жоғары дəрежесін негізге ала отырып, қауіпсіз деп танылған инвестициялар, алайда өзінің айрықша кепілділігіне байланысты, инвестициялардың басқа түрлерімен салыстырғанда, олардың табыстылығы төмен (дамыған елдерде бұл– мемлекеттік бағалы қағаздарға, жетекші жəне беделді компаниялардың акцияларына салынған салымдар). тəуекелі жоғары инвестициялар. Ол белгілі бір табыс табу мүмкіндігінің төмен дəрежесін негізге ала отырып, алыпсатарлық деп танылған инвестициялар. Инвестициялау жəне алыпсатарлық – бұл, жалпы алғанда, инвестициялық қызметке деген бір– біріне қарама– қайшы екі кереғар түсінік. Халықаралық тəжірибеде олардың арасын ажырату инвестициялық табыстың қаншалықты жорамалды жəне күтілетін нəтижесіне байланысты болады: инвестициялау барысында сатып алынып жатқан бағалы қағаздардың құны орнықты болып қала береді жəне олар табыс əкеледі деген толық сенімділік сақталады, ал алып сатарлықта мұндай сенімділік жоқ. Алыпсатарлық инвестицияларды жүзеге асыру барысында тəуекелдік жоғары болып тұрғанда, көбірек табыс табу да көзделеді. Инвестициялармен байланысты тəуекел немесе белгісіздік дəрежесі, мысалы, уақыт, салыным объектісі сияқты факторларға тəуелді. Инвестицияландыру аяқталғаннан кейінгі кəсіпорынның жұмыс істеу нəтижесінің өзгеруі инвестицияландырудың мерзіміне жəне жобаның масштабы мен оның мақсаттарына тəуелді, сондықтан қауіптіліктің дəрежесі нарықтың мүмкін болатын əрекетін шеше алмау болып табылады (жаңа өнім түрін құру, өндіріс шығындарын төмендету, сату көлемін кеңейту, мемлекеттік тапсырыстарды орындау жəне т.б.). Дəрежені бағалау критерийлері мыналар болуы мүмкін: барлық пайда сомасын жоғалту мүмкіндігі. Тəуекелдің орын алуы мүмкін; жоба іске асқаннан кейін пайданы ғана емес, жалпы есептемелік табысты жоғалту мүмкіндігі. Тəуекел дағдарысты болып табылады; барлық активтерді жоғалту мүмкіндігі жəне инвестордың банкротқа ұшырауы немесе апаттық тəуекел. Осы тұрғыдан алып қарағанда, егер бағалы қағаздардың қазақстандық нарығы туралы айтсақ, онда қазақстандық кəсіпорындардың бағалы қағаздарына инвестициялар салудың жеткілікті дəрежеде тəуекелді іс екені аңғарылады. Біздің еліміздің азаматтарының отандық қаржы жəне экономика институттарына деген орнығып қалған сенімсіздігін жою үшін, көп жылдар бойы адалдықпен тер төгіп, қызмет ету керек. Əлемдік тəжірибеде ғылыми –техникалық зерттеулерге, жаңалық ашуға жіне өнертабыстарға кредит беруге жəне қаржыландыруға байланысты венчурлік операциялар аса тəуекелді болып саналады. Тəуекелдіктің жоғары дəрежесіне қарамастан, венчурлік бизнес шетелдік мемлекеттерде ,ғылым мен техниканың дамуына септігін тигізеді, бірақ бұл, негізінен, іргелі ғылымның емес, қолданбалы ғылымның дамуын қамтамасыз ететінін айта кету керек. Ұдайы өндіріс инвестицияның келесі түрлерінің бірінде жүзеге асуы мүмкін: жаңа алаңдарда жəне бастапқыда бекітілген жоба бойынша іске асып жатқан жаңа құрылыстар немесе кəсіпорындардың, ғимараттардың салынуы; шаруашылық жүргізіп отырған кəсіпорындардың кеңеюі – өндіріс қуаттылығын арттыру мақсатымен шаруашылық жүргізіп отырған кəсіпорындардың екінші жəне келесі кезектерін, қосымша өндіріс кешендерін жəне өндірістерді, жаңа кəсіпорындарды салу немесе қызмет етіп жүрген кəсіпорындарды кеңейту; шаруашылық жүргізіп жүрген кəсіпорынды қайтв құру – моральды тұрып қалған жəне физикалық жағынан тозған қондырғыларды ауыстыру арқылы жаңа өнімнің шығарылуының профилін өзгерту мақсатымен өндірісті толық немесе жартылай қайта жабдықтауды