Главная страница
Навигация по странице:

  • Салық

  • құқық негіздері УМК. Высший инновационный колледж международных отношений


    Скачать 1.68 Mb.
    НазваниеВысший инновационный колледж международных отношений
    Дата21.06.2022
    Размер1.68 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлақұқық негіздері УМК.docx
    ТипДокументы
    #608877
    страница157 из 190
    1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   190

    Мемлекеттің салықтық қызметі


    Мемлекеттік баж-уəкілді берілген мемлекеттік органдардың, немесе лауазымды адамдардың заңдық мəні бар іс-қимылдар жасағаны үшін жəне

    құжаттарды бергені үшін алынатын міндетті төлем. Мемлекеттік баждың салықтан айырмашылығы мынада:

    Мемлекет тарапынан берілетін қызметкер байланысты болады, сондықтан бұл баламалы төлем болып саналады;

    Мемлекеттік бажды мемлекет қызметіне төлем ретінде емес, мемлекеттің қызметіне байланысты төлем ретінде қарау керек. Айта кету керек, бажды төлеген кезде тауар-ақша қатынастары жүзеге асады.

    Салық экономикалық категория ретінде жəне өзінің қалыптасуы барысында мынадай үш қызметті атқарады.

    Салықты ең бірінші кезектегі атқаратын қызметі, бұл – қазыналық. Мемлекет өз қазынасын толықтыру мақсатында табыс көздерін жасайды.

    Салық төлеушілерге нормативтік құқықтық актілер негізінде салық жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептейді, салық ставкалары мен төлеу мерзімін белгілейді. Салықтардың қазыналық қызметі- түрлі субъектілер табысының бір бөлігі мемлекет пайдасына өтеді. Салықтың қазыналық қызметі арқылы мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігі құралып, салықтың қоғамдық міндеті артады. Қорыта айтқанда, мемлекеттік бюджет саясаты жүзеге асырылады.

    Салықтың келесі қызметтерінің бірі - бақылау(реттеу).

    Мемлекет экономиканы дамыту жолында салықтық реттеу процесі арқылы экономиканың кейбір салаларын дамытуды ынталандырады жəне қажет жағдайда тежеп отырады. Бюджетке түскен салық түсімдерін реттейді жəне бақылап отырады. Кез-келген қызмет түріне бақылау жасау қажет. Ал енді салық түсімдеріне бақылау өте қажет екені даусыз. Мемлекет бюджеттің кірісі мен шығысын есептейді, соған сəйкес өз қызметін атқарады.

    Салықтардың бақылау қызметінің арқасында салық жүйесінің тиімділігі бағаланады, қаржы ағымдары мен қызмет түрлеріне бақылау қамтамасыз етіледі.

    Салықтың келесі атқаратын қызметтерінің бірі қайта бөлу.

    Бюжетке түскен салық түсімдерін қаржыландыруды қажет ететін бағдарламалар жобасына сəйкес жəне əр салаларға мақсатқа сай бөлінуін қарастырады. Салық түсімдерінің мақсатқа сай жəне өз уақытысында жұмсалуына қадағалау жасайды.

    Салықтың қайта бөлу қызметі мемлекетке салықты қоғамдағы экономикалық жəне əлеуметтік процестерге əсер ету құралы ретінде қолдануға мүмкіндік берді.

    Салықтардың қайта бөлу қызметінің көмегімен бюджетте ақша қаражаттары жиналады, осыдан кейін жалпы мемлекеттік мəселелерді шешуге бағытталады, əлеуметтік топтардың табыстары арасындағы қатынастарды өзгерту жолымен əлеуметтік тепе- теңдікті ұстап тұрады.

    Салық қызметінің міндеті – бюджеттің тадыс бөлігінің орындалуына жауап беретін бірден бір мемлекеттік орган.

    Салық бірінші кезекте, бюджет саясатын жүзеге асыра отырып, мемлекеттік бюджетті толықтыруды көздейді. Осы бюджетке түскен салық түсімдеріне «қайдан келеді жəне қайда кетеді» жөнінде бақылау жасайды. Ал енді осы қызметтердің қортындысы ретінде бюджетке түскен салық жəне салықтық емес түсімдерге қайта бөлу жасалады.

    Мұның мақсаты - мемлекеттік əділетті түрде өз шығындарын да жаба отырып, елдің əлеуметтік топтарына да қолдану көрсетіп, басқа да шығыстарды жаба білу.

    Көптеген экономикалық əдебиеттерде салықтардың бірнеше қызметтері атап көрсетігген. Мəселен, ынталандырушы. Салықтардың ынталандырушы қызметінің көмегімен мемлекет өндірісінің жəне басқа да шаруашылық субъектілерінің дамуын ынталандырады. Сонымен қатар салық жеңілдіктерін, төмен пайызды салық ставкаларын енгізеді.

    Салықтардың ынталандырмайтын қызметі оларды басу мақсатында əрекеттің қандай да бір түріне арнайы салықты енгізу жолымен жүзеге асырылады.

    Салықтардың тұрақтандырушы қызметі экономикалық өсу, техникалық жаңару, халық санының өсуі үшін əр түрлі шаралар жасайды.

    Салықтарды шектеу қызметі. Мемлекетке кейде бірсыпыра өндіріс түрлерін дамыту тиімсіз болады. Салық саясаты арқылы мемлекет өндіріс түрлерінің дамуын шектейді немесе тоқтатады, Қазақстан Республикасында бұл қызмет 10-20-30 пайыздық салық ставкаларымен қатар жəне нөл пайыздық салық ставкалары арқылы жүзеге асуда.

