құқық негіздері УМК. Высший инновационный колледж международных отношений
Скачать 1.68 Mb.
|
Салықтың түсінігі. ҚР Заңдарына сəйкес салықтардың түрлеріСалықтар - тауарлы өндіріспен бірге, қоғамның топқа бөлінуімен жəне мемлекеттің пайда болуымен, оған əскер, сот, қызметкерлер ұстауға қаражаттың қажет болуынан пайда болады. Салықтың мəні мемлекет өз пайдасына жалпы ішкі өнімнің белгілі мөлшерін нақтылы жарна ретінде алып қалады. Салықтар мемлекеттің өмір сүруінің негізі болып саналады. Мемлекетті ұстау үшін, халықтың ақшалай немесе натуралдық формада тұрақты түрде төлейтін жарналары қажет болады. Адамзаттың даму тарихында салықтың нысандары мен əдістері мемлекеттің сұранымдары мен қажеттеріне қарай бейімделіп, өзгерістерге ұшырап отырды. Салықтар тауар-ақша қатынастарынан тыс қолданылады. Натуралдық салықтардың мөлшері мен түрі нақты жергілікті жағдайларға бағынған. Мысалы: 1 адамнан 1 құндыз терісі немесе 10 пұт тұз жəне т.б. алынған. Тауар- ақша қатынастарының нығаюымен натуралды салықтың рөлі айтарлықтай азайды. Дегенмен, олар соңғы уақытқа дейін пайдаланылады. Егер екі мемлекет бір-бірімен соғыс жүргізсе, жеңген мемлекет жеңілген мемлекеттің барлық байлығын тонап алады, болмаса белгілі бір мөлшерде салық салып отырады. Салықтарға экономикалық əдебиеттерде əр түрлі анықтама мен түсініктеме берілген. Мəселен, Салық кодексінде «Салықтар-мемлекет біржақты тəртіппен заң жүзінде белгіленген, белгілі бір мөлшерде жүргізетін, қайтарымсыз жəне өтеусіз сипатта болатын бюджетке төленетін міндетті ақшалай жарналар» деп атап көрсетілген. Салық- заңды актілерге сəйкес салық төлеушілермен жүзеге асырылатын бюджетке төленетін міндетті төлем. Салық- белгілі бір объектілерден төленетін төлем. Салық дегеніміз- белгілі бір мерзімде жəне белгілі бір көлемде алынатын, заң бойынша қарастырылған міндетті төлемдер. Салықты басқа да төлемдерден ажырата білуіміз керек. Себебі, салық белгілі бір объектілерден (табыс, мүлік, тауар, жер,көлік, мұра) төленеді. Сонымен қатар салықты төлеудің өзіндік бір мерзімі болады (салық кезеңі- бір күндік, он күндік, айлық, тоқсандық, жылдық) жəне белгілі бір көлемде немесе мөлшерде (салық ставкасы) алынады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджнтіне салықтардың меншікті салмағы 70 пайыздан құрайды. Салықты материалдық тұрғыдан алғанда- бұл, салық төлеушінің белгілі бір мерзімде жəне белгіленген тəртіпте мемлекетке беретін белгілі бір ақша сомасы болып табылады (салық наруралдық тұрғыда материалдық құндылық болып саналады). Салықтың материалдық белгісі - салық төлеуші белгілі бір соманы мемлекетке міндетті түрде беруі болып келеді. Материалдық салықтың қатынастар - ақшалай қатынастар, өйткені ол ақша қаржыларының салық төлеушіден мемлекеттік ақша қорларына жылжуы дегенді білдіреді. Экономикалық категория тұрғысынан қарағанда салық - салық төлеушілерден мемлекетке қарай белгілі бір мөлшерде, белгілі бір мерзімде жəне белгіленген тəртіпте бір бағыттағы ақшаның қозғалысы болып саналады. Ал, құқықтық тұрғыдан қарайтын болсақ, бұл мемлекеттік бекітілім, яғни тұлғалардың мемлекетке белгілі бір ақша сомасын беруін (төлеуді) көздейтін міндеттеме. Салық құқығы - мемлекеттің салықтық əрекеті процесінде пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Салық материалдық тұрғыдан