Главная страница
Навигация по странице:

  • (Банковское

  • құқық негіздері УМК. Высший инновационный колледж международных отношений


    Скачать 1.68 Mb.
    НазваниеВысший инновационный колледж международных отношений
    Дата21.06.2022
    Размер1.68 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлақұқық негіздері УМК.docx
    ТипДокументы
    #608877
    страница162 из 190
    1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   190

    Банктік құқықтың əдістері


    Банктік құқықтың əдістері дегеніміз банктік құқықтың пəні болып табылатын қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуді жүзеге асыратын құқықтық əдістердің, тəсілдердің жəне құралдардың жиынтығы.

    Қатысушыларының (тараптардың келісімі бойынша, мемлекеттік актінің күшімен) құқықтары мен міндеттерінің өзара байланысының арнайы əдісімен анықталатын, құқықтық қатынас субьектілерінің құқықтық жағдайы; құқықтық қатынас субьектілерінің іс-əрекетінің сипаты (ерік білдіру жəне т.б.); субьектілерінің бір-біріне қатысты мəртебесіне қарай анықталатын қатынастың мазмұны; құқықты қорғау əдістері жəне құқықтық қатынас субьектілерінің міндеттерін орындауды қамтамасыз ету құралдары (санкциялар жəне оларды қолдану тəртібі) банктік құқықтың құқықтық реттеу əдісінің құрылымдық

    элементтері болып табылады жəне сəйкесінше банктік құқықтың құқықтық реттеу əдісінің ерекшеліктерін сипаттайды.

    Банктік құқықта құқықтық реттеудің азаматтық-құқықтық, жария- құқықтық жəне кешенді құқықтық реттеу əдістері қолданылады.

    Азаматтық-құқықтық реттеу əдісі əдебиетте диспозитивтік реттеу, бағыт- бағдар, тараптардың ерік білдіру əдісі, диспозитивтік əдіс деп əр түрлі аталады.

    Азаматтық-құқықтық реттеу əдісіне: құқықтық қатынастарға қатысушылардың тең құқылығы; құқықтық қатынастарға қатысушылардың, субьектілерінің тұлғаның өз мүддесіне сəйкес ерік білдіруін қалыптастыруын жəне құқықтарын іске асыруын білдіреді. Олардың ісіне араласуға немесе кедергі жасауға жол берілмейді. Атаулы жағдайда заңды тұлғаның заңмен кепілдік берілген, өз қалауы бойынша субьективтік құқығына билік етуге, оны іске асыруға, басқа субьектіге тапсыруға немесе беруге немесе қандай да бір құқығын мүлдем жүзеге асырмауға мүмкіндігі туралы айтылып отыр; құқықтық қатынастарға қатысушылардың өзіне тиесілі мүлікке өз бетінше билік етуімен, өз міндеттемелері бойынша жауапкершілік атқаруымен, құқыққа қайшы əрекеттерімен келтірілген шығынды өтеумен түсіндірілетін өз бетінше əрекет етуі; Субьектілердің заң шеңберінде тəртіптің алуан түрлі амалдарын баламалы таңдау мүмкіндігі секілді ерекшеліктер тəн.

    Жария-құқықтық реттеу əдісін əдебиетте императивтік əдіс, субординация əдісі, авторитарлық əдіс деп атайды. Атаулы əдіс бір тараптың екінші тарапқа əкімшілік немесе басқа да билік-бағынуына негізделеді.

    Бұл əдіске сəйкес құқықтық қатынастар «тапсырма-орындау» қағидаты бойынша қалыптасады жəне жүзеге асырылады. Міндетті шешімдерді қабылдау субьектісі (Қазақстан Республикасының Ұлттық банк жəне басқа да мемлекеттік органдар) осы шешім бағытталған тараптармен келісім негізінде байланысты болмайды; билік, басқару жəне басқа функцияларды атқаратын субьектілер оларға берілген өкілеттік шеңберінде өз қалауы бойынша əрекет етеді; нормалардың міндеттеуші сипаты (тиісінше органның міндеттерін, функцияларын, өкілеттіктерін белгілейтін акт қабылданғанда) немесе нақты нұсқау мəніне ие болады (яғни, құқықтық маңызы бар қандай да бір іс- əрекетерді орындау жөніндегі тапсырмалар); жалпы немесе нақты түрдегі тиым салу нормалары құқыққа қайшы тəртіптің шеңберін анықтап, осындай тəртіптен құқық субьектілерінің алдын алу көзделетін, қандай да бір іс-əрекетерге тиым салу болып табылады.

    Осылайша, банктік құқықтың пəнінің ерекшелігі бастапқы құқықтық реттеу əдісімен қатар, банктік құқықтың пəнін құрайтын, алуан текті, бірақ, ерекше құқықтық тұтастық түрінде біріктірілген қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуді іске асыратын құқықтық əдістер мен құралдардың үйлесімділігін білдіретін тағы да бір əдістің болатындығын көрсетіп отыр. [6- 7](Агарков М.М. Основы банкового права. Курс лекций. Издание 2-е.
    Учение о ценных бумагах. Научное исследование. Издание 2-е. М.: Издательство БЕК, 1994. 350 с.)
    Банктік құқықтың кешенді құқықтық реттеу əдіс құқықтық реттеудің азаматтық-құқықтық жəне жария-құқықтық əдістеріне тəн жекелеген белгілерді біріктіреді.

    Банктік құқықтың кешенді құқықтық реттеу əдісін: құқықтық қатынастарға қатысушылардың мүліктік еріктілігі; құқықтық қатынастардың қатысушыларына ықпал етудің жанама əдістерінің (экономикалық) басым қолданылуы. Бұл əдістер банктік құқық субьектілері үшін жағымды жағдайды қалыптастыруға, оларды іске асыру үшін өкілдік беруге, кең, бірақ, анағұрлым нақты анықталған əрекеттер шеңберін; белсенді қызметке ынталандыруға жəне банктік қызметті іске асыру барысында тиімді амалдарды таңдауға мүмкіндік береді; нормативтік құқықтық актілерді қабылдау арқылы тиісінше қоғамдық қатынастарды реттеу мен азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттарды жасаудың үйлесімділігі анықтайды.

    Банктік құқықтың құрылымы

    Банктік құқық құқық саласы ретінде біртұтас Қазақстандық құқық жүйесіне кіреді жəне өз кезегінде мақсаттары, міндеттері жəне функцияларының біртұтастығымен біріктірілген, тəртіпке келтірілген жəне өзара байланысты құқықтық нормалардың жүйесін білдіреді. Кез келген жүйе секілді банктік құқықтың ішкі құрылысы, өзіндік құрылымы бар, яғни, көптеген құрамдас элементтерден жəне олардың арасындағы өзара байланыстан құралады.

    Банктік құқықтың негізгі мазмұнын анықтайтын құрылымының бастапқы элементі банктік қызметті, банктік жүйенің құрылымын, қызмет етуін жəне дамуын реттейтін жекелеген нормативтік заң ережелері (нормалар, нұсқаулар) болып табылады. (Банковское право: учебник для студентов вузов, обучающихся по специальностям «Юриспруденция», «Финансы и кредит»
    1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   190


    написать администратору сайта