    Қазақстан Республикасыныда салық қатынастары ҚР Салық жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Кодексімен реттеледі. Аталған Кодекске сəйкес «Салық» дегеніміз - мемлекет біржақты тəртіппен заң жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерде жүргізілетін, қайтарымсыз жəне өтеусіз сипатта болатын, бюджетке төленетін міндетті ақшалай төлемдер;

    Салықтың жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері:

    1. салықтар:

      • корпоративтік табыс салығы;

      • жеке табыс салығы;

      • қосылған құн салығы;

      • акциздер;

      • экспортқа рента салығы;

      • жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтары;

      • əлеуметтік салық;

      • көлік құралы салығы;

      • жер салығы;

      • мүлік салығы;

      • ойын бизнесі салығы;

      • тіркелген салық;

      • бірыңғай жер салығы;

    2. бюджеткетөленетінбасқадаміндеттітөлемдер:

      • мемлекеттік баж;

      • алымдар;

      • тіркеу алымдары;

      • автокөлік құралының Қазақстан Республикасы аумағымен жүргені үшін алым;

      • аукционнан алынатын алым;

      • жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым;

      • телевизия жəне радио тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру үшін алым;

    мыналар:

      • жер учаскесін пайдаланғаны үшін;

      • үстіңгі көздерден су ресурсын пайдаланғаны үшін;

      • қоршаған ортаға эмиссия үшін;

      • жануарлар əлемін пайдаланғаны үшін;

      • орманды пайдаланғаны үшін;

      • ерекше қорғалатын табиғи аумақты пайдаланғаны үшін;

      • радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін;

      • қалааралық жəне (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты бергені үшін;

      • кеме жүзетін су жолдарын пайдаланғаны үшін;

      • сыртқы (көрінетін) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақылар

    қолданылады.

    Салық төлеушінің қандай құқықтары бар? Салық төлеуші:

    1. салық қызметі органдарынан қолданылып жүрген салық жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы, Қазақстан Республикасының салық заңнамасындағы өзгерістер туралы ақпарат, салықтық нысандарды толтыру тəртібі бойынша түсіндірмелер алуға;

    2. Қазақстан Республикасының салық заңнамасында реттелетін қатынастарда жеке өзі не өзінің өкілі арқылы немесе салық консультантының қатысуымен өзінің мүдделерін білдіруге;

    3. салықтық бақылау нəтижелерін алуға;

    4. салық органында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен бекітілген мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын, салықтық өтініштердің белгіленген нысандарының бланкілерін жəне (немесе)

    электрондық түрде салық есептіліктері мен өтініштерін беру үшін қажетті бағдарламалық қамтамасыз етілімді тегін алуға;

    1. өтініш бойынша салық органында бұрын өзі тапсырған салық есептілігінің көшірмесін алуға;

    2. салық қызметі органдарына салықтық бақылау нəтижелері бойынша салықты жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу мен төлеу жөніндегі түсіндірмелерді табыс етуге;

    3. салық органы салықтық өтініш алған кезден бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей салық міндеттемесін, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын есептеу, ұстау жəне аудару, əлеуметтік аударымдарды есептеу жəне төлеу бойынша міндеттемелерді орындау бойынша бюджетпен есеп айырысудың жай- күйі туралы жеке шоттан үзінді көшірме алуға;

    4. салықтық өтініш бойынша белгіленген тəртіппен жəне мерзімде мынадай:

    салықтық берешектің, міндетті зейнетақы жарналары мен əлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ екендігі туралы;

    салықтық берешектің, міндетті зейнетақы жарналары мен əлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ екендігі (бар екендігі) туралы;

    резидент еместің Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстар мен ұсталынған (төленген) салықтардың сомасы туралы анықтама түрлерін алуға;

    1. салықты жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мақсатында төлем құжатын толтыру үшін қажетті деректемелер туралы мəліметтер, сондай-ақ салықты жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу тəртібі туралы ақпаратты салық органына көрсетілген ақпарат үшін өтініш жасалған кезден бастап бір жұмыс күні ішінде алуға;

    2. Кодексте жəне Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінде белгіленген тəртіппен салықтық тексеру нəтижелері туралы хабарламаға жəне (немесе) салық қызметінің жоғары тұрған органының хабарламаға жасалған шағымды қарау нəтижелері бойынша шығарған шешіміне, сондай-ақ салық қызметі органдарының лауазымды адамдарының іс- əрекетіне (əрекетсіздігіне) шағым жасауға;

    3. салықтық құпияның сақталуын талап етуге;

    4. Кодекске сəйкес салық қызметі органдары көрсететін мемлекеттік қызметтерді тегін алуға;

    5. салықтық тексеру жүргізу барысында салық қызметі органдарының лауазымды адамында туындаған сұрақтарды жазбаша тіркеуге жəне осы сұрақтар көрсетілетін құжатты онымен келісуге;

    Салық төлеушінің Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген өзге де құқықтары бар.

    Салық төлеушінің міндеттері:

    Салық төлеуші:

      • Кодекске сəйкес салық міндеттемелерін уақтылы жəне толық көлемде орындауға;

      • салық қызметі органдары лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының салық заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою туралы заңды талаптарын орындауға, сондай-ақ олардың қызметтік міндеттерін атқаруы кезіндегі заңды қызметіне кедергі жасамауға;

      • нұсқама негізінде салық қызметі органдары лауазымды адамдарының салық салу объектісі жəне (немесе) салық салуға байланысты объект болып табылатын мүлікті зерттеп-тексеруіне жол беруге;

      • Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында көзделген ақпарат пен құжаттарды беруге;

      • бақылау-кассалық машиналарды қолдануға жəне оларды қолданудың Кодексте белгіленген тəртібін сақтауға;

    Салық төлеуші Кодексте көзделген өзге де міндеттерді орындайды.

      1. 1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   190


    написать администратору сайта