Главная страница
Навигация по странице:

  • .[162] (Банковское дело / Под редакцией

  • [147-148]

  • құқық негіздері УМК. Высший инновационный колледж международных отношений


    Скачать 1.68 Mb.
    НазваниеВысший инновационный колледж международных отношений
    Дата21.06.2022
    Размер1.68 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлақұқық негіздері УМК.docx
    ТипДокументы
    #608877
    страница164 из 190
    1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   190

    Банктердің депозиттік операциялары


    Банктердің депозиттік операциялары. Депозиттік операциялар салымшылардың ақша қаражаттарын салымға тарту жəне оларды орналастыру жөнінде коммерциялық банктер тарапынан іске асырылатын операциялар. Депозит дегеніміз клиенттің ақша қаражаттарын уақытша пайдалану үшін банкке беру жөніндегі қатынастар.[162] (Банковское дело / Под редакцией проф. В.И. Колесникова, проф. Л.П. Кроливецкой. – Москва.: «Финансы и статистика», 1996. – 476 с.) Депозиттің ерекшелігі – оның екі жақтылығында. Біріншіден, депозит салымшылар үшін ақша қоры болып табылады. Екіншіден, депозиттік ақша пайызбен есептеледі. Депозиттің ақшадан басымдылығы - оның пайызбен есептелуінде, ал, кемшілігі капиталдан түсетін табыстың пайызымен салыстырғанда пайыздық табысы кем болады. Депозит банкке де, салымшыға да тиімді. Депозиттер банктің ссудалық капиталын құрайды. Депозит банктің жеке немесе заңды тұлғалардан ақша қаражаттарын қабылдап, депозиттік шоттарға орналастыру арқылы туындайды.

    Банктердің бағалы қағаздармен жүргізетін операциялары. Бағалы қағаздар нарығында банктер бағалы қағаздардың эмитенті ретінде, бағалы қағаздармен операцияларды жүргізгенде делдал ретінде бола алады жəне табыс табу мақсатында өзінің атынан бағалы қағаздармен операцияларды іске асыруға құқылы. Банктердің бағалы қағаздармен жасайтын өзіндік мəмлелері банктің ниеті бойынша банктің өзінің атынан жəне есебінен іске асырылады. Банктер табыс табу мақсатында қаражаттарын бағалы қағаздарға салады. [147-148] (Агарков М.М. Основы банкового права. Курс лекций. Издание 2-е. Учение о ценных бумагах. Научное исследование. Издание 2-е. – М.: Издательство БЕК, 1994. – 350 с.)

    Қазіргі уақытта ақша шаруашылық қатынастардың ажырамас бөлігі болып табылады. Сондықтан да, материалдық құндылықтарды тапсыру жəне қызмет көрсетумен байланысты барлық мəмлелер ақшалай есептесулермен іске аяқталады. Ақшалай есеп айырысу қолма-қол ақшамен де, қолма-қол ақшасыз да болуы мүмкін. Осы тұста банктердің атқаратын ақша төлемдерін жəне есептесуді іске асыру жөніндегі операцияларының маңызы зор. Банктік жүйенің

    дамуы жəне оның дамуына мемлекеттің мүдделі болуы қолма-қол ақшасыз есептесудің кең таралуына ықпал етеді.

    Əрбір клиенттің банкте өзінің шоты болады. Банкті жəне шоттар санын таңдау клиенттің қалауы бойынша жүзеге асырылады. Банктік тəжірибеде шоттардың бірнеше түрлері кездеседі. Банктік шоттарды шот бойынша атқарылатын операциялардың сипатына қарай жалпы жəне əмбебап шоттар деп бөлуге болады. Бұл шоттар субьектінің өкілеттігімен жəне операцияларды жүргізу тəртібімен ғана шектелген кез келген операцияны орындауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, ақшаның нысаналы мақсатта қолданылуын жəне осындай қолдануды бақылайтын субьектінің болуын көздейтін нысаналы мақсаттағы шоттар жəне арнайы шоттар болады.

    Есептесу шоты – шаруашылық қызметті іске асыру үшін арналған шот. Атаулы шот бойынша товарды өткізумен, товарды өндірумен қамтамасыз етумен, өндірістік жəне тағы да басқа шығындармен байланысты операциялардың барлығы жүзеге асырылады. Бұл шотқа табыстар аударылады, жалақы төлеу мақсатында, қажетті құрал-жабдықтар сатып алу үшін шоттан ақша алынады, салықтар мен басқа да міндетті төлемдер төленеді.

    Ағымдағы шоттар – кəсіпкерлік қызметті іске асырмайтын коммерциялық емес заңды тұлғаларды. өкілдіктерді, құрылымдық бөлімшелерді қаржыландыруға арналған шоттар. Ағымдағы шот ақшаны сақтауға жəне оны иеленушінің нысаналы қаржыландыруды, есептесу жөніндегі операцияларды жүзеге асыруы үшін арналған.

    Бюджеттік шоттар – мемлекеттік бюджеттен белгілі бір қызмет түрлерін іске асыру үшін кəсіпорындар мен ұйымдарға ақша қаражаттарын бөлген кезде ашылатын шоттар. Атаулы шоттардың негізгі екі белгісі болады: жұмсалуын жалпы ереже бойынша ақша иесі немесе міндет жүктелген тұлға бақылап отыратын ақшаның нысаналы мақсатының болуы; шоттың шектеулі мерзімінің болуы, сəйкесінше мерзім аяқталған соң шот жабылады жəне жұмсалмай, шотта қалған ақша қаражаты бюджетке қайтарылады.

    1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   190


    написать администратору сайта