белгілі бір ақша сомасын (ақшалай нысанда) немесе салық төлеушілердің мемлекетке беруі тиіс белгілі бір заттардың санын (натуралдық заттай нысанда) білдіреді. Сонымен салықтардың мазмұны мынадай: Материалдық категория жағынан — бұл белгілі бір ақша сомасы болса; Экономикалық категория ретінде – бұл мемлекеттің табысы; Заңдық категория жағынан, бұл заң жүзінде белгіленген міндеттеме болып табылады. Салықтың экономикалық белгілері ретінде келесі көрсетілгендерді атауға болады: Салық – мемлекетке тиесілі қоғамдық жиынтық өнімді бөледі; Салық – ақшалай нысанды төленеді; Салық – қайтарылмайтын төлем болып табылады: Салық – баламасыз сипатта болады; Салық – салықты төленген кезде меншік нысандары айқындалады; Салық – тұрақты экономикалық қатынас туғызады; Ал, енді осы белгілердің мазмұнын тереңірек қарастырайық. 1.Салық – мемлекетке тиесілі қоғамдық жиынтық өнімді бөледі. Мемлекеттік аппарат мемлекетке тиесілі ақша сомасын өндірмейді. Сондықтан мемлекет жеке жəне заңды тұлғаларға салық салу арқылы қажетті соманы өндіріп алып отырады. Мұның экономикалық сипаттамасы мемлекет салықты белгілеу жəне өндіріп алу арқылы өндірілген қоғамдық жиынтық өнімнің бір бөлігін өзіне тиесілі сома ретінде айналдырып алады. Бұл жерде салық қатынасы бөлуші сипатта болады. Салық – ақшалай нысанды төленеді. Натуралдық нысанда төленуі де мүмкін. Мəселен, ауыл шаруашылығы саласында жиналған өнімнің бір бөлігі салық ретінде төленеді. Салық кодексінде салық ақшалай нысанда төленуі тиіс деп атап көрсетілген. Салық – қайтарылмайтын төлем болып табылады. Салықты төлеген кезде ақша тек бір бағытта ғана қозғалады, яғни салық төлеушіден мемлекетке бағытталады. Мұның қайтарымды төлемдерден (мысалы, мемлекеттік қарыз) айырмашылығы: Біріншіден,ақша салық төлеушілерден мемлекетке қарай қозғалады; Екіншіден, кері қайтады, яғни мемлекеттен салық төлеушілерге бағытталады (қайтарылады). Ал, қайтарымсыздық дегеніміз - ақшаның мерзімсіз алуды білдіреді, яғни ол соманың қашан қайтатыны белгісіз. Салық –баламасыз сипатта болады. Салық құнның ақшалай нысанда бір бағытта қозғалысын айқындайды, төленген салыққа қарсы тауар түрінде болса да қозғалыс жоқ. Толығырақ айтқанда, салық қандай да бір тауарға, немесе мемлекеттік қызметке төлем болып есептелмейді, яғни ақшаның өтеусіз алынуын көрсетеді. Сондықтан салық – баламасыз төлем болып табылады. Салықты төлеген кезде меншік нысандары айқындалады. Салық төленген кезде меншік нысандары ақша қаражаттарына, немесе материалдық құндылықтарда жеке меншіктен мемлекеттік меншікке өтеді (ауысады). Анығын айтқанда, салық салу мемлекетке тиесілі меншіктерді иеліктен шығарады,ал меншік иелері арасындағы туындайтын салық қатынастарында мемлекет жеке меншіктен мемлекеттік меншікке салық төлемдерінде меншік құқықтарын өзгерте алады. Салық – тұрақты экономикалық қатынас туғызады. Салықты белгілеуде тұрақты салық қатынастары пайда болады. Тұрақтылықты мынадан байқауға болады, яғни салық жеке түрде емес, нормативті құқықтық актілермен белгіленеді. Мəселен, бір тұлғаның нақты салық салу объектісі бар болса, ол салық міндеттемелерін орындаушы болып табылады. Салық қатынастарының тұрақталығы салық төлеу арқылы жүйелі төлемдерге алып бармауы тиіс. Кейбір салықтарда салық төлеушілер үшін салық төлеу жеке төлемдік сипатта