ортақ жоба бойынша жүзеге асыру; техникалық қайта қамтамасыздандыру – жекелеген цехтардың, өндірістердің, учаскелердің өндірісінің техникалық – экономикалық деңгейлерін арттыруға бағытталған шара кешендерін жүргізу. Субъектілік белгісі бойынша инвестиция 2 түрге бөлінеді: шетелдік; ұлттық. Шетелдік жəне ұлттық инвестицияларға бөлудің жалпыға ортақ белгісі болып мынадай ұстаным танылады: инвестициялар инвестордың елінде немесе басқс бір елде жүзеге асырылады. Екеуінің айырмашылығы олардың құқықтық мəртебесінде. Мысалы: мемлекет жаңа инвестициялық заң қабылдаса, шетелдік инвесторлардың келісімдерінің мерзімі аяқталғанға дейін, олардағы шарттар жəне қарастырылған жеңілдіктер мен артықшылықтар өзгеріссіз қала береді. Ал, ұлттық инвесторлардікі өзгереді. Инвестицияның ұсынылған жіктелуі қазіргі заманның инвестициялық жобалау концепцияларын толығырақ түсіну үшін, жүріп жатқан процестерді жан – жақты бағалау үшін қажет. Бұл жерде құқықтық жағынан да аса маңызды болып есептеледі. Оларды айқын заңдық түрде орнықтыру жəне икемді қолдану республикада қолайлы инвестициялық жағдайды орнатуға жəне жүріп жатқан инвестициялық жобалардың тиімділігін арттыруға септігін тигізетіні анық. Көптеген ғалымдардың пікірінше инвестициялық құқық кешенді құқық немесе кешенді заңнама саласы болып табылады (Асосков А.В., Богатырев А.Г., Гончаров П.П., Доронина Н.Г., Кулагин М.И. жəне тағы басқалар). Бұлардың кейбірі инвестициялық құқықты кешенді құқық саласына жатқызса, кейбірі керісінше, инвестициялық құқық тек кешенді заңнама саласы болып табылады дейді. Өзімізге белгілі, құқықтың кешенділігі идеясын алғаш рет кеңестік ғалым В.К.Райхер ұсынған болатын. Оның пікірінше, кешенді құқық саласы негізгі құқық салаларына қарағанда белгілі бір саладағы жеткілікті құқық нормаларының болуымен, осы салаға қатысты саяси, шаруашылық немесе өзге де маңызды мəселелердің көптігімен түсіндіріледі. Сонымен қатар С.С.Алексеев те өзінің «Структура советского право» деген еңбегінде, құқық жүйесінде екінші қатарлы, бір-бірімен өзара үйлестірілген нормалардан тұратын кешенді, туынды, яғни арнайы «еңбек» құрылымдар бар, дейді. Құқықтың кешенді саласының мəселесі бүгінгі күні де даулы мəселе болып отыр. Өйткені құқық ғылымында мұндай дербес құқықтық құрылымдардың бар екендігін сенімді түрде негіздейтін дəлелдемелер жоқ деуге болады, өйткені олардың өзіндік пəні мен реттееу əдісі жоқ. Бұл нормалар құқықтың негізгі салаларының қолданыс аясына кіреді, сондықтан олардың мұнда белгілі бір нормативтік массивке енуінің салдары олардың қандай да бір басқа саланың нормасына айналуын тудырмайды. Біздің ойымызша құқық саласы мен заңнама саласы əртүрлі құбылыс. Құқық саласы құқық нормаларының белгілі бір жүйесін білдірсе жəне құқықтың, оның құрамдас бөліктерінің объективті дамуының нəтижесі болып табылса, екіншісі, яғни заңнама саласы заң шығарушының еркін білдіреді жəне өзіне əр-түрлі салаларға жататын нормативтік актілерді «сіңіреді». Ресейлік ғалым В.Н.