Главная страница
Навигация по странице:

  • [111]

  • құқық негіздері УМК. Высший инновационный колледж международных отношений


    Скачать 1.68 Mb.
    НазваниеВысший инновационный колледж международных отношений
    Дата21.06.2022
    Размер1.68 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлақұқық негіздері УМК.docx
    ТипДокументы
    #608877
    страница161 из 190
    1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   190

    Банктік заңнама


    Банктік құқықтық қатынастар арнайы банктік заңнамамен, сондай-ақ, банктік құқыққа қарағанда бастапқы деп саналатын заңнама салаларымен (конституциялық, азаматтық, əкімшілік жəне т.б) реттеледі.

    Банктік заңнама кешенді құқық саласы болып табылады жəне осы тұрғыда Қазақстандық заңнама жүйесінде банктік жүйенің қызметінің барлық жағын кешенді құқықтық реттеу үшін əр түрлі құқық салаларының нормаларын қолданатын ерекше құрылымды білдіреді.

    Банктік заңнама банктік қызмет аясындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін жəне өзара əрекеттестікте болатын заңнамалық актілер мен жекелеген нормативтік құқықтық нұсқаулардың жиынтығын білдіреді.

    Банктік құқық – құқықтық нормалардың ғана емес, өзара əрекеттестікте болатын, орталық орынды ала отырып жəне тұтастай банктік құқық пен оның жекелеген элементтерінің, сондай-ақ, жүйе ретіндегі банктік құқық пен басқа да əлеуметтік жүйелердің арасындағы байланысты қамтамасыз ете отырып, жүйені қалыптастырушы фактордың ролін атқаратын құқықтық идеялардың, институттардың, анықтамалардың, сондай-ақ, банктік құқық қағидаттарының жиынтығы. Элементтері нормативтік құқықтық актілер мен құрылымдық бөлімшелер болып табылатын банктік заңнамамен салыстырғанда, банктік құқықтың элементтері құқықтық реттеу пəні жəне əдістері болып табылады.

    Үшінші. Банктік құқықтық қатынастар жария-құқықтық жəне жеке- құқықтық реттеу көзделген аралас сипатқа ие. Бұл мемлекеттің экономикаға араласуы нəтижесінде болады, нəтижесінде мүліктік қатынастарды реттеу аясында əкімшілік норма шығармашылықтың, экономиканы мемлекеттік

    басқару органдарының императивтік сипаттағы нұсқауларының ролі арта түседі.

    Төртінші. Банктік құқықтық қатынастар көптеген жағдайда ақша қаражаттары жөнінде туындайды. Алайда, «барлық уақытта ақша жөнінде туындайтын» қаржылық қатынастарға қарағанда, банктік құқықтық қатынастар, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес, ақшаға емес,

    «валюталық құндылықтар» ұғымына біріктірілген бағалы қағаздар, құнды металдар, бағалы тастар, сондай-ақ, банктік құпияны құрайтын мəліметтер жөнінде туындауы мүмкін.

    Сəйкесінше, банктік құқықтық қатынастардың туындауы мүмкін деген обьектілер қатарына ақшаны, бағалы қағаздарды жəне валюталық құндылықтарды, сондай-ақ, банктік құпия режимінің ықпалында болатын ақпараттарды қамтитын заттар жатады.

    Демек, банктік құқықтық қатынастардың ерекше белгілерінің бірі азаматтық жəне қаржылық құқықтық қатынастардың обьектілеріне тəн ортақ белгілерінің болуына қарамастан (құқықтық қатынастардың үш түрі де, бірінші кезекте, мүліктік құқықтық қатынастар болып табылады), оларға сəйкес келмейтін, оның обьектісінің ерекшелігінде.

    Банктік құқықтық қатынастарда тараптардың бірі міндетті түрде несиелік ұйым немесе банк болады.

