Главная страница
Навигация по странице:

  • Кəсіпкерлік

  • құқық негіздері УМК. Высший инновационный колледж международных отношений


    Скачать 1.68 Mb.
    НазваниеВысший инновационный колледж международных отношений
    Дата21.06.2022
    Размер1.68 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлақұқық негіздері УМК.docx
    ТипДокументы
    #608877
    страница150 из 190
    1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   190

    Бақылау сұрақтары:





    1. Жерқұқығыныңпайдаболуыныңжалпысипаттамасы.

    2. Жерқұқығықұқықсаласы,заңғылымдарыныңсаласы,оқупəніретінде.

    3. Жерқұқыққатынастарыныңтүсінігіжəнетүрлері.

    4. Соттəжірибесініңжерқатынастарынреттеудегіорны.

    5. Жеручаскесіменшікқұқығыныңжəнеөзгедезаттыққұқықтардыңобъектісі ретінде.
          1. ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КƏСІПКЕРЛІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ





            1. Кəсіпкерлік құқықтың түсінігі жəне құқық жүйесінде алатын орны. Кəсіпкерлік құқықтың пəні, реттеу əдісі жəне жүйесі
            2. Кəсіпкерлік құқықтың қағидалары


            3. Кəсіпкерлік құқықтың қайнар көздері



      1. Кəсіпкерлік құқықтың түсінігі жəне құқық жүйесінде алатын орны. Кəсіпкерлік құқықтың пəні, реттеу əдісі жəне жүйесі


    Кəсіпкерлік құқықты əр түрлі жағынан қарастыруға болады: а) құқық саласы; б) заң саласы; в) ғылым саласы; г) оқу пəні ретінде.

    Кəсіпкерлік құқық құқықтың саласы ретінде кəсіпкерлік қызметті ұйымдастыру мен жүзеге асыру мен басқару процесінде пайда болатын құқықтық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығынан тұрады.

    Кəсіпкерлік құқық ғылым ретінде кəсіпкерлік құқық бойынша білім жүйесінен, ғылыми көзқарастардан тұрады.

    Оқу пəні ретінде кəсіперлік құқық заң саласындағы кəсіпкерлік құқық туралы жалпы білім жүйесі ретінде, кəсіпкерлік қызметін реттейтін нормативті база мен оның тəжірибеде қолданылуы туралы жалпы білім жүйесі ретінде көрініс табады.

    Кəсіпкерлік құқықтың мазмұны оның саласына қарай бағытталуына объектісіне байланысты анықталады. Мұндай объект болып кəсіпкерлік қызмет танылады, құқықтық реттеудің пəні осы қызмет барысында туындайтын құқықтық қатынастар болып табылады.

    Қазақстан Республикасыының Конституциясының 26-бабының 4- тармағына сəйкес: «Əркiмнiң кəсiпкерлiк қызмет еркiндiгiне, өз мүлкiн кез келген заңды кəсiпкерлiк қызмет үшiн еркiн пайдалануға құқығы бар. Монополистiк қызмет заңмен реттеледi əрi шектеледi. Жосықсыз бəсекеге тыйым салынады»14.

    Кəсіпкерлік қызметтің заңды анықтамасы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 10-бабында берілген15. Кəсiпкерлiк - меншiк түрлерiне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың, тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған, жеке меншiк құқығына (жеке кəсiпкерлiк) не мемлекеттік кəсiпорындышаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығына (мемлекеттік кəсiпкерлiк) негiзделген ынталы қызметi. Кəсiпкерлiк қызмет



    1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 30 тамыз 1995 жыл

    2. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі (1994 ж. 27 желтоқсан) (Жалпы бөлім) // Параграф ақпараттық анықтама жүйесі, 2013.

    кəсiпкердiң атынан, оның тəуекел етуiмен жəне мүлiктiк жауапкершiлiгiмен жүзеге асырылады. Азаматтар, азаматтық кодексте жəне өзге заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда заңды тұлға құрмай-ақ кəсiпкерлiк қызметпен айналысуға құқылы. Жеке кəсiпкерлердi мемлекеттік тiркеу өз бетiмен тiркелу сипатында жасалады жəне жеке кəсiпкер ретiнде есепке алынады.

    Жоғарыда берілген түсініктен кəсіпкерліктің негізгі белгілерін көруге болады. Олар:

    Өзіндік бастамашылдық қызмет кəсіпкерлк қызметтің субъектісінің мүліктік, ұйымдастырушылық жəне өзге де тəуелсіздігіне негізделеді.

    Кəсіпкерлік қызметтің тəуекелдігі нарықтық экономика қатынастарының ажыратылмас бөлігі болып табылады. Негізгі тəуекелі ол кірістің түспеуінде немесе кіріс кəсіпкердің болжамынан аз түсуі.

    Жүйелі түрде кіріс табуға бағытталған кəсіпкерлік қызмет тұрақты кəсіпкерлік қызмет ретінде танылады.

    Табыс мүлікті қолданғаннан, тауарларды сатудан, жұмысты орындаудан жəне қызмет көрсетуден түседі. Бұл белгілер табыс көзін көрсетеді, ол кəсіперлік қызметті жүзеге асыру барысында пайда болады. Табыстың нақты қайнар көздері осылар деп айту қателік болуы мүмкін, себебі кəсіпкерлік қызметтің алуандығы мен түрлі салада болуына байланысты əр түрлі табыс көзі болады.

    Кəсіпкерлік қызметті мемлекеттік тірекудің белгілері біркелкі емес. Егер тікелей түсініктеме беретін болсақ, онда тіркелмеген кəсіпкер кəсіпкерлік қызметпен айналыса алмайды. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде, тіркеусіз кəсіпкерлік қызметті жүзеге асырған үшін жауапкершілік көзделген.

    Кəсіпкерлік құқықтың пəні кəсіпкерлік қызмет саласындағы құқықтық қатынастар, сонымен қатар тығыз қатынаста болатын коммерциялық емес қатынастар.

    Бұндай құқықтық қатынастардың үш түрін көретуге болады:

    Кəсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде пайда болатын (сатып алу- сату қатынастарында, аренда, несиелеу, баға құрлымы жəне т.б.);

      1. коммерциялық емес кəсіпкерікпен етене байланысты қатынастар. Мысалы, мұндай қатынастар кəсіпкерлік субъектінің құрылу кезінде пайда болады (мекемелер, өзін өзі басқаратын ұйымдар);

      2. кəсіпкерлік қызметтің жеке аспектілерін мемлекеттік реттеу.

    Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiленген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік тiркеусiз аталған жеке кəсiпкерлердiң қызметiне тыйым салынады.

    Сонымен қатар, қызмет заңмен көзделген тəртіпте тіркелуі керек. Қызметті тіркеу белгі емес – заңмен бекітілген міндет.
    1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   190


    написать администратору сайта