болады (мысалы, мүлік салығы жеке азаматтар жылына бір рет төлейді) немесе кейде кенеттен салық төлеу сипаты пайда болады (мəселен, ойламаған жерден жасаған жұмысына жалақы алады). Азаматтардың мүлік салығын төлеген кезде, оның салық қатынастары қысқартылмайды, қайта салық төлеушілердің ағымдағы кезеңде төлеген салықтарымен қоса, келесі салық кезеңдерінде де салық төлеуге міндетті болады. Бұл процесс салық төлеушілердің меншік иесі ретінде құқынан айырылғанға дейін жалғасы таба береді. Сонымен қатар салықтың құқықтық бірнеше белгілері бар, атап айтқанда: Салықты –мемлекет немесе уəкілдік берілген мемлекеттік орган белгілейді; Салық – құқықтық нысанда жүзеге асады; Салық – мемлекеттің бір жақты белгіленімі болып табылады; Салықты белгілеу арқылы салық міндеттемесі туындайды; Салық – мəжбүрлеме сипатта болады; Салық төлеу арқылы ақшаны алу құқықтық сипатта жүзеге асырады. Салықтың осы құқықтық белгілеріне кеңірек тоқталып өтейік. Салықты тек мемлекет қана белгілейді. Мемлекеттік органның ешбір салықты бекітуге жəне енгізуге құқық жоқ. Салық- бұл мемлекеттің белгіленімі болып саналады. Салық- осы белгісі арқылы басқа да міндетті төлемдерден ерекшеленеді. Сондықтан көптеген мемлекеттің салық заңнамларында салықты былайша қарастырады: Біріншіден, салықты уəкілдік берілген мемлекеттік орган ғана бекіте алады; Екіншіден, салықты белгілеу белгілі бір заң немесе нормативтік-құқықтық актілермен қатаң түрде жүзеге асырылады; Үшіншіден, осы қабылданған құқықтық акт белгілі бір тəтіпке сəйкес жүргізіледі. Салық құқықтық нысанда жүзеге асады. Мемлекет салықты бекіту жəне енгізу үшін құқықтық акт қабылдайды. Мемлекеттің салық қызметін жүзеге асырудағы негізгі əдісі болып нормативті актілерді шығару табылады. Салықтың құқықтық негізі ретінде – мемлекет шығарған нормативті акт қабылданады. Салық элементтері жəне салық салудың шарттары осы құқықтық актіге сəйкес белгіленеді, өзгертіледі жəне жүзеге асырылады. Салық мемлекеттің бір жақты белгіленімі болып табылады. Салық ұлт (халық, қоғам, азамат) жəне мемлекет арасындағы еркін түрде келісілген келісімнен кейін пайда болады. Мемлекет салықты белгілеуде барлық салық төлеушілермен келісімге келмейді, яғни олардың белгілі бір топтарымен немесе өкілдерімен ғана келісімге келуі мүмкін. Кейбір кездерде салықтық сувернитет жүзеге асырылады. Салықтық суверенитет (егемендік) - мемлекеттің өзінің аймағындағы кейбір салық түрлерін кез-келген мөлшерде өзгертуге жəне салық салу объектілерін белгілеуге, салық саясатын жүзеге асыруға құқы бар. Салықты белгілеу арқылы салық міндеттемесі туындайды. Қабылданған құқықтық акт негізінде белгіленген салық жеке жəне заңды тұлғаларға салық төлеуші ретінде салық міндеттемелерін жүктейді. Салық төлеуші тұлғалар салық жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге міндетті болып саналады. Қазақстан Республикасының Салық кодексінде салық міндеттемесіне былайша түсініктеме берілген: «Салық төлеушінің салық заңдарына сəйкес мемлекет алдында туындаған міндеттемесі салық міндеттемесі деп танылады, оған сəйкес салық төлеуші салық органына тіркеу есебіне тұрұға, салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді айқындауға, салық жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеуге, салық есептілігін жасауға, оны белгілеген