Главная страница

құқық негіздері УМК. Высший инновационный колледж международных отношений


Скачать 1.68 Mb.
НазваниеВысший инновационный колледж международных отношений
Дата21.06.2022
Размер1.68 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлақұқық негіздері УМК.docx
ТипДокументы
#608877
страница167 из 190
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   190

Сақтандыру құқығының пəнін реттейтін құқықтық қатынастар.


Сақтандыру құқығының пəнін қоғамның айрықша аясында туындайтын, яғни сақтандыру қызметінің барысында пайда болатын сақтандыру қатынастары құрайды. Осы сақтандыру құқығының пəнін құрайтын қатынастар мына келесідей өздеріне тəн белгілермен ерекшелінеді:

      1. бұл қатынастар қоғамның əртүрлі аяларының, оның ішінде қоғамдық өндіріс аялары мен адамдардың арасында орын алуы мүмкін тəуекелдерді сақтандыру нəтижесінде туындайды;

      2. бұл қатынастар тек сақтанушы мен сақтандырушының жəне сақтандырылушының (пайда алушының немесе кейде сақтанушының өзінің),сондай-ақ қайтасақтандырушының араларында ғана туындайтын, бөлу (қайта бөлу) сипатындағы тұйықталған қатынастар болып табылады;

З.бұл қатынастардың субъектілері -сақтанушы мен сақтандырушылар заң жүзінде тең құқылы болып саналады;

  1. бұл қатынастар ақша нысанындағы құнның (кейбір кездерде тауарлық- материалдық кұндылықтардың) екі жақты қозғалысын білдіретін

(сақтанушы мен сақтандырушының тиісті міндеттеріне орай) экономикалық қатынастар болып есептелінеді;

  1. бұл қатынастар қоғамда орын алуы мүмкін əр алуан тəуекелдерден сақтандыру екі жақтың материалдық мүддесін көздеу нəтижесінде туындайтын біршама- баламалы қатынастар болып табылады;

  2. бұл қатынастар тиісті заң актісімен белгіленген нысанда, екі тараптың арасында жасалынатын сақтандыру шартының негізінде туындайды;

  3. бұл қатынастар тек тиісті азаматтық-құқықтық нормалармен жəне сақтанушы мен сақтандырушының арасындағы сақтандыру шартымен реттеледі. Қоғамдық өндіріске қызмет көрсететіндіктен жəне мағынасы бойынша материалдық сипатта (сақтанушы сақтандырушыға сақтандыру жарнасын төлейді, ал сақтандыру жағдайы туындаған болса сақтандырушы) материалдық залалдардың көлемі есептелінгеннен кейін) сақтанушыға сақтандыру өтемін төлейді) болатындықтан бұл қатынастар кұқықтық қатынастар болып табылады.Тұтас алғанда сақтандыру қоғамның құқыктық категориясы ретінде көрініс табады. Сақтандыру қатынастары мүліктік қатынастарға жатады, яғни сақтандыру төлемдерінің немесе сақтандыру өтемдерінің қаражаттарын білдіретін ақшалар да, тауарлық - материалдық құндылықтар да экономикалық жəне құқықтық тұрғыдан мүліктердің бір түрі болып табылады. Сақтандыру қатынастары - құн қатынастарына да жатады. Бұл жағдай мына екі сəттен байқалады: сақтанушы сақтандыру төлемдерін төлеу барысында оларды өндірістің шығыны ретінде тауардың өзіндік құнына қосып,

оның құнын ұлғайтады; ал сақтандыру өтемін беру кезінде сақтандыру жағдайына байланысты жойылған құн толығымен немесе жартылай қалпына келтіріледі. Сақтандыру қатынастары өздерінің жиынтығында қайта бөлу қатынастарын білдіреді. Ақшалар сақтандыру төлемі ретінде сақтандырушыға қарай қозғалып, оның қолындағы сақтандыру жағдайы туындаған болса сақтандыру өтемі ретінде сақтанушыға қайтарылады. Бұл жерде зардап шеккен сақтанушыларға бөлінгендіктен ақша қаражаттарын зардап шеккендердің пайдасына қайтадан бөлуді жүзеге асырады.

