құқық негіздері УМК. Высший инновационный колледж международных отношений
Скачать 1.68 Mb.
|
белгiлi бiр жердегi жер учаскесiнiң шекарасын белгiлеу.жер учаскесiне құқықты куəландыратын құжаттарды да-йындау жəне беру. Жер учаскесiне құқықты куəландыратын құжаттар дегенiмiз – жер учаскесiнiң сəйкестендiру сипаттамаларын көрсететiн жəне жер қатынастары жөнiндегi уəкiлеттi органның құқық белгiлейтiн құжаттардың негiзiнде жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушыларға беретiн құжаттары. Құқықты куəландыратын құжаттарға жер учаскесiне жеке меншiк құқығы актiсi, тұрақты жер пайдалану құқығы актiсi жəне уақытша (өтеулi, өтеусiз) жер пайдалану құқығы актiсi жатады. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) уəкiлеттi органдары беретiн мынадай құжаттар: жер учаскесiне жеке меншiк кезiнде – жер учаскесiне жеке меншiк құқығы актici; тұрақты жер пайдалану кезiнде – тұрақты жер пайдалану құқығы актiсi; уақытша өтеулi жер пайдалану кезiнде – уақытша өтеулi (ұзақ мерзiмдi, қысқа мерзiмдi) жер пайдалану (жалдау) құқығы актiсi; уақытша өтеусiз жер пайдалану кезiнде – уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығы актiсi жер учаскесiне құқықты куəландыратын құжаттар болып табылады. Жер учаскесiне құқықты куəландыратын құжаттарда жер жəне құқық кадастрларын жүргiзу мақсаттары үшiн қажеттi сəйкестендiру мəлiметтерi болуға тиiс. Егер атқарушы органның жер учаскесiн беру туралы шешiмiнде өзгеше көзделмесе, жер учаскесiнiң нақтылы (белгiлi бiр жердегi) шекарасы белгiленгенге жəне жер ресурстарын басқару жөнiндегi аумақтық орган жер учаскесiне құқықты куəландыратын құжаттарды бергенге дейiн жер учаскесiн пайдалануға жол берiлмейдi. Осы норманы сақтамау жер учаскесiн өз бетiнше иеленiп алу деп танылады жəне Қазақстан Республикасының əкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдарына сəйкес əкiмшiлiк жауапкершiлiктi көздейдi. Құқықты куəландыратын құжаттары ресiмделмеген жер учаскелерiне қатысты мəмiлелер жасасуға жол берiлмейдi. жер учаскесiне құқықты мемлекеттiк тiркеу. Қазақстан Республикасының Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды жəне онымен жасалатын мəмiлелердi мемлекеттiк тiркеу туралы 2007 жыл-ғы 26 шiлдедегi № 310 Заңына сəйкес, жылжымайтын мүлiкке құқықтардың (құқықтар ауыртпалықтарының) жəне онымен жасалатын мəмiлелердiң туындауы, өзгеруi немесе тоқтатылуы, сондай-ақ заңдық талаптар құқықтық кадастрда мемлекеттiк тiркеуге жатады. Жылжымайтын мүлiкке мынадай құқықтар құқықтық кадастрда мемлекеттiк тiркеуге жатады: меншiк құқығы; шаруашылық жүргiзу құқығы; оралымды басқару құқығы; кемiнде бiр жыл мерзiмге жер пайдалану құқығы; үстемдiкке ие жер учаскесiнiң немесе өзге де жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң пайдасына кемiнде бiр жыл мерзiмге сервитуттар. Өзге құқықтар құқық иеленушiлердiң қалауы бойынша тiркелуi мүмкiн. Сонымен қатар, жер учаскелерiн беру берiлетiн мақсатына сəйкес жəне берiлетiн субъектiлерiне сəйкес келесi түрлерге бөлуге болады. Берiлетiн мақсатына (объетiсiне) сəйкес: Жер учаскелерiн объектiлер құрылысы үшiн беру; Мұнай мен газды магистральды мұнай құбырлары объектi-лерiнiң құрылысы үшiн беру; Құрылысқа байланысты емес мақсатта жер учаскелерiн беру болып бөлiнедi. Ал жер учаскелерiн беру берiлетiн субъектiлерiне сəйкес: Жер учаскелерiн оралмандарға беру; Жер учаскелерiн заңды тұлғаларға беру; Жер учаскелерiн жеке тұлғаларға беру болып бөлiнедi. |