Лисицаның пікірінше, инвестициялық құқық дербес пəнге жəне реттеу əдістеріне ие емес, сондықтан дербес құқық саласы ретінде қарастырылуы мүмкін емес, ол əртүрлі нормативтік құқықтық актілердегі жеке жəне жария құқықтық сипаттағы нормалардың бірігуі нəтижесіндегі нормативтік жиынтық (салааралық құқықтық құрылым) ретінде құрылады, дейді. Бұл пікірлермен келіспеуге де болмайды, өйткені инвестициялық заңдарды кодификациялаудың объективті негіздемелері де бар. Біріншіден, инвестициялық қатынастарды реттеуге бағытталған көптеген жекелеген заңдардың болуы, олар тіпті əртүрлі мақсаттар көздеп, кейде бір біріне қайшы келіп жатады; екіншіден, инвестициялық қатынастарды реттеуде заңдардың жалпы жəне арнайы заңдарға бөлінуі; үшіншіден, инвестициялық қатынастарды жария жəне жеке құқықтық əдістердің ұтымды үйлесімді реттеудің қажжеттілігі; төртіншіден, инвестициялық заңдардың Қазақстан Республикасының кодификацияланған актілермен сəйкестендірудің қажеттілігі; бесіншіден, инвестициялық қызметті экономикалық даму үшін мемлекеттік қолдауды жүйеге келтіру; алтыншыдан, инвестициялық заңдардың тұрақтылығын қамтамасыз ету. Жоғарыда келтірілген пікірлердің кейбірімен ғана келісе отырып, біз инвестициялық құқықты кешенді құқық саласы деп қарастырамыз, өйткені бүгінгі қоғамдық қатынастардың күрделене түсуі, құқық нормаларының да күрделі жəне кешенді сипат алуына алып келуде. Инвестициялық қатынастар əр салалы сипатқа ие, сондай-ақ оларды құқықтық реттеу азаматтық, əкімшілік, қаржылық-құқықтық құралдармен жүзеге асырылады. Сонымен қатар, инвестициялық құқық тек қана азаматтық құқық не əкімшілік құқық немесе қаржылық құқық нормаларымен дербес реттеліне алмайды. Олар бір-бірімен тығыз байланысты жəне жеке жəне жария құқықтың реттеу əдістерін қолдана отырып, арнайы нормалармен реттелінуі тиіс. Осыған байланысты В.С.Белыхпен келіспеуге болмайды, ол: «бүгінгі күні кəсіпкерлік саласындағы қатынастарды, мысалы кейде тек азаматтық құқықпен не əкімшілік құқықпен ретелінетін қатынастар деп бөлуге болмайды... Оларды салалық белгілері бойынша ажырату қиындақ тудырмайды. Мəселе басқада, азаматтық заңдарды цивилистік «тұлғасын» сақтау мақсатында өзге нормалардан «тазалауға» бола ма?», дейді. Ғылымда инвестициялық қатынастардың аясын жеке жəне жария құқық тұрғысынан бөлуге талпыныстар жасалынды. Мəселен, А.Г. Богатыревтың пікірінше, жеке құқықтық реттеудің пəні инвестициялық қатынастар субъектілерінің ұйымдық-құқықтық нысандарын анықтаудан тұрса, ал жария құқықтық реттеу – мемлекет тарапынан қорғау мен құқықтық кепілдіктерді қамтамасыз етуден тұрады (билік-бағыну қатынасында). Ал Н.Г. Доронинаның көзқарасы бойынша, жария құқықтың нормалары мемлекет пен жеке инвесторлардың арасындағы шетелдік инвестицияларға рұқсат беру, сонымен қатар ұлттық нарықтағы инвестордың қызметін бəсекелестік туралы заңдарының шеңберінде мемлекеттік бақылау жасаумен байланысты пайда болатын қатынастарды реттейді. Я.О. Золоеваның пікірінше, жария құқықтың нормалары, мəселен шетелдік инвесторларды кіргізуге рұқсат берсе, азаматтық құқықтың нормалары нарықтық қатынастардың бөлігі ретінде инвестициялардың, инвестициялық қызметтің əртүрлі нысандарын реттеу тəртібін анықтайды [40]. Біздің ойымызша, азаматтық (жеке) жəне əкімшілік (жария) құқықтың қолданыс аясын бұлай бөліп қарау толық ашылған мəселе емес. Азаматтық құқық тараптардың құқықтық теңдігіне негізделген азаматтардың азаматтық айналымның өзге қатысушыларымен кез келген мүліктік жəне мүліктік емес қатынастарын реттейді. Ол осы аядағы кепілдіктерді де бекітеді. Əкімшілік немесе бір тараптың біріне бағыныштылық қатынастардың болуы (инвестициялық қызметке мемлекеттің кепілдік беруі, инвесторларды мемлекеттік қолдаудың шекткерін бекіту жəне тағы басқалар) əкімшілік құқықтық қатынастардың бар екендігін көрсетеді. Мəселе мынада, əлі күнге дейін инвестициялық құқықта қандай нормалар басымдылыққа ие деген сұрақта ғылымда əлі жауап жоқ. Бірқатар ғалымдар (А.Г.Богатырев, П.П.