Главная страница
Навигация по странице:

  • Банктік

  • [36] (Олейник О.М. Основы

  • [37] (Олейник О.М. Основы банковского права: Курс лекций.

  • құқық негіздері УМК. Высший инновационный колледж международных отношений


    Скачать 1.68 Mb.
    НазваниеВысший инновационный колледж международных отношений
    Дата21.06.2022
    Размер1.68 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлақұқық негіздері УМК.docx
    ТипДокументы
    #608877
    страница159 из 190
    1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   190

    Банктік құқықтық қатынастар


  • Банктік заңнама
  • Банктік құқықтың əдістері


  • Банктік құқықтың жүйесі. Банктік құқықтың қайнар көздері
  • Банктердің депозиттік операциялары





      1. Банк құқығының түсінігі, элементтері, банк құрылымы

    Құқық қоғамның қажеттілігіне, онда болып жатқан қатынастардың сипатына қарай туындайды, өзгереді жəне жетілдіріліп отырады. Құқықтың мазмұны қоғамның дамуының нақты əрбір кезеңіндегі құқықтық құбылыстарды сипаттайтын əлеуметтік-экономикалық процестермен анықталады. Банктік құқық дегеніміз қаржылық құралдардың айналымы аясындағы құқықтық қатынастарды реттейтін нормалар мен институттар жүйесі. Бұл нормалар мен институттар өз кезегінде əр түрлі құқық салаларына қатысты алуан түрлі нормативтік актілермен көзделген.

    Қазақстан Республикасының банктік құқығы жария-құқықтық жəне жеке- құқықтық нормаларды қамтиды. Ол жария жəне жеке мүдделердің үйлесімділігі негізінде, банктік жүйені құру барысында туындайтын, сондай-ақ, айналым құралы жəне товар ретінде қаржылық құралдардың қозғалысы жөнінде банктердің қатысуымен болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар мен институттардың жүйесін білдіреді.

    Қазіргі уақытта банктік құқық экономика аясындағы қатынастарды реттей отырып, жеке – дара құқық саласы ретінде қалыптасқан. Бір сөзбен айтқанда, банктік құқық бірқатар негізгі құқық салаларына тəн белгілер мен əдістердің үйлесімділігін қамтитын құқық саласына айналып отыр.

    Банктік құқық келесідей элементтерден тұрады:

    а) нормативтік құқықтық актілердің банктік құқықтық қатынастарға қатысушылардың мəртебесін жəне құқықтық қатынастар іске асырылатын банктік қызметті іске асыру тəртібін анықтайтын құқықтық нормалар;

    б) банктік айналымның іскерлік дəстүрлері, яғни, банктік қызметті жəне құқықтық қатынастарды іске асыру барысында қалыптасқан ережелер мен тəртібі;

    в) банктік құқықтық тəжірибе жəне құқықтық нысанда сипатталған мəдениет;

    г) сот шешімдерінде көзделетін банктік сот тəжірибесі;

    д) банктік құқықтық ойлау. [33-34] (Олейник О.М. Основы банковского права: Курс лекций. – М.: Юристъ, 1997. – 424 с.)

    Банктік құқықтың арнайы құралдарына:

    а) өңделген қағидаттар жүйесі;

    б) кең көлемде енгізілетін іскерлік айналым дəстүрлері;

    в) диспозитивтілікті, яғни, құқықтық қатынастарға қатысушылардың материалдық-құқықтық нормалардағы теңдігі;

    г) банктік қызмет аясында туындайтын құқықтық қатынастарды субьектілері жəне обьектілері бойынша дифференциациялау;

    д) банктік тəуекелдерді сақтандыру нормалары;

    е) тəуекелдерді анықтаудың құқықтық нысандары;

    ж) банктік қызмет субьектілерін қорғау жөніндегі нормалар; з) əкімшілік-ұйымдастырушылық нормалар;

    и) процедуралық нормалар;

    к) стандарттар жəне тағы басқалар жатады. [36] (Олейник О.М. Основы банковского права: Курс лекций. М.: Юристъ, 1997. 424 с.)

    Банктік құқықтың үздік жəне тəртіпке келтірілген құрылымы мыналарды қамтиды:

    а) банктік жүйенің құрамын жəне элементтерін, оның деңгейлерін, құрылымын, ішкі қарым-қатынас жəне функцияларды бөлу қағидаларын анықтайтын нормалар;

    б) атқарушы жəне сот билігінің банктерді бақылау жүргізуі туралы нормалар;

    в) банктердің құқықтық мəртебесін, оларды құру тəртібі мен процедурасын (банктерді лицензиялау жəне тіркеу, банктің жарғысы, жарғыны өзгерту, маңызды шешімдерді, дəлірек айтар болсақ, банктің жарғылық қорын өзгерту, акциялар шығару, банктерді қосу, банктердің қызметін тоқтату туралы шешімдер) бекітетін нормалар;

    г) банктерді басқару органдары туралы жəне банк акционерлерінің мүдделерін есепке алу туралы нормалар;

    д) банктер қолданатын мүлік туралы, банктің құқықтық режимі жəне өзіндік құқықтары туралы нормалар;

    е) банктік операциялар жəне мəмлелер жəне құқықтық əрекеттер туралы нормалар;

    ж) банктің клиенттері жəне үшінші мүдделі тұлғалар туралы, олардың құқықтық жағдайы, құқықтары мен заңды мүдделері туралы нормалар;

    з) банктік құқықтық қатынастардың субьектілерінің жауапкершіліг туралы нормалар. [37] (Олейник О.М. Основы банковского права: Курс лекций. – М.: Юристъ, 1997. 424 с.)

      1. 1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   190


  • написать администратору сайта