    Егер азаматтық құқықтық қатынастар - мүліктік қатынастар, яғни, субьектілері өз бетінше жəне тəуелсіз өз еркін қалыптастыратын қатынастар болса, қаржылық (əкімшілік) құқықтық қатынастар мемлекеттік билік- мүліктік қатынастар, яғни, құқықтық қатынастың тараптарының біреуінде еркі білдіру мүмкіндігі болмайтын қатынастар болады, ал, банктік құқықтық қатынастарда субьектілердің ерік білдіруі бар, бірақ, ол, əдетте, сандық спаттамасы бар, қандай да бір ережелермен шектеулі болады. Осылайша, банктік құқықтық қатынастардың міндетті субьектілерінің тиісінше нормативтік құқықтық актілермен бекітілген, нақты анықталған шектерде ғана өздерінің еркін ерікті түрде қалыптастыру мүмкіндігі бар. Құқық субьектілері өз еркін заңмен көзделген шектерде қалыптастыруға ерікті деп айтуға болатын азаматтық құқықпен салыстырғанда, банктік құқықта субьектілер үшін бекітілген шектеулер, əдетте, нақты анықталған сандық мəнге ие болады.

    Осылайша, банктік құқықтың ерекшелігін анықтайтын, банктік құқықтық қатынастардың міндетті белгісі оның міндетті субьектілерінің ерік білдіруі болып табылады.

    Банктік құқық дегеніміз - банктерді ұйымдастыру жəне олардың қызметін реттеуге бағытталған құқықтық нормалардың жиынтығы.

    Банктік құқықтың пəнін ҚР банктік жүйесін қалыптастыру, оның қызмет етуі жəне оны дамыту барысында, соның ішінде, Қазақстан банктерінің жəне несиелік ұйымдарының банктік қызметті іске асыруы барысында туындайтын

    қоғамдық қатынастар, сондай-ақ, азаматтардың, ұйымдар мен мемлекеттің мүдделеріне қарай мемлекеттік органдар тарапынан Қазақстанның банктік жүйесін реттеу барысында туындайтын қоғамдық қатынастар құрайды. [39] (Тосунян Г.А., Викулин А.Ю., Экмалян А.М. Банковское право Российской Федерации. Общая часть: Учебник / Под общ. ред. акад. Б.Н. Топорнина. – М.: Юристъ, 1999. 448 с.)

    Құқықтың қағидаттары тиісінше құқық жүйесінің дамуының өзіндік бағыт- бағдар жүйесі жəне осы саланың даму бағытын анықтайтын ережелер болып табылады.

    Банктік қызмет кəсіпкерлік қызметтің бір түрі болып табылады, осыған байланысты, атаулы қызметті реттейтін құқық тұтастай кəсіпкерлік қызмет үшін ортақ болып табылатын қағидаттармен, банктік қызмет үшін ерекше тəн болып табылатын қағидаттармен сипатталады.

    Соның ішінде, банктік қызмет үшін ерекше тəн болып табылатын қағидаттарға

    ҚР банктік жүйесінің ұйымдық-құқықтық құрылымының жəне дамуының қағидаттары; Банктік жүйенің қызмет етуі барысында банктік қызметті іске асыру тəртібін анықтайтын қағидаттар жатады.

    Осылайша, банктік құқық құқық саласы ретінде қоғамның өмірінің субьективтік аясының элементі ретінде құқықтық санаға, моральға, салт- дəстүрге тəн идеялар мен ойларды ғана білдірмейді, құқықтық қана емес, экономикалық мазмұны да бар, сондықтан да, заңмен көзделген немесе оның ережелерінен туындайтын жəне мемлекеттік биліктің күшімен қолдап отырылатын, жеке тұлғалардың ой-көзқарасынан тəуелсіз, тұрақты сырттай обьективтік жүйе ретінде болады. [111] (Тосунян Г.А., Викулин А.Ю., Экмалян А.М. Банковское право Российской Федерации. Общая часть: Учебник / Под общ. ред. акад. Б.Н. Топорнина. М.: Юристъ, 1999. 448 с.)

      1. 1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   190


    написать администратору сайта