Гончаров) жария құқықтың нормаларына басымдылық берсе, бірқатары (А.В.Майфат) жеке құқық нормаларына басымдылық береді. Біздің ойымызша мəселені бұлай қою дұрыс емес. Өйткені инвестор азаматтық та, əкімшілік те болатын əртүрлі қатынастарға түседі. Императивтік нормалар тек жария құқықта ғана емес, жеке құқықта да орын алады. Олардың қолданыс аясы да əрқилы. Азаматтық құқық инвестицияларды салуға байланысты қатынастарды реттеуде жетекші рөлге ие болса, жария құқық бір жағынан əртүрлі талаптар мен шектеулерді бекіте отырып, екінші жағынан инвесторлар мен инвестициялық құқықтық қатынастардың өзге де қатысушыларын құқықтық қолдауды, жеке жəне заңды тұлғалардың инвестициялық қызметін жүргізуде өздерінің субъективтік құқықтарын толыққанды жүзеге асыруына жағдайлар жасау жəне азамат пен қоғамның мүдделерін қорғау мақсатын көздейді. Алайда, бүгінгі күні инвестициялық қызметке рұқсат беруді жүзеге асыру, инвестициялықт қатынастарды құқықтық реттеудің барлық ерекшеліктерін білдірмейді. Өйткені инвестициялық қатынастардағы инвестициялық қызметті жүзеге асыру кезіндегі шарттық нысандардың, инвсторлардың құқықтары мен міндеттерінің сан қырлы болуы, инвестициялық қатынастарды кең көлемде реттеуді, диспозитивті де жəне императивті де əдістерді қолданып əсер етуді талап етеді. Мəселен үлестік үй соғуда үлескер бірқатар құқықтарға ие болса, құрылысты жүргізуші компания өзіне бірқатар міндеттемелер алады. Елімізде мұндай инвестициялық қатынастардың соңғы кезде кең етек жайғаны белгілі. Егер құрылыс компаниясы өз міндеттемесін орындаса жақсы, дегенмен өкінішке орай көбінесе құрылыс компаниясы өз міндеттемесін орындамау оқйғалары көбеюде. Бір жағынан қарағанда бұл таза азаматтық-құқықтық қатынас, бірақ мемлекет азаматтардың мүддесін қорғау мақсатында бұл қатынастарды реттеуде бірқатар императивті əдістерді қолдануға мəжбүр. Тіпті құрылысты мемлекет қаржысымен аяқтауға мəжбүр болып отыр. Бұл жағдай қоғамдық мүддеге негізделген жəне азаматтық заңнаманың негізгі бастауларына қайшы келмейді деп ойлаймыз. Өйткені, біріншіден, қарастырылып отырған жағдайда мемлекет инвестициялық қызметке əртүрлі нысанда қатыса алады. Мұндай объектілерге мемлекеттік бюджеттің қаржысын сала отырып, мемлекет бір жағынан азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз етсе, екінші жағынан жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық базасын ұлғайтады. Екіншіден, мемлекет əлеуметтік саясатты тиімді шешуге қатысады. Инвестициялық құқықтың құқықтық реттелу пəні инвестициялық əрекетті жүзеге асыру кезінде пайда болатын қоғамдық қатынастар. Инвестициялар – бұл инвестициялық құқықта оларды пайдаланумен байланысты барлық қоғамдық қатынастарды біріктіретін бастама. Инвестициялық əрекетті жүзеге асыру кезінде туындайтын қоғамдық қатынастар түрлі болып келеді – бұл Қазақстан Республикасындағы инвестициялармен жəне шетелдегі инвестициялармен байланысты болатын қатынастар; несие берумен байланысты қатынастар; еркін экономикалық аумақтардағы инвестициялармен байланысты қатынастар жəне т.с.