Главная страница
Навигация по странице:

  • Қазақстан

  • Конституция

  • құқық негіздері УМК. Высший инновационный колледж международных отношений


    Скачать 1.68 Mb.
    НазваниеВысший инновационный колледж международных отношений
    Дата21.06.2022
    Размер1.68 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлақұқық негіздері УМК.docx
    ТипДокументы
    #608877
    страница153 из 190
    1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   190

    Кəсіпкерлік құқықтың қайнар көздері


    Кəсіпкерлік құқықтың қайнар көзі – кəсіпкерлік құқықтық қатынастарды реттеуге бағытталған нормативтік құқықтық актілердің жиынтығы жəне осы саланы реттеуге баңытталғын халықаралық шарттардың жиынтығы болып табылады. Кəсіпкерлік құқықтың қайнар көзінің жүйесінде кез келген қайнар көздері заң күшіне қарай орналасқан. Бұл ирархиялық саты Нормативтiк құқықтық актiлер туралы 1998 ж. 24 наурыздағы 213-1 Қазақстан Республикасының Заңыдабекітілген. Аталған заңның 3-бабында, нормативтік құқықтық актілердің негізгі жəне туынды түрлері көрсетілген.

    1. Нормативтік құқықтық актілер негізгі жəне туынды актілер болып бөлінеді.

    2. Нормативтік құқықтық актілердің негізгі түрлеріне мыналар жатады:

    А. Конституция. Қазақстан Республикасының Конституциясы 30 тамыз 1995 жылы бүкілхалықтық дауыс беру арқылы референдумда қабылданған. Конституция (латынның лат. constitutio — яғни «құрылым» сөзінен шыққан) — Мемлекеттің негізгі заңы, елдегі барлық басқа заңдарға қатысты жоғары заңды

    күшке ие заң. Конституция осы заманғы мемлекеттіліктің маңызды белгісі, мемлекеттің бастапқы саяси жəне құқықтық құжаты болып табылады.

    Б. Конституциялық заңдар. Конституцияның негізгі жəне басты мəнін ашып толықтыратын заңдар.

    В. Заңдардың ішіндегі маңыздыларының бірі кодекстер, ол əр құқық саласының өзіне тəн ерекшелігін көрсете отырып, реттеу əдісі тəсілдерімен ажыратылады. Құқық саласында азаматтық, əкімшілік, қылмыстық, еңбек, экологиялық кодекстерде кəсіпкерлік қызметті реттейтін нормалар бекітілген.

    Г. Заңдар - мемлекет белгілеген бүкіл нормативтік-құқықтық актілер, жалпыға бірдей міндетті ережелер. Мемлекеттік биліктің жоғары өкілетті органы қабылдаған немесе тұрғындардың тікелей ерік білдіруі арқылы қабылданған, неғұрлым маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін нормативтік акт. Мысалы, Жеке кəсіпкерлік туралы ҚР заңы.

    1. Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық Заң күші бар Жарлықтары; Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлықтары; Қазақстан Республикасы Президентінің өзге де нормативтік құқықтық жарлықтары;

    2. Қазақстан Республикасы Парламенті мен оның палаталарының нормативтік қаулылары;

    3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік қаулылары;




    1. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Жоғарғы Сотының жəне Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының нормативтік қаулылары;

    2. Қазақстан Республикасының министрлері мен өзге де орталық мемлекеттік органдар басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары;




    1. орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулылары;



    8) мəслихаттардың

    нормативтік

    құқықтық

    шешімдері, əкімдіктердің

    нормативтік құқықтық

    қаулылары,

    əкімдердің

    нормативтік құқықтық

    шешімдері.













    1. Нормативтік құқықтық актілердің туынды түрлеріне мыналар жатады: регламент - қандай да бір мемлекеттік орган мен оның құрылымдық бөлімшелері қызметінің ішкі тəртібін реттейтін нормативтік құқықтық акт; техникалық регламент - Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сəйкес əзірленетін жəне қолданылатын өнімдерге жəне (немесе) олардың өмірлік циклінің процестеріне қойылатын міндетті

    талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық акт;

    мемлекеттік қызметтер көрсету стандарты мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің, нысанының, мазмұны мен нəтижесінің сипаттамасын қамтитын көрсетілетін мемлекеттік қызметке қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық акт;

    мемлекеттік қызмет көрсету регламенті мемлекеттік қызмет стандартының сақталуына қойылатын талаптарды белгілейтін жəне мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының, мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды адамдардың, сондай-ақ жеке жəне заңды тұлғалардың мемлекеттік қызмет көрсетуінің тəртібін айқындайтын нормативтік құқықтық акт.

    Мемлекеттік қызмет регламенті мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының жəне өзге де жеке жəне заңды тұлғалардың іс-қимылының (өзара іс-қимылының) сипаттамасын да белгілейді;

    мемлекеттiк қызметтер көрсету тiзiлiмi – көрсетілген мемлекеттiк қызметтердi алушыларды, олардың көрсетiлуiн қамтамасыз ететiн мемлекеттiк органдарды жəне ұйымдарды көрсете отырып, республикалық жəне жергiлiктi деңгейде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң үнемi жаңартылып отыратын тiзбесiн жəне басқа да сипаттамаларды қамтитын нормативтiк құқықтық акт; ереже - қандай да бір мемлекеттік органның немесе оның құрылымдық

    бөлімшесінің мəртебесі мен өкілеттігін белгілейтін нормативтік құқықтық акт; қағида - қандай да бір қызмет түрін ұйымдастыру жəне жүзеге асыру

    тəртібін белгілейтін нормативтік құқықтық акт;

    нұсқаулық - заңдардың қоғамдық қатынастардың қандай да бір саласында қолданылуын егжей-тегжейлі көрсететін нормативтік құқықтық акт.

    Қазақстан Республикасының заңда рын да туынды түрдегі нормативтік құқықтық актілердің өзге де нысандары көзделуі мүмкін17.
    1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   190


    написать администратору сайта