құқық негіздері УМК. Высший инновационный колледж международных отношений
Скачать 1.68 Mb.
|
Банктік құқықтық қатынастарБанктік құқықтық қатынастар келесідей арнайы белгілердің жиынтығы арқылы анықталады: а) арнайы субьектінің – банктің немесе несиелік ұйымның болуы; б) арнайы обьектінің – қаржылық құралдардың болуы; в) банктік құқықтық қатынастар арқылы мемлекеттің ақшалай-несиелік саясатының іске асырылу, яғни, құқықтық қатынастың нысандарын жəне оларды іске асырудың ережелерін анықтауда тараптардың ерік білдіру бостандығының болмауы, сондай-ақ, осы құқықтық қатынастарға мемлекеттің тікелей немесе жанама түрде қатысуы. Субьектілердің құрамына қарай банктік құқықтық қатынастардың келесідей түрлері болады: а) екінші деңгейдегі банктер мен клиенттер арасындағы қатынастар; б) екінші деңгейдегі екі банктің арасындағы банктік операцияларды іске асыру жөніндегі қатынастар (яғни, коммерциялық банктер арасындағы); в) ҚР ҰБ мен екінші деңгейдегі банктер арасындағы қатынастар; г) екінші деңгейдегі банктер арасындағы одақтар, ассоциациялар, клирингтік палаталар жəне басқа да туынды құрылымдар құру жөніндегі – мүшелік құқықтық қатынастар; д) ҚР ҰБ мен үкімет арасындағы өзара өкілдік қатынастары; е) ҚР ҰБ мен жоғарғы өкілетті билік органдары (яғни, ҚР Парламенті) арасындағы тағайындау жəне есеп беру қатынастары. Сондай-ақ, банктік құқықтық қатынастар банктік операциялардың сипатына қарай топтастырылуы мүмкін, яғни, банк борышқор ретінде қатысатын пассивтік банктік операциялар – банктік шот шарты, бағалы қағаздарды шығару; банк несие беруші ретінде қатысатын активтік банктік операциялар - несиелік шарттар жəне ақшалай талапты беріп қаржыландыру шарты; делдалдық банктік операциялар – есеп айырысу жөніндегі құқықтық қатынастар; қосалқы банктік операциялар – ақпараттық жəне басқа қызмет жөніндегі құқықтық қатынастар деп топтастырылады. Мазмұнына қарай құқықтық қатынастар келесідей тəртіпте топтастырылуы мүмкін: а) мүліктің бір түрі ретінде ақшалай қаражаттармен байланысты мүліктік қатынастар; б) банктік құпия режимін қамтамасыз етумен, қандай да бір атауларды, банктің іскерлік беделін қорғауды, рейтинг тағайындаумен байланысты мүліктік емес қатынастар; в) банктің жəне тұтастай банктік жүйенің ішкі ұйымдық құрылымын қалыптастырумен байланысты ұйымдастырушылық қатынастар. Банктік құқықтық қатынастардың туындау негіздеріне мыналар жатады: а) заң нормасы (мысалы, мемлекеттің ақша-несие саясатын іске асыру немесе міндетті қорларды қалыптастыру барысында); б) əкімшілік акт (мысалы, лицензия беру немесе қайтарып алу); в) шарт немесе біржақты мəмле; г) зиян келтіру. Банктік құқықтық қатынастардың субьектілік құрамы жоғарыда аталғандардың барлығымен анықталады жəне келесідей бірнеше деңгейлерге бөлуді көздейді: а) банктің клиенттері – азаматтар, заңды тұлғалар, олардың жекелеген бөлімшелері, басқа да ұйымдар; б) несиелік ұйымдар, бəрінен бұрын, банктер; в) банк ретінде, мемлекеттік атқарушы билік органы жəне банктік жүйенің орталығы ретінде қатысатын ҚР Ұлттық банкі; г) туынды банктік құрылымдар – банктік одақтар, ассоциациялар, лигалар, концерндер, клирингтік палаталар; д) банктік қызметті мемлекеттік реттеу жəне банктік жүйемен өзара қатынасы функцияларын іске асыратын билік органдары. [22-23] (Алексеева Д.Г., Пыхтин С.В., Хоменко Е.Г. Банковское право. М.: Юристъ, 2003. – 480 с.) Қазіргі банктік жүйені жəне банктік қызметті реттейтін банктік құқықты жетілдіру – елімізде жүргізіліп жатқан экономикалық қайта құрулардың сəттілігінің қажетті шарты болып табылады. Экономикалық реформаларды іске асыру жəне сəтті аяқтау үшін банктік жүйенің айрықша маңыздылығымен шартталатын осындай саланың жеке-дара құқықтық реттелуіне қоғамдық қажеттіліктің мемлекеттік мүдденің жəне атаулы құқық саласымен реттелетін қоғамдық қатынастардың ерекшелігін көрсетумен шартталатын жекелеген құқықтық реттеу пəнінің болуы, ерекше құқықтық реттеу əдісіне деген қажеттілік, құқықтың ерекше қайнар көздерінің болуы немесе оларға деген қажеттілік, атаулы құқық саласының қағидаттарының Конституциялық жəне заңнамалық бекітілуі, ұғымдар мен санаттардың ерекше жүйесінің болуы секілді мəн-жайлардың негізінде банктік құқық құқық жүйесінде жеке – дара құқық саласы ретінде сипатталады. Демек, Қазақстан Республикасының банктік құқығы құқық саласы ретінде Қазақстан Республикасының банктік жүйесін қалыптастыру, оның қызмет етуі жəне оны дамыту барысында, соның ішінде, ҚР Ұлттық банкі мен басқа да мемлекеттік билік органдары, сондай-ақ, одақтар, ассоциациялар жəне несиелік ұйымдар тарапынан банктік қызметті реттеу барысында туындайтын қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы. Банктік құқық əр түрлі құқық салаларының нормаларынан құралады жəне əр түрлі құқық салаларының құқықтық реттеу əдістері қолданылады. Сондықтан да, ол кешенді құқық саласы болып табылады. ҚР Ұлттық банкінің жəне несиелік ұйымдардың өздерінің функцияларын іске асыруы барысында туындайтын қоғамдық қатынастарды көптеген жағдайда конституциялық, азаматтық, əкімшілік, қаржылық жəне басқа құқықтық қатынастарға жатқызуға болады. Банктік құқықтық қатынастар – банктік заңнама нормаларымен реттелген, əлеуметтік өзара əрекеттестіктің кешенді нысанын білдіретін, қатысушылары өзара заңды құқықтар мен міндеттерді иелене отырып, осы нормалардағы, банктік қызметті іске асыру жөніндегі нұсқауларды орындауға міндетті болатын қоғамдық қатынастар. [22-23] (Тосунян Г.А., Викулин А.Ю., Экмалян А.М. Банковское право Российской Федерации. Общая часть: Учебник / Под общ. ред. акад. Б.Н. Топорнина. – М.: Юристъ, 1999. – 448 с.) Банктік құқықтық қатынастардың өзіндік ерекше белгілері болады. Банктік құқықтық қатынастардың айрықша ерекшеліктеріне нақты ықпал ететін ерекше белгісі банктік құқықтық қатынастардың банктік қызметті іске асыру барысында туындауымен түсіндіріледі. Банктік қызметті адамның қызметінің ерекше түрі ретінде бөліп қарастыру, жоғарыда атап кеткеніміздей, банктік құқықтың жеке құқық саласы ретінде қалыптасуы туралы айтуға негіз болады. |