мерзімде табыс етуге, салық жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге міндетті» Салық мəжбүрлеме сипатта болады. Салықтың мəжбүрлеме сипаты 3 кезеңде байқалады: Бірінші кезең, мемлекет салықты салық төлеушілердің еркінен тыс белгілейді жəне енгізеді, яғни мəжбүр түрде; Екінші кезең, салықты төленген кезде салық төлеуші өзінің меншігінің бір бөлігінен мəжбүр түрде айырылып отырады; Үшінші кезең, салық төлеуші өзінің салық міндеттемелерін орындамаған жағдайда, мемлекет бересілі соманы мəжбүрлі түрде өндіріп алады. Салық төлеу арқылы ақшаның алу құқықтық сипатта жүзеге асырылады. Бір жағынан алғанда, салықтарды салық төлеушілерден еркінен тыс өндіріп алынады, ал екінші жағынан мемлекетті басқа да ақшалармен қамтамасыз етеді, ал бұл құқықтық негізіде мемлекеттің меншігі болып саналады. Айта кету керек «Салық – салық төлеушілердің құқық бұзушылықтары немесе құқыққа қарсытəртіпсіздіктері үшін шараларға төлем ретінде қарастырылмайды». Алымдар салық төлеушілерге белгілі бір құқықтық мəртебе берілгенде немесе белгілі бір қызмет түрін бастар алдында төленеді. Алым да төлем болып табылады. Ал, енді алымдардың салықтардан бірнеше айырмашылықтары бар, атап айтқанда: Біріншіден, алым мемлекеттік аппараттың шығындарын жабады, яғни мемлекет заңды іс-əрекет түрінде тұлғаларға қызмет ұсына отырып, сол қызметіне төлем қабылдайды. Ал салықтар мемлекетті толығымен қаржыландыруға жұмсалады; Екіншіден, салықтың өтеусіз жəне баламасыз белгілері болады. Ал, алым баламалы төлем болып саналады, яғни алымды төлеу арқылы мемлекеттен белгілі бір құқық, мəртебе немесе рұқсат алынады. Мысалы, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін алымды алсақ, салық төлеуші осы алымды төлеу арқылы өзіне белгілі бір қызмет түрін ашуға рұқсат алады немесе лицензиялық алым белгілі бір қызметпен айналысу үшін алынатын рұқсат қағаз, яғни салық төлеушіге белгілі бір қызмет түрімен айналысуға құқық беріледі. Сонымен салық жай ғана төлем ретінде төленеді, одан салық төлеуші төлеуіне айырбасқа ешнəрсе ала аклмайды, ал алдымен салық төлеуші мемлекеттік органмен байланысты жетілдіре отырып, өзіне басқа да заңда іс — əрекеттер жасайды; Үшіншіден, алым бір жолғы төлем болып табылады, яғни бір рет қана төленеді. Ал, салық ұзақ мерзімді жəне тұрақты түрде төленіп отырады, қашан салық міндеттемесі тоқтағанға дейін жалғаса береді; Төртіншіден, салықты төлеуде күштеу əдісі қолданылады, яғни салық төлеуші салық міндеттемесін орындамаған жағдайда, мəжбүрлі түрде өндіріп алу іс – шаралары қолданылады. Салық төлеуші алдымен ерікті түрде төлеп отырады. Мысалы: бір тұлға мемлекеттік органға келіп, кəсіпкерлік қызметпен айналысуға өтініш береді. Берілген рұқсат негізінде кез келген қызмет түрімен айналысуға құқылы. Бұл жнерде тұлға алдымен өз еркімен төлейді. Төлемақы дегеніміз - мемлекет меншігіндегі объектілерді пайдаланған кезде төленетін төлем. Салық пен төлемақының бірнеше айырмашылықтары бар. Мəселен: Біріншіден, төлемақы өтеулі жəне баламалы төлем, яғни төлемақыны белгілі бір объектілерді пайдаланған кезде төлейді; Екіншіден, төлемақы мемлекеттің азаматтық құқыққа сəйкес азаматтық- құқықтық қатынастары кезінде туындайды; Үшіншіден, тұлғалар төлемақы төлеу арқылы баламалы түрде осы жəне басқа да объектілерді пайдалануға құқық алады. |