Сақтандыру қатынастары Қазақстан Республикасында императивті жəне диспозитивті нормалармен де реттеледі.Императивті нормалар сақтандыру қатынастарын ұйымдастыру мемлекеттік реттеуді қамтиды.Мемлекеттік реттеу сақтандыру ұйымдарын құру үшін қойылатын талаптарды орындауды бақылау, сақтандыру ұйымдарының қорын бақылау,сақтандыру қорының резервтерінің орналасуын жəне шығындарды өтеуді жəне сақтандыру ұйымдарының тұрақтылығын қамтамасыз ету жəне басқа да қатынастарды реттеуді қамтиды.Алайда сақтандыру рыногының қалыптасуы жəне мемлекеттің басты міндеті шартты қатынасты жетілдіруге байланысты.Шартты қатынас-келісім түрінде жүзеге асатын мəміле,жақтардың еркімен жасалатын қатынас.

Сақтандыруқұқығыныңобъектілеріменсубъектілері.Сақтандыру қатынастарының обьектісі ретінде ақша қаражаттары мен материалдық құндылықтар, сондай-ак материалдық емес адамның жеке басына байланысты игіліктер көрініс табады. Мəселен, ақшалар мен материалдық құндылыктарға табыс, мүлік, кəсіпкерлік кызметтің тəуекелдері, залал келтіру мүмкіндігіне орай азаматтық жауапкершілік жəне т.б, ал адамның жеке басына байланысты игіліктерге- еңбек қаблеттілігі, өмірі, денсаулығы жатады.

Ал сактандыру қатынастары белгілі бір мүдделерді көздеуге байланысты туындайтындықтан біршама - баламалы, толығымен баламалы сипатта болады.

Бұл жерде де сақтандыру мүдделерінің тек зиян, залалды қалпына келтіруге қажетті өтемдік сомаларды алуға ғана бағытталмағанын, сонымен бірге осы аяда басқа да сақтандыру мүдделерінің мол пайда табу, бар екенін білуіміз қажет. Сақтандыру қатынастары сақтандыру төлемін төлеу, сактандыру өтемін өтеу міндеттерін жүзеге асырушы, сақтанушы мен сақтандырушы арасында туындайтындықтан бұлар, материалдык сақтандыру қатынастары болып саналады

Мемлекеттік тиісті нормативті құқықты актілерді шығару арқылы материалдық жəне сактандыру ұйымдастыруға байланысты қатынастардың қатысушыларының жүріп-тұру қағидаларын белгілейді. Олардың дұрыс атқарылуын жəне сақтанылуын көздей отырып мамандандырылған мемлекеттік уəкілетті органдарды құрады. Сондай-ақ басым бөлігі мемлекеттік емес сақтандыру аясы болғандықтан осы аядағы заңдылықтың сақталуы үшін қадағалау жəне лицензиялау қызметтерін арнайы органдарының күшімен жүзеге

асырылады. Сонымен, сақтандыру əралуан қатынастарын жан-жақты құқықтық реттеу құралы ретінде сақтандыру құқығы өз алдына қызмет етеді. Егер оның түсінігін айқындап көрсек, ол былайша сипатталады.

Сақтандыру құқығы деп, мемлекет аумағында сақтандыру ісін ұйымдастыру жəне оны жүргізу, сондай-ақ сақтандыру кызметін жүзеге асыру процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығын айтамыз.

Сақтандыру құқығының ішкі құрылысын құрайтын құқықтық нормалардың бір келкі болмайтыны анық. Азаматтық - құқықтык нормалар сақтандыру аясындағы екі тараптың сақтандыру мүддесіне сай туындайтын сақтандыру қатынастар реттейтін болса, қаржылық - құқықтық нормалар өктем

  • билік сипатында бола тұрып мемлекет мүддесін тисінше атқаруға атсалысады. Осыған қарап, сақтандыру құқығының əдістері өктем ықпалды, мəжбүрлі билік, яғни императивтік əдістерден жəне біршама-икемді, шартты- келісімді диспозитвтік əдістерден тұратынын байқаймыз. Сақтандыру құқығының нормалары белгілі бір тəртіппен, өздері реттейтін бір тектес қатынастар мен белгілейтін жүріп- тұру қағидалары бойынша шоғырландырылады. Осыған орай сақтандыру құқығының өзіне тəн жүйесі болады жəне ол жалпы, ерекше бөлімдерден тұрады.Бұл жерде, егерде сақтандыру құқығының жүйесін екі тұрғыдан көрсетсек онда олар мынадай келесідей көрініс табады.