с. Жекеленген топтар мемлекеттік инвеситцияларды жүзеге асыру кезінде пайда болатын жəне құнды қағаздар нарығында туындайтын қатынастарды құрайды. Əдетте, құқықтық реттелудің екі негізгі əдістері бар – жалпы жəне нақты (салалық). Жалпы əдіс – бұл қоғамдық қатынастарға арнаулы нормативті құралдармен ықпал етудің жиынтығы, салалық – бұл берілген саламен реттелетін құқықтық қатынас субъектілерінің мүмкін жəне міндетті мінез – құлқының қалыптасуына бағытталған, қоғамдық қатынастарға ететін заңда əдістердің, құралдар мен амалдардың жиынтығы. Салалық əдістерге императивті жəне деспозитивті əдістер жатады. Енді инвестициялық құқықтың қағидаларына байланысты өз ойымызды айтып өтсек. Инвестициялық құқықтың маңызды қағидаларының бірі – инвестициялық құқық субъектілерінің теңдігі. Бұл қағида мынаны білдіреді: инвестициялық əрекетті жүзеге асыруда инвесторлардың құқықтары бірдей болады. Келесі қағидалардың бірі шарттың еркіндігі. Тағы бір маңызды қағиданың бірі – инвестормен өзінің əрекетін жүзеге асырудың дербестігі, яғни инвестор инвестицияның объектілері мен нəтижесіне ие болуға, оны пайдалануға жəне боған билік етуге құқықты, сондай-ақ инвестордың ішкі шаруашылық қызметіне мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың араласпауын білдіреді. Инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау қағидасы – инвесторларды, кірістіреді, инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша мемлекеттің кепілдігін білдіреді. Жоғалыда айтылғандарды тұжырымдай келе инвестициялық құқықты жалпы жəне ерекше бөлімдерден тұрады деп бөлуге болады. Жалпы бөлімде келесі құқықтық институттар берілген: инвестициялық қатынастарды мемлекеттік реттеу, инвестициялық құқытық қатынастар (субъектілері, объектілері жəне мазмұны); инвестицияларды қорғау (кепілдіктер); инвестициялық шарт (түсінігі, бекіту тəртібі, шартты өзгерту жəне бұзу); инвестициялық қызметті ұйымдастырудың құқықтық нысандары. Инвестицияның ерекше бөлімінде инвестициялық қызметтің түсінігі мен түрлері; инвестициялық қызметті лицензиялау; инвестициялық қызмет аумағындағы салық салу; инвестицияларды басқару; инвестиция аясындағы несиелендіру; инвестициялық жоба; инвестициялық жобалардың мемлекеттік сараптама; инвестицялық тəуекелді сақтандыру; инвестицияның жеке түрлері; инвестициялық шарттардың түрлері; инвестициялық қызмет аясындағы міндеттемелер; инвестициялық дауларды шешу; инвестициялық заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік көрсетілген. Осы жерде, жер қойнауына инвестициялар салуды құқықтық реттеу, бағалы қағаздарға инвестициялар салуды құқықтық реттеу, санаткерлік меншік объектілеріне инвестициялауды құқықтық реттеу (А.Г.Богатырев пікірінше, инвестициялаудың объектілеріне байланысты оларды құқықтық реттеуді ерекше бөлімнің институты ретінде қарау керек). Ойымызды қорытындыласақ, инвестициялық қатынастарды мемлекет құқықтық реттей отырып, инвестициялық əрекет субъектілеріне ықпал ету нысандары мен əдістерін қолданады. Ал өз кезегінде мемлекет инвестициялық қатынастарды арнаулы мемлекеттік органдар арқылы өз қызметтерінің шегінде реттеуге қатысады. Жалпы алғанда, инвестицияларды, соның ішінде шетелдік инвестициялық реттеудің үш деңгейі қолданылады, олар: Халықаралық – құқықтық реттеу; Аймақтық реттеу; Ұлттық – құқықтық (мемелекеттік) реттеу. Сонымен қатар, көптеген ғалымдар(Горягин А.А., Гущин В.В. жəне т.б.) инвестицияларды мемелекеттік реттеудің екі құрамдас бөлігін анықтап белгіленген: тікелей мемлекеттік реттеу – мемлекеттік инвестиция аясында; жер қойнауын райдалану аясында пайдалану аясында; мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіру аясында; қаржылық жəне несие саясатын жүргізу аясында, сондай-ақ салық саясатын жүргізу аясында жүзеге асырылады. Инвестиицииялық процестерді жанама реттеу, яғни мемлекетпен инвесторлардың құқықтарының кепілдігін, мемлекетпен қамтамасыз етуді, сондай-ақ инвестицияны қолдануды жүзеге асыру аясында. |