1. қаржылық - сақтандыру құқығының жалпы бөлімі мына институттардан құралады:

  1. мемлекеттің сақтандыру жүйесі

  2. мемлекеттік сақтандыру қаржылық саласындағы басқару

  3. сақтандыру қаржылық жоспарлаудың құқықтық негіздері

  4. қаржылық - сақтандыру бақылауын құқықтық реттеу

2. ерекше бөлімнің институттарына мыналар жатады:

  1. міндетті сақтандыру қорларын , резервтік қор, қалыптастыруды құқықтық реттеу

  2. сақтандыру резервтерінен сақтандыру өтемдерін төлеуді құқықтық реттеу

  3. сақтандыру ұйымдарының қаржылық орнықтылығын қамтамасыз етуді құқықтық реттеу

  4. кездейсоқ ақпараттардың алдын алу жəне қалпына келтіру шараларын жүзеге асаруды құқықтық реттеу

Сақтандыру құқығы кешенді құқықтық құрылым болғандықтан оның жүйесінің кең мағынада көрініс тапқаны негізді əр орынды болады. Сонымен сақтандыру құқығының жүйесіне былайша сипаттама береміз оның жалпы бөліміне мына институттары жатқызылады.

  1. мемлекеттің сақтандыру құрылысы

  2. сақтандыру ақшалай қорлары саласындағы басқару

  3. сақтандыру баланстары мен тарифтерін құқықтық реттеу

  4. мемлекеттік сақтандыру қадағалауын құқықтық реттеу

  5. сақтандыру заңдарын бұзғаны үшін жауапкершілік Ерекше бөлімі мына институтардан тұрады:

  1. мүлікті, жеке басты жəне жауапкершілікті міндетті сақтандыру құқықтарын реттеу

  2. мүлікті жеке басты жəне жауапкершілікті ерікті сақтандыруды құқықтық реттеу

  3. сақтандыру ұйымының каржылық орнықтылығын қамтамасыз етуді құкықтык реттеу

  4. сақтандыру қалпына келтіру жəне алдын алу шараларын каржыландыруды кұкықтык реттеу.

Бұл жерде айта кететін бір жайт, сақтандыру рыногының ойдағыдай қалыптасуына жəне сақтандыру құқығының жетілдіріліп, даму тенденцияларына қарай осы аталған институттардың да жаңаша мағына- мазмұнды өзгерістерге ұшырап отыратыны белгілі.

Мүліктік емес игіліктер өзіндік мүліктік емес қатынастардың объектілері болады. Сақтандыру құқық нормалары реттеген коғамдық қатынастар құқықтық қатынастар, атап айтқанда, сактандыру құқығы қатынастар сапасына ие болады. Сақтандыру кұқық қатынастар дегеніміз - азаматтық құкық нормалары реттеген қоғамдык қатынастар.Сақтандыру қатынастардың ерекшелігі азаматтық- құқықтық реттеудің объектісі мен əдістеріне байланысты. Сақтандыру қатынастардың аса маңызды белгісі, ең алдымен, оған катысушылардың заң жүзіндегі теңдігі. Сақтандыру қатынастардың субъектілері билік пен өзара бағыну қатынастарында болмайды, өзара міндеттермен жəне құқықтармен ғана байланысты болады. Сақтандыру құқығы қатынастарға қатысушылардың бірінің екіншісіне міндеттерін орындау жөнінде талап коюы биліктің өкілеттігіне емес, оған тиесілі субъективтік азаматтық құқыққа сүйене отырып орындалады.

Сақтандыру катынастардың нормалары реттейтін объектіге қарай азаматтық-құқықтық қатынастардың мынадай түрлерін ажыратады:

  1. мүліктік катынастар;

  2. мүліктік катынастармен байланысты мүліктік емес өзіндік қатынастар;

  3. мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес өзіндік қатынастар.

Сақтандыру құқығын реттеудің обьектісі, ең алдымен, мүліктік қатынастар болғандықтан, сақтандыру құқық қатынастардың басым бөлігі мүліктік сипатта болады. Мүліктік сақтандыру құқық қатынастардың обьектісі материалдық игіліктер мен құқық (мүлік) болып табылады. Меншік қатынастары, мүліктің

бір тұлғадан екінші тұлғаға өтуіне делдалдық жасайтын қатынастар мүліктік сақтандыру құқық қатынастарына жатады.

Демек, сақтандыру құқығының құкықтық реттеу пəні сақтандырудың кəсіпкерлік қызметтің бір түрі ретінде жүзеге асырылуын ұйымдастыру, сақтандыру қызметін лицензиялау талаптарын орындау, ерікті жəне міндетті сақтандыру шарттарын жасасу, тиісті заңнамалық актілердің ережелері мен принциптерін, халықаралық шарттар мен сақтандыру стандарттары ережелерін іске асыру, мақсатты сақтандыру қорларын жəне сақтандыру резервтерін құру, сақтандыру қағидалардағы тұлғаларға (сақтанушыларға) қатысты сақтандыру жағдайы басталған кезде, оларға келтірілген мүліктік залалды өтеу мақсатында сақтандыру қорғауын қамтамасыз ету, сақтандыру қызметін мемлекеттік реттеу, қадағалау жəне инспекциялау барысында дамып, қалыптасатын кешенді мазмұнды қоғамдық қағидалар жүйесін білдіреді.

«Принцип» (қағидат) термині латынның сөзі - бастау, негіз дегенді білдіреді. Сақтандыру принциптері (қағидаттары) - ол нормативтік сипаты бар, қоғамдық қатынастарды сақтандыру кұқықтық реттеу бастамасын басшылыққа алатын негіз. Сақтандыру құкығының принциптері деп оның негізгі бастауларын, яғни заңмен тұжырымдалған немесе оның ұйғарымының мағынасынан туындайтын, азаматтық құкықтық нормалардың мазмұны мен мəтінін дұрыс түсінуге, оларды бара-бар түсіндіруге, арасындағы қарама- қайшылықтарды шешуге септігін тигізетін іргелі идеялар.Ол Қазақстан Республикасы сақтандыру заңының мейлінше маңызды тұстарын көрсетеді. Демек сақтандыру заңды түсіну мен оны қолдану сақтандыру кұкықтық тек жалпы принциптері (қағидаттары) арқылы мүмкін болады.

Қағидаттар сақтандыру құқық жүйесінде əрқашанда бастапқы норма болып саналады. Сондықтан да басқа нормалар онымен жанама түрде көрініп, жалпы сипат алады, демек принциптер өзгелерден басым түседі. Принциптер сақтандыру-құқық өзгелерден басым түседі.

Принциптер сақтандыру - құқық нормаларының барлық жүйесін қамтып, басшылыққа алынады. Принциптер нормативтік мəнге ие болды жəне оны қолдану міндеттілікке айналды. Бұрын-соңды сақтандыру принциптер заң нормаларында арнайы термин немесе тиянақты тұжырымдама ретінде бекітілмеген еді, тек «сақтандыру заңдардың жалпы, негіздері мен мəнісіне байланысты» деген жалпылама тұжырымдарымен шектелетін. Қазіргі кезде сақтандыру құқық принциптері нормативтік роль атқарады.

А.И.Худяков сақтандыру құқық принциптерінің рөлі мен маңызы туралы былай деп тұжырымдайды: «Біріншіден, олар тікелей əрекет ететін нормалар түрінде кездеседі. Екіншіден, ол жаңа заңды жасау немесе бұрыңғы заң құжаттарын өзгерту кезінде ескеріледі. Үшіншіден, құқық ұқсастығын қолдану қажет болған жағдайда заң принциптері басшылыққа алынады. Төртіншіден, мұндай принциптер құқықтық нормалардың бастапқы мазмұнының немесе

шарт талаптарының тиісті жағдайларының мазмұнының түсіндірілуі жүзеге асырылғанда назарға алынуы тиіс. Бесіншіден, заң принциптеріне сүйене отырып, заң нормалары арасындағы қарама қайшылықты жоюдың жолдарын табуға болады, əрине, мұның өзі аталған жағдай кездескенде ғана қолданылады».

Осы мəселелерге орай оған екі жағдайды қосып айтуға болар еді: біріншіден, принциптер тек заң актілері жүйесінің сипатын көрсетіп қоймайды, сонымен қатар ол заңгерлердің сақтандыру құқықтағы құқықтарын да белгілейді. Екіншіден, сақтандыру құқық принциптері өзінің реттеу жүйесі арқылы бірқатар мемлекеттік құқықтық институттар мен нормаларды, яғни бірінші кезекте азаматтардың Конституциялық құқығын азаматтық құқықтар арқылы өзіне тəн тəсілдермен қорғауды нақтылай түседі.

    1. 1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   